Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

24.Азаптау қылмыс құрамын саралаңыз?

107-бап. Азаптау

      1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл осы Кодекстiң 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса, -       елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.       2. Нақ сол әрекет:       а) көрiнеу кәмелетке толмаған немесе кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi белгiлi не кiнәлiге материалдық немесе өзге тәуелдiлiктегi адамға,  сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрген адамға қатысты;       б) екi немесе одан да көп адамға қатысты;       в) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi белгiлi әйелге қатысты;       г) азаптап;       д) жалдау бойынша;       е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында жасалған әрекет, -       бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыс субъектісі — жасы 16 ж толған, есі дұрыс адам.

Қылмыстың субъективтік жағы- қасақаналықпен істеледі

Қылмыс құрамының объективтік жағы- қылмыс азаптау арқылы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен жүзеге асырылады.

Обьектісі – адамның өмірі ,денсаулығы

35. Тонау қылмыс құрамын саралаңыз.

Ұрлыққа , алаяқтыққа , сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуге қарағанда тонау талан-таражға жататын қылмыс нысандарының қауіпті түрі болып табылады. Қылмыстық Кодекстің 178-бабында *тонау, яғни бөтен мүлікті ашық талан-таражға салу деп * көрсетілген.

Тонаудың тікелей объектісі болып бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Сонымен тонау көп объектілі қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тікелей объектісі болып адамның денсаулығы,бостандығы жатады. Тонау объективтік жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан ашық талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да тонаудың объективтік жағының ерекшелігі –қылмыстың істелу тәсіліне , кінәлінің бөтеннің мүлкін ашықтан-ашық талан-таражға салуымен ерекшеленеді. Тонаудың жиі кездесетін түрі бөтеннің мүлкін жәбірленушінің көзінше оған күш қолдану ниетінсіз тартып алып қашу болып табылады. Тонау бөтеннің мүлкіне иелік етумен бірге оған өзінің қалауынша толық билік жүргізу мүмкіндігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бөтеннің мүлкін ашықтан ашық иеленуге бағытталған, бірақ толық іске аспаған әрекет тонауға оқталғандық деп танылады.Тонаудың субъектісі болып – жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы 16ға толған есі дұрыс адам және бірнеше рет пен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша 14жасқа толған адам саналады. Субъективтік жағынан тонау тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.Материалдық құрамға жатады. Сонымен қоса тонаудың ауырлататын түріне 1. а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы;        б) бiрнеше рет;        в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;        г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiру жатады. Ал аса ауыр түріне iрi мөлшерде жасалған тонау жатады.