
- •Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламалық құрылымы.
- •Әлеуметтанулық сұрау: түсінігі, түрлері, әдісі, қолдану саласы.
- •Әлеуметтік институттың түрлері мен функциялары.
- •Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.
- •Әлеуметтік рөлдің құрылымы
- •Заманауи конфликтологияның негізін қалаушы ……
- •Келе біткен мәртебе
- •Қоғам типологиясы.
- •Марксизмдегі тұлға – ол
- •Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның классификациясы-
- •Тұлғаның ажырамас белгілері.
- •Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.
- •Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
- •Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.
Әлеуметтік мобильділік – ол «Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.
Әлеуметтік норма – ол адамдағы негізгі әлеуметтік функцияларда пайда болатын жеке мінез-құлықтардың келісушілігін жоюды қамтамасыз ету үшін міндетті қоғамның ережелері.
Әлеуметтік процестер: ұғымы, түрлері. әлеуметтік ортадағы құбылыстар.
Әлеуметтік рөл- белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі.
Әлеуметтік рөл және әлеуметтік мінез-құлық моделінің арақатынасы.Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі.Нағыз әлеуметтік мінез-құлық - жақсылық істеуге бағытталған, адамның адамдар арасындагы мінез-құлқы.
Әлеуметтік рөлдің құрылымы
Әлеуметтік санкциялар – ол көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық.
Әлеуметтік стратификация – бұл адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік: бұл теңсіздік олардың арасындағы жоғарыдан төмен қарай болатын (иерархиялық сипаттағы) теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше сипаттағы саяси мекемелер берік сақтап реттеп отырады. Стратификацияның тарихи типтері – құлдық дәуірі, касталар, сословиялар – бұлар жабық қоғамды сипаттайды. Ал, таптар болса – бұлар ашық қоғамды айқындайды. Жабық қоғамда төменгі сатыдан жоғары сатыға әлеуметтік тұрғыда көтерілуге тыйым салынған. Ашық қоғамда бір сатыдан екіншісіне өтуге ресми түрде ешқандай да шек қойылмайды. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеу-к жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндігі бар әлеу-к құрылым ашық стратификациялық жүйе д.а.Ал мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе д.а
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады.
Әлеуметтік сұрау түрлері (атап өту) - сауалнама -интервью алу
Әлеуметтік топ – ол кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.
Әлеуметтік топтардың түрлері мен сипаты.
Әлеуметтік эволюция – ол
БББ
Бақылау әлеуметтанулық ақпарат жинаудың әдісі ретінде.
Басқару деңгейі б-ша қоғамның классификациясы Экономикалық әдістердің тұтас жүйесі нарықтық экономика жағдайында мынадай міндетті істерді орындайды: реттеуші, теңгерімші және бөлуші. Экономикалық әдістердің көмегімен тауарларды өндіру мен айырбастауда, тауарлардың экспорты мен импортының көлемі мен бағытында және басқа да экономикалық процестерде құрылымдық жылжулар реттеледі. Нарықты қалыптастыру мен қалыпты жағдайға түсіруде экономикалық әдістердің ең тиімді пайдаланылатын бағыттарының бірі – жекелеген қызмет салалары мен түрлерін саралау тәсілдемесі болып табылады. Бұл саралау ең алдымен экономикалық ынталандыруды күшейтуді талап ететін өндірістің артықшылығы бар салаларында, яғни басым салаларында қолданылуы керек, салық және процент мөлшерлемерінде, еңбекақы деңгейінде, қысқа мерзімде және ұзақ мерзімді кредиттерде артықшылықтарға ие болу қажет.Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың түпкі мақсаттарына қол жеткізу үшін микродеңгейдегі (кәсіпкерлердің әрекет ететін саласындағы) басқарудың экономикалық әдістер жүйесін әлеуметтік бағыттағы тиімді нарықтың талаптарына сәйкес орайластыру (ыңғайластыру қажет. Басқарудың экономикалық әдістері – бұл адамдардың экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерін пайдаланатын адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен әдістері. Басқарудың көптеген экономикалық әдістерінің арасынан өндірістің тиімділігін бастапқы буын деңгейіне дейін арттыра алатын әдістерді бөліп көрсетуге болады. Оған мыналарды жатқызуға болады: - экономикалық ынталандыру; - экономикалық тетікті шаруашылық есепке көшіру; - баға және баға белгілеу; - фирмалардың қаржылық саясаты және т.б. Экономикадық ынталандыру – жұмыскерлердің экономикалық мүдделерінде көрініс табатын өндірісті басқарудың әдісі. Оның негізін ЖҰӨ жалпы табысына қосқан үлесіне қарай өндірістік ұжымның және әрбір қатынасушының табыстарын қалыптастыру құрайды. Экономикалық ынталандыру мынадай негізгі принциптерге сүйенеді: - экономикалық ынталандырудың мақсаттарын қоғамды дамытудың мақсаттарымен ымыраластырып (келісімге келтіріп), өзара байланыстыру; - қоғамдық өндірістің құрылымындағы жоспарланған өзгертулерді жүзеге асыруға бағытталған экономикалық ынталандыруды саралау; - ұжымдық және жеке мүдделерді біріңғай болуын қамтамасыз ететін алғышарттарды жасау; - экономикалық ынталандыруды моральдық ынталандырумен ұштастыру; - кәсіпорындардың жәнем лауазымды тұлғалардың материалдық жауапкершілігін қарастыратын экономикалық санкциялармен экономикалық ынталандыруды ұштастыру.
