Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEM_ADEBIETI.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
894.98 Кб
Скачать

3.Уильям Теккерей. «Күйкі тірліктің жәрмеңкесі».

Бұл роман жайлы атпас бұрын сол замандағы Англияның өміріне, яғни Уильям Теккерй тұрған кезеңнің көріністерін беретін болсақ, Ұлыбритания ең алғашқы классикалық буржуазияның мекені болды. Сол себептен 30-40-шы жылдары Еуропаның дәл осы мемлекетінде бай мен кедейдің аражігі тым алыстап кетті. Кіші әрі ұсақ кәсіпкерліктер алпауыттардың асында қалып жатты және кішілері үлкендеріне бағынышты болып жатты. Дәл осындай арпалыс заманда өмір сүрген бұл жазушы осының барлығын көз алдында өткерген.

«Күйкі тірліктің жәрмеңкесі» дәл өз заманының туындысы, сол кезеңдердің хабаршысы. Бұл романда көптеген кейіпкерлердің бейнесі тізіліп көрсетіледі. Оқырман алдында әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдері бейнеленеді: аристократтар, парламент мүшелері, дипломаттар, үй көмекшісі, саудагерлер, ат жүргізушілері, тәрбиешілер. Олар қаншалықты әр түрлі болғанымен, олардың да ортақ жерлері ба, ол - «Жәрмеңке» өмірінің заңымен өмір сүруде. Бұл жерде барлық зат сатып алынады және адамның қасиеттері оның қаржысының көптігімен анықталады.

Теккерей сан түрлі ақсүйектер образдарын сомдайды. Мысалы Кроули отбасысының көптеген өкілдері: шаруа иесі ақымақ әрі әдепсіз Питт Кроули, оның балалары мен ағасы және қыркар қаржысы бар кәрі тәтесі мисс Кроули. Дәл осы ханымның ақшасы үшін барлық жанұя өкілдері толассыз талас жүргізуде. Байлыққа деген мансаптары ең жақын туыстарды бірін-бірі жек көретін қарсылас етіп қояды.

Бұдан да басқа Ребекка Шарп пен Эмилия Седли ханымдары. Олар кезінде ажырамастай дос, тіпті бір-біріне апалы-сіңілі болуға шарт жасасқан еді. Бірақ өмірдің соққылары бұл екеуін әр түрлі жағдайларға түсіреді. Сол кезде олардың барлық қадір-қасиеттері көрініп қалады.

Осылайша бүкіл роман бойы әр түрлі адамдардың бейнесі баяндалады. Олардың өмірдің әр кезеңінде басқаша кейіп танытып, өзгеріп кететін кездері де болады. Бұл «Жәрмеңкенің» қатал заңдарына бағынбағандарды жазалайды, олар бақытсыздыққа ұшырайды. Автордың сатирасы дәл осындай кездерде өте орынды. Оның болып жақан оқиға ортасында жүріп комментарий айтуының өзі бізді де сол жерге апарып, өз көзімізбен көрсетеді. Біресе біз хат жазып жатқан Эмилияның атынан сығалаймыз, кейде бөлме есігінің ар жағында қақиып тұрамыз. Осындай өз кезеңін айна қатесін бейнеленген бұл шығарма ағылшын классикасына алтын әріппен жазылды.

30 билет. 1. Гетенің «Жас Вертердің күйініші» романындағы сентиментализм көрінісі Сентементализм – ХVІІІ ғасырдың ортасында Англияда пайда болған әдеби әдіс.

«Жас Вертердің күйініші» романы лирикалық туынды. Мұнда махаббат трагедиясы орын алады. Бір біріне деген сезімдері жауапты болса да, олар бірге бола алмайды. Вертер мен Шарлотта. Вертер өмірден емес, қоғамнан түңіледі. Оның қоғамнан кетуі, өмірден кетуі емес. Ол өмірдің мәнін білді. Бақытты болуға ұмтылған емес деуге болмайды. Ол табиғаттың сұлулығына тамсанып, шынайы келбетті адамдармен қарым қатынас орнатып, толыққанды өмір сүре алады. Оның қоғамнан түңілуі эмоционалды жайт. Бұл революция емес, жастық шақтың алып ұшқан сезімі. Ол жақсылыққа ұмтылады. Сол себепті оның қоғамға деген ренішін дұрыс қабылдауымыз керек. Хатын бастаған кезде табиғатты қалай суреттегеніне қарағанда, оны өмірден түңілген жан деп айту қиын. Табиғатпен де өзімен де толық гармонияда. Бұл кезде суицид туралы қандай сөз??? Шарлоттаға деген махаббат оны бақытты етеді. Ол онымен қарым қатынас орнатқанына қуанады. Ол өзінің оған және оның бауырларына қажет екенін сезінгенінен бақытты. Қоғамнынң оны түсінбегені оның бақытты болуына кедергі келтірмейді. Шарлоттаның күйеу жігіті Альберт келгеннен кейін ғана, Вертер Лоттадан айырылатынын түсінеді. Оны жоғалтса, бәрін жоғалтты деген сөз. Бұл оның жанына ауыр тиеді. Сол себепті, ол өзін өлімге қияды. Өзін өзін өлтіруге ең басты себеп махаббат болды. Вертер өзінің басқа жаққа көшуі керек екенін түсінеді. Себебі, Альберттің бақытын көруге дәті шыдамайды. Оны көрген сайын қиналады. Ол жүрегіндегіжараны жазу үшін емес, кішкене ұмыту үшін Шарлотта тұратын қаладан көшеді. Қоғамдағы келеңсіздіктермен келіспесе де, ол жұмысқа тұрады. Бірақ, қатты өкінеді. Бұрын тәкаппарлық, эгоизмді тек сырттай байқайтын. Графтың қорлығынан кейін ол өзінің жұмысынан кетеді. Қоғам оған ешнәрсе бере алмайды. Бақытты да, не болмаса жүректің тыныштығында. Ол, керісінше, отқа май құяды. Сол себепті қоғам Вертердің өліміне себеп. Алайда, басты себеп махаббат. Вильгельмге жазған хаттарында басындаға өмірге деген қызығушылық мүлде жоқ. Ол: « Адамның бақытты болуына себепкер, неге оның бақытсыз болуына да себепкер болуы керек?» деп жазады. Кейін ол Лоттаға қайта оралады. Ол өзінің тұңғиыққа кетіп бара жатқанын түсінеді. Бірақ ешқандай ем таба алмайды. Бірақ, кей сәттер үмітті де болады. Ол: «Мен де кей өзгерістер болып тұрады. Өмірді қайта жақсы көрем! Бірақ, бір сәтке ғана» дейді. Вертер адамның өз өзіне қол жұмсауын күштің бітуімен, адамзат табиғатының шегі деп түсінеді.Осының бәрі сентиментализм

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]