
- •92, Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі.
- •98,Талғамсыздық қисығы неғұрлым координаттар өсінен алыс орналасса, солғұрлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда әпереді.
- •104,Бұрыштық коэффициент жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың шекті нормасын көрсетеді.
- •105,Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді.
- •106,Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі.
- •135, Өндіріс ауқымын ұлғайтқан уақытта мамандандыру және еңбекті бөлу нәтижесінде өндіріс факторларының тиімділігі жоғарылайды, сондықтан бұл өндіріске оң әсерін тигізуі мүмкін.
- •137,Өндіріс функциясының түрлері
- •138,Сызықтық емес өндірістік функция.
- •150, Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өңдірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді.
- •202 Лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген таза сұранысты анықтайды.
- •203 Фирмалар белгілі бір өнімнің түрін өндіруі үшін өндіріс факторларын үй шаруашылықтарынан сатып алуы қажет.
1,Микроэкономика – кіші экономикалық бірліктер жүзеге асыратын таңдау жиынтығын зерттейтін экономиканың бөлігі.
Микроэкономика – экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
2.Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады.
3. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді болады және белгілі нысандарда жүзеге асырылатын экономикалық тәртіптің шарты болып есептеледі.
4. нақты зерттеу мәселесіне және экономикалық теорияның белгілі бағыттарына байланысты оларды талдау әр түрлі деңгейде болады. Дегенмен де нарық, меншік, мемлекет сияқты негізгі институттарды ескрмесе болмайды.
5.адамдардың экономикалық іс-әркеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу объектісі деп атаймыз.
6. Тіршілік әрекетінің жалпы экономикалық процестеріне қатысушылары ретінде барлық экономикалық субъектілер екі түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін: бір объектіні басқа объектіге айналдыру (өзгерту) және оларды өз қажеттіліктеріне пайдалану. Бірінші жағдайда олар өндірушілер, ал екінші жағдайда, тұтынушылар болып есептеледі.
7.Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық қызметтерінің объектісі игіліктер болып табылады.
8.Игілік – кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көзделген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін. 9.Нарықтық экономикады олар тауарлар мен қызметтер деп аталады. Қызметтердің түріне байланысты игіліктер 2 түрге бөлінеді: өндірістік ресурстар және олардың негізінде өндірілетін тұтыну игіліктері.
10. Зерттеліп отырған экономикалық субъектінің экономикалық іс-әрекетін – олардың белгілі бір шешім қабылдап, әрі қарай соны жүзеге асыруы деп сипаттауға да болады.
11. микроэкономиканың пәні деп экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауын айтамыз.
экономикалық атомизмді атауға болады, микроэкономика өздігінен шешім қабылдап, соны іске асыратын экономикалық бірліктерге көп көңіл аударады.
12. Микроэкономикалық талдаудың келесі қағидалық белгісі – экономикалық субъектілердің ұтымдылық қимылын болжауы. Экономикалық рационализм тұжырымдамасының (концепциясының) түпкі мәні біріншіден, экономикалық субъектілердің өз қызметтерінен түсетін тиімділігін анықтау болса; екіншіден, осы тиімділікке жету үшін кеткен шығындарын есептеу; нәтижесінде осы көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізе білу болып есептеледі.
13. пайда – экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері, ал шығындар – экономикалық субъектілердің осы пайдаға қол жеткізу жолында жұмсаған игіліктері болып абылады. Шығындары мен пайдаларын салыстыру арқылы экономикалық субъект ұтымды шешім қабылдайды.
14. Нарықтық экономикада пайда көбінесе ақша түрінде бағаланады, яғни ақшалай түсім немесе түсім түрінде беріледі. Ал шығындар – жұмсауға кеткен қаражаттар немесе шығындар түрінде болады.
15. Экономикалық іс-әрекет нәтижесінде кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылықты ақша түрінде – табыспен көрсетуімізге болады. Экономикалық субъектілердің оңтайлылығы экономикалық қызметтегі табыстың ең жоғары деңгейге жетуімен бағаланады.
Шекті (қосымша) түсім шекті шығыннан көп болған уақытта шекті (қосымша) пайда оң сан болады. екі көрсеткіш бір-біріне теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді. Шекті түсім шекті шығынға тең болғанда пайда ең жоғары деңгейге жетеді, сонда ғана рационалды (тиімді) субъект өз мақсатына жетеді.
16. Экономикалық модель дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсеті.
Модельдер ауызша, график түрінде және символдық (аналитикалық) болуы мүмкін. Кез келген ғылым әр түрлі модельдерден тұрады, олар көбінесе ауызша болады.
Бірақ та, теориялық модельдеу кезінде әрдайым графикалық және аналитикалық модельдер қолданылады, себебі олар көрнекті (график) және қысқаша түсінікті болады.
Кез келген модельде айқын және айқын емес түрде белгілі болжамдар болады. әр түрлі құбылыстар, олардың қасиеттері, сонымен қатар олардың өзара байланыстары көбінесе символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді.
17. Модельдерде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады – бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау кезінде зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар дейміз. Олар модельдің нәтижесі болып табылады.
18. Экономикалық шешім қабылдау қажеттілігі төмендегі себептерден
Біріншіден, экономикалық субъектінің белгілі экономикалық іс-әрекеттер жасауға мүмкіндігі болғанда, ал екіншіден, осы экономикалық іс-әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдері болғанда. Экономикалық іс-әрекеттердің әр түрлі тәсілдері міндетті түрде баламалы немесе бірін-бірі ығыстыра алатын (жоққа шығаратын) болуы тиіс.
экономикалық іс-әрекет белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. әрине, қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашанда шектеулі болады
19. Қорларын толықтыру мүмкіндіктеріне байланысты игіліктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір-бірімен салыстырмалы шектеулілігін көрсетеді және игіліктердің сиректігі категориясы деп аталады.
20 Қажкттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді.
Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулілігін сипаттайды.
21. кез келген экономикалық іс-әрекет қарастырып отырған уақыттағы қанағаттандырылатын қажеттілікті таңдап алу болып есептеледі және осы уақытта басқа қалған қажеттіліктерді қанағаттандырудан бастарту керек екенін көрсетеді.
22. Үнемдеу проблемасы – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.
23. Баламалық қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық іс-әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Бұған жататындар: ақпарат алуға, шешім қабылдауға, берілген шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге кететін шығындар. Экономикалық қызметтің шығындары әр түрлі институционалдық жүйеде әр түрлі формада болуы мүмкін.
24. Балама шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айтамыз.
Экономикалық таңдау кезінде балама шығындарды есептеу микроэкономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып есептеледі. Балама шығындарды өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы арқылы көрсетуге болады.
25. Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
26. тағамның бағасы өзгерген кезде оны сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр.
27. Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б.
28. Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
29. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады. Мысалы:
30.Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш- баға.
31. Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады. Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақщалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.
32.Енді ауыстыру тиімділігі деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады- бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.
33. Егер де берілген факторлардың кез келген біреуі өзгерсе баға мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікте де сәйкесінше өзгеріс болады, сондықтан қайтадан жаңа сұраныс кестесін құрып, жаңа сұраныс қисығын сызу қажет.
34. Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруін анықтайды.
35. тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік, онда сұранысқа ықпал ететін басқа факторлар өзгермейді деп ұйғардық. Оны математика тәсілімен көрсетсек, сұраныс функциясы деп атаймыз жәнеол төмендегідей түрде жазылады:
QD = f (P),
Мұнда, QD – сұраныс көлемі;
Р- зерттеліп отырған тауардың бағасы.
Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар көп. Олар: сол берілген тауарлардың бағасы – Р, басқа тауарлардың бағасы (Ра, Рb...), тұтынушылардың табысы (1) және олардың талғамы (Т). Осы жоғарыда айтылған факторлар өзгерген уақытта сұраныс көлемі де өзгеріп отырады, бұндай тәуелділікті экономикада жалпы сұраныс функциясы деп атайды және оны былай көрсетеді:
36. сұраныс қисығының түгелімен жылжуын – сұраныс өзгеруі деп атайды.
37. егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарларды экономистер бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп атайды.
38 Тауарға деген сұраныс көлеміне тұтынушылардың табысы үлкен әсер етеді. Бұл көрсеткішке байланысты тауарларды төмендегідей екі түрге бөлеміз: 1) нормалды немесе кәдімгідей; 2) сапасы төмен тауарлар.
39 Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде, зерттеліп отырған тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарды (табыстан басқа факторлар тұрақты болғанда) нормалды немесе кәдімгідей тауар деп атаймыз,Ал тұтынушылардың табысы азайған уақытта кәдімгі тауарларға деген сұраныс та азаяды, сұраныс қисығы солға жылжиды.
40, Кейбір жағдайда тұтынушылардың табысы өскенде сұранысы азаятын тауарлар да болады.
41, Талғам – сатып алушы үшін әрбір тауарда болатын өзіне тартымдылық көрсеткіші және бұл көрсеткіш моданың өзгеруінен немесе жаңа ақпараттың пайда болуынан өзгеруі мүмкін.
42, Талғам өзгеруі – бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі.
43, Бағаның өзгеруін күту – бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді. Егер адамдар бір себептермен тауардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол тауарға деген сұраныс көбейіп, ал сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше.
44,Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз.
45, Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардаың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
46,Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың саны.
47,Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы тура пропорционалды қатынасты көрсетеді.
Енді осы айтылған байланысты функция түрінде бейнелесек, онда төмендегідей формуламен жазуға болады.
Qs=f (p),
Qs – ұсыныс көлемі, кг;
Р – тауардың бағасы теңге.
48, Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине, бағадан басқа ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің (жұмыс күшінің) бағасы, тауарды өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы, қолданылатын технология түрі, тура сондай ресурстардың көмегімен өндірілген ұқсас тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.
49, Тауар өндірісінің технологиясы сатушылардың нарыққа шығуына әсер етеді. Технологиядағы жеткен жетістіктер тауардың белгілі бір санын өндіру ұшін қажетті еңбекті және басқа да ресурстарды төмендетеді.
50, Егер өнімнің белгілі көлемін өндірудегі ресурстар мөлшері азайса, онда шығындар да төмендеп, бұл тауар өндірісінің тиімділігін жоғарылатады.
51Бірдей ресурстардың көмегімен өндіруге болатын тауардың бағасы өзгеруінің ұсынысы, талданатын тауар өндірісінің балама (альтернативті) құнына әсер етеді.
52, ұсыныс функциясының жалпы түрін былай жазуға болады:
Qs=f(Р, РА, РВ,...Рп, Т,К,Ғ),
Мұнда, Qs- ұсыныс көлемі;
Р- зерттеліп отырған тауардың бағасы;
РА, РВ- осы тауарды өндіруде қолданылатын материалдар мен шикізаттар бағасы;
Рп- бірдей ресурстар көмегімен өндіруге болатын тауардың бағасы;
Т- салық мөлшері;
К- қолданылатын технология тәсілі;
Ғ- нарықтағы осы тауарды сатушылар саны.
53,Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа факторлар әсер еткендегі толық өзгеруі немесе жылжуы.
54,Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа факторлар тұрақты деген жағдайда қарастырылады.
55, Егер нарықта тауардың бағасы Р1 деп белгіленсе, (Р1>Ро), онда сұраныс көлемі ұсынылып отырған көлемнен көп болады (QD>Qs). Бұндай жағдайда нарықта жетіспеушілік (дефицит) болады (сұраныс артықшылығы немесе тауар тапшылығы).
56, Ал егер баға тепе-теңдік деңгейінен жоғары болса, (Р2>Ро), онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болады да (QD>Qs), нарықта ұсыныс артықшылығы орын алады.
57 Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттелгелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
58, Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар:
1)
- бағалық икемділік коэффиценті;
2)
- табыстық икемділік коэффиценті;
3)
- қиылысқан икемділік коэффиценті.
59,Сұраныстың бағалық икемділігінің (СБИ) шамасы теріс сан болады.
60,Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:
1) икемді; 2) икемсіз; 3) икемділігі бірге тең; 3) өте икемді; 5) өте икемсіз.
61,Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса және тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.
62, Түсім дегеніміз – тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: ТR = PQ,
Мұнда, ТR – түсім, m;
Р – тауардың бағасы, m;
Q – сатылған тауардың көлемі, дана.
63, Көбінесе, ауыстырушы (субстит) тауарлары көп болатын тауарларға және ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға деген сұраныс икемді болады.
64, Егер бағаның өсу проценті сұраныс көлемінің өсу процентінен көп болса және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын болса, онда сұраныс икемсіз болады деп айтамыз.
65, Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыратын тауарлары аз болатын тауарларға сұраныс икемсіз болады
66, Егер бағаның 1 проценттік өзгеруі, сұраныс көлемін осы шамаға өзгертетін болса және баға өзгеруіне байланысты жалпы түсім өзгермейтін болса, онда тауарға деген сұраныс икемділігі 1-ге тең болады
67, Сұраныстың бағалық икемділігін (СБИ) қарастырған уақытта оларды нүктелік және доғалық икемділік деп бөлеміз.
68, Нүктелік икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі, ал доғалық – орташа көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.
СҰРАК БОЛУЫ МҮМКІН
69, Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін (Ер(D)) анықтағанда төмендегідей формулаларды қолданамыз.
-
нүктелік икемділік.
-
доғалық немесе сызықтық икемділік.
Q1, Q2 – 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі;
Р1, Р2 – 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.
70, Егер СБИ-дің абсолюттік мәні 1 мен ∞ (1 < | Ер | < ∞) аралығында болса, онда сұраныс икемді дейміз.
71,Ал егер осы айтылған көрсеткіштің мәні (0 < | Ер | < 1) болса, онда сұраныс икемсіз деп аталады.
72,Егер | Ер | = 1 болса, бұл жағдайда сұраныс икемділігі бірге тең болады.
73, Егер Ер(D) мәні оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауарлы болады.
74,
СБИ-ді есептеуді заттың бағасы өзгеруіне байланысты тұтынушылар шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін жорамалдау үшін қолдануға болады.
СБИ |
Жалпы түсім (шығындар өзгеруі) |
|
Баға төмендегенде |
Баға жоғарылағанда |
|
Икемді сұраныс (Ер > 1) |
көбейеді |
азаяды |
Икемсіз сұраныс (Ер < 1) |
азаяды |
көбейеді |
Икеміділігі бірге тең сұраныс (Ер=1) |
өзгермейді |
өзгермейді |
75, Сұраныстың бағалық икемділігіне төмендегідей факторлар әсер етеді:
1) қарастырып отырған тауарды ауыстырушы (субстит) тауарлар көп болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемді болады, ал ауыстыратын тауарлар аз болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемсіз немесе өте икемсіз болады;
2) тұтынушылардың баға өзгеруіне бейімделуі;
3) баға өзгеруін күтуі.
76, Сұраныстың табыстық икемділігі (СТИ) (Еі) тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді.
77, Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті Еі - оң сан, теріс сан және нольге тең болады.
78, Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда Еі > 0. Бұндай тауарларды кәдімгідей тауарлар дейміз.
79, Ал егер СТИ-дің мәні Еі < 0 болса, онда бұл тауарлар – сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.
80,Сұраныстың табыстық икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады.
Еі (D) – 1 және 2 сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті;
-
сұраныс функциясының табыс арқылы
алынатын алғашқы туындысы;
І – тұтынушы табысы;
Q – сұраныс көлемі.
81, Егер табыс пен сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен анықталады:
82, Микроэкономикада тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз.
83, Бұл коэффициент у тауарының бағасы 1%-ке өзгерген кезде х тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегідей формулалармен анықталады:
Мұнда,
- қиылысқан икемділік коэффициенті;
-
сұраныс функциясының Ру
арқылы алынған алғашқы туындысы;
Ру – у тауарының бағасы;
Qх – х тауарына деген сұраныс көлемі.
84, Егер У тауарының бағасы мен Х тауарына деген сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгерсе, онда - былай анықталады:
,
- 1 және 2 кезеңдегі Х
тауарына деген сұраныс көлемі;
,
- 1 және 2 кезеңдегі У
тауарының бағасы;
> 0, яғни оң сан болса, онда қарастырып отырған х және у тауарлары бірін-бірі ауыстыратын тауарлар болады, ал егер < 0, яғни теріс сан болса, онда зерттеп отырған тауарлар бірін-бірі толықтыратын тауарлар болады. = 0, онда х және у тауарлары бірін-біріне қатысы жоқ тауарлар болып табылады.
85, Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған тауардың бағасы болып табылады.
86, Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады.
87, Ер(S) – баға 1 процентке өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсететін шама.
88,Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлеміз:
1) дәл қазіргі кезең;
2) қысқа кезең;
3) ұзақ мерзімді кезең.
89, Ер(S) = 0, ұсыныс өте икемсіз болады
90, 1 > Ер(S) > 0, икемсіз ұсыныс.
91, Ер(S) > 1, ұсыныс икемді
92, Ұсыныс икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады:
1) егер ұсыныс функциясы берілген болса,
-
ұсыныс функциясының Р
арқылы алынған алғашқы туындысы:
Р – қарастырып отырған тауардың бағасы;
Q –осы тауарды ұсыну көлемі.
2) нүктелік икемділік:
3) доғалық икемділік:
92, Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі.
93, Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттері «микроэкономиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
94, Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда, егер А, В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.
95Егер табыс көлемі тұрақты болып, заттардың бағасы өсетін болса, онда тұтынушының сатып алу қабілеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп, оның талғамының басқаша түрде қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан тұтынушылар талғамын зерттеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады.
96, Үшінші кезең тікелей тұтынушылар таңдауын зерттеуге бағытталады. Үшінші кезеңде жоғарыда келтірілген тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін шектейтін жағдайлар ескеріліп, тұтынушы қаражаты жететін және оған ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамы анықталады. Егер тұтынушыға ең көп пайдалылық алып келетін және оның бюджетін қанағаттандыратын тауарлар құрамы анықталатын болса, онда бұл жағдай тұтынушының теңдестік жағдайы деп аталады.
97, Заттың пайдалылығы адамның қажеттілігін қаншалықты қанағаттандыратындығына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына, өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берілген болса, онда оның пайдалылығын сан түрінде анықтау үшін пайдалылық функциясын қолданады. Ол функция Х, У тауарлары үшін былай жазылады:
U = U (x, y).
Бұл функция тұтынушы Х, У тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең жоғары пайдалылығын бейнелейді.
Егер пайдалылық функциясы тұрақты бір санға тең болса, немесе:
U = U (x, y) = C0 – const,
онда жазықтықта бұл функцияның графигі 4.1-суретте бейнеленгендей болады. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әперетін тауарлар құрамының жиынтығын көрсетеді.
98,Талғамсыздық қисығы неғұрлым координаттар өсінен алыс орналасса, солғұрлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда әпереді.
99, алмастырудың шекті нормасы деп аталатын көрсеткіш ендіріп, оны MRSxy белгілейміз. Бұл көрсеткіш былай анықталады:
Бұл жердегі MUx, MUу, - сәйкес түрде Х , У тауарларының шекті пайдалылықтарын көрсетеді.
100, Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.
101, Талғамсыздық қисығының бойындағы алмастырудың шекті нормасын игіліктердің шекті пайдалылығымен байланыстыруға болады.
102, Егер оның бюджетін немесе бар қаражатын І деп, ал Х және Y тауарларының бір өлшемінің бағаларын Рх, Ру деп белгілесек, бюджеттің шектеуле екендігін келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге болады:
Рх · Х + Ру · Y ≤ І.
Бұл теңсіздік жазықтықта жартылай жазықтыққа сәйкес келіп, ол жартылай жазықтықтық шекарасы
Рх · Х + Ру · Ү = І
түзумен анықталады. Бұл бюджет сызығы деп аталып, Х , Y тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатындығын көрсетеді.
103, Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесі 4.5-суретте келтірілген. Соңғы теңдеуді былай деп жазуға болады:
Бұл жердегі (Рх, Ру) – бюджет сызығының бұрыштық коэффициентін бейнелейді.