
- •92, Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі.
- •98,Талғамсыздық қисығы неғұрлым координаттар өсінен алыс орналасса, солғұрлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда әпереді.
- •104,Бұрыштық коэффициент жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың шекті нормасын көрсетеді.
- •105,Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді.
- •106,Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі.
- •135, Өндіріс ауқымын ұлғайтқан уақытта мамандандыру және еңбекті бөлу нәтижесінде өндіріс факторларының тиімділігі жоғарылайды, сондықтан бұл өндіріске оң әсерін тигізуі мүмкін.
- •137,Өндіріс функциясының түрлері
- •138,Сызықтық емес өндірістік функция.
- •150, Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өңдірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді.
- •202 Лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген таза сұранысты анықтайды.
- •203 Фирмалар белгілі бір өнімнің түрін өндіруі үшін өндіріс факторларын үй шаруашылықтарынан сатып алуы қажет.
202 Лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген таза сұранысты анықтайды.
203 Фирмалар белгілі бір өнімнің түрін өндіруі үшін өндіріс факторларын үй шаруашылықтарынан сатып алуы қажет.
204
Шеңберлі айналым үлгісі түрінде қарастырылатын экономика фирмалар мен өндіріс факторлары иелерінің арасындағы нарықтық айырбас механизмін сипаттайды. Сондықтанда ресурстар нарығының әрекет етуі мен оларда қалыптасатын баға механизмдерін талдау микроэкономикалық талдаудың аса маңызды және қажетті аспектісі болып табылады.
205 Өндіріс факторларының бағалары табыстарды қалыптастырады, осы табыстардың көлеміне игіліктерге деген тұтынушылық сұраныс көп жағдайда тәуелді болып табылады.
206 Өндіріс факторларының нарықтары дегеніміз – сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі нәтижесінде еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар.
207 өндіріс факторларына сұраныс олардың көмегімен өндірілген соңғы өнімге деген сұраныспен анықталады, сондықтан ресурстарға деген сұранысты туынды сұраныс деп атайды.
208Егер тұтынушы нарықтағы тауарға сұраныс білдірмесе, онда сол тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларына да сұраныс болмайды.
209 Өндіріс факторлары нарықтарының аса маңызды белгісі олардың әрекет етуінің нәтижесінде, яғни нарықта сол ресурстарды сатудың барысында үй шаруашылықтарының табыстарының қалыптасуында көрініс табады. Бұл табыстар ресурстар нарығында факторлық табыстар деген атқа ие болады. 210Ал факторлық табыстар дегеніміз – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін – пайда факторлық табыс болып табылады.
211Өндіріс факторларының нарығы екі негізгі түрде көрініс табады:
1) жетілген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторларының нарығы;
2) жетілмеген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторларының нарығы.
Жетілген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторлары нарығының басты ерекшелігі болып сатып алушының да, сатушының да өндірістік ресурстарға деген бағаға әсер ете алмауы табылады. Ал жетілмеген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторлары нарығының басты ерекшелігі болып сол сатып алушының да, сатушының да өндірістік ресурстарға деген бағаға әсер ете алуы табылады.
212 Өндіріс факторларының жетілген бәсекелі нарығы – бұл оның мынадай шарттары орындалатын нарық:
өзара бақталасушы сатушылардың сапалы тұрғыдан өткізетін ресурстарын белгілі көлемінде сатып алу үшін бір-бірімен бақталастыққа түсетін көптеген сатып алушылардың болуы;
әрбір сатып алушы нарықта ұсынылып отырған ресурстың аз ғана бөлігін сатып алады, яғни әрбір сатып алушы ресурстарға қалыптасатын нарықтық сұранысты өзгерте алмайды;
ресурсты ұсынатын әрбір сатушы ресурстар нарығындағы жалпы ұсыныстың аз ғана бөлігін сатады, яғни әрбір сатушы ресурстардың қалыптасқан нарықтық ұсынысына әсер ете алмайды;
ресурстарды сатушылар еш кедергісіз кез келген нарыққа еркін кіріп, одан еркін шыға алады. Ресурстардың иегерлері өз ресурстарын бір бағыттағы қолданудан екінші бағыттағы қолдану үшін ауыстыра алады, бір жерден басқа бір жерге де ауыстыра алады.
213 Жетілген бәсекелес фирманың тарапынан болатын ресурстарға деген сұраныстың басты ережесі ретінде сол ресурстың шекті табыстылығы мен шекті шығынын есепке алу қарастырылады.
214Ресурстың шекті табыстылығы деп белгілі бір ресурстың қосымша бірлігін тұтыну кезінде шығарылатын қосымша өнімді өткізудің нәтижесінде ала алатын қосымша түсімінің өзгеруін айтады.
215Өндірістік ресурстың шекті шығындары – белгілі бір ресурстың қосымша әр бірлігін сатып алуға кететін қосымша шығындар.
216 Өндірістік ресурстарды пайдаланудың негізгі ережесін мынадай теңдікпен сипаттауға болады: MPR = MPC, яғни ресурстың шекті табыстылығы ресурстың шекті шығындарына тең дегенді білдіреді.
217 Жетілген бәсеке жағдайында ресурстарға деген сұраныс қисығы ресурстың шекті табыстылығының қисығымен сәйкес келеді. Бұл өнімнің бағасы мен шекті табыс бір біріне тең дегенді білдіреді. Ресурсқа сұраныс қисығы кәдімгі дайын өнімге деген сұраныс қисығы сияқты теріс көлбеулі болып келеді, ол ресурстардың шекті өнімділігінің төмендеу заңымен түсіндіріледі.
218-116