Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
farma_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.28 Кб
Скачать

1.Рецепт – дәрігердің фармацевтен дәрілік затты науқасқа дәріханадан белгілі бір дәрілік қалыпта, дозада, қолдану әдістерін көрсетіп, дайындауды және босатуды сұраған жазбаша өтініш.

Р.тің құрылымы:

1. атауы

  • Емдеу мекемесінің штампы;

  • Күні, айы, жылы

  • Науқастың аты – жөні, жасы;

  • Дәрігердің аты – жөні;

2. Өтініш – recipe(Rp)- ал

  • Рецептің құрамына кіретін заттарды көрсету; рецепттің бұл бөліміне:

  • Әсер ететін негізгі зат;

  • Қосымша заттар;

  • Дәрілік заттың жағымсыз иісін, дәмін жоятын заттар;

  • Дәріге белгілі бір қалып беретін заттар;

3.дәрігердің фармацевке дәрілік қалыпты дайындау және босату жөнінде беретін нұсқаулық;

4.дәрігердің науқасқа дәріні қабылдау әдісі (қабылдау жиілігі, уақыты, ұзақтығы, тағаммен байланыстылығы) жөнінде беретін нұсқауы

5. дәрігердің қолы, жеке мөрі, қажет жағдайларда емдеу мекемесінің мөрі

Р.тің жазылу ережесі:

Р. қысқартылған және толық түрде жазылады. Қысқартылған түрде жазылғанда дәрілік қалпы, дәрілік заттың атауы, концентрациясы және жалпы мөлшері көрсетіледі. Толық түрде жазылғанда құрамына кіретін барлық заттары, олардың дозасы немесе мөлшері, содан кейін фармацевтке қандай дәрілік қалыпты дайындау жөнінде нұсқау көрсетіледі.

Дәрілік затқа жазылатын рецепт жай немесе күрделі болуы мүмкін. Жай рецепт бір, ал күрделі бірнеше дәрілік заттардан тұрады.Дәрілік заттар официцинальды және магистральды жолмен дайындалады.

Официнальды – фармацевтикалық өнеркәсіпте дайындалған дәрі – дәрмектер, рецептте қысқартылған түрде жазылады. Мысалы:

Rp.: Ung. Oxolini 0.25%-10.0

D.S. Мұрынның шырышты қабығына күніне 2 рет жағу.

Магистральды – дәрігердің рецептісі бойынша дәріханада дайындалады, рецептте толық түрде жазылады.

2. Дәрілердің түрлері.

Қатты дәрілік қалыптар: таблеткалар, драже, гранулалар, ұнтақтар, капсулалар, спансулалар, карамельдер, қарындаштар,пилюлалар.

Жұмсақ дәрілік қалыптар: жағылмалар, линименттер, пасталар, суппозиториялар, пластырьлар.

Сұйық дәрілік қалыптар: ерітінділер, тұндырмалар, қайнатпалар, тұнбалар, сығындылар, эмульсиялар, микстуралар.

Таблеткалар – дәрілік заттарды дәрілік және қосалқы заттардың қоспаларын арнайы машиналарда нығыздау арқылы алынатын, ішке, тіл астына, сыртқа қолданылатын дозаланған қатты дәрілік қалып.

Таб. Түріндегі дәрілік заттардың артықшылығы:

  • Науқасың қолдануына ыңғайлы;

  • Тасымалдауға ыңғайлы;

  • Сақтауға ыңғайлы (ұнтаққа қарағанда ылғалдың, ауаның күн саулесінің әсеріне аз ұшыраған)

  • Көптен өндірілетін кезінде дәл дозалау мүмкіндігібар;

  • Аз көлемді алады;

Таб. Түріндегі дәрілік заттардың кемшілігі:

  • Таб. Түріндегі дәрілік қалыптардың әсері ұнтақтарға қарағанда баяу басталады; алдымен ол ыдырайды, еруі және сіңуі керек

  • Кейбір жағдайларда таблеткалар асқазан – ішек жолдарында ыдырау қабілетін жоғалтады; және механикалық немесе химиялық тітіркендіруі мүмкін:

Таблеткаларды рецепте жазу ережесі:

Дәрілік заттарды таблеткада екі үлгіде жазуға болады. Ең көп таралған үлгісінде «Rp.:» сөзінен соң алдымен дәрілік заттың аты ілік септігінде бас әріппен және оның бір реттік дозасы көрсетіледі, әрі қарай тағайындалатын таблетканың саны – D.t.d N..... in tabulettis (жатыс септігі, көпше түрі) және сигнатурасы жазылады.

3. Фарматокинетика – бұл дәрілік заттардың сіңуі,ағзада таралуы, қорға жиналуы, метаболизмі және шығарылуы жөніндегі фармакологияның бөлімі.

Енгізу жолдары:

Энтералды (ас қорыту жолы арқылы) жолдарына арқылы, тіл астына, трансбуккалды, 12 елі ішекке, тік ішекке енгізу арқылы.

Парентералды енгізу жолдарына тері асты, бұлщық етке, көк тамырға, артерияға, интрастерналды, құрсақ қуысына, ингаляциялық.

Сіңудің негізгі механизмдері

  1. Жасуша мембранасы арқылы пассивті диффузиялануы. Липофилдік дәрілік заттар оңай сіңеді.

  2. Мембрана саңылаулары арқылы сүзілу. Олар арқылы су, кейбір иондар, сонымен қатар ұсақ гидрофилді молекулалар өтеді.

  3. Белсенді тасымалдану белгілі бір қосылысқа таңдамалылығымен, екі заттың бір тасымалдаушы механизмге бәсекелесу мүмкіндігімен, қанықтырылуымен, энергия жұмсау мүмкіндігімен сипатталады.

  4. Пиноцитоз ( грек тілінен ішемін ) кезінде жасуша мембранасында ойыс пайда болады, артынан көпіршік түзеді.

Дәрілік заттар сіңгеннен кейін қанға, одан кейін әртүрлі мүшелер мен тіндерге өтеді. Дәрілік заттардың көпшілігі бірдей таралмайды, тек аз бөлігі ғана – садыстырмалы түрде біркелкі таралады. Дәрідік заттардың таралуына олардың таралу жолдарында кездесетін биологиялық тосқауылдар айтарлықтай ықпал етеді: капиллярдың қабаты, жасушалық мембраналар, гематоэнцефалдық және планцеталық тосқауылдар.

Мембраналарында саңылаулары бар капиллярлар қабаты арқылы көпшілік заттар оңайырақ өтеді. Суда жақсы еритиін гидрофилді қосылыстар капиллярдың қабырғасындағы саңылаулар арқылы өтеді және аралық кеңістіктерге түседі.

Гематоэнцефалды тосқауыл арқылы дәрілік заттардың өтуі қиын болады. Себебі: олардың эндотелиинде саңылаулары жоқ және мидың капиллярында пиноцитоз мүлдем болмайды. Г.т. арқылы дәрілік заттар негізінен диффузия жолымен, ал кейбір қосылыстар – белсенді тасымалдану арқылы өтеді.Г.т. арқылы дәрілік заттардың өту Р-гликопротеиндік насоспен реттеледі. Ол дәрілік заттардың мидан қанға өтуін қалыптастырады,бірқатар өосылыстарлың қаннан ОЖЖ өтуіне кедергі жасайды.

Планцеталық тосқауыл күрделі биологиялық тосқауыл болып табылады. Ол арқылы липофилдік қосылыстар өтеді.иондалған полярлы заттар нашар өтеді.

4. Дәрілік заттардың ағзадағы метаболизмі және дәрілік заттардың шығарылу жолдары.

Дәрілік заттардың өзгеріске үшырауының негізгі 2 түрін бөледі:

Метаболиттік трансформация – бұл тотығу, тотықсыздану және гидролиз нәтижесінде дәрілік заттардың өзгеруі.

Конъюгация – бұл дәрілік затқа немесе оның метаболиттеріне, бірқатарр химиялық топтардың немесе эндогенді молекулалардың қосылуымен жүретін биосинтездік үрдіс. Осылайша, заттардың метилденуі, олардың ацетилденуі, сульфаттармен және т.б. өзара әсерлесуі жүреді.

Конъюгация заттың өзгеріске ұшырауының жалғыз жолы болуы мүмкін немесе ол болып кеткен метаболиттік трансформацияның соңынан жүреді.

Метаболиттік трансформация және конъюгация кезінде заттар полярлығы көбірек, тағы суда ерігіштігі көбірек метаболиттер мен конъюгаттарға айналады. Бұл олардың әрі қарай химиялық өзгеріске ұшырауына қолайлы жағдай жасайды, сонымен қатар ағзадан шығуына әкеледі.

Дәрілік заттар, олардың метаболиттері мен конъюгаттары зәрмен және өт арқылы шығады.

Дәрілік заттардың шығарылуы көр дәрежеді олардың бүйрек өзекшелерінде реабсорбциялануы үрдісіне байланысты болады.

Бірқатар препараттар (тетрациклиндер пенициллиндер) және олардың өзгерңске ұшыраған өнімдері көп мөлшерде өтпен ішекке бөлінеді.

Газ тәрізді заттар негізінен өкпе арқылы шығады.

Жекеленген препараттар сілекей (йодидтер), тер бездерімен, асқазан, ішек бездерімен және жас бездерімен шығарылады.

5.Фармакодинамика – бұл дәрілік заттардың физиологиялық белсенділігін анықтайтын негізгі қасиеттерін арнайы қарастыратын және әсердің жағдайғаа берілген заттың қолдануына және әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелділігі қарастырылады.

Әсер ету түрлері:

Дәрілік заттың қолданған жерде пайда болған әсерін жергілікті д.а.

Дәрілік заттың сіңгеннен кейін, жалпы қан айналымға және одан тінге түскеннен соң дамитын әсерін резорбтивті ( жүйелік) д.а. Резорбтивті әсер дәрілік заттың енгізу жолдарына және олардың биологиялық тосқауыл арқылы өтуіне байланысты.

Дәрілік заттардың жергілікті және резорбтивті әсері кезінде тікелей және рефлекторлық әсер көрсетеді. Бірінші заттың тінмен тікелей жанасқан жерінде жүзеге асады. Рефлекторлы әсер еткен кезде, заттар экстеро- және интерорецепторларға әсер етеді және әсері тиісті жүйке орталықтарының немесе атқарушы мүшелердің жағдайының өзгеруімен көрінеді.

Рецепторллар – заттар байланысатын субстраттың макромолекулалық белсенді топшаларын атайды. Дәрінің әсер көріністерін қамтамасыз ететін рецепторларды арнайы д.а.

Рецепторларды4 түрге бөледі:

  1. Иондық каналдарыдың қызметіне тікелей бақылау жүргізетін рец.-р. М: н-холинорецепторлар, ГАМҚ-рецепторлар, глуматтық рецепторлар жатады.

  2. «G-белоктар – екіншілік таратқыштар» жүйесі арқылы эффектормен кездесетін рецепторлар. М: гормондар мен медиаторлар (адренорецепторлар м-холинорецепторлар)

  3. Эффекторлық ферменттердің қызметін тікелей бақылайтын р. Олар тирозинкиназамен тікелей байланысқан және белоктардың фосфарлануын реттейді.

  4. ДНҚ-ң транскрипциясын бақылайтын рецепторлар. 1-3 типті мембраналық рецепторлардан аырмашылығы, бұл жасушаа ішілік рецепторлар болып табылады.

Заттың рецептормен туыстығын, онымен зат – рецептор кешеніннің түзуіне әкелуін «аффинитеттер» терминімен белгілейді. Рецептормен өзара әсерлесекнде, оны ынталандырып, заттың қандай да бір әсер щақыратын қабілетін і ш к і б е л с е н д і л і к д.а.

Арнайы рецепторлармен өзара әсерлескенде, оларда бтологиялық әсерлерге әкелетін өзгерістер шақыратын заттарды агонистер д.а. Егер агонист, рецепторлармен өзара әсерлесіп, максималды әсерлер шақыратын болса толық агонист д.а.Жартылай агонисттер рецепторлармен әсерлескенде, максималды әсерлер шақырмайды. Рецепторлармен байланысып, бірақ олардың ынталануын шақырмайтын заттарды антагонистер д.а.Олардың ішкі белсенділігі жоқ.

6. Жергілікті жансыздандырушы дәрілер (Жергілікті анестетиктер) – ауыру сезімін жойып, жергілікті сезімталдықтың жоғалуын шақырады.

Классификациясы:

  1. Беткейлік анестезияда қолд.з.: Кокаин, Дикаин, Анестезин, Пиромекаин

  2. Инфильтрациялық ж/е өткізгіштік анестезияда қолд.з: Новокаин, Тримекаин

  3. Анестезияның барлық түрінде қолд.з.: Лидокаин

Қойылатын талаптар:

  • Жүйке элементтері мен қоршаған тіндерге теріс әсері болмауы

  • Таңдамалы әсері жоғары болуы

  • Латентті кезеңі қысқа, анестезияның әрбір түрлерінде жоғары тиімді, белгілі бір әсер ұзақтығы сияқты сапалықтары болуы тиіс

  • Мумкіндігінше қан тамырларын тарылтуы тиіс

  • Препараттар суда жақсы еруі тиіс ж/е сақтауда, стерильдеуде бүлінбеуі тиіс

Қолданылуы:

  • Хирургияда: наркоз ретінде операцияда, беткейлік, өткізгіш, инфильтрациялық, жұлын-ми анестезиялары

  • Стоматоогияда: емдеу алдында ауырсынуда, тіс жұлғанда

  • ЛОР: синусты пункцияда, мұрын қуысы, өңеш-жұтқыншақ емшаралары

  • Акушерства: Босанудың соңғы сатысы, эпизитомия, тігу кезінде

  • Кардиология: Экстрасистолия, тахикардия, жедел МИ, гликозидтермен улану

  • Сонымен қатар операциядан кейінгі кезеңдер, жарақаттық шок, егу жұмыстары

Жанама әсерлері: бас ауыру, айналу, ұйқы бұзылу, мазасыздану, к/т енгізгенде тырысулар, дірілдеу, парестезия, аллергиялық реакциялар, эйфория, құлақ шуылы, сөйлеу баяулауы, АҚ төмендеуі, брадикардия, деориентация

7. Тітіркендіргіш дәрілер – тері мен шырышты қабаттың сезімтал жүйке ұштарына ынталандырғыш әсер көрсетеді.

Препараттары: Қыша қағазы, тазартылған терпентин майы, ментол, аммиак

Қолданылуы: Тыныс алу жүйесі аурулары, стенокардия, невралгиялар, миалгиялар, аммиакты естен тану, мас болу, дез.ерітінді ретінде

Қармаушы заттар – тері мен шырышты қабаттың қабыну үдістерін емдеу үшін қолданылатын дәрілер

Жіктелуі:

  1. Органикалық: танин, емен қабығының қайнатпасы

  2. Бейорганикалық: Қорғасын ацетаты, висмут нитраты, ашудас, мырыш тотығы, мырыш сульфаты, күміс нитраты

Қолданылуы: тері мен шыр. қабаттың қабынулары, қынаптың қабынуы, энтерит, колит, күйіктер, ауыр металл тұздарымен улану

Қаптаушы заттар – шырышты қабатты жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайтын д.з. Препараттары: Жібек дәнінің шырышы, крахмал шырыны.

Қолданылуы: Асқазан-ішек жолдарының қабынуы, тітіркендіргіш заттармаен бірге қолданылады.

Сорғыш (адсорбциялаушы) заттар – суда ерімейтін, тіндерді тітіркендірмейтін ұнтақ тәрізді инертті заттар. Оларға: тальк, белсендіріілген көмір жатады

Қолданылуы: Терідегі безді бөлінділерде, хим.қосылыстармен улануларда, диарея, метеоризм.

8. Антихолинэстеразды дәрілер – холинэстераза ферментінің белсенділігін тежейтін дәрілік заттар. Бұл топ препараттарының әсері М- ж/е Н- холиномиметиктерге ұқсас, қозу берілуін жеңілдетеді

Классификациясы:

  1. Әсері қайтымды пр-р: Физостигмин салицилаты, Прозерин, Галантамин

  2. Әсері қайтымсыз: Армин

Фармакологиялық ықпалдары: Емдік мөлшерде брадикардия щақырады, жүрек жұмысын бәсеңдетеді, АҚ төмендетеді, М-холиномиметикалық әсерлер: бірқатар тегіс б/е тонусы мен жиырылу белсенділігі жоғарылауы байқалады

Қолдану көрсеткіштері: Кураре ж/е атропин тәізді заттармен улану, миастения, б/е дистрофиясы, парез, параличтер, ОЖЖ зақымдалулары, полиомиелит, Альцгеймер ауруы, глаукома, ішек атониясы, қуық атониясы

Жанама әсерлері: Гиперсаливация, брадикардия, бронхоспазм, іш өту, тырысулар, гиперкинездер

9. М-холиноблокаторлар (атропин тәрізді заттар) – мускаринге сезімтал холинорецепторларды тежейтін д.з.

Фармакологиялық ықпалдары: Спазмолитикалық қасиеттері айқын. Көптеген тегіс б/е мүшелердің жүйкесінің ынталандырғыш қасиетін жояды. Оның әсерінен асқазан-ішек жолд-ң, өт, бронх, қуық б/е тонусы төмендейді. Көз б/е м-холинорецепторларын тежеу көз қарашығын кеңейтеді (мидриаз). Жергілікті анестезиялық белсенділігі де бар.

Препараттары:

  • Атропин

  • Скаполамин

  • Метацин

  • Платифиллин

  • Тропикамид

Қолдану көрсеткіштері: Ирит, глаукома, брадиаритмия, атриовентрикулярлық блокада, бронх демікпесі, асқазан ойық жарасы, гиперасцидті гастрит, анестезиологияда

Жанама әсерлері: ауыз құрғауы, фотофобия, галлюцинация, тахикардия, зәр шығаруының қиындауы

АТРОПИНМЕН УЛАНУ Ж/Е ОНЫ ЕМДЕУ

Көбінесе балаларда болады. Бұл препаратты мөлшерден тыс енгізгенде дамиды.Улану кезіндегі белгілер: психикалық қозу, қарашық кеңеюі, дауыс қарлығу, жұтудың бұзылуы, тахикардия, тері құрғауы мен қызаруы, температура жоғарылауы, зәр бөліну бұзылуы.

Емдеу: атропин әлі сіңе қоймаған кезде – асқазанды шаю, танин, белсендірілген көмір, тұзды іш айдағыштар. Ағзадан шығуын жеңілдету – фосфирленген диурез, гемосорбция, физиологиялық антогонистерін – антихолинэстеразды дәрілерді қолдану. Қажет жағдайда жасанды тыныс қолданылады. Науқсты қараңғы бөлмеге орналастыру қажет (фотофобия салдарынан)

10.Н-холиноблокаторлар – никотинге сезімтал холинорецепторларды тежейтін д.з

Классификациясы:

  1. Ганглиоблокаторлар: Бензогексоний, Пентамин, Гигроний, Пирилен, Арфонад, Пахикарпин

  2. Кураре тәрізді заттар (Миорелаксанттар): Турбокурарин, Панкуроний, Пиперкуроний, Дитилин, Диоксиний

Қолдану көрсеткіштері:

Ганглиоблокаторлар: Шеткі қан тамырларының спазмы, гипертониялық криз, реанимацияда (ми ісігі, өкпе ісігі);

Миорелаксанттар: Кеуде, іш қуысы ж/е аяқ-қол операциялары, кеңірдек интубациясы, бронхоскопияда, сіреспе, эпилепсия.

Жанама әсерлері:

Ганглиоблокаторлар: ортостатикалық коллапс, АҚ төмендеуі, б/е атониясы, іш қату, мидриаз, несеп шығару бұзылуы

Миорелаксанттар: АҚ төмендеуі н/е жоғарылауы, тахикадия, аритмия, бронхоспазм, көз қысымының жоғарылауы, б/е ауыруы, апноэ (тыныс тоқтауы)

11.В-адреномиметиктер. Топтастырылуы.Негізгі ықпалдары. Қолд-у корсеткіші.Жанама әсері.

В-адреномиметиктердің бірі болып – Изадрин. В-адренорецепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді. Изадрин – В123 адренорецепторларды қоздырады.

Изадрин жүректің В1- адренорецепторларын ынталандыра отырып, жүрек жиырылу күші мен жиілігін жоғарылатады. Систолалық қысым жоғарылайды. Тамырдың В2 – адренорецепторларын қоздырады(әсіресе қаңқа бұлщықеттерінің тамырлары). Мұнда дистолалық қысым төмендейді.

Қолд-у көрсеткіші: Бронхоспазмда(аэрозоль түрінде ингаляциялық жолмен енгізеді). Артиовентрикулярлық тежелуде(сублингвалды).

Жанама әсері:тахикардия жүрек аритмиясы, дірілдеу,бас ауыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]