Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

1.Қылмыстық құқықтың түсінігін беріңіз?

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды,оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыстық құқықтың түсінігін 3мағынада беруге болады:

1.құқық саласы ретінде

2.ғылым ретінде

3.оқу пәні ретінде

Құқық саласы ретінде –тұлғалардың қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Құқық ғылымы ретінде-қылмыстық құқық нормаларын қолдану барысында туындайтын проблемалар туралы ғалымдардың практикалық қызметкерлердің өзге де адамдардың теориялық көз қарасының жиынтығы.

Оқу пәні ретінде –қылмыстық құқық жоғары және арнаулы орта білім беру органдарында белгіленген бағдарлама бойынша оқылатын оқу пәндерінің бірі.

2.Қылмыстық заңның түсінігін беріңіз?

Қылмыстық заң – ҚР-ның Конституциясына сәйкес ҚР-сы заң шығару органның парламентінің қабылданған нормативтік құқықтық акті. Яғни, бұл ҚР ҚК-сі (1998 жылы 1қаңтарда күшіне енген).ҚР-ның Жоғары сотының нормативтік қаулылары қылмыстық құқықтың қылмыстық құқықтың қайнар көзі болып табылмайды. Негізгі қайнар көзі ҚР ҚК . ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары осы ҚК-ң нақты бір нормалардың түпкі мәнін ашып көрсететін, түсіндіретін нормативтік құжат.

Демек, ҚР-ның ҚК-де көзделген 1-бабына сәйкес “1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге адамдар оларды осы Кодексте енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс.

2. Осы Кодекс ҚР-сы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған прициптері мен нормаларына негізделеді.”-делінген.

3.Қылмыстың түсінігін беріңіз?

Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады.

Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

ҚР-ның ҚК-дегі 9 бапқа сәйкес ұғымы- Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік.Қылмыстың 4 белгісі бар:

1.қылмыстық құқыққа қайшы

2.қоғамға қауіптілік

3.кінәлілік

4.жазаланушылық

Қылмыс ол іс-әрекет , бұл іс-әрекет белсенді іс-әрекет немесе енжар әрекетсіздік болуы мүмкін. Адамның ойы, түрлі психикалық процесстер, олардың сыртқы көрінісі қылмыс болып танылмайды. Сонымен қатар ауызша немесе жазбаша түрдегі сөздер ол да адамның іс—қимылын білдіреді.

4.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігін беріңіз?

Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді,оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып табылады.Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелінген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істелген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу , денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық , т.б. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады. Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі.