Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_tarikh_novy_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.4 Кб
Скачать

Қр мемлекеттiк туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме.

Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қр мемл әнұраны.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов.

79-сұрақ.Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ зхандығы. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.

Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.

80-сұрақ.Ш.Уәлиханов. Шоқан Уалиханов – қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, елізушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды.

Шоқан орыстың ХІХ ғасырдағы озат ойшылдары, революционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добралюбовтардың идеяларынан рухани нәр алды. Бірақ Шоқан ол ұстаздарының дәрежесіне көтере алған жоқ.

Шоқан – қазақ халқының шын мәніндегі тұңғыш ғалымы, оның ғылыми жұмысқа құмарлығы және оған икемділігі кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ белгілі бола бастайды. Бұған Г.Н.Потаниннің мына сөздері дәлел бола алады: «14-15 жастағы Шоқанғы Шоқанға кадет корпусының бастықтары болашақ зерттеуші, тіпті ғалым деп қарайтын... Шоқа ол кезде аса көп оқитын. Бұл көп оқуы оның сыншылдық қабілетін өсіді. Оның адамгершілік мәселесі және кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс философия жөніндегі пікірлері бізді таң қалдыратын».

Шоқан өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебитінің нұсқаларына ерекше көңіл бөлді. Ол өзінің жинаған материалдары туралы былай деп жазды: «Этнографиялық очерктер, статистік мәліметтер, тарихи хабарлар, үйсіндер мен қырғыздардың халықтық әдебиетінің ескерткіштерін бірнеше дәптер етіп жаздым».

Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырды. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И. Веселовскийдің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сөзінде академик Н.И. Веселовскйй былай деп жазды: «...Шоқан Уалиханов Шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызде жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті».

Бұл – Ғалым Шоқанға берілген әділ баға еді. Шоқан- тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі билеуші таптың қатарынан шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын көре білді, халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалады. Мұның барлығы Шоқанның демократтығын сипаттай түседі.

Шоқан Орта Азия елдерінің артта қалуына себепкер болған жағдай- монархиялық тәртіп пен ислам діні екенін дұрыс түсінді. Сондықтан да кертартпалыққа қрындырып, дамуға кесел жасап отырған ислам дінін Шоқан қатал сынға алды.

Ол жалпы дін атаулының прогреска бөгет болатынын, ғылым мен мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын, әсіріі ислам дінінің реакциялық сипатын анық айтты. Ол тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санаын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.

«Мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Шоқан былай деп жазды: «Мұсылман изуверлігінің, дін фанатизмі атаулының бәрінің халықтардың әлеумет өмірінің дамуына келтіретін зияны туралы... көп айтып жатуды артық деп санаймыз. Европада да теологияның етек алып кетуі халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны белгілі».

Орыс педагогикасының прогресшіл идеялары да Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылми негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағыттылуын, халықтың жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуді аңсады.

Ол мұсылман мектептері орнына, «ой мен сезімнің өсуіне бөгет жасаудан басқа түк пайдасы жоқ, жансыз схоластика болмайтын мектептер» ашуды талап етті.

Ұлы ағартушы ең алдымен ұлы орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін орыс оқуына бой ұрып, қазақ даласына тарату халықтың орысқа деген достығын күшейтетіндігіні мұның өзі игілікті іс екендігін көргендікпен болжады. Шоқан қазақтарға орыс тілін білудің маңызын баса айтқан адам болды. «Орыс тілін білмеген қазақ,- деп жазды ол өзінің бір мақаласында,- оның заң-законын да білмейді».

81-сұрақ. Қазақстан Республикасы Конституциясы (30.08.1995) мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандық және міндеттері туралы.

КСРО-ның ыдырауын тездеткен 1991 жылдағы тамыз бүлігі осы жылдың қазанына қарай көптеген республиканың өз тәуелсіздігін жариялауда септігін тигізді. 1991 жылы желтоқсанның 16-да ҚР-ның тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заң қабылданды. 1991 ж. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Құжаттын бір бабында ҚР тәуелсіз демократиялық және құқылы мемлекет деп қарастырылған. Ол ішкі және сыртқы саясатын өз бетімен жүргізді. Шекарасы біртұтас бөлінбеді және оған қол сұғуға болмайды. 2-ші тарауында ұлтына, дініне, шыққан тегіне қарамастан адамның міндеттері бірдей. Егеменнің иесі республика азаматтары. Адамдар өздері тұратын елдің заңдарына қайшы келмесе Қазақстан азаматтығын қоса алуға болады. Шет елдерде тұратын азаматтарға елге оралуға қолайлы жағдай туғызды. Аса маңызды міндетіміз, мәдениетіміз, тіліміз, дәстүрлерімізді қайта жаңғырту. 38-ші тарауында өкімет органдары анықталды. ҚР басшысы президент 4-ші тарауында оның тәуелсіз мемлекет статусына татитындығын көрсетті. Жер, су, табиғат, жануар, табиға байлықтар ҚР меншігі болып табылды. ҚР әлем қоғамдастығының тең мүшесі болып саналды.

1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанында ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Ал 1993 ж. 28 қаңтарында 1-ші конституциясы қабылданды. Бірақ ол заң жаңа мемлекеттегі барлық проблемаларды шеше алмады, басқару мәселесі шешілген жоқ болатын. Ал бұның өзі оны президенттің үкіметтің істеріне араласуына әкеліп соқты. Көптеген ескертулер айтылды. Соның нәтижесінде 1995 жылдың 30-шы тамызында ҚР жоғарғы кеңесі жазда конституцияны қабылдады. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде конститутция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылды. Ол 9 бөлімнен 98 баптан тұрады: 1. Жалпы ережелер, 2. Адамзат және азамат, 3. Президент, 4. Парламент, 5. Үкімет, 6. Конституциялық кеңес, 7. Соттар және сот тірлігі, 8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, 9. Қорытынды және өтпелі ережелер. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Конституцияны қабылдау бүкіл халықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Конституцияның ерекшелігі ол бір жағынан екінші жағынан қоғамның негізгі заңы. ҚР конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Конституцияда оның ережелері, нормалары тікелей қолданылады деген нұсқау бар. Мұның мәнісін әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға әсіресе сотқа өтініш білдіре алады. Конституцияны, оның нормаларын пайдалана алады. Конституция Назарбаев басшылығымен әзірленген.

82-сұрақ. Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан, оның сыртқы және ішкі саясаты

11 ғ. Жәнібек баласы Қасым қазқтың басын қосуды өз қолына алды. Ол әскер басы болатын. 1509-1510 жылдары Бұрындық хан болып тұрса да, билік Қасымнығ қолында болды. Осы тұста екеуінің арасында шиеленіскен күрес жүрді. Ол Қасым жеңісімен аяқталды. Бұрындық Самарқанға барып, сонда өлді. 1511 жылы Қасым өкімет билігіне келді. Қасым хан сырдария бойындағы қалаларды басып алу үшін өз қолына мақсат қылды. Ол керуен жолы және мал шаруашылығы үшін қолайлы еді. Мауренахр билеушісі Мұхамед Шаибани қазақ хандығының күшеюіне жол бермеуіне тырысты. Мұхамед Шайбани сауда керуенің тонауға бұйрық берді. Екеуінің арасында қан кескі соғыс болды. Оңт. Қаз-н қалалары үшін соғыс ұзаққа созылды. М.Шайбани 1503,1505,1506 жылдары қазақ жерлеріне тонаушылық жорықтар жасады.. Сырдария бойындағы қалалар қолдан қолға өтіп отырды. 1509 ж. М.Шайбани Жаныш сұлтан басы отаршылдардың Қараталға күтпеген жерде шабуыл жасап, қазақтар жеңіліске ұшырады. 1510 ж. ол Қасымға шабуыл жасады. Баласы Темір, інісі Убайдалақ басқарған әскерлерді Қасымның Ұлытау маңындағы Ордасын басып алуға жіберді. Қасым жіберген Мойынсыз Хасанбек басқарған қазақ қолы Шайбани ұрпақтарының тас-талқаның шығарды. Тірі қалғандар Самарқанға қашты. Түркістан қаласы Қасым қолына көшті. 1510ж. М.Шайбани Иран шахы І Исламмен шайқасты. Мера түбінде өлтірілді. Енді Шайбани ұрпақтарының арасында билікке талас болды. Қасым шабуылға шығып, Сайрамды басып алды. Хандық шекарасы: оңт. Сырдария, Түркістан, оңт. шығ. Жетісу тау баурайында, солт. және солт-шығ. Ұлытау тауы, Балқаш тауы төңірегінде Қарқалы тауына дейін жетті. 1523 ж. Сарайшықта 70 жасында қайтыс болғанда халық саны 1 млн-ға жетті. қасым хан тұсында қазақтар өз алдында дербес мем-т есебінде Батыс Европаға мәлім болды.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - "Қасқа жолды" жа-рыққа шығарады. Бүл заң қазақ арасында бүрыннан қалып-тасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым хан-ның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер:

  1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері)

  2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, үрлык қылмыстарына жаза).

  3. Әскери заң (қосын қүру, аламан міндеті, қара қазан, ердің қүны, түлпар ат).

  4. Елшілік жоралары (майтадмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік)5. Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, түтқауылдардын міндеті.)

83-сұрақ. X1Х-ХХ ғ.ғ. Қазақстандағы мәдениет.19ғ. 2-жарт. орыс ғалымдары Қаз-н жерін зерттей бастады. Көтерілісті орыс ғалымы Семенов Тянь-Шаньский, С.Мушкетов,Радлов өз зерттеулерін ғылымдағы өркендеудегі орыс ғалым-ы қаз-ң тұрмысын,тарихын,мәдениетін,тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Радлов Вильямех,Зернов,Дабрамыслов Украйн ақыны Шевченко Қаз-н жерінде 1868ж. Орынборда Ұйымдасқан еді. Оған патакин Уәлиханов белсене ат салысты. Ол халқымыздың мәденметі мен қоғамдық ой пікірерінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы аса көрнекті демократ зерттеуші. Қаз-н 19ғ. 61-ж-да мектептің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог Этомгроф ғалым қаз-ң жазба әдебиетінің тілінің негізін салушы Алтынсарин айтыскер ақын қыздар Орынбай. Шөже,Біржан,Жамбыл,Майкөт,Әсет,Сара,Айсұлу,Манат,Балқа т.б. қаз. музыкасын дамытуға үлес қосқандар Құрманғазы,Дәулеткерей,Дина,Ықылас,Тәттімбет. Атақты әншілер – Мұхит,Әсет,Біржан сал, Жаяу Мұса есімдері бүкіл қазақ даласына таратылды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаев оның балалары,Ақылбай,Мағауия,оның туысы Көкбай,інісі Шәкәрім. 19ғаяғы 20басы қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көге түскен әкімші-әміршіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы айтылмай келген адамдар олар А.Байтұрсынов (1873-1938). Жұмабаев(1893-1938ж), Ж.Аймауытов(1889-1931ж),

М.Дулатов(1885-1935ж) осы ғалымдардың асыл мұраларымен қазақ халқы кейін танысуға мүмкіндік алды

86-сұрақ. Абай Құнанбаев (1845–1904). Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай тобықты ру­ының старшыны болды. Алғашында ауыл молдасынан сабақ алған Абайды әкесі Семейдегі имам Ахмет-Риза медресесіне оқуға жіберді. АлайдаАбайдың қаладағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қайтадан ауылға шақыртып алып, бірте-бірте дау-шарды тексеріп төрелік айтуға, келешектегі рубасының әкімшілік қызметіне үйрете бастады. Абай шешендік өнерінің түрлі тәсілдерін шебер меңгерді. Сот ісі қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан дағдылы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тартысына еріксіз араласқан Абай даулы мәселелерді шешу барысында жөнсіздікке, әділетсіздікке және қатыгездікке, билеуші топ пайдасын көздеген талап, мүддеге қарсылық білдіріп отырды. 1886 жыл Абайдың өміріне үлкен өзгеріс әкелген жыл болды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жазып, көркем шығармашылыққа толығымен ден қояды. Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзбен жазылған ғибраттар, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абайдың мол әдеби мұрасында аудармалары елеулі орын алады.

Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.

Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.

Абайдың музыкалық мұрасы қазақтың ұлттық өнері тарихында ерекше орын алады. Абайдың әуендік таланты халықтық негізде дамып, ақынның рухани жан-дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген. Абайдың “Көзімнің қарасы”, “Не іздейсің көңілім”, “Айттым сәлем, Қаламқас”, “Татьянаның хаты” және т.б. әндері арқылы халықтық ән шығармашылығына жаңа ырғақ, ана тілді көркемдік-мәнді қолданудың жаңа қағидалары ендірілді. Абай халықтық музыка қорын ырғақтық ән өнерімен байыта отырып, жаңалық із салды.

Абай әндеріне М. Төлебаев, С. Мұхамеджанов, Ғ. Жұбанова, М. Қойшыбаев, Н. Тілендиев, Н. Меңдіғалиев сияқты композиторлар әндер мен романстар жазды.

88-сұрақ. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы (1538–1580 жж.)

Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреген хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан (Қасымның баласы, 1538–1580 жж.) әрекет жасады.

Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру. Аумағы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы.

Хақназар сыртқы саясатын Ноғай Ордасынан бастады. Жайықтың сол жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханының билігіне өтті.

1550–1560 жж. — Моғол ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді басып алу мақсатымен шабуылдады.

Моғолстанға қарсы қазақ-қырғыз соғыс одағы құрылды. Деректерде Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы» деп атайды.

1560 жыл – моғолдар қазақ-қырғыз соғыс одағын жеңді.

Моғолстанға қарсы соғыстағы сәтсіздік және ойраттардың шапқыншылығы салдарынан Хақназардың Жетісудағы иелігі азая берді.

1570 жылдың аяғы – Жетісудың батысы, Шу, талас өңірі оның билігінде болды.

Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды. Орыс елшілері:

1569 жылы Семен Мальцев;

1573 жылы Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы көптеген мәліметтер қалдырды (IV Иван тұсында).

Хақназар хан өзін «патша, әрі ұлы князьбен татумын» деп санады.

Сібір хандығын 1563 жылдан бастап билеген шайбан әулетінен шыққан Көшім хан Қазақ хандығына қарсы дұшпандық әрекетте болды.

1573 жыл – Қазақ хандығына жіберілген Мәскеу елшісі Т. Чебуков Көшімнің бұйрығымен ұсталды.

Осы кездегі саяси жағдайдың ауырлығы Хақназар ханды Мәуереннахрдағы Шайбани әулетінен одақтас іздеуге итермеледі.

II Абдаллах (1538–1598 жж.) пен Хақназар хан арасында бейбіт қатынаста болу туралы шарт жасалды.

Бұл қатынас нәтижесі:

Соғыс қақтығыстары уақытша тоқтатылды;

Орта Азия халқымен сауда қатынасы жақсарды;

Хан өкіметі нығайды.

Сыр бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар хан, 1570 жылдың аяғында Абдаллахтың қарамағынан бөлініп шыққысы келген Баба сұлтан­ның әркетін пайдаланды. Ол қарсыластар арасында шебер жол тауып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап отырды. Нәтижесінде:

Абдаллах хан Түркістан өңіріндегі қалаларды Қазақ хандығына берді.

Баба сұлтан Йасы, Сауранды Хақназарға сыйлады.

1579 ж. II жартысы – қазақ билеушісінің Абдаллах жағында екенін байқаған Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, оның балалары мен Хақназардың екі баласын өлтірді (1579 ж.)

1580 жыл – Баба сұлтанның тыңшысы Хақназарды өлтірді.

Хақназар хан саясатының маңызы:

Хандықтың аумағының кеңеюі.

Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы.

Хан билігінің күшеюі.

Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.

89-сұрақ.Алашорда үкіметі. 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы — 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда өткізілді.

Құрылтайды Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омарұлы, С. Досжанов ұйымдастырды. Төрағасы Б. Құлманов болды.

Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастаған қазақ қоғамы құрылтайға қатысты.

Құрылтайға қазақ сахарасының әр ай¬мақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қа¬зақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақыру¬мен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қо¬йылды:

1. Сібір,

2. Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;

3. Қазақ-қырғыз автономиясы;

4. Милиция туралы;

5. Ұлт кеңесі;

6. Ұлт қазынасы;

7. Мүфтилік мәселесі;

8. Халық соты;

9. Ауылды басқару және

10. азық-түлік мәселесі.

Алғашқы баяндаманы Ә. Бө¬кей¬ханов жасап, ол жөнінде қаулы қа¬былданады. Қаулыда — қазақ ауто¬номиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кі¬сілік комиссия құрылады. Құрыл¬ған комиссия атынан Халел Ғаббасов аутономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жа¬сайды.

Қазанның аяғында Уақытша өкімет түскенін, Ресей мемлекетінде халыққа сенімді және беделді ұкіметтің жоқтығын, әкімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кететіндігі, бассыздық кұшейіп, бұкіл мемлекет бұліншілікке ұшырап, кұннен кұнге халықтың кұйі нашарлауын және бұл бұліншілік біздің қырғыз-қазақтардың басына да келуін мұмкін деп ойлап, бұкіл қазақ-қырғызды билейтін ұкімет керектігін ескеріп, съезд бір ауыздан қаулы қылады:

1) Бөкей елі, Орал, Тор¬ғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сыр¬дария облыстары, Ферғана, Самар¬қан облыстарындағы, Амудария бө¬ліміндегі, Закаспий облысын¬дағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері бір¬ыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болған¬дықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

2) қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш» деп аталсын…

3) Алаш автономиясының жер ұстіндегі тұгі-суы, астындағы кені Алаш мұлкі болсын…

5) Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары тең-геріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бұкіл мекемеде санына қарай орын алады…

6) Алаш облыстарын қазіргі бүлін¬шіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» болсын. Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа ха¬лық¬тарға қалдырды.

Алаш орданың уақытша орны — Семей қаласы.

Алаш орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қо¬лына алады…

Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады.

Алаш орда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Досмұхамедов Халел Халел және Досмұхамедов Жанша Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Ғаббасов, Халел Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі — автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.

Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.

Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды.

90-сұрақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]