Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_tarikh_novy_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.4 Кб
Скачать

551 Жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді.

Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.

Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған.

Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді.

555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

Батыс түрік қағанаты - "Көшпенділер империясы". Алғашқы кезде қағанатты Тардуш қаған басқарған. Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу (610-618ж.) мен Тон (618-630ж.) қағандарының билік құрған мерзімі болды. Шегу қаған Қағанаттың шығысындағы шекарасын Алтайға дейін, ал батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. 630 жылдардан басталып билік үшін талас-тартыс басталды. 634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс қаған билікті өз қолына алады. Ол «он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Іле, Шу өзендерінің аймағындағы он тайпа нушебилер мен дулулар деп аталды. Олар арасында 640 – 657 жылдардағы ұзақ уақытқа созылған тартыс хандықты әлсіретеді. Мұны көріп, біліп отырған Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Ешбар қаған қолға түсіп қаза болып, хандық тәуелсіздігінен айырылады. VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың басында тургеш тайпасының қағаны Ушліктің Тан империясына қарсы соғыстары нәтижелі бола бастайды. 704 жылы Үшлік қытайлармен куресте жеңіске жетеді.20???????????

21-сұрақ.Қазақстандағы ХХғ20-30ж мәдени құрылысы.

1921 ж. шілдеде Орынборда Қаз –н облысының І съезі болды.Онда Ғани Мұратбаев (1902 -1924) Түркістан қаласының Орталық комитетінің Қырғыз бюросының тұңғыш төрағасы болып сайланды. 1922 жылы Қызыл Керуен ұйымы құрылды. Оны Ә. Жангелдин басқарды. 1921 ж. қаңтарда Қазақ АКСР халық комиссарлар кеңесі қазақ – орыс тілдерін қолдау туралы декрет қабылданды. 1929 жылы Қаз АКСР астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. 1924 ж. сәуірде сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды. 1921 -27жж. 200 мыңдай адам оқыды. 1926 -39 ж. салық сауаттылығы 25,2 пайыздан 83,6 пайызға жетті. 1931 жылы көктемде жалпыға бірдей оқу берілді.(жатақхана, степендия, оқулықтар) 20 ж. Байтұрсынов әліпбиі, Аймауытовтың Қазақ тілдері кітабы. 1931 – 32 ж. аштықта балалар саны күрт төмендеді. 1932 ж. балалар үйіне 65 мың бала орналастырды. 1929 ж. Алматыда тұңғыш ауылшаруашылық зоотехникалық – малдәрігерлік оқу орны ашылды. 1937 ж. наурызда Алматы медициналық оқу орны ашылды. 1934 ж. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті ашылды. 1940 ж. онда 15 кафедра жұмыс істеді. 1935 жылы Асфендияровтың «Қазақстан көне заманнан бергі» тарихы басылып шықты. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні»(1925),Қазақ халқының 500 әні мен күйі(1931) жария етілді. 1928 ж. Қызылордада тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды. Алғашқы пьеса «Еңлік – Кебек». 1934 жылы хронологиялық фильмдер студиясы ашылды. 1938 ж. І дыбысты фильм Амангелді түсірілді. 1934 жылы Абай атындағы опера және балет театры ашылды. 1934 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. 1936 ж. Жамбыл атындағы Қаз. мемлекеттік филормониясы ашылды. 1939 ж. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхана ашылды. 20 – 30 ж. экономика саласы сияқты мәдениет саласында да күрделі қайшылықтар болды. Мәдениет бір мезгілде жасалып, жойылып отырды.

22-сұрақ.Оғыздар. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы. Оғыз мемлекеті (9 ғ-дың аяғы 11-ғ-дың басы )Сырдың төменгі және ортаңғы ағысын мекендеген тйпалар қарлұқтармен қақтығып батысқа қарай жылжиды.Батыстағы Қаңғар-печениииерді жеңіп осы жерге Оғыз мемлекетін құрады.Билеушісі жабғу.Терр. оңт Тараз шам қалалары, солт.Сарысу,Торғай ,Ырғыз өзендері,солт-шығ.Орал тауларынан ,батыста –Хазар даласына дейін алып жатыр.11ғ.басында қыпшақтар соққысынан ыдырайды. Олар пұтқп табынған. Ол алғашқы феодалдық мелекет 9ғ. Соңында хазарлармен одақтасып печениттерге соққы берді. Жайық-Еділ өзендерінің аңғарларын мекендеген. Көптеген рулар,бірнеше тайпаларға бөлінген. Қарлұқ қыпшақтармен тығыз қарым-қатынас жасады.10ғ.селжұқ түріктерімен күреседі. Оғыз тайпалары салықтың көптігінен жиі-жиі көтеріліске шығып отырады.Шаруашылықтың негізі-мал өсіру,жер өңдеу, қол өнеркәсібі. Оғыз жабғыларынңы орынбасарлары Құл еркін д.а әскерлерін сюбашы д.а шаруашылығы интенсивті түрде дамыды.Интенсивті мал өсіру болды. Оғыз деректеріне сүйенсек 10-ғ.өкімет басына Әлихан келген кезде алым-салық күшейеді. Көсемдер көтеріліске шығып Жент қаласын басып алды.Бірақ ұзақ тұра алмайды.Сол кезде Әлихан мұрагері Шах Мәлік күшейеді.Күшейгені сондай 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. О.көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соң-біріне ауысып, ұзақ уақыт көшіп жүрді. Тарихи деректемелер оғыздардың арасында отырықшы егіншілер мен қала халықтарының едәуір көп болғандығын көрсетеі. Қалаларағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан тұрғызылды. О. Сырдарияның төменгі ағысында жанкент, жент, Жуара, а орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ т.б қалалары болған. О. Табиғи күштерге табынып, бақсы-

балгерлерге сенген. Сонымен бірге бірте- бірте ислам діні де ене бастайды.

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тай-паларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.

Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстыккөлдің маңы. Қазіргі кезде оның жағасында "9 оғыз" деп аталатын демалыс үйі бар. Батыс түрік және Түргеш қағанаттары қүлап, қарлұқтардың шабуылынан кейін Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен үзақ уақыт соғысуға тура келеді. Кангар - печенегтер мен соғыста оғыздар осы өңірдегі бүрыннан түратын халықтармен одақ қүра-ды. Оның қүрамына Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы түрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңын-дағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бүл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы ай-мақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жұрді.

Истахри жазып қалдырған "Китаб месалик әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлұқ пен Бүлғар және мүсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджаб-пен шектесіп жатқан. Махмүд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.

IXғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иелігі отырықшы Хорезммен, Моуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан.X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ұлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік- шығыс Қарақүм шолі мен Арал аймағының Қызылқүмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлүқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде сақталмаған. X ғасырда Оғыз мемлекетіиің астанасы - Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимак даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нүра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығнақ пен Оңтүстік Оралға баратыи керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік түрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің бас-шысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарла-рын Кел-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мүрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде еткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңын-дағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға «қатын» деген атақ берілген. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. Әскер басылары елдегі саяси оқиғаларға араласып, кейде тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған.

965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақ-тасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсе-келес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды. Хазар қағанатының талқандалуы Оғыз мемлекетінің саяси қуатының өсуіне себебші болды.

985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Бу-лғариясын күйрете жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыс-таудан /оғыздар Ман-кишлак деп атаған үстірттен/ өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік даму жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық қүрылыстың жалғасы ретінде ел билеу ин-ституттары сақталды. Ал жабғудың билігін ірі әскери тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды.

ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпа-лық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл - мемлекетте түрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді. Жабғынын салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан құрылды.

Оғыздар қоғамында феодалдық жекеменшік түрі қалыптасып дамыды, Сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен күлдар бүкарасы тіршілік еткен.

Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілер маусымдық жайылымдар-дың бірінен соң біріне ауысып, ұзақ уақыт кешіп жүрді. Олар өзендердің белгілі еткелдерінен, қолайлы тау асула-рынан өтіп, суы мол, шөбі қалың жайлауларға ауысып отырды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы,қой,ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін үстаған. Көшпелі оғыздар түйе де оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты, терісі қымбат түлкі, сусар, қүндыз сияқты авдарды аулаған. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған.

Тарихи деректемелер оғыздардың арасында отырықшы егіншілер мен қала халыктарының едәуір көп болғандығын көрсетеді. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан түрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі да-мыған елдермен тығыз байланыс жасап түрған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім, ыдыс, садақтың қаптамасы, қорамсақ, ер-түрман әбзелдері, торсық-мес секілді заттар жасалды. Киіз үйге керекті заттар дайындалды. Киім, сондай ақ жабайы жануарлар мен аңдардың терісінен де тігілді. Оғыздарда қүмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді. Шеберлер олардан сән-салтанат және әсемдік бұйымдар дайындады.

Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті қүлдырай бастатады.

23-сұрақ.Кіші Жүздің Ресей империясы құрамына енуі. Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары: 1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. 2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу. 3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау. 4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.

Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын. 1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды.

Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елшілеріне әскери одақ күру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады.

Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында шауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]