
- •41.Виктор мен Константин Соловьевтар мас күйінде велосипедпен кетіп бара жатқан....
- •42.Қасымов пен Қуандықов бірнеше бөтелке шарап алып....
- •49.Жасөспірімдер Зверков 13 жас Климов 16 жас кәмелеттік жасқа толған.....
- •52.Гавриловамен жасалған іс әрекет қандай қылмысқа жатады және оның белгілерін сипаттаңыз. Бұл жерде қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы бар ма? Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының түсінігін ашыңыз.
- •53.Бесбаев,Жұбанов жіне Митрохинаның әрекеттерін саралаңыз? Егерде Митрохина қылмыс жасаудан бұрын ұрланңан заттарды сатуға уәде бергенде әрекетті саралау өзгерерме еді?
- •55.Арынов пен жер бөлімі басқармасының испекторы, екеуінің әрекеттері қандай қылмыс құрамына жатады?
49. Жасөспірімдер Зверков (13 жас) Климов (16 жас) кәмелеттік жасқа толған Кувыкин (19 жас) мерекеге жарататын ақша табу үшін адамдарды тонауға келіседі. Олардың жоспары бойынша Климов кетіп бара жатқан азаматты шылым татуға тоқтатады, осы кезде Кувыкин мен Зверков аяғынан теуіп тонайды. Осы түнде олар осындай әдіспен төрт азаматты тонайды. Кінәлілердің әрекетінде қылмыстың қандай құрамы орын алған? Қарақшылық пен тонау кезіндегі зорлықтың белгілерінің шегін келтіріңіз.???????????????
178-бап. Тонау
1. Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы; б) бiрнеше рет; в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Мынадай: а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; б) iрi мөлшерде жасалған тонау – в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер: а) оларды ұйымдасқан топ жасаса; б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, - мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Тонау мен Қарақшылық бір-бірінен біріншіден күш қолдану мәніне байланысты ажыратылады. Тонау күш қолданбау арқылы да істеледі, ал қарақшылықтың объективтік жағының міндетті белгісі күш қолдану болып табылады. Сондай-ақ тонаудағы күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту адамның өмірі мен денсаулығына қауіп емес, ал қарақшылықтағы күш қолдану әрдайым қауіпті. Тонаудың құрамы материалдық құрамға жатады, ал қарақшылық формальдық қылмыс құрамына жатады. Яғни қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап зардаптың болған болмағанына қарамастан аяқталған қылмыс деп танылады.
50. Белекованың пәтерінде отырған Зияддинова, үй иесінің ас бөлмесіне шығып кеткенін пайдаланып, сөмкесінен 30 000 теңге ақша жымқырып алады. Сотта Зияддинова болған мән-жайларды жоққа шығармай бірақ бұл ақшаны Белекованың сақтауға берілген заттарды қайтарып бермегені үшін алғанын айтты. Белекова шынында да белгілі бір уақытта Зияддинованың заттары өзінде болғанын алайда бұл заттарды Зияддинованың анасына бергенін мәлімдеді. Бірақ та іс барысында заттардың Зияддинованың анасына берілгенін растайтын дәлелдемелер бекітілмеді.
Зияддинова жауапкершілікке тартыла ма?
Белекованың заттарды қайтарып бергендігі анықталғанда оның әрекетін қалай саралауға болады?
51. Попов Рахимовтың үйінде электр желіні қарау кезінде электр желінің ақау екендігін айтып оған ескерту жасады. Жасалған ескерту Рахимовке ұнамады, ол Поповты ұрып-соғып үйден қуа бастады. Попов үйден кетуге дайындалды, бірақ Рахимов оның артынан қалмай ұра беруін жалғастыра берді. Попов электр желіні жөндеу кезінде қолданатын бәкіні қалтасынан алып Рахимовтың кеуде тұсынан ішкі органдарын бүлдіруге ұласпаған көлемді жарақат келтірді.
Попов қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма? Егер тартылса, оның әрекеттері қалай саралануы тиіс?
32-бап. Қажеттi қорғану
1. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. 2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады. 3. Нәтижесiнде қол сұғушыға тым шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Адам өміріне қол сұғатын не: қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін қаруды не өзге де заттарды немесе құралдарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен; қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен не мұндай зорлық-зомбылықтың тікелей қатерімен; тұрғын үйге немесе өзге де үй-жайға заңсыз басып кірумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 32бабына сәйкес бұл есептің берілгеніндегі азамат Попов қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.Бұл жерде қажетті қорғану орын алады.
41.Виктор мен Константин Соловьевтар мас күйінде велосипедпен кетіп бара жатқан....
Жауап:
178-бап. Тонау
1. Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы; б) бiрнеше рет; в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Мынадай: а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; б) iрi мөлшерде жасалған тонау – в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер: а) оларды ұйымдасқан топ жасаса; б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, - мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
179-бап. Қарақшылық
1. Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; б) бiрнеше рет; в) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған; г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған; д) денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен жасалған қарақшылық - мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Мынадай: а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; б) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып; в) мүлiктi iрi мөлшерде ұрлау мақсатында жасаған қарақшылық – г) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер: а) оларды ұйымдасқан топ жасаса; б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, - мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.