Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia po alf.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
463.36 Кб
Скачать

Марксизмдегі тұлға – ол

Маркстың әлеуметтанулық көзқарастары.К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін. К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі. К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.

Мәдени – тарихи типтер тұжырымдамаларындағы қоғамның дамуы туралы Мәдени өрлеу мәселесін шешу мәдениеттің табиғатын түсінуге, оны ұғыну сипатына, мәдениеттің тарихи дамуының бай материалын түсінуге байланысты болады. Мәдениеттануда мәдениеттің аз жетілген түрінен толық жетілген түріне даму бағыты ретінде өрлеу (прогресс) проблемасына екі негізгі тәсіл бар. Бірінші тәсіл оның құндылықтарын байыту, адам өмірінің барлық формаларының дамуы ретінде мәдениеттің даму кезеңдерінің ауысуына сүйенеді. Осы тәсіл шеңберінде мәдениеттің көптеген формалары мен типтері олардың бар айырмашылықтарына қарамастан адамзаттың рухани және материалдық-өндірістік дамуының біртұтас линиясын құрайды және мәдениеттің өрлеуін оның табиғатының біртұтастығы және мәдени алуан түрлердің бірлігі ретінде қарастырады. Екінші тәсіл мәдени өрлеудің болуын біртұтас мәдениеттің үдемелі дамуы ретінде күмән келтіреді, ол оны әр түрлі типтерін жергілікті, автономды, өзінің өмірлік циклі ретіндегі, бір-біріне сай емес мәдени жүйелердің инварианттары ретіндегі түсініктен шығады. Бұл оларды салыстыру мүмкіндігін тарылтады, ол өрлеуді “өз мәдениеті” шеңберінде түсінуді, оның даму циклділігін түсінуді шектейді. Мәдениеттің өрлеуі туралы мәселе – бұл қоғамның үдемелі тарихи дамуындағы мәдениеттің элементтері мен құндылықтарының сабақтастығы, жеке елдерде, халықтар мен қоғамдастықтарда адамның дамуының әр түрлі тарихи кезеңдері мен дәуірлерінің өзара қатынастары туралы мәселе. Қазіргі мәдениеттану теориялары линиялық эволюция идеяларына сын және “жергілікті өркениеттер” тұжырымдамасын құру ретінде қарастырылады. Бұл тұжырымдаманы әр түрлі ғалымдар дамытты және әр елде дамыды: Шпенглер Германияда, Тойнби Англияда, Данилевский мен Сорокин Ресейде. Белгілі “Европаның құлдырауы” (“Закат Европы ”) жұмысының авторы Освальд Шпенглерге мәдени-тарихи ұласу идеясы жатады: әрбір мәдени организм өмірге келген соң, табиғи ұласудан өтеді, яғни гүлденеді және кедейленіп, құлдырайды, өркениет түрінде өзінің соңына жетеді. Европада үлкен биіктікке жеткен өркениет өзінің өмірлік қарқынын жоғалтып, Европаның құлдырағандығы туралы куәландырады. Шпенглер тең құнды қол жеткізген табыстары бойынша мәдениеттердің көптігі туралы ілімін дамыту кезінде мәдени антропологияны сипаттай отырып, кең этнографиялық материалға сүйенді. Шпенглердің ойынша мұндай мәдениеттердің саны сегіз: египет, үнді, вавилон, қытай, антика, византиялық-араб, батыс европалық және оңтүстік америкалық майя. Европоцентристік негіз болатын, тарихи даму жолындағы барлық халықтар үшін универсалды тарихи даму туралы түсінікке Арнольд Тойнби қатты соққы берді. Ол үлкен факт жүзіндегі материалды ұғыну негізінде тарихи процестің мәнін түсінуге тырысады және адамзаттың әлеуметтік- ұйымдасу формаларының алуандығы туралы қорытындыға келеді. Тарихи процесс көбінесе географиялық жағдайлармен анықталады, бұл әрбір өркениеттің қайталанбас бейнесін жасайды (“аймақтық өркениеттердің”). Бірақ кез-келген өркениет тарихи дамудың барлық фазаларынан өте алмайды (“пайда болу”, “өсу”, “күйреу”, “құлдырау”, “ыдырау”), кейбірі гүлденуге жетпей, күйрейді, кейбірі өз дамуында бір фазада ұзақ уақытқа тоқтап қалады. Н.Я. Данилевский үшін мәдениеттердің тарихи алуандығы проблемасы және оның ішкі құрамының айырмашылығы шын бастапқы жағдай ретінде болады. Оның ойынша, тарих бар, этникалық қауымдардың, оңаша, жергілікті “мәдени-тарихи” типтердің (“өркениеттердің”) тарихи тұрмысы табиғатпен және бір-бірімен әрқашан күресте болады. П. Сорокин ХХ ғасырдағы ең ірі әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылардың бірі болып саналады. Ол әлеуметтік стратификация (қоғамның әлеуметтік жіктелуі) және әлеуметтік мобильділік (қоғамның жаңаруы) теориясын жасаушылардың бірі. Тарихи процесс дербес тұтастық және оның типін анықтайтын бірнеше басты алғышарттар бар. Сорокин мәдениеттердің үш типін айқындап көрсетеді: 1) сезімдік (шындықты сезіммен қабылдау басым болады); 2) идеационалды (ұтымды ойлау басым болады); 3) идеалистік (интуитивті таным басым болады); Қазіргі мәдениет түсінігі бойынша И. Хейзингтің ойын теориясы маңызды болып саналады. Ол ойынды мәдениет негізі және көзі деп санайды. Оның ойынша, ойын мәдениеттен үлкен, өйткені ойынның негізгі белгілері жануарлар әлемінде бар. Сонымен қатар ойын биологиялық шеңберден шығып кеткен, адамның ұтымды қызметінің формаларында кездеседі: өнерде, философияда, құқықта және т.б. Соңында К. Юнгтің мәдениет архетиптері теориясына тоқталғымыз келеді. Мәдениет архетиптері адам психикасында орын алған, оның терең қабаттары – ұжымдық санасыздықта. Архетиптер сыртқы әлемде көріне отырып, мәдениеттің өзіндік түрін анықтайды. Нақты мәдениетті қалыптастырудың әрекетті тәсілі ретінде сакрализация туралы Юнг идеясы маңызды болып саналады: мәдениеттің қандай да бір типінің құндылығы мен мақсаты ұжымдықта көрініс табады, оған санасыздықтан ауысады, сынға жатпайтын құндылықтар ретінде қабылданады.

Мәдениет әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.«Мәдениет» деген ұғым латын тіліндегі «Cultura» сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналарды білдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды.Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгеріп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байланысты.Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.1. Материалдық – бұл өндірістегі құрал-саймандар,техника, құрылымдар, т.б2. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет,т.б.Мәдениет – адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының, еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәрбиесінің негізінде жинақталған және қоғамның ілгері дамуына әсер ететін, адамдардың жоғары адамгершілік қасиеттерінің, ғылымның, білімнің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б мұраттардың жиынтығы. К.Маркс айтқандай, мәдениет адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегңн, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етііп,күнделікті өмірде қолдануды білдірмек. Мәдениетті жалпы әлеуметтанудыңарнаулы териясы – мәдениет әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқаратын қызметінің заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени қызметін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың, мекемелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін,т.с.с зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім,ғылым,этикалық жәнк көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелерінің (театр, кино, мұражай, кітапханалар) дамуын болжап, жоспарлайды. Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі – мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады.Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген әс-қызметтің (жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды.Мысалы,жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркемөнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.

Мәдени-тарихи типтер тұжырымдамасын әзірледі………………Мәдениеттің өрлеуі туралы мәселе – бұл қоғамның үдемелі тарихи дамуындағы мәдениеттің элементтері мен құндылықтарының сабақтастығы, жеке елдерде, халықтар мен қоғамдастықтарда адамның дамуының әр түрлі тарихи кезеңдері мен дәуірлерінің өзара қатынастары туралы мәселе. Қазіргі мәдениеттану теориялары линиялық эволюция идеяларына сын және “жергілікті өркениеттер” тұжырымдамасын құру ретінде қарастырылады. Бұл тұжырымдаманы әр түрлі ғалымдар дамытты және әр елде дамыды: Шпенглер Германияда, Тойнби Англияда, Данилевский мен Сорокин Ресейде. Белгілі “Европаның құлдырауы” (“Закат Европы ”) жұмысының авторы Освальд Шпенглерге мәдени-тарихи ұласу идеясы жатады: әрбір мәдени организм өмірге келген соң, табиғи ұласудан өтеді, яғни гүлденеді және кедейленіп, құлдырайды, өркениет түрінде өзінің соңына жетеді. Н.Я. Данилевский үшін мәдениеттердің тарихи алуандығы проблемасы және оның ішкі құрамының айырмашылығы шын бастапқы жағдай ретінде болады. Оның ойынша, тарих бар, этникалық қауымдардың, оңаша, жергілікті “мәдени-тарихи” типтердің (“өркениеттердің”) тарихи тұрмысы табиғатпен және бір-бірімен әрқашан күресте болады. П. Сорокин ХХ ғасырдағы ең ірі әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылардың бірі болып саналады. Ол әлеуметтік стратификация (қоғамның әлеуметтік жіктелуі) және әлеуметтік мобильділік (қоғамның жаңаруы) теориясын жасаушылардың бірі. Тарихи процесс дербес тұтастық және оның типін анықтайтын бірнеше басты алғышарттар бар. Сорокин мәдениеттердің үш типін айқындап көрсетеді: 1) сезімдік (шындықты сезіммен қабылдау басым болады); 2) идеационалды (ұтымды ойлау басым болады); 3) идеалистік (интуитивті таным басым болады); Қазіргі мәдениет түсінігі бойынша И. Хейзингтің ойын теориясы маңызды болып саналады. Ол ойынды мәдениет негізі және көзі деп санайды. Оның ойынша, ойын мәдениеттен үлкен, өйткені ойынның негізгі белгілері жануарлар әлемінде бар. Сонымен қатар ойын биологиялық шеңберден шығып кеткен, адамның ұтымды қызметінің формаларында кездеседі: өнерде, философияда, құқықта және т.б.

Мәртебе - лат.status - істің жай-күйі, жағдайы азаматтың, заңи тұлғаның, мемлекеттік органнын халықаралық ұйымның құқықтық жағдайын сипаттайтын құқықтары мен міңдеттерінің жиынтығы. Индивидумның немесе топтың бірқатар белгілер (экономикалық, кәсіптік, этникалык, т.б. белгілер) бойынша айқындалатын әлеуметтік ара қатынас жағдайы әлеуметтік мәртебе деп аталады.[1]

Мәртебелік диапазон – ол (лат-статус-істің жай-күйі, жағдайы)адамзаттың, заңды тұлғанын, мемлекеттік органның құқықтық жағдайын сипаттайтын құқықтар мен міндеттердің жиынтығы

Мәртебелік идентификация – ол субьектінің әлеуметтік мәртебеге қосылуының тәсілі.

Мәртебелік символика – ол Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет. Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3,4,6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар: жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап. Жоғары тапқа ірі меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды. Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары. Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады. Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар - жоғары орта тап:- орта таптың орташасы:- төменгі орта тап. Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар. Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір мүреді.

Мәртебелік топтама – ол

Моральдік санциялар- қоғамның этикалық құндылықтарын қолдауға бағытталған ықпал ету шаралары.

ННН

Негізгі және өтпелі мәртебе-бір адам көптеген мәртебеге ие болады, осылайша көптеген топтар мен ұйымдарға қатысады. Ол - еркек, әке, ұл, бауыр, оқытушы, профессор, партия мүшесі және т.с.с. Бір адам иеленген барлық мәртебелер жиынтығы мәртебелік жиым деп аталады. Бір адамда әлеуметтік мәртебе және жеке басының мәртебесі болатынын ажырата білген жөн. Жеке басының мәртебесі - адамның өз айналасында ие болған позициясы, оған туысқандарының, әріптестерінің, достарының берген бағасы. Бірдей мәртебеге ие болған адамдар әр түрлі әлеуметтік мәртебелерге де ие болуы мүмкін және керісінше. Мынадай айырмашылығын көрсетуге болар еді: жеке басының мәртебесі -адамның шағын (әдетте бастауыш) топтардағы жағдайы, ал әлеуметтік мәртебесі - үлкен әлеуметтік қауымдастықтағы позициясы. Әлеуметтік мәртебенің сипатты белгісі оның жеке адамға қатысты болмайтындығы, ал жеке басының мәртебесі адамның жеке қасиетін білдіреді.

Номиналды шкала – ол өлшелетiн облыс элементтердiң арасындағы тек қана баламалықтың қатынас көрсететiн метрлiк шкала.

ООО

О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді. Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды. Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады. Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды. О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер. О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикадеген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді.О. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.

Обьект- бізді қоршап тұрған обьективті нақтылы өмір. Ол қоғам, адамдар, алуан түрлі бірлестіктер, адамның іс-әректі, т.б. Бұлар зерттелетін обьект болғаннан кейін субьектідіен тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Процесс н/е көкей кесті мәселенің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын логикалық тұрғыдан жан жақты талдау негізінде адамдардың н/е ұйымның бірігіп еңбек етуін, рухани іс-әрекетінің түрлерін терең танып білуді әлеуметтанудың пәні деп атайды.

Отбасы әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып саналады

Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Өйткені, отбасының құрылымы, тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты. Отбасылар да басқа әлеуметтік институттар тәрізді қоғамда белгілі бір функцияларды атқарады. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Отбасының функциясы дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік салдары бар оның қызметі. Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбекке ынталылығына да байланысты. Өзге әлеуметтік институттардың міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасының қызметтері ерекшелікті және ерекшеліксіз қызметтер деп ажыратылады. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне мыналар жатады: халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу; балаларды асырап сақтау (экзистенциалды); балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру). Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде өзгеріске түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.

Өндіріс – материалды игіліктерді құрастыру процесі. Өнімді өндіруде Аталып кеткендей, өндіріс – табиғаттың нәрселерін тікелей тұтыну Бізге игіліктерді өндіруде қандай факторлар қатысады деген сұраққа Факторларды ерекшелеп, оларды бөлек топтарға бөлуде түрлі Маркстік теория фактор ретінде еңбек күшін, еңбек Жеке фактор ретінде әрқашан еңбек күші, яғни адамның Заттық факторға өндірістің барлық тәсілдерінің жиынтығы жатқызылады. Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйесін Өндірісті ұйымдастыру өндірістің барлық факторларының бірігуін және оларды Маржиналистік теория дәстүрлі түрде өндіріс факторларын төрт тобын Жер қарапайым фактор ретінде қарастырылады. Ол адамның іс-әрекеті Капитал өндіріс факторы тауар мен қызмет көрсетуде Еңбек материалды игіліктер мен қызмет түрлерін көрсетуге арналған Кәспкерлік іс-әрекет – өндірістің ерекше факторы. Ол өндірісті Кәсіпкерлік мүмкіндік – адамдық капиталдың аса ерекше түрі, Сонда өндіріс факторларының классификациясының жолдарының айырмашылығы неде? Біріншіден, марксизм бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория Екіншіден, маржиналистер капитал ретінде еңбектің нәрселері мен тәсілдерін Жалпы алғанда, факторлардың классификациясындағы ерекшеліктердің негізін қоғамдық өндірісті Көрсетілген өндіріс факторларының классификациясы тұрып қалған емес. Постиндустриялды Олардың екеуі де қазіргі таңдағы ғылым жетістіктерімен (өзі Ақпарат білімдердің, жүеге материализацияланған механнизмдер мен машиналар, құрылғылар, Қазіргі таңдағы өндірісте ерекше мәнге өндірістік экологиялық факторы Факторлары зерттеуде мынадай қорытындыға келдік: өндіріс тек өндірістік Факторлардың бірін-бір ауыстыра алатын қасите де бар екендігін Өзара алмасу өнімнің түрлі тұтынушылық қасиеттеріне байлаынсты. Нәтижесінде Осылай кәсіпкерлік өндірістің түрлі комбинацияларын өндіріс шығындарын азайту

ӨӨӨ

Өндіріс тәсілі бойынша қоғамның классификациясы

Өткізілу рәсімі бойынша интервью мыналарға бөлінеді: Бір ғана респонденттен бір ғана мәселе бойынша белгілі-бір уақыт аралығында панельдік көп сатылы интервью алу. Мақсат – проблеманың даму динамикасын зерттеу;Топтық;Бағытталмаған.Интервьюдің өзіне тән ерекшеліктері:- Респонденттің психологиялық реакциясын бақылауға мүмкіндік береді;- Интервьюердің респондентпен жеке қарым-қатынасы сұрақтаманың барынша іске асуын қамтамасыз етеді;- Жеке қарым-қатынас сауалнамаға барынша байсалдырақ қарауды қамтамасыз етеді.Алайда мынадай қиындықтар кездеседі: Әрбір респондентпен психологиялық байланысты іздестіру;Едәуір материалдық және уақыт шығындары;Интервьюерлерді дайындаудың еңбек сыйымдылығы;Анонимділік проблемасын шешу.Әлеуметтік зерттеудің нақты әдістерін айдалану зерттеудің жағдайына, орны мен уақытына, мақсаты мен міндетіне, сондай-ақ оның түріне байланысты болады.

ППП

П. Сорокин, К. Маркс, Р. Дарендорф тұжырымдамаларындағы әлеуметтік конфликт табиғаты.

П. Сорокин, К. Маркс, Р. Дарендорф тұжырымдамаларындағы әлеуметтік конфликт табиғаты.

Парсонс Талкотт (1902-1979) - белгілі американ әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. "Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдар.Парсонс құрылымдық структурализм деген атқа ие болған жалпы соіиологиялық теорияның негізін салушы. Бұл теорияның іргетасы – «әлеуметтік әрекет» тқжырымдамасы болды. Қоғамдық өмір – адамдар (индивидтер) қарым-қатынасының шексіз көптігі мен шырмауы, ал қоғам – адамдардың дәлелді бірлескен әрекет және ол белгілі бір ортада әрекет ететін индивидтерден тұрады. Парсонстың пікірінше, кез келген әлеуметтік құбылысты адам мінез-құлығын (жеке әлеуметтік әрекетін) зерттеу арқ. түсіндіруге болады. Парсонста әлеуметтік әрекеттің субъектісі моральдік индивид болып саналады.Әлеуметтік әрекеттің белгілі бір құрылымы бар: әрекет етуші тұлға, мақсат, ситуация(жағдай); нормативті бағдар, әрекет затының (басқа тұлғаның) реакциясы.Осының бәрі индивид неге осылай әрекет еткеніне түсінік беруі тиіс. Ең алдымен, адамның мінез-құлығы адамға қоғамның таңып беретін (міндеттейтін) мәртебелік – ролдік мінез-құлығының мазмұнымен байланысты. Осылайша адам әлеуметтік сахнада «актерге» (әрекет етуші тұлға) айналады.Адам «актер» ғана емес, шынайы әлеуметтік әрекеттің «архитекторы» да. Өз таңдауын, өз мақсатын ол сол қоғамның мәдениеті (қоғам құндылықтары жүйесі)(қоғамда өмір сүріп, одан еркін болуға – болмайды!) және өз тұлғасының мәдениеті негізінде жасайды. Егер ролден күтілетін нәтиже анық және ол дұрыс орындалатын болса, қоғам тепе-теңдікте болады. Сондықтан әлеуметтік әрекеттердің табыстылығы, яғни күтілетін міндеттердің дұрыс орындалуы әрекетке сай құралдар мен әдістерді дұрыс таңдай бөлуге байл (позитивті көз жеткізу, негативті мәжбүрлеу, эгоистік компромисс).Бірақ қоғам өз мүшелерінің ілеуметтік ролді орындауға мәжбүр ету, ролдік ауытқулар болған жағдайда оны түзетіп отыруы керек.Парсонстың жалпы социологиялық теориясында құрылымдық талдау мәселесі маңызды орын алады. Бұл жерде ол әлеуметтік жүйені (құрылымды) қызмет ету тұрғысынан ғана емес, даму тұрғысынан да қарауды ұсынады. Бұл үшін ол тең дәрежелі және интеграция идеяларына, «тәртіп», «әрекет», «құрылым», «талап» түсініктеріне назар аударады (ғалым оны «айнымалылар» деп атайды, бұл эмпирикалық социология темині, ұғымы).Парсонс төрт негізгі қызмет ететін мәселені көрсетеді.1.Тиімді ұйымдастыру және материалдық, адами, мәдени ресурстарды бөлу мәселесі. Бұл функционалды талаптар бейімделу мәселесі ретінде белгілі: өмір сүру үшін жүйе ішкі жағдайларға да, сондай-ақ сыртқы өзгерістерге де бейімделуі керек.2.Бұл функцияға экономика сәйкес келеді: қоғам мүшелері өмір сүре алатындай белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті материалдық өнімдерді жеткізеді және бөледі.3.Көрсетілген жүйе салаларына бейімделу процестерін реттейтін зауыттар, банктер, дүкендер және т.б сияқты әлеуметтік институттар сәйкес келеді.4.Соңында қатынастар шеңберінде орындалатын норма-ролдер, кәсіпкер-жұмысшы, тұтынушы және т.б.Негізгі мақсаттарды анықтау және оған жетуге қолдау көрсету процесі мәселесі. Бұл функцияға саясат және саяси ұйымдар – партиялар, қозғалыстар және т.б сәйкес келеді. Олар мақсат қояды және функционерлер арқ. қоғам мүшелерін осы мақсатқа жұмыс істеуге ынталандырып саяси әрекеттермен айналысады.Интеграция мәселесі – тұрақтылықты, бірлік, ынтымақтастықты сақтау. Бұл функцияны жалпы нормалар мен құндылықтарды, белгілер жиынтығы мен жалпы мәдениетті құру және оған қолдау көрсету жолымен әлеуметтік бақылау институттары жасайды. Адамдардың мінез-құлқына қоғамның әдейі әсер етуі арнайы ұйымдар – мемлекеттік аппарат пен заңды институционалды құралдар арқ. жүзеге асырылады, олар теңдіктің бұзылуы мен жүйені қайта өндіруді талаптану және мәжбүрлеу формалары арқ. табысты жүргізуге мүмкіндік береді.Мінез құлық үлгісіне қолдау көрсету, қайраткерлердің өздерінен талап етілетін әлеуметтік ролдерін орындау кезіндегі дәлелдемелері мен жеке тұлғалар дәлелдемелері жүйесіндегі жасырын шиеленістерді жою (латент мәселесі) мәселелері. Берілген тәртіпті сақтау үшін әлеуметтік жүйе адамдардың өз дербестігін алуына және сонымен бірге берілген қоғамдағы норма-ролдерді игеруіне, бұл нормаға бағыну қажеттілігін дамыту үшін әлеуметтендіру процесі мен механизмін жасауы керек.Парсонстың «бәрін қамтитын» және «әмбебап» теориясы адамдардың өзара байланысы әлемін түсіндіріп бере алмады және «жалпыға ортақ жарылқаушы қоғамға» жол көрсете алмады. Айналада, барлық жерде аймақтық соғыстар, экологиялық апаттар, көпшілік мәдениетіне қысымшылық көрсету сияқты катаклизмалар өршіді. Парсонс теориясына шағымдар жасала бастады:ол көрсеткен функциялар бойынша бәрін түсіндіру мүмкін емес, әлеуметтік әрекеттердің (мінез-құлықтың) барлық түрін «әлеуметтік жүйелер» логикалық құрылымына жатқызуға болмады. Ғылыми мінез-құлыққа жатқызуға болмайтын кейбір әрекет түрлері де бар. Ғылымның жұмысында кейбір қажетті процедуралардан басқа интуиция мен қиял қолданылады. Бұл шығармашылық жұмыс «Х факторы» (белгісіздік) бар қоғамның өзі сияқты оқиғаның барысын күні бұрын болжай алмайды. Сондықтан күрделі әлеуметтік әрекеттерді басқаруды қатал бағдарлама негізінде жүргізуге болмайды.

Постиндустриалды қоғамның белгілері (Д. Белл бойынша) 1. постиндустриалды қоғамды табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу орнына ақпараттарды өндіру мен өңдеумен ж/е қызмет көрсету салаларының дамуымен алмасады. 2. ақпараттық технология қоғамдық өмірдің маңызды салаларын қамтиды: өенркісіптік, саяси, мәдени.3. тезнологиялық базистың алмасуы әлеуметтік байланыстың барлық жүйесін ұйымдастыруға әсерін тигізеді.4. кәсіби маманданған топтың арақатынасы, еңбекпен қамтылу қүрылымы өзгереді.5. заманауи қоғамдағы әлеуметтік позициялық құрылымы ә-к мәртебемен анықталады.

РРР

Ранглық шкала –

рангтық топтар – басшы мен бағынушы арасындағы қатынастар (негізінде тік өзара байланыс).

Рөлдік идентификация – ол өзгенің орнына өзін қойып,оның ішкі дүниесін түсіну,өзгені тану тәсілі,өзін өзгеге ұқсату.

Рөлдік конфликт – ол

Рөлдік күту – ол нақтылы бір рөлден қандай да бір мәселеге байланысты бірдеңе күту,тосу,үміт ету.

Рөлдік күтулер - тиісті әлеуметтік рөлдердің орындалуына қойынатын бейресми талаптардың жиынтығы ретінде көрініс табатын топтар мен Ұйымдардағы адамдардың жүріс-тұрысын реттеу механизмінің ерекше бөлігі.     Рөлдік  тосу, күту, үміт ету (ожидание) – бұл  ойын ережесіне сәйкес нақтылы рөлден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рөлдік тәртіп дегеніміз, адамның өзінің рөлі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күнделікті өмірде адам бір рөлді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді.

Рөлдік орындау – ол Әлеуметтік орта адамдарды өз рөлдерін дұрыс орындауға қалайша мәжбүр етеді? Бұған санкциялар механизмі қызмет етеді. Белгілі бір мәртебеге ие болған адам өзін біз күткеннен бөлек ұстайтын болса, әрине, біз қандай да бір жолмен өзіміздің қанағаттанбайтынымызды, ашу-ызамызды білдіреміз; ал егер де керісінше адамдар өз рөлдерін өз деңгейінде атқарса, онда біз оларға өзіміздің құптайтынымызды, ынталандыратыны­мызды білдіреміз. Сол арқылы социум адамдарды жалпы қоғам үшін ең болмағанда әлеуметтік жағынан жақын ортаға қолайлы арнаға бағыттайды.Әлеуметтік рөлдерді қоғамдағы сан алуан түріне қарай қандай да бір тиімді зерделеу олардың кем дегенде жалпы жіктелуін талап етеді. Мұндай әрекетті Т.Парсонс жасап көрген. Ол негізгі бес өлшемді бөліп көрсеткен, олардың көмегімен кез келген рөлді сипаттауға болады.1. Эмоциональдік деңгейі. Барынша әділ мінез-құлық күтілетін рөлдер болады, Мысалы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлдері. Сонымен қатар, егер де әйелі өзін-өзі эмоциональді сабырлы ұстаса, онда күйеуі оған онша дұрыс қарай қоймауы мүмкін.2. Алу тәсілі. Рөл дегеніміз белгілі бір мәртебе иесінен күтілетін мінез-құлық екенін ескере отырып, біз мәртебе сипатының рөлдің сипатына да ықпалын тигізетіндігін күтуге құқылымыз. Іс жүзінде кейбір рөлдердің бейнелері олардың мәртебелеріне қосып жазылған сипатымен негізделеді; басқа рөлдер ие болатын мәртебесімен қоса алынады (әрине, қандай да бір рөлдерді дұрыс атқару үшін оларды иеленушілердің “оқып-жаттығуына” тура келеді).3. Көлем. Рөлдердің кейбіреулері өзара қарым-қатынастың белгілі бір қырларымен едәуір қатаң шектелген. Мысалы, егер де жоғары оқу орынының оқытушысы емтиханда студент білімінің деңгейін бағалауда студенттің өткен материалды қалай меңгергеніне қызығушылық танытып қана қоймай, оның діндарлық дәрежесін немесе саяси сенімін назарға алатын болса, онда бұл оның рөл шеңберінен шыққандығын, демек оны дұрыс орындамайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, мысалы, әке рөлі мен бала рөлі арасындағы арақатынас шеңбері неғұрлым кең, өйткені әкесін бала өмірінің әр алуан жақтары алаңдатуға тиіс.4. Ресмилендіру деңгейі. Көптеген рөлдердің атқарылуы ресмиленген, яғни оның өзіндік сипаты бар. Іс жүзінде формальді ұйымдардың көпшілігінде - әсіресе бюрократиялық, әскери және жартылай әскери ұйымдарда рөлдердің барлығы осындай. Бұл жерде мінез-құлық ережелері нақты шектелген, ал импровизация диапозоны онша үлкен емес (ұйымдар теориясы көрсеткеніндей толық алынып тасталмаған). Басқа бір шеті - әкенің немесе достың рөлі сияқты әлсіз шектелген рөлдер, мұнда жеке басқа тән сәттерді енгізетін диапазон ауқымы неғұрлым кең.5. Уәждеу. Түрлі рөлдерді атқару әр түрлі уәждермен негізделген. Біз бизнесменнен өзінің ақшасын, уақыты мен қажыр-қайратын өз қауымдастығының гүлденуі немесе өзі жалдаған қызметкерлерінің баюы үшін жұмсауын күте қоймасымыз анық; оның негізгі мақсаты - барынша көп пайда табу (алдымен - одан да көп пайда табу үшін қаражатын іске жұмсау және т.с.с.). Саясаткер жеке билігінің ауқымын ұлғайтуды басшылыққа алады. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері болса клиенттерінің әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді. Бұл уәждердің барлығы, әрине, кей жерде өз бағыттылығы бойынша ішінара үйлесім тауып жатса, кей жерде бір-біріне қайшы келіп, күрделі әлеуметтік қарым-қатынастармен астарласып жатады. Рөлдерді жіктеудің барлық белгілерінің ішінде уәждеу белгісі тікелей есепке алу мен талдауға оңай көне қоймайды.Әрбір адам көптеген әр түрлі жағдайларда бірнеше рөлдер атқаратын болғандықтан рөлдер арасында қақтығыс пайда болуы мүмкін.Жалпы алғанда рөлдік қақтығыстардың екі түрін бөліп қарауға болады: рөлдер арасындағы және бір рөлдің шегіндегі. Қақтығыстар екі және одан да көп рөлдер көбіне тұлғаның бір-біріне сәйкес келмейтін, қақтығысатын міндеттерін қамтиды. Мысалы, жұмыс істейтін әйел өзінің негізгі жұмысының талаптарын оның үй шаруасындағы міндеттерін орындаумен қақтығысқа келеді деп есептейді. Мұндай қақтығыс рөлдер арасындағы қақтығысқа жатады.Ішкі шиеленістер мен қақтығыстардан, мүдделер қақтығысы дейтіннен таза болатын рөлдер көп емес, Мысалы индивид жағдайдың әсерімен оның мүддесіне не болмаса оның ішкі ұстанымдарына жауап бермейтін рөлді атқарған кезді алайық. Егер де қақтығыс насырға шапса, онда ол рөлдік міндеттерді орындаудан бас тартуға, сол рөлден шығуға, ішкі жан күйзелісіне әкеп соғуы мүмкін.Рөлдік шиеленістің төмендеуіне көмектесетін әрекеттердің бірнеше түрін бөліп қарауға болады. Рөлдерді оңтайландыру - тұлғаның қандай да бір жағдайды қиын қабылдауына қарсы оған әлеуметтік жағынан және жеке басына дұрыс болатын ұғымның көмегімен қорғанатын тәсілдердің бірі. Оңтайландыру рөлдік қақтығыс шындығын көңіл қалағанымен қол жетпейтін рөлдің жағымсыз жақтарын санадан тыс іздеу арқылы жасырады.Рөлдерді бөлу рөлдік шиеленісті рөлдердің бірін өмірден уақытша алып тастау және оны жеке адамның санасынан ажырату, бірақ сол рөлге тән рөлдік талаптар жүйесіне жауап ретінде әрекет етуін сақтап қалу жолымен төмендетеді. Рөлдерді реттеу - формальді рәсім, оның көмегімен индивид қандай да бір рөлді орындау салдары үшін жеке жауапкершіліктен босатылады. Бұл ұйым мен қоғамдық ассоциациялардың теріс қабылданатын немесе әлеуметтік жағынан мақұлданбайтын рөлдер үшін жауапкершіліктің басым бөлігін өз мойындарына алатынын білдіреді. Тәжірибеде бұл индивидтің белгілі бір жолмен әрекет етуіне ұйымның ықпалы болғанына сілтеме жасағаны сияқты көрінеді [17].Адам өзінің мәртебесіне және тиісті рөлдеріне өзін әр түрлі деңгейде теңестіреді. Рөлімен ең көп үйлесуін рөлдік сәйкестендіру, ал орташа немесе ең аз үйлесуін - рөлден алшақтау деп атайды. Қоғам қандай да бір мәртебені қаншалықты жоғары бағаласа, сәйкестену дәрежесі де соншалықты күшті болады.

ССС

Сауалнама жүргізу әлеуметтанулық ақпаратты жинаудың негізі ретінде- Сауалнама - әлеуметтік деректерді сұрақ-жауап әдісімен жинауды ілдіреді, мұнда ақпарат көзіне адамдардың ауызекі хабарлары жатады.Қазіргі кезде бұл әдіс бастапқы ақпаратты жинаудың барынша кең тараған әдісі. Осы әдісті қолдану өнері нені сұрауды, қалай сұрауды, сұрақты қалайша қоюды және алынған жауапқа сенуге болатынына қалайша көз жеткізуге білуден тұрады. Бұл әдіс ғылымда ең кең тараған және барынша жиі қолданылатын әдістеме болып саналады. Оның мұндай дәрежеге көтерілуі әмбебаптығымен түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемдегі ақпарат ала алады, сонымен қатар, олардың өткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама әсіресе, индивидтердің субъективті жай-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдарды – анкетерлер, сұрақтарға жауап қайтарушыларды – респонденттер деп атайды. Алынған ақпараттың сипатына және оны алу тәсіліне қарай сауалнама бірнеше түрге бөлінеді. Сауалнама әдісінің екі түрі бар: анкеталық және сұхбатнамалық. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын-ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респонденттің аты-жөні көрсетілмей жүргізіледі. Әдетте анкета үш бөлімнен тұрады: үндеулік, негізгі, төлқұжаттық. Үндеулік бөлімде зерттеудің мақсаты туралы қысқаша айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі, анкетаны толтыру ережелері көрсетіледі, қайтарылған жауаптардың құпиялылығы сақталатындығы туралы ескертіледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналастырылады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті және қызықты болуы тиіс. Бұл респонденттердің қызығушылығын арттырады. Төлқұжаттық бөлімде респонденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы және т.б.) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұыжырымдылығына баса назар аударылады. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар құрастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі. Анкетаның сұрақтары негізгі үш топқа бөлінеді: 1.ашық түрдегі сұрақтар, мұның жауаптары анкетада көрсетілмейді, оны респонденттер өз қолдарымен жазып қайтарады; 2. жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып көрсетіледі. Жауап беруші жауаптың астын сызып немесе дөңгелектеп және т.б. етіп белгілейді. 3. аралас сұрақтар, бұл бірінші және екінші топтағы сауалдардың элементтерінен құралып, белгілі бір мөлшерде жауаптары жазылады.Сауалнама нұсқалары:1Жеке немесе жанама түрде (таралатын, почталық, телефон, баспасөз арқылы).2Жеке немесе топтық. 3Еркін немесе қалыпқа келтірілген, шоғырландырылған (бағытталған).4Ауызша немесе жазбаша.5Тұтас немесе іріктеме.6Тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.

Саяси әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі- Саясат әлеуметтануы – әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі 20ғ. 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталады, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып табылады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары т.б.ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Әлеуметтік-саяси қатынастар саясат әлеуметтануының обьектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды. Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға мәдениетке, қызмет-әрекетке,олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Саясат әлеуметтануының пәніне – саясатпен тікелей байланысты қоғамның барлық саласымен құрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәнін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардың ерекшеліктерін айқындау жөн. Заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік - саяси өмірдің өмір сүру заңдары және даму заңдары.

Символикалық интеракционизм (Д. Мид).Мид Джордж Герберт (27.02.1863, Сауг-Хадли, Массачусетс — 26.04.1931, Чикаго) прагматизм мен натурализмнің көрнекті өкілі Мидтің шығармалары жөнінде айтатын болсақ, ол өмірді құбылыстардың, оқиғалардың қосындысы ретінде түсінген. Әлеуметтік өмірге деген көзқарасы феноменологиялық социологияға жақын. Ойлау адамның өмірге бейімделуінің құралы. Қоғам мен тұлғаны адамдардың байланысы ретінде қараған. Тұлғалардың деңгейі басқа адамдардың рөлін қабылдау қабілетінде. Тұлғаның байлығы адамдармен қарым - қатынасының байлығында. Мид символикалық интеракционизм теориясының негізін қалаушы. Танымал микроәлеуметтану теориясы нышандық интеракционизм теориясы болып табылады. Нышандық интеракционизмнің басты белгілері — ол адамдардың мінез-құлқын түсіндіргенде, жеке тұлғалардың әуестігінен гөрі қоғамдық мүдде мен қажеттілікті басшылыққа алады. Сондай-ақ, адамның заттармен, табиғатпен, басқа адамдармен, адамдар қауымдастығымен және қоғаммен әр алуан байланыстары нышандар арқылы жүзеге асады деп біледі. Негізгі еңбегі "Ымдаудан рәмізге дейін". Бұл еңбегінде нышандық интеракционизм негізінде тілдік және басқа нышандық жүйеде тіркелетін әлеуметтік рөлдер жиынтығы — әлеуметтік қызмет жайлы ұғым жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]