Белл әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары- Белл Даниел (1919 ж. туған) – Американың белгілі әлеуметтанушысы, постиндустриалды қоғам тұжырымдамасының және деидеализацияның жетекші авторларының бірі. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты. Постиндустриялды қоғам концепциясы алғаш рет американ әлеуметтанушысы Д. Беллдің 1973 жылы жарық көрген "Келе жатқан постиндустриялды қоғам" атты еңбегінде қолданылды. Белл мұндай қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсеткен еді: қызмет көрсету экономикасын құру, ғылыми-техникалық қабат мамандарының беделге ие болуы, жаңалықтар мен қоғамдағы саяси шешімдердің, технологиялық өсімнің мүмкіншілігінің көзі ретіндегі теориялық білімнің алғашқы орында болуы, жаңа "интеллектуалды" техниканы құрастыру. Экономиканың жаңа сипаттарын зерттей отырып Белл мынадай қорытындыға келген: қоғамда дамудың индустриялды кезеңінен постиндустриялды кезеңге өтуі байқалады, осы уақытта экономикада өндірістік сектордың емес, қызмет көрсету секорының басымдылығы байқалады.
Бұқаралық коммуникацияның әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, Бұқаралық коммуникация-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация құралдары (баспасөз, киномотография, радио, телевизия), арқылы көпшілік аудиторияга адамдардың бағалау, көзқарасы мен іс қимылына әсер етуі арқылы хабарлау процесі.Бұқаралық коммуникация тұжырымдамалары. Жалпы әлеуметтанылық контексттегі БК туралы алғашқы зерттеулер 20ғ. басынан басталды. БК жӛніндегі зерттеуледің негізі Г.Тард, Г.Лебон, П.Лавров, Н.Михайловский, Н.Кареева, П.Сорокиннің еңбектерінен қаланған. Алғашқы БК туралы тұжырымдамада бұқараны тобырдан бөліп қарастырады. Тобыр адамдарды басқаруға қабілетсіз және мүлдем жауапкершіліксіз қылады. Ол (тобыр) талқыламай эмоцияға, көңіл-күйге беріледі. Лебонның айтуына қарағанда, 20ғ. басты сипатын индивидтің тобырдың санасыз іс-әрекетін саналы іс-қимылға ауыстыруын санады. Лазерефельд пен Клаппердің қорытындыларын саяси коммуникациядағы БАҚ-ң рӛлі туралы кейінгі зерттеулері де дәлелдеп, БК ықпал ететін келесі факторларды анықтады: 1) ақпарат кӛзі әрқашан хабарлаушымен(комментатор) байланысты, яғни, ақпараттың қалай және кіммен берілуі маңызды; 2) хабардың контексі маңызды болып саналады; 3) ақпарат кӛзі мен коммуникатордың арасында бір жағынан хабар мен аудитория, келесі бір жағынан «ақаулар», шудың болуы; 4) референттік топтардың болуы маңызды.
Білім беру әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесіБілім социологиясы - шеңберінде білім процесі, адамдардың ғылым мен әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған білімдер мен жалпыланған тәжірибені меңгеру механизмі, осы білімдерді білім беру және ағарту әлеуметтік институты арқылы болашақ ұрпаққа беруі зерттелетін әлеуметтану ғылымының саласы.Білім беру социологиясыБілім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бұл тақырыптың ертеден бері қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген мәселелер өте көп. Білім берудің социологиялық проблемаларымен іс жүзінде социологиялық бағыттардың барлық өкілдері айналысып жүр. Сондықтан білім беру социологтарын әр мектептің жеке ауқымында қарастырған жөн болар.Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай алмайады. өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал, құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырылады.Социологиядағы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан Т.Парсонс болды. Парсонстың көзқарасы басқаша. Ол Дюркгейммен білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеуметтендіруші ролінің маңызына орай келіседі. Бірақ Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке-жеке талдап көрсетеді. Білім беру социологиясының орталық проблемасы «интеллект коэффициенті» деп аталатын орны мен ролін бағалаумен байланысты. Адамдар табиғи дарындылығымен айтарлықтай ерекшеленеді. Осы орайда интеллект деген ұғым – абстракты ойлауды нақты түрде білдіреді. Алайда, мұндай дефиниция әр түрлі типіне бөлу жүргізіліп келеді.Білім беру социологиясы үшін таптық және ұлттық айырмашылықтар осы салада үлкен қызығушылық тудырып отыр.Ағылшын социологы Дж.Дуглас 1940-1960 жылдар аралығында өте қызық, ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізген еді. Ұзақ уақыт ішінде ол бес мыңға жуық оқушыларды бақылайды. Дуглас оқушыларды қабілетіне қарай бірнеше топтарға бөліп, содан кейін оларды төрт әлеуметтік топтарға жатқызады.Әлеуметтік әркелкіліктің моделін білім беруде – мәдени депривация теориясы деп атайды. Мәдени депривация теориясының әр түрлі теорияларында әлеуметтік субъективті мәдениеттер білім алу саласында басқа әлеуметтік-мәдени топтармен бәсекелесуге мұрсат бермейді. Мәселе тек материалдық жетіспеушілікте емес, сәбидің қоршаған ортаның мәдени қырынан қарағандағы кедейлігі. Депривация формасына бүгін социологтар лингвистикалық депривацияны, тіл қолданысына қатысты мәселелердің жоқтығын жатқызады. Мұнда білім беру жүйесінің кейбір ұлт тілдерінде толық жетілдірілмегеніне орай ұлттық мектептердегі бітіргендер үшін қолайсыз жағдай, лингвистикалық депривация тудырып отыратындығын атап өту керек. Мәдени депривация теориясы білім беру жүйесінде қалыптасқан әлеуметтік пргоблемаларын түзету үшін практикалық бағдарламаларды дүниеге әкелді. Біздің еліміздегі мамандарға зәру болған кезеңде ұлттық ұлттық мамандарды (мұғалім, дәрігер, ғалым, инженер) әзірлеу бағдарламалары тарихи қалыптасқан мәдени депривацияны жоюға бағытталған еді.Интеракционистердің пікірінше, адам айналасын өзі бақылап отырады. әлеуметтік шындық интеракционистер үшін жеке адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінен құралады деп айтылатындығы жайлы біз бірінші теориялық бөлімде атап кеткенбіз. Батыс социологтарының бір бөлігі педагогтардың көпшілігі «идеал оқушы» моделін, осындай белгілі бір стандартта ұстанатындығын атап өтеді. Оқушының мұндай идеалды образы оқушының ең жақын, өзіне сай қасиеттеріне орай қалыптастырылады. Оқушының осы идеалды образға жақындығы немесе алшақтығы оның табысын анықтайтын болады.
ГГГ
Г. Спенсер әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – олСпенсер әлеуметтік дамудың негізгі факторларының бірі ретінде қоғамның өсуін атайды. Қоғамның өсуі әлеуметтік эволюцияның себебі де, салдары да болып табылады. Шынында да еңбек бөлінісі индивидтер санының аз болуына байланысты шағын қоғамдарда терең дами алмайды. Сонымен бірге, адамзат қауымдастықтары өскен сайын, олардың бір-біріне ықпалы күшейе түседі - ол не әскери қақтығыстар арқылы, не сауда-өнеркәсіп қатынастарының күшеюі арқылы жүреді. Бірте-бірте, әлеуметтік өзгерістердің маңызды себептері ретінде тұрақты түрде жинақталып, күрделілене түсетін органикалық өнімдер - заттай, таза рухани өнім бола бастайды.Спенсердің ойынша, қоғамдардың өсуі кейде бірге, кейде бөлек болатын екі процесс есебінен жүреді: (1) қоғам мүшелерінің жәй көбеюі олардың санының өсуіне алып келеді - өсудің ішