
- •41.Виктор мен Константин Соловьевтар мас күйінде велосипедпен кетіп бара жатқан....
- •42.Қасымов пен Қуандықов бірнеше бөтелке шарап алып....
- •49.Жасөспірімдер Зверков 13 жас Климов 16 жас кәмелеттік жасқа толған.....
- •52.Гавриловамен жасалған іс әрекет қандай қылмысқа жатады және оның белгілерін сипаттаңыз. Бұл жерде қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы бар ма? Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының түсінігін ашыңыз.
- •53.Бесбаев,Жұбанов жіне Митрохинаның әрекеттерін саралаңыз? Егерде Митрохина қылмыс жасаудан бұрын ұрланңан заттарды сатуға уәде бергенде әрекетті саралау өзгерерме еді?
- •55.Арынов пен жер бөлімі басқармасының испекторы, екеуінің әрекеттері қандай қылмыс құрамына жатады?
49.Жасөспірімдер Зверков 13 жас Климов 16 жас кәмелеттік жасқа толған.....
Қылмыстың құрамы деп-қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз. Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай төрт түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.
178-бап. Тонау
1. Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы; б) бiрнеше рет; в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Мынадай: б) iрi мөлшерде жасалған тонау – в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер: а) оларды ұйымдасқан топ жасаса; б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, - мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
179-бап. Қарақшылық
1. Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; б) бiрнеше рет; в) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған; г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған; д) денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен жасалған қарақшылық - мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Мынадай: а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; б) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып; в) мүлiктi iрi мөлшерде ұрлау мақсатында жасаған қарақшылық – г) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер: а) оларды ұйымдасқан топ жасаса; б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, - мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.