- •2. Дәрілердің түрлері.
- •12.Ά адренотежегіщтер.Жіктелуі. Фармакологиялық сипаттамасы.Қолдану көрсеткіші.Жанама әсері.
- •13.Симпатомиметикалық және симпатолиттік дәрілер. Жіктелуі. Фармакологиялық әсері. Қолд көрсеткіші. Жанама әсері.
- •1.Ингаляциялық наркозға арналған заттар
- •2. Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар
- •15. Ұйықтататын дәрілер. Жіктелуі. Препараттардың фармакоглогиялық сипаттамасы.
- •1.Бензодиазепин рецепторлары агонистері
- •2.Наркотикалық әсері бар ұйықтатқыш заттар
- •2.Химиялық құрылымы әртүрлі преп-р.
- •1.Барбитур қышқылы
- •16. Наркотикалық анальгетиктер
- •17.Наркотикалық емес анальгетиктер
- •18. Тырысуға қарсы заттар эпилепсия формаларының әр түрлерінде дамитын ұстамаларында байқалатын тырысулардың алдын-алу үшін немесе азайту үшін қолданылады.
- •21.Жүрек гликозидтері.
- •23. Антигипертензивті дәрілер
- •II Ренин ангиотензин жүйесіне әсер ететін заттар:
- •III. Тікелей миотропты әсер ететін тамыр кеңейткіш препараттар:
- •24. Несеп айдағыш дәрілер.
- •1.Бүйрек өзекшелері эпителиінің қызметіне тікелей әсер ететін диуретиктер
- •2.Альдостерон антогонистері
- •3.Осмостық белсенді диуретиктер
- •25. Аллергия қарсы заттар
- •26.Антисептикалық дәрілер,детергенттер,ауыр металл тұздары:анықтамасы,қолданылуы,кері көрсеткіштері.
- •27.Антисептикалық дәрілер.Нитрофуран туындылары,тотықтырғыштар,бояғыштар,галогеннен тұратын қосылыстар.Қолдану көрсеткіштері.
- •28.Бета лактамды антибиотиктер.Жіктелуі.Бета лактамаз баяулатқыштары.Қолданылуы.Кері әсерлері.
- •29.Антибиотиктер:анықтамасы,жіктелуі.Тетрациклиндер,левомицетиндер және макролидтер топтпры.Қолданылу көрсеткіштері.Жанама әсерлері.Кері көрсеткіштері.
- •30.Антибиотиктер,анықтамасы,жіктелуі.Аминогликозидтер тобы.Қолдану көрсеткіші.Кері әсерлері.
- •I Резорбтивті әсері үшін қолданылатын препараттар(асқазан- ішек жолдарынан жақсы сіңетіндер)
- •Кері транскриптазаның тежегіштері
- •Топтық қатынасты анықтауға арналған препараттар
I Резорбтивті әсері үшін қолданылатын препараттар(асқазан- ішек жолдарынан жақсы сіңетіндер)
А Ұзақ емес әсер ететіндер (4-6 с): сульфадимезин, этазол, сульфазин, уросульфан.
Б Ұзақ уақыт әсер ететіндер (12-24 с): сульфапиридозин, сульфадиметоксин
В Өте ұзақ уақыт ә е(≥ 7кун): сульфален
II Ішек қуысына әсер ететін препараттар (асқазан-ішек жолдарынан нашар сіңетіндер): фталазол
III Жергілікті қолд.препараттар:сульфацил-натрий,cульфазиннің күміс тұзы.
Қолданылу көрсеткіштері:
I Резорбтивті әсері үшін қолданылатын с: кокктармен шақырылған инфекцияларда, менингитте, тыныс алу мүшелерінің аураларында, зәр шығару жолдарымен өт жолдары ауруларында және т.б. инфекцияларда қолд. ЖӘ: дисп.бұзылыстар, бас ауыру, әлсіздік, ОЖЖ жағынан бұзылыстар, анемия, тромбоцитопения, сирек аллергия,тері бөртпесі,қызба.
II Ішек қуысына әсер ететін с: бациллярлы дизентерия, энтерколит, операциядан кейін ішек инфекциясының алдын алу үшін қолд. ЖӘ:уыттығы төмен,жанама әсерді шақырмайды.
III Жергілікті қолд.с: көз инфекцияларында(коньюктивит, блефарит), қасаң қабықтың ойық жарасында, жұқпалы және күйік жараларында қолданылады. ЖӘ: жоқ.
Сульф. триметоприммен біріктірілген препараттары: жұптасқан перп.ң микробқа қарсы белсенділігі жоғары, бактерицидтік әсер көрсетеді.
Бактрим(сульфаметаксазол+триметоприм)- бактерияға қарсы жоғарғы әсер көрсетеді.ЖӘ:дисп.бұзылыстар,бөртпе,есекжем,қышыма,лейкопения, тромбоцитопения. Қарсы к: 6жасқа дейінгі балалар, жүктілік кезінде.
Лидаприм(сульфаметрол+триметоприм),сульфатон(сульфамонометоксим+триметоприм)Потесептил(сульфадимезин+триметоприм) әсерлері бактримға ұқсас.
33. Синтетикалық бактерияларға қарсы дәрілер.
Хинолон туындыларының қатарына-налидикс қышқылы жатады. Препарат асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді, бүйрек арқылы шығарылады. Ішек таяқшасымен, протеймен және басқа да микроорганизмдермен шақырылған зәр шығару жолдарының инфекцияларында қолд. ЖӘ: дисп.бұзылыстар, аллергиялық р, көрудің нашарлауы,бас ауыру, тұрақтылық. Қарсы к: бауыр,бүйрек ауруларында, жүктіліктің 3 айында, 2 жасқа толмаған балаларға болмайды.
Құрамында фтор атомы бар хинолон туындысы-фторхинолон. Ол асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді, гематоэнц.тосқауылдан жақсы өтеді, бүйрек арқылы шығарылады. ЖӘ: дисп.бұзылыстар, тері бөртпелері, бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық. Жалпы фторхинолондарды науқастар жақсы көтереді.Қарсы к: жүкті және бала емізетін, 18 жасқа дейінгі науқ.тағайындауға болмайды.
Жаңа фторхинолондарға моксифлоксацин жатады. Препарат ішектен жақсы сіңеді. Қан сарысуымен 48% байланысады,бауырда 50% метаболизмге ұшырайды,бүйрек арқылы, өтпен ішекке түсу арқылы шығарылады. ЖӘ: дисп.бұзылыстар. Сонымен қатар жаңа фторхинолондарға гатифлоксацин,гемифлосацин, левофлоксацин жатады.
33. Глюкокортикоидтар.
Табиғи гормондардың және олардың эфирлерінің препараттары: Гидрокортизон, гидрокортизон ацетаты.
Синтетикалық препараттар: преднизолон, дексаметазон, синафлан, беклометазон, триамцинолон, флуметазон пивалаты.
Глюкокортикоидтар зат алмасуына, май алмасуына,су- тұз алмасуына әсер етеді. Олар қабынуға қарсы зат ретінде де қолданылады,с.қ. ревматизмде, тері қабынуында(экзема), аллергиялық р, және тб ауруларда қолд.
ЖӘ: қан жасау өзгереді,бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі,эйфория.
Гидрокотизон- парентералды және жағылма түрінде тағайындайды. Бүйрек жетіспеушілігінде гидрокортизон гемисукцинаты пайдаланылады оны көктамырға енгізеді.
Преднизолон- қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизоннан 3-4 есе артық.Дексаметазон гидрокортизоннан 30 есе белсенді,оған ұқсас препарат бетаметазон.Триамцинолон гидрокортизоннан5 есе белсенді. ЖӘ: бұлшықет атрофиясы, тәбет жоғарылауы, депрессия.
Синафлан мен флуметазон пивалатықабынуға қарсы және аллергияға қарсы белсенділіктері жоғары. Оларды крем түрінде қолд. ЖӘ: суперинфекция.
35.Туберкулезге қарсы заттар:
А Синтетикалық заттар: изониазид, этамбутол, ПАСҚ, бепаск, этионамид, протионамид, пиразинамид, тиоацетазон.
Б Антибиотиктер:рифампицин, стрептомицин, циклосерин, канамицин, флоримицин.
I топ. Тиімділігі жоғары препараттар:изониазид, рифампицин.
II топ.Тиімділігі орташа препараттар: этамбутол, стрептомицин, этионамид, протионамид, пиразинамид,канамицин, циклосерин, флоримицин.
III топ.Тиімділігі төмен препараттар: тиоацетазон, ПАСҚ.
I Изониазид- туб.бардық түрінде, серозды қуыстарды жуу үшін пайд.
ЖӘ: нейротоксикалық әсер, көру жүйесінің төмендеуі, ОЖЖ(ұйқысыздық, тырысу, псих.бұзылыстар, есте сақтау)бұзылуы, ауыз құрғау, лоқсу, іш қату, жеңіл анемия.
Рифампицин- туб.барлық түрлерін емдеу.
ЖӘ: бауыр қызм.бұзылуы, лейкопения,диспепсиядық бұзылыстар, зәрдің, қақырықтың, көз жасының қызыл түске боялуы.
II Синтетикалық заттар: жалпы әсері РНҚ синтезін тежейді, туб қарсы.
ЖӘ: көрудің бұзылуы(қызыл мен жасыл түсті ажырата алмауы), дисп.бұзылыстар,аллерг.реакциялар, ОЖЖ бұзылыстары. Қарсы к: бауыр ауруы.
Антибиотиктер:туб.белсенді әсер көрсетеді, белок синт.бұзады, бактериоцидтік әсер көрсетеді.ЖӘ: псих.бұзылыстар, бас ауыру, бас айналу, дірілдеу, тырысу, депрессия, құлақ шулауы, естудің бұзылуы. Қарсы к:бауыр ауруы.
III Синтетикалық заттар: Туберкулез микобактериясына бактерицидтік қасиет көрсетеді. ЖӘ: диспепсиялық бұзылыстар, кристаллурия, гепатит, зоб, аллергиялық р, терілік қызба. Қарсы к: бүйрек, бауыр аурулары.
36. Вирустарға қарсы заттар. Олардыалу инфекция терапиясыныңішіндегіеңқиыны.
Синтетикалық заттар:
Нуклеозидтердің аналогтары:зидовудин, ацикловир, видарабин, ганцикловир,трифлуридин, идоксуридин.
Пептидтер туындысы:саквинавир
Азамантан туындысы: мидантан, ремантадин
Индолкарбон қышқ. туындысы:арбидол
Фосфонқұмырсқа қышқ. туындысы: фоскарнет
Тиосемикарбазон туындысы: метисазон
Биологиялық заттар: Интерферондар
Соңғы жылдары ретровирус препараттарына көңіл бөлінуде (ЖИТС емдеуде қолд). Ретровирустарға қарсы препараттар:
