Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_tarikh_novy_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.4 Кб
Скачать

1726 Жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды.

Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы-етіп Әбілхайырды сайлайды.

Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.

Бұланты шайқасы. 1726\28 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде 60 мың қазақ-қырғыз қалмақтарға күйрете соққы береді. Бұл жеңіске жеткен жер «Қалмақ қырылған» деп аталады. Маңызы:қазақ халқының рухы көтерілді; қазақ өлкесінің солтүстік-батысы азат етілді;

1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болады. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) қалмақтарға екінші рет күйрете соққы береді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңрақай шайқасы» деген атпен белгілі болады.Маңызы:жоңғарлар Іле өзенін бойлап шегінді; Кіші жүз бен Орта жүздің көп бөлігі азат етілді;

Осы тұста Болат хан (Тәуекелдің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында күрес туады. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке

де наразы болып майдан шебінен әскерін алып кетеді. Сөйтіп қайтадан

феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісіп жоңғарлар қауіп төндіріп отырды.Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі.Қазақ батырлары (18ғ):

Қанжығалы Бөгенбай (1678-1775)-бүкіл қазақ жасақтарының қолбасы,батыр,дипломат. Орта жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан.Оның жасақтары Жайық казактарымен,жоңғарларымен, Цинь импреиясымен шайқасқан.

Қаракерей Қабанбай(1703-1781)-қолбасшы,халық батыры. Түркістанды қорғауда,Алакөл, Бұланты,Аңырақай,Шығанақ шайқастарында найман жасағын басқарған.Абылай оны «Дарабоз» деп атаған. Әйелі шайқастарда бірге болған.

Шақшақұлы Жәнібек-қолбасшы,мемлекет қайраткері,дипломат. Қазақ-орыс қатынастарын нығайтуды белсене жақтады.

Көкіұлы Есет(1667-1749)-қолбасшы,дипломат. Шайқастарда жасақтардың ірі бөлімшесін басқарып,найзагерлігімен ерекшеленген батыр.

Хангелдіұлы Райымбек-ұлы жүздің албан тайпасы,әлжан руынан тарап,он бесінде-ат қүлағында ойнап, он алтысында-орда бұзар атанған. Ойрантөбе шайқасында райымбек бастаған қазақ әскерлеріжоңғарларға күйрете соқы берді Жоңғар шапқыншылығы кезінде қаза тауып,Алматыда жерленген.

Наурызбай Құттымбетұлы(1706-1781)-ұлы жүздегі шапырашты тайпасының асыл руынан тараған батыр. Абылайдың ту ұстаушы үш батырының бірі(Бөгенбай, Қабанбай,Наурызбай). 1729ж қалмақ батырларышмалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген қас батыр.

6-сұрақ.Қ азақ АКСР-нің құрылуы. Қазақ жерлерін біріктіруді аяқтау.

Қазан төңкерісінен кейін алғашқы айларда жарияланған ұлттық өзін-өзі билеу Түркістан автономиясын Қазақстанда құру идеясын қолдамай В.И.Ленин және большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға кірісті. 1919ж. 10шілдеде Ленин Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөнінде рев-лық комитет туралы декретке қол қойды. Құрамы: Астраханьнің қазақтар тұратын бөлігі,Орал, торғай, Ақмола, Семей. Онда қазақ рев-лық комитеті өлкенің ең жоғарғы әскери азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Қаз-да кеңестердің құрылтай съезін әзірлеуді белгіледі. Казревкомның басшысы-Пестковский. 1920 ж. наурызда өзін қазақ елінің үкіметі деп атады.1920ж9наурыз Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды 1920 ж. 20тамызда «Қырғыз Автономиялы КЕңестік социалистік республикасын құру туралы декрет қабылданды. Астанасы-Орынбор (920-24ж) халқы -5млн.1920ж. 4 қазанда Орынбор қаласында Қаз АКСР кеңестерінің құрылтай съезі болды. Съез жоғарғы өкімет органдары революциясының орталық атқару комитеті халық комисарлар кеңесін сайлады. Қаз АКСР орталық атқару комитетінің төрағасы болып Мендешев, Қаз АКСР халық комисары кеңесінің төрағасы болып 1898 ж. КОКП мүшесі В.А.Радус – Зенкович сайланды. «Қаз АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда ҚазАКСР құрылғаныконституциялық жолмен жарияланды. Мемлекеттік басқару орган және мемлекеттік үкімет жер саясаты азаматының негізгі құқығы мен міндеттерін сайлау жүйесі және оның принциптері, соттың ұйымдасуы қызмет жүйесі белгілі декларацияда әрбір ұлттың барлық мемлекеттік мекемелер мен мектептерде ана тілін пайдалануға бірдей құқығы бар. Қазақ халқы актіні өзінің ғасырлар бойғы арманының орындалуы, отаршылдыққа қарсы сан ғасырлық күрестің нәтижесі, ұлттың қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадамы деп қабылданды.

Қазақ халқының ұлттық кеңестік мемкеттігін құруын жүзеге асыруға тиісті шаралар: халықтың бұрыңғы аумақтықы тұтастығын қалпына келтіру; қазақ жерін бір республикаға біріктіру;

1919ж 19қыркүйек Орынбордың қазақ өлкесіне қосылуы турыл шешім қабылд.

1920ж7шілде-Орынбор республика құрамына енгізіліп тұңғыш астанасы болды, 1924-29ж астана-Ақмешіт, 1929-Алматы.Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына қосу туралы шешеім 5рет қаралдып.1921ж ҚАКСР-не берілді.

1921ж Жайық, Ертіс бойынан 10шақырымдық өңір қазақтарға қайтарылды.

1.ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей,Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысы, 5-Адай болыстары, Астрахань біраз бөлігі, Бөкей ОРдасы мен Каспий теңізі.

2.ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Сырдария ,Самарқан облысы, Жетісу облысы.

ҚазАКСР құрамынан халқы негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы бөлініп шықты.

Республика аумағы-2,7млн км.кв. халқы-5млн230мың (қазақ-61,3%)

1925ж 15-19сәуір-Ақмешітте бүкілқазақстандық 5съезде «қазақ-қырғыз» атауы берілді.

1936ж 9ақпан-ҚАКСР Орталық Атқару комитеті қаулысымен «Қазақтар» деген атау берілді.

7-сұрақ.Сақ тайпалары. Қоғамдық-саяси құрылысы.:шаруашылығы, мәдениеті. Қазақ халқының арғы тегi ерте заманда б.ж.с. (бiздiң жыл санауымызға) дейiнгi VII-IV ғасырларда Орта Азияны мекен еткен ежелгi Сақ тайпаларынан шыққан. Ежелгi грек тарихшылары оларды "Азиялық скифтер" деп атаса, парсы тарихшылары оларды "сақ" деп атаған.

Сақтардың көпшiлiгi көшпендi мал шаруашылығымен, бiр бөлегi егiншiлiкпен шұғылданған. Олардың көшiп-қонатын көлiгi екi, төрт, алты дөңгелектi арба, оған екi, үш жұп өгiз, ат немесе түйе жегiлген. Осы арба күймесiнiң сырты

киiзбен қапталған. Бұлар шөптiң сонысы мен судың тұнығын жүзiп, малдарын оттатып, көшiп жүрген. Сақтар көшкенде қатын-бала, үй-жайымен күймелi арбада, қонғанда киiз үйлерде отырған. Олардың қыстауларында кесектен (сабан араласқан балшық кiрпiштен) там үйлер болған. Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр, түйе өсiрген, егiншiлiкпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен.

Ежелгi грек авторларының деректемелерiнде сақтардың бiрсыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: массагет, Яксарт, дай немесе дахи, фарат, көмар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи, аргиппей, савромат(аорстар), тиграхауда, хаумаварга, т.б. Массагет, Яксарт тайпалары: Көк теңiздiң (Арал теңiзi) оңтүстiк және шығыс солтүстiк өңiрiне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан (ерте заманда Сырдария "Яксарт" деп аталған). Дай немесе Дахи тайпасы: Сырдарияның төменгi жағын, Көктеңiздiң қолтығын мекендеген. Аби тайпасы қаратау бойын, Сырдарияның алқабын қоныстанған. Фарат тайпасы Талас Алатауын және қаратаудың солтүстiк, шығыс-солтүстiк бөлiгiн мекендеген. Көмар тайпасы Келес, Шыршық, Ангрен өзендерiнiң бойында және Тянь-Шань тауларының батыс сiлемдерiнде болған. Асқатағ тайпасы: Шу Өзенi мен Талас өзендерiнiң аралығында, қырғыз Алатауының орта етегiнде тұрған. Исседон немесе асси тайпасы Iле өзенi мен Шу өзендерiнiң бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейiн созылған алқапты мекендеген. Аримасып тайпасы Исседондардың солтүстiк және шығыс солтүстiк жағында, Алтайдың батыстағы сiлемiне дейiнгi жерлерде тұрған. Сармат тайпасы Каспий теңiзiнiң терiстiгiнде, шығыста Жем өзенiне дейiнгi, солтүстiк Жайық Өзенiнiң басына дейiнгi жерлерде тұрған. Каспий тайпасы Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауын мекендеген.

Ежелгi сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениеттi елдермен – Ассириямен, Мидиямен, Парсымен қарым-қатынаста болған. Мәдениеттi, жауынгер ел едi.

Б.ж.с. дейiнгi VI ғасырда сақ-массагеттердiң Томирис деген әйел патшасы болған. Ол парсы патшасы Кирдiң (529-558) шапқыншы әскерлерiн талқандап, өзiн өлтiрген. Б.ж.с. дейiнгi 521-486 жылдарда өмiр сүрген парсы патшасы Дари I сақтарға шабуыл жасаған. Бұл шабуылдарды сақтар талқандап керi қайтарған. Б.ж.с. дейiнгi IV-ғасырдың 30-жылдарында Македониялық Александр (Ескендiр Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлерi парсы патшасы Дари III Кодомонның әскерлерiн талқандап, Орта Азияға басып кiрiп, Мараканданы (Самарқанды) жаулап алып, Сырдария өңiрiне қарай қаптайды. Сақтар осы соғыста Александрды атып өлтiрiп, оның әскерлерiн талқандап жеңедi.

1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегi Есiк өзенiнiң сол жақ жағалауындағы Есiк обасынан ежелгi заманғы сақ жауынгерiнiң зиратынан "Алтын адам" табылған. Сондай-ақ "Есiк жазуы" деп аталатын күмiс зере табылған.

Қазақстан территориясын б.ж.с. дейiнгi VI-IV ғасырларда мекендеген сақ тайпаларының солтүстiк тобы түркi тiлдес болған да, оңтүстiк тобы иран тiлiнде болған.

Осы сақ тайпалары дами келе б.ж.с. дейiнгi IV-III- ғасырларда ұлы жүздер, үйсiндер, қаңлылар, аландарға ауысқан. қытай деректерi бойынша һұндар (Ғұн), ұлы жүздер, үйсiндер б.ж.с. дейiнгi III-ғасырда қытай елiнiң қазiргi Гансу өлкесiндегi Дұнхуан мен Чилан (Шүлен) тауы аралығындағы Хыши аңғарын мекендеген. Ұлы жүздер мен үйсiндердiң шығысында һұндар отырған көшпелi ел болған. Алғашында һұндар ұлы жүздерге тәуелдi ел болған, кейiн һұндар Монте хан тұсында күшейiп алдымен ұлы жүздердi батысқа ығыстырды. Б.ж.с. дейiнгi 209 жылы өз қонысынан айырылған ұлы жүздер батыстағы Iле алқабындағы сақ тайпаларымен соғысып, оларды жеңдi. Сақ патшасы оңтүстiкке қашып кеттi. Сақ тайпаларының бiрсыпырасы көшiп кеттi де, орнында қалғандары ұлы жүздерге қосылып кеттi. Һұндар кейiннен үйсiндердiң жерiн тартып алып, олардыда батысқа ығыстырды. Батысқа қоныс аударған үйсiндер Iле алқабымен Ыстықкөл алқабындағы ұлы жүздердi батысқа ығыстырып, қонысын тартып алды. Ұлы жүздiң орынында қалған тайпалары үйсiндерге қосылып кеттi. Ал батысқа ығысқан ұлы жүз тайпалары Амудария бойына барып қоныстанып, кейiн олар ұлы жүз және кiшi жүз болып екiге бөлiндi.

Осы мезгiлде сақ тайпалары мекендеген өңiрде үш iрi тайпалық одақ үйсiндердiң, қаңлылардың және аландардың тайпалық одақтары жарыққа шықты. Бұл өңiрдегi қалған сақ тайпалары осы одақтарға қатынасып, олардың атымен аталатын болды.

Шаруашылығы:Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан.

Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.

Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.

Түйе шаруашылығы да кең дамыды.

Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен

қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Мәдениеті: Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрліжануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

8-сұрақ.Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығы.»Жеті жарғы»

1680жылы Қазақстан жеріндегі хандықтың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717жж) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың ел силаған билерге сүйене отырып, халықтың елдің бірлінің туын жоғары ұстады.Тәуке ханның саясатының басты бағыттары:1)хандық кеңес пен билік кеңестің рөлін арттырды; Орта Азиямен сауданы дамытты; Бұхар хандығымен бейбіт қатынасты болды; қырғыз бен қарақлпақтардың бір бөлігін қосып алды; орыс-қазақ қатыгастарын нығайтты;

Тәуке хан 1687-1688жж Бұхара ханы Сұбхан-Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген тіпті, қаланы алуға әрекеттенген Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркестан оның астанасы болды.17ғасырдың 90жылдарында янғи Тәуке ханның тұсында жоңғар феодалдарының қазақтардың жеріне қысымы босаңсыды. Өйткені бұл кезде қазақ, қырғыз,оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Дегенмен жоңғарлар тонаушылық шапқыншылығы тоқтамай жалғасып тұрды. Олардың1860жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылы кезінде Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың шабуылынан аман қалды. Өйткені мұнда әскерлерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлар салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың тіршілігін күйзелті, маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бұқара халықтың шаруашылығына үлкен зардап тигізді.

Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тиып,үш жүздің үшеуі неде тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мыңдай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жаулар мен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. 1715ж-үш жүзді билеген тәуке хан қайтыс болып,жоңғар шыпқыншылығы күшейе түсті. Мирасқоры Қайып елдің басын қоса алмады.

Тәуке хан өкіметінің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында “Жеті жарғы’’ деген атау мен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағыын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауға шектеу үшін аян бай күресті. Осы мақсатта ол қазақ мемлекетінің саяси құқық жүйесін белгілеп,халықты бірлікке ынтымаққа шақырды. Тәуке хан өз төңірегіндегі Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек биді, Кіші жүзден Әйеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізілді. Бұл оның халыққа кең тараған “Жеті жарғысымен’’байланысты еді. Ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл заңдарда сондай-ақ феодалдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілген.

“Жеті жарғы” көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны.

-қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе оған ердің құнын төлеу (ер адамға- 1000 қой, әйелге -500);

-ұрлық қарақшылық,зорлық зомбылықа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады.

-денеге зақым келтірілсе,оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ- 100 қой,шынашақ -20 қой);

- егер әйел ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

- төре мен қожаның құны қарашадан 7есе артық төленеді;

- егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;

- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

- өзіне- өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді;

-егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп,одан өлі бала туса; бес айлық бала үшін- бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға- әр айына 1түйеден (анықтама үшін 100түйе- 300атқа немесе 1000қойға тең);

-әйел зорлау кісі өлтіру мен бірдей қылмыс болып есептеледі Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс,егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;

-егер ері әйелінің көзіне шөп салу кезінде ұсталса,өлтіруге қақылы,бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс,әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4сенімді адам теріске шығарса, әйел күмәнсіз деп табылып, жазадан босатылады;

-Біреудің әйелін күйеуінің келісімісіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді,егер әйелдің келісімі мен әкетсе,күйеуіне қалың төлеп,қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы қажет,сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

- қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бүйырады;

- құдайға тіл тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) тас пен атып өлтіріледі;

- кәпір болған адам мал- мүлкінен айырылады;

- құл өмірі құнсыз,ол қожайынның билігінде;

- ата- анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;

- Ұрлық жасаған адамүш тоғызы мен қайтарылуға тиіс;

- ерінің ұрлығын біле тұра әйел мен баласы жазаға тартылмайды,өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналды;

-өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;

-дан қайтқан мал төлемімен қайтарылуы тиіс;

- дауды шешу билер мен ақсақалдар ға жүктеледі; - куәлікке екі немесе үш адам жүреді;

- билерге билік айтқан үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;

- егер айыпкер айыбын төлемесе,оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;

- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;

- егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал мүлкі әкесіне тиесілі.

Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген. Халық жиналысына бірде бір қазақтың қару- жарақсыз келуіне болмайтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай- ақ қару ұстап жүре алатын кезкелген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал мүлкінің 20дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болған

Тәуке ханның “Жеті жарғысының” әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай- ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, құн дауы, туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.

9-сұрақ.Қазақстанда ЖЭС-ті іске асыру. Жер-су реф-ры.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС-ті) іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шарулардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзе­уге мүмкіндік алды.

Империалистік, азаматтық соғыс Қазақстан халқының шаруашылығына ауыр шығын әкелді. Мемлекеттің307нің 250 кәсіпорны ғана жұмыс істеді

Мұнайдың өндірілуі 4 есеге, Қарағанды көмірінің өндірілуі 5 есеге қысқартылды. Шаруашылық өнімінің 6,3%-ы ғана өнеркәсіптің үлесінде болды. 29,9 млн. малдан 16,3 млн. мал ғана қалды.

1921 жылы наурызда коммунистік партияның X съезі азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу жөнінде қаулы шығарды.

ЖЭС-тің мәні:1.Саясатта бір партиялық-тоталитарлық режим;

2.Экономикада әкімшілік-нарықтық шаруашылық.

1921 жылы маусымда Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің қиындықтары мен табыстары.

Ең алдымен салық мөлшері жеңілдеді. Мысалы, 1927–1928 жылдары өнімнің 1/13-і салық ретінде алынды, салықтың ауыртпалығы байлардың мойнына түсті. Салықтан жиналған қаражат ағарту, мәдениет, өнеркәсіп салаларына т. б. жұмсалды. Мемлекет халыққа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға көмектесті. Мысалы, 1924–1925 жылдары 415 трактор сатып алынды. Қазақстанның егістік көлемі 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті. 1928 жылы мал саны 41 млн. болды. ЖЭС нәтижесінде республикада 650 ауыл шаруашылық артелі мен 103 коммуна жұмыс істеді.

Өнеркәсіп саласында да біраз өзгерістер болды. Рспубликада аса ірі «Атбасцветмет», «Эмбанефть», «Алтайполиметалл» трестері құрылды. Олардың құрамына республиканың ірі өнеркәсіп орындары кірді. Өнеркәсіпті қалпына елтіру кезеңінде республикада 1928 жылы біріктіру қажеттілігі туды.

Жаңа экономикалық саясат аз уақыттың ішінде үлкен табыстарға жеткізді.Бұл саясат 1929 жылға дейін қолданылды. Ал кейіннен Сталин ауыл шаруашылығын бір ғана колхоздық меншікке айналдырды.Жаңа экономикалық саясат кезінде қазақ еңбекшілерін мемлекеттік шаруашылық құрылысқа тартуда 1921 ж. Ораз Жандосовтың басшылығында құрылған

«Қосшы» одағы үлкен роль атқарды. «Қосшы» кедейлерге жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімін, мәдени дәрежесін көтеру жөнінде көп жұмыс жүргізді.

Жер – су реформасы. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.

Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).

Оның міндеттері : 1) Еңбек артельдерін құру. 2) Кедейлерге жер беру.

3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:

1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

10-сұрақ.Қаз-дағы тас ғасыры,кезеңдері.

Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.

Тас дәуірінің кезеңдері: 1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)А. Ерте палеолит

Ә. Орта палеолит Б. Кейінгі палеолит 2. Мезолит (орта тас ғасыры)

3. Неолит (жаңа тас ғасыры)

Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.

Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды.

Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:

Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);

Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);

Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.

Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.

Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған.

Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.

Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.

Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.

Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді.

Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.

Орта палеолит. (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар).

Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.

Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның

нәтежесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан суы басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады.

Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсті..

Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды.

Адамдар және олардың тіршілігі. Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген. Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер. Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды. Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан таблыған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.

Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады.

Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды.

Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.

Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.

Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.

Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды.

Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас

жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

11-сұрақ. 16-17ғ Қазақстан мәдениеті. XVI-ХVІІ ғ.ғ. қазақ мәдениеті.

XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

15-17ғ Алтын ОРда мен ақ ордада көне қыпшақ тілі ресми,әдеби тіл ретінде болды.

15ғ-қазақ тілі дербес тілге айналды

16-17ғ-қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады.

16-17ғ-қазақ тарихы жайында шығармалар жазылды: “Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген. Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған. “Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі. XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады.Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.“Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадрғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзада- лардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.

Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шығармасы 16ғ ортасында жарық көрген. Жошы хан әулетінің тарихы баяндалып, Тоқтамыс дәуіріне келіп біткен. Қолжазбасы Ташкентте сақталған.

16ғ 40-жылдароы Масуд ибн Усман Кухистанидің «Тарих-и-Әбілхайр хани» еңбегі жазылды.

Шах Мұхаммед Шорастың «Тарих» шығармасында Қасым Хақназар, Тәуекел, Есім, жәңгір хандар туралы жазылған.

12-сұрақ.Қаңлы мемл.Саяси тарихы,шаруашылығы.

5 Қаңлы мемлекеті: саяси тарихы жєне шаруашылығы.

Б.э.д. 3-2 м.ж. өмір сүрген. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлер деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхаратада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жазба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру тайпалық деңгейде өмір сүргендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады.Ғылыми пікірлер және Қытай жазба дерек. Қаңлыларды сақ тайп-ң жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.Терр. Сырдария мен Қаратау жотасы. Астанасы Битьян. Ақтөбеде қаңлы қоныстары табылған. Европоидтық нәсілде болған. Шаруашылығы көшпелі мал, отырықшы жер өңдеу. Қабырғалы бекіністер, лайдан үйлер салынған. Археологтардың жұмыстары арқылы сарай құрылғаны, әртүрлі әшекейлер, керамикалық бұйымдар табылған. Олар ірі әрі күшті мемлекет еді. Қаңлылардың этникалық құрамы өте күрделі еді. Олардың қай тілде сөйлегендері жайлы нақты дәлел жоқ. Литвинский қаңлылар иран тілді сақтардың ұрпағы деп ескерген. Самарқан обл. Қорған төбе қалашығында тасқа салынған суреттер табылды. Ол суретте атты мен жаяу әскер айқасы. Екіншісінде атпен аң аулау бейнеленген. Археологиялық ескерткіштер Шардарға таяу Сырдарияның оң жағалауында қоныстанған Ақтөбе мекені. Оңда Орда сарайы табылды. Қазба жұмыстарында ас әзірлеуге арналған ыдыс-аяқтар, су таситын ыдыстар, кеселер, құмырылар табылған. Оны күнделікті тұрмысқа

пайдалана білген. Олар орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Зергерлік бұйымдар мен әшекейлер алтын мен қоладан жасаған. Шаруашылықтың ең маңыздысы мал шаруашылығы болған. Үй жануарлары: жылқы, қой, ешкі, сиыр. Балық аулаған. Алма, алмұрт, өрік теріп жеген. Қаңлы мем-ң қалалары мен қоныстарында мыс теңгелер соғылып, сауда айналымына түсіп отырған. Теңгелер шығарылған негізгі аймақ- Ташкент(Шаш) алқабы.

Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба

деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді. Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды. Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті. Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған. Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Ал-тынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тай-паларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның ор-талық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған. Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәу-елді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағ-дай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күше-юіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының қүрамына жо-ғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды. Ол жөнінде мүндағы Хань наместнигі императорға бергенесебінде: қаңлылар үйсіндермен салыстырғанда өркөкірек, батыл және Қытай елшілерінің алдында бас имейді. Олар қабылдау кезінде Қытай елшілігі өкілдерін, үйсіндерден төмен отырғызады деп хабарлаған.Ферғана-Қытай соғысы кезінде тек қаңлылардың ара-ласуы ғана ферғаналықтарды қирап жеңілуден күтқарып қалған. Б.з.б. 47-46 жылдары қаңлылардың билеушісі солтүстік ғүндардың шаньюйы Чжи-Чжиді қолдаған. Бүл кезде ол Қытай императоры сарайымен қатынасын үзіп, байырғы ғүн иеліктерінен айырылған болатын. Б.з. I ғасырының орта шенінде қаңлылардың шығыс шекара-сына Қытай мемлекетінің қолдауымен үйсіндер шабуыл жасады.

14-сұрақ. 17-18ғ. қазақ орыс қатынастары.

17ғ. бір орталық болып қалыптасқан ресейдің шығысында шекарасы қазақстан жеріне жақындады. Қазақ хандығы ресеймен сауда байланысын жасады. Ресейдің орта азияға баратын сауда жолы қазақстан арқылы өтті. Иван көтерілісінде қазақстан салығынсыз сауда жасауға рұқсат берді. 1 Петр ресей үшін қазақстан шығыспен сауда үшін кілт қақпа болды деп көрсетті. Қазақ орыс қатынастары деректемелер бойынша 15ғ.90 ж басы. Қазақ хандары орта азия билеушісін жоңғар феодалдарын төнген қауіпті ескертіп орыс мем.н экологиялық саяси депломатиялық байланыс жасауға ресей қазақ хандарын өзінің өзінің жауы сібір ханы көшімге қарсы күресте одақтас еткісі келді. Қаз.тан одақ жасау үшін 1578 ж Чебуков басшылығымен орыс елшісі келді. Орыс мем.н мен қазақ ханд.ң арасындағы байланыс Тәуекел хан кезінде болды. 1894 ж ресейге қазақ елшісі барды. Ол ресейден бұқар қарсы соғысу үшін зеңбірек алуға тырысты. Орыс патшасы Ф иванович Тәуекелге зеңбірек беруге және жаулардан құтқаруға уәде берді. Келіссөзге 1595ж 2 айға Степанов Тәуекел кепілгі бір ұлын берді. Орыс көпесшісі Павлодарға келіп тұз өндірістерін алып келіп жүрді. Орыстар қазақ жері арқылы Сібірге барды Батыс қаз.да орыс қоныстары п.б Атырау бек.і салынды. 1616 Есия бекінісі салынды. Ол жол Жоң.н құтқар.у үшін. 1619 ж патша үкіметі жоңғ.ға шек қойды.

15-сұрақ.Индустрияландыру кезіндегі Қазақстан. Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.

1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды. Соған қарамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархаттық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты.

1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында "әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.

Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар. Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, "партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді. Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.

Үшінші бағыттағылар қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, "түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді. Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен "өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, "өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, "қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, "қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т.б. деп санады. Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты. 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.

16-сұрақ. Үйсіндер мемлекеті Үйсіндер ең ежелгі қазақ руларының бірі болып табылады , олардың тарихы уақыт жөнінен ұзақ және оқиғаларға өте бай . Тұңғыш рет үйсіндер аты Мөде қағанның (б.д.дейінгі 176 ж.) қытай императорына жазған хатында еске алынады. "Хань әулетінің кітабында", ғұндарға қатысты бөлімінде былай делінеді: "Біз оң қанат уәзіріне тапсырма бердік, оны батыс юечжилерді жаулап алуға аттандырдық. Тәңір біздің жағымызда болды, қолбасшы шебер, әскер батыл, атты әскер ұшқыр болды, юечжилерді ол жойды ... Лоуландарды, үйсіндерді, юечжилерді, ал солармен бірге 26 көрші халықтарды ол хуштарға толық бағындырды. Осылайша садақ тартатын халықтар (көшпенділер) біріктірілген еді. Жапон ғалымы К.Ширатари: "үйсіндер Лоулан халықтарымен бірге аталғандықтан, үйсіндер Лобнор (қазір ол жерде қытай атом полигоны бар) жерінде өмір сүрген болып шығады",-деп жазады.

Жапонияның басқа бір ғалымы Х.Маңуда: "Юечжилер-гансу жерлерінде, лауландар-Шығыс Түркстанда, үйсіндер Тянь-Шанның cолтүстік-шығысында өмір сүреді. Б.д.дейінгі 177-176 жылдары ғұндардың қарамағына енді. Құдыретті Мөде Тянь-Шанның шығыс жағын өзіне бағындырды ... Ал оның ұлы Лаушань Іле өзені алқабын өзіне қосып алды",-дейді.

Сол "Хань әулетінің кітабында" Жан Шаньнің өмірбаянында үйсіндер туралы: "ұлы юечжилер шапқыншылық жасады, Нанди биді өлтірді, оның жерін тартып алды. Оның халқы ғұндарға қашып барды",-деп жазылған.

үйсіндер ғұндардың қол астында болғандықтан, Нанди бидің мұрагері Елжау би ержетіп, қолбасшы атанады және бірнеше жорықтарға бастап шығып, ұзақ уақыт оларға мінсіз қызмет етеді.

"Жылнамалар кітабында", Ферғана туралы бөлімінде ежелгі қытай ғалымдары былайша жазады: "Дәл осы уақытта үйсіндер жетекшісі еркек жасына келіп, ер жетеді. Ол әкесі үшін юечжилерден кек қайтармақ болып шешеді де, Тәңірдің қолдауымен Батысқа жорыққа аттанды. Олардан жасқанған юечжилер Тоқарыстанға шегінді, үйсіндер басшысы өз төңірегіне өз халқын жинап, юечжилердің қармағында болған және Ыстықкөл төңірегіндегі халықтарды өзіне бағындырды және өмір сүруге сонда қалды" - алыстағы уақыттар туралы осылайша баяндалды. Дәл сол сәтте Жетісу үйсіндерінің ұзақ та күрделі тарихы басталады. Ертедегі қытай тарихшылары үйсіндер туралы "Уйсун гуо", яғни "үйсіндер мемлекеті" деп жазады. Анық әрі түсінікті. "Хань әулетінің кітабындағы" 66 бөлімінде мынандай деректер бар: "ұлы қағанның астанасы Қызыл қорған деп аталады, қала, 120 мың түтін бар, жандарының саны - 630 мың, әскері 188 мың 800 ..., олардың жері кең көсілген және құнарлы, тауларында қарағай мен шырша қалың өседі ... әдет-ғұрыптары мен тұрмыстағы қылықтары ғұндардікіне өте ұқсайды. Бұл халықта жылқы көп, байларында 4-6 мыңнан ат бар. Халқы жауынгер, батыл, батырлары көп. Сатқындарды өте қатаң жазалайды. Ең күшті мемлекет. Бұрын ғұндардың ықпалында болды. Күшейіп алғаннан кейін оларға бағынудан босады, бостандық алды. Шығысында ғұндармен, солтүстік-батысында қаңлы тайпаларымен, батысында Ферғанамен шектеседі".

Қазақ халқы құрылғанда үйсін тайпалары ұлы жүзде басты әрі елеулісі болған, оларға бізге белгілі Албан, Суан, Дулат, Шапырашты, Сарыүйсін, Ошақты және Ысты рулары жатады.

үйсіндердің арқасында алыстағы, әлі біздің дәуірлерге дейінгі ғасырлардан қазақ мемлекеттерінің жыл санауын әбден жүргізуге болады. Ерте дүниенің аса ірі мемлекеттері мен халықтары: Қытай, Тибет, ғұндар, ферғаналықтар, қаңлылар үйсіндермен қатынас жасады, олармен санасты, елшіліктер алмасты, сауда жүргізді. үйсіндер мемлекеті Еуразияның ең ежелгі мемлекеттерінің бірі саналады.

Түрік халықтарында қасиетті көк бөрі туралы аңыздар, ертегілер, жырлар, шежірелік дастандар өте көп, біздің заманымызға жеткен сол аңыз-ертегілердің ең ежелгілері үйсіндерге тиісті. Кейбір аңыздар Нанди бидің ұлы Елжаубиге қатысты. Мұны растау үшін тарихи жәдігерлер мен құжаттарға жүгінейік.

Ертедегі қытай саяхатшысы Жан Чиян (б.д.дейінгі 139-126 жылдар) "Батысқа саяхат" деген өзінің жазбаларында былай деп жазады: "Мен ғұндар арасында болғанымда, мен мыналарды естідім: үйсіндер ханы-Кунмо (Күнби) (оның аты Елжауби, ал оның әкесі Нанди би деп аталады), олардың мемлекеті Чилян мен Дунхуан арасында орналасты, ұлы юечжилермен көршілес отырды, сонда олар басқарушылар болды. ұлы юечжилер оларға шабуыл жасады, Нанди биді өлтірді, олардың жерін тартып алды. Бас сауғалаған халық қашты және ғұндардан барып пана тапты". ("Хан әулетінің кітабы").

Ол кездерде юечжилер Ганьсуда өмір сүрді (Тибет пен Моңғолияның арасы), ал үйсіндер қатар, тәңір тауларының (Тянь-Шань) солтүстік жағында, ғұндар елінен батысырақ тұрды және олар, үйсіндер, көлемі мен саны жөнінен шағын мемлекет болды.

үйсіндер туралы әңгімеден кейін қытай жылнамасы қасқыр туралы әдемі аңыздың мазмұнын баяндайды . Юечжилер шабуылы кезінде Нанди би өлтіріліп, ал оның сәби баласы Елжау шөптің арсына тірідей тасталады. "Хань әулетінің кітабында", 61, бұл туралы былайша баяндалады:" Осы кезде жаңа ғана дүниеге келген баланы (Күн биді - болашақ Елжауды) әкесінің туысқаны Бөже оңқа (ағасы) қалың шөптің арасына апарып, тығып қояды. Балаға тамақ іздеген Бөже оңқа қайтып оралса , сәбиді сұр қасқырдың өз емшегін емізіп жатқанын көреді, ал олардың үстінде тұмсығына бір кесек еті бар әлдебір құс ұшып жүреді. Және құс баланың басынан айналып ұшады. Мұны көрген оңқа баланы "Құдыретті сәби" деп

атады, содан кейін оны қолтығына қысып, ғұндардың басшысына апарып береді. Ғұн көсемі баланы тәрбиелеп, өсіреді". Одан әрі жылнамада мына төмендегідей баяндалады: "Уақыты жетіп, Күнби ер жетеді, ересек тартады. Ол ғұндардың Қасиетті императорынан рұқсат сұрап, әкесінің кегін қайтару үшін, юечжилермен соғысуға батысқа қарай аттанады. Ол юечжилерге шабуыл жасап, оларды талқандайды. Бұдан кейін юечжилер бұдан да батысқа, Бақтрияға қашады.үйсіндер көсемі болған Күнби оларды төңірегіне жинап, Ыстықкөл көлінің төңірегіндегі юечжилердің жеріне иелік етеді және сонда мемлекет құрады. Ол өз әскерін көбейтеді және оны әрқашан жауынгерлік даярлықта ұстайды".

үйсіндер күшейген сәтінен бай халыққа айналады . Олар ғұндарға бағынуды қояды. үйсіндер арасында Сах халқының адамдары өте көп болып шығады, олар юечжилермен бірге батысқа кетпей қалған, бұған дейін олар юечжилерге бағынған және солармен бірге тұрған. Бәлкім, содан бері үйсіндер туралы әңгіме бола қалса қазақ шежірелерінде "ұлы жүз - үйсін" деп айтылады. Ал көкжал қасқыр оларды сүтімен асыраған анасы, құтқарушысы саналады. үйсіндер де өз кезегінде оны қасиетті санайды, анамыз деп ардақтайды. үйсіндерде қасқырды жырлаған әндер мен жырлар көп. Мысалы, үйсіннен шыққан атақты ақындардың бірі Сүйінбай Аронұлы шапырашты руынан, ол "Бөрілі менің байрағым" деген толғауында көкжал бөріні жырлайды.

Шапырашты руының туында ерте кездерден бері қасқырды бейнелеу қабылданған, қасқыр басының мұндай бейнесін найза ұшының түбіне салған . Сәби Елжауды өз сүтімен қасқыр құтқарған сол кезден бері біздерге жеткен дәстүр бұл. Ерте түріктік "Оғыз қаған" поэмасында сұр қасқыр Оғыз қағанның алдында жүгіріп отырады және оған, оның әскеріне жол көрсетеді. Көк түріктер найзаларының ұшы мен жалауларын алтындаған қасқырдың басымен бейнелеген, ұйғыр қағанаттары кезінде сол қасқыр басы тулар мен жалауларды әшекейлейді. Бұл дәстүр ХХ ғасырға дейін жетті және түрік халықтарында, әсіресе Шапырашты руында ол кең белгілі.

17-сұрақ.15-18ғ қазақ хандығының мемелкеттік әлеуметтік құрылымы. 15-18ғғ. Қазақ хандығының мем-тік құрылысы жеті сатыдан құралды, ауыл-қазақ хандығының ең бірінші қоғамдық ұйымы. Ол туыстас, қандас адамдардан н/е бірнеше отбасынан құралған. Ауылды басқаратын адам ауылбасы д.а. Ол білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие ауқатты адам болған. Ата аймақ-жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдардан құрылды. Ата аймақты басқаратын адам-ақсақал д.а. Ол жоғарғы мәртебеге ие орта жастағы адам болуы керек. Ру-негізінен 10-15 аймақтан құралған. Басшысы-рубасы д.а. Ол көпті көрген мол тәжірибелі өте білікті білгір адам болды. Арыс-бірнеше рудан құрылды. Оны басқарған адам-би д.а. Бүкіл қауым бидің шешімін орындауға міндетті. Ұлыс-бірнеше арыстан құрылды. Билеушісі-сұлтан. Олар хандар, ақсүйектен құралған. Жүз-бірнеше ұлыстан құралған. Билеушісі-хан д.а. Ол тек қана хандар әулетінен шыққан болуы керек. Хандық-үш жүзден тұрады. Оның әміршісі-қаған(хандардың ханы). Ұлы хандар: Керей-Жәнібек(1456-80ж), Мұрындық(1480-1511ж.), Қасым(1511-1518ж), Мамаш(1518-1523ж.), Тақыр(1523-1533ж), Бұйдаш(1533-1534ж), Қожамахмұд(1534-1535ж), Тоғын(1535-1537ж.), Хақназар(1537-1580ж.), Шығай(1580-82ж.), Тәуекел(1582-98ж.), Есім(1598-1613ж.), Тұрсын(1613-27ж.), Есім(1627-1718ж.), Жәңгір(, Тәуке(, Батыр(1718-26ж.), Болат(1726-30ж.), Әбілмәмбет(1730-71ж.), Абылай(1771-1781ж.).

18-сұрақ.Қаз-дағы күштеп ұжымдастыру саясаты.салдары.

Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:

1.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру. 2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру.

3.ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% - ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.

Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты. Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды. Индустрияландыру бағыты азық – түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді. 1928 жылғы қаңтар – ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928ж1 қазан – 1929ж1 желт арас – 277шаруа атылды.

1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:

1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды.

2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.

3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.

Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.

Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.

Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:

1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.

2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.

3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.

4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.

Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды. 1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.

Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды:

1. 1930 жылы – 313 мың адам;

2. 1931 жылы – 755 мың адам;

3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды.

4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.

1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды. Онда көтерілген мәселелер:

1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.

2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.

3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.

4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.

1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы.

Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді.

Ақтөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.

19-сұрақ.Түрік және батыс Түрік қағанаты. Түрік қағанаты – 551-603 жылдарЭтникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.

1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші.

Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы – түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз.

Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді.

Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген.

Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]