
- •92, Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі.
- •98,Талғамсыздық қисығы неғұрлым координаттар өсінен алыс орналасса, солғұрлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда әпереді.
- •104,Бұрыштық коэффициент жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың шекті нормасын көрсетеді.
- •105,Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді.
- •106,Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі.
- •135, Өндіріс ауқымын ұлғайтқан уақытта мамандандыру және еңбекті бөлу нәтижесінде өндіріс факторларының тиімділігі жоғарылайды, сондықтан бұл өндіріске оң әсерін тигізуі мүмкін.
- •137,Өндіріс функциясының түрлері
- •138,Сызықтық емес өндірістік функция.
- •150, Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өңдірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді.
- •202 Лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген таза сұранысты анықтайды.
- •203 Фирмалар белгілі бір өнімнің түрін өндіруі үшін өндіріс факторларын үй шаруашылықтарынан сатып алуы қажет.
150, Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өңдірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді.
151, Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз- төмендегідей шарттар орындалатын нарық:
нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтары;
әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы һндірістік шешімдерді жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды;
баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады;
жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар қойылмайды.
152,Пайда дегеніміз- жалпы түсім (TR) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма:
П=TR-TC
153,Фирманың мақсыта- белгіленген баға арқылы мейлінше аз зиян шешуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады.
154, Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:
өндіру қажет пе?
Егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде?
Алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады?81-86 БЕТ
155, Тұтынушының ұтымы ( CS) дегеніміз- оның тауарға төлеуге даяр бағасы иен төлеген бағасы арасындағы айырмаға тең болатын тұтынушылардың таза пайдасы
156, Өндірушілер де осындай пайда көреді ол өндірушінің ( РS) берілген тауарды сатудан алатын ұтымы деп аталады. Тауардың әр бірлігі үшін бұл- нарықтық баға мен оның өндіріс барысындағы шекті шығындар арасындағы айырма.
157Жалпы нарық үшін- бұл пайда мен өндіріс факторларына жиналатын кез келген рентаның қосындысы.
158, салық салу саясатының қоғам жағдайына тигізетін зиянын көрсетейік
Салық Т) нарықтық бағаны Ро – ден Р- ге дейін арттырады. Сатушылардың салықты төлегеннен кейінгі алған таза бағасы Р1 – Т) – ға тең. Тұтынушылардың шегетін зияндары: CS = А – С.
Салық ауыртпалығының тұтынушылар мен өндірірушілер арасында бөлінуі сұраныс пен ұсыныс икемділігіне байланысты болады. Жалпы зияндар шамасы PS + CS) мемлекеттің салықтан алатын түсімінен, яғни А + В) - дан С +В) мөлшеріне артық. Бұл қоғамның хал ө әхуалына тиетін таза зиян.
Сонымен жоғарыда қарастырылған мемлекет тарапынан араласу мысалдары бәсекелес нарықтың тиімді екендігін көрсетеді.
159, Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
160, Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады
161, Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды.
162, монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы әсерін тигізеді. Бұл 8.1-суретте бейнеленген.
Өнімнің ерекше болуы
Ірі жалғыз фирма
МОНОПОЛИЯ
Тосқауылдың көп болуы
Толық деректер
163Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады.
164Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықайды.
165Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
166 Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді.
167, Бұл зандарға қарамастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.
Бұл шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше ерекше құқықтар);
3) бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады,
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі – жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтыр жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі меәнін былай түсінуге болады: патентің болса - құқығың бар, ал патент жоқ болса - құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалыкардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі - демпинг - бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар олар мүмкіндігі мол монополистер.
168Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.
2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.
3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай
169,Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты – пайданы ең жоғарғы деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтанғ нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады.
170 Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:
P = P(Q).
Моноплист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:
π = TR – TC = p(Q) xQ – TC(Q). (1)
Енді Пайданы барынша көбейту шартын анықтаймыз:
(2)
немесе MR = MC.
Бұдан монополистік пайдасы өндірістің шекті шығындары (MC) шекті түсімге (MR) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз.
Өндірушінің жалпы түсімі TR = P(Q) · Q формуласы бойынша анықталатынын біле отырып, шекті түсімді есептеп шығарамыз:
(3)
Сұраныстың бағалық икемділігі былай анықталатыны белгілі:
немесе
(4)
және
оны (3) формулаға қойып, есептеу арқылы
шекті түсімді
табамыз.
Бұдан, пайданы мейлінше көбейту шартын мына түрде көрсетуімізге болады:
Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэффициент Е < 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынына
қарағанда жоғары болады, яғни Р > МС. Монополиялық нарықта Р =МС теңдігі Е=0 болғанда ғана орын алады, ал басқа жағдайларда Р > МС.
90-94БЕТ ОҚУ
171 монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады. Ол былай анықталады:
Берілген коэффициент нарықтағы тауардың бағасының шекті шығындардан ауытқу деңгейін анықтайды және оның мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады.
Көрсеткіштің
мәні неғұрлым жоғары болса, монополиялық
билік соғұрлым күшті болады. Монополистің
тепе-теңдік жағдайында:
екенін біле отырып, Лернер көрсеткішін
мына түрде де жазуға болады:
Бұдан байқайтынымыз: монополиялық биліктің күші, басқа жағдайларды тұрақты деп ұйғарғанда, сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болады, демек, өнімге деген сұраныс икемсіз болғанда монополиялық билік күшейе түседі.
172, Нарықты монополиялаудың екі негізгі белгісі бар. Олар мыналар:
1) ірі фирманың қолына нарықтың үлкен бөлігінің шоғырлануы;
2) ірі фирмалардың бәсекелестерімен байланысы.
Мемлекет өндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда үш көрсеткішке дүгінеді: айналым мөлшері, жұмыспен қамтылғандар саны және капитал мөлшері. Монополияға қарсы саясатшылдардың көзқарасымен қарағанда ең негізгі көрсеткіш болып айналым мөлшері есептеледі. Бұл мөлшер тауар ұсынысының қай бөлігі бір фирманың қолында шоғырланғанын көрсетеді. Ірі фирмалардың нарықтық үлесін анықтау үшін экономистер бірнеше индекстерді пайдаланады. Соның бірі – Херфиндаль-Хиршман индексі (Іhh)
Іhh = (x1)2 + (x2)2 + . . . + (xn)2.
мұнда, xі - % түрінде көрсетілген саладағы фирмалардың әрқайсысының үлесі. Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі жоғары болады.
173, Нақты өмірде фирма басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отырады.
174, Монополиялық бағаны анықтау барысында осы шартты пайдалануды практикада жеңілдету үшін, «Бас бармақ» ережесін қолданады. Бұл ереженің негізі: шекті шығындарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және төмендегідей тәсілмен есептеледі:
175Жетілген бәсекелестік моделін қарастырғанда біз осы нарықтағы фирмалар саны уақыт ағымында өзгермесе, онда осы салада ұзақ мерзімді кезеңде тепе-теңдік орнығады деп анықтадық.
176 Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің ұтымды санын ұзақ мерзімдегі шекті шығынның шекті түсімге тең болған жағдайында анықтайды:
LMRC = MR
177, Бәсекелес нарықпен салыстырғанда монополист-өндірушілер тауардың бағасын жоғары деңгейде белгілейтінін және өнімде бәсекелес фирмадан аз көлемде ұсынатынын өткен талдауда байқадық.
188Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың сұраныс икемділігн ескер отырып, бір тауарды тұтынушылардың әр түрлі категориясына әр түрлі бағамен сатса онда, ол бағалық дискриминация (құқын шектеу) саясатын жүргізеді деп айтамыз. Егер монополист әрбір тұтынушыға жеке баға тағайындайтын болса, онда біз жетілген бағалық дискриминация саясатын көреміз
Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәтижесінде тұтынушы ұтымын түгелдей иемденіп алады.
189,Монополия кезіндегі фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы тауарды өндіру саласында фирма-тек бір ғана өндіруші болады. Ал, монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз семенінде ғана монополист болып есептеледі. Сондықтан оның сұрагыс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді. Басқа нарықтық құрылымдағы сияқты монополиялық бәсекелес фира пайдасын мейілінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады. Бұл шарт төмендегідей болып жазылады.
MC=MR
190Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар сияқты ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық пайдалары нөлге тең болады
191 Егер сұраныс қисығы орташа шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгі нүктесін қиып өтетін болса, онда сұраныс қисығының белгілі бір бөлігі шығын қисығынан жоғары орналасады.
192
Монополиялық бәсеке нарығындағы баға құру саясаты
Монополиялық бәсеке нарығындағы тауарларды бір-бірімен жеңіл алмастыруға болатындықтан, жеке фирманың өнімге деген сұраныс өз өнімнің бағасына ғана тәуеоді емес, сонымен қатар осы фирмамен бәсекелес фирмалардың тауарларының бағасын да тәуелді болады.
193 Монополиялық бәсеке нарығындағы өнімге дегенсұранысқа сипаттама беру үшін ең төмегі және ең жоғарғы деңгейдегі сұраныс функциялары қолданылады.Ең төменгі деңгейдегі сұраныс функциясы мынадай түрде бейнеленеді:
194Бәсекелес фирманың тауарының бағасы нольге теңболғн кездегі қарастырып отырған фирманың тауарына деген сұраныс көлемі мен осы тауардың бағасының арасындағы тәуелділікті ең аз ( минималды) сұраныс функциясы деп атайды.
195 Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;
ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басшы (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемін өзгеруіне едәуір ықпал етеді.
б) олигополиялық фирмалардың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.
196 Курно дуополиясы, қарама-қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойыны, нарықта үстемдік жүргізіп отырған фирманың моделі және картель.
197 Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады.
198 Барлық моделдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратыны көрінеді.
199 Сұраныс функциясын пайдалана отырып, дуополия кезіндегі баға жетілген бәсекеден жоғары, ал монополиялық бағадан төмен деп айта аламыз. Ал пайданы есептеген уақытта, жетілген бәсекемен салыстырғанда Курно дуополиясы фирмаға пайданы көбірек әкеледі, бірақ ол келісім нәтижесіндей фирма үшін пайдалы емес деген шешімге келеміз.
Курно моделін зерттегеннен кейін төмендегідей экономикалық қорытынды жасауға болады.
Олигополиялық өнім көлемі монополиялық өнім көлемінен аз, бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда көп болады:
QM < QOliq < QC
Олигополиялық баға монополиялық бағадан төмен, бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда жоғары болады:
РM > РOliq > РC
Олигополиялық пайда монополиядан аз болады, бірақ оң экономикалық пайда алып отырады:
ПM > ПOliq > 0
10-111БЕТ
200 Картель құрған уақытта өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туарлы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауардың бағасын жоғарлатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан картельдің әрбір мүшесі белгілі бір квота тағайындалады.
201 олигополиялық фирмалар өзара бірігіп, баға мен өнім шығару көлемі туралы келісімге (ашық немесе жасырын) келген уақытта пайдаларын көбейтеді. Дегенмен, фирмалардың бәрін қанағаттандыратын бір деңгейдегі бағаны белгілеу қиын, әсіресе шығындар мен сұраныс өзгеретін болса. Егер нарықта бір басым фирма болып, ол баға белгілеудегі лидер болса, онда жоғарыда айтылған мәселелер өте жеңіл шешіледі. Бұл басым фирма баға белгілейді, ал қалған фирмалар – ілеспелі фирмалар болады. Іс жүзінде бұндай көрініс барлық олигполиялық нарықтарда кездеседі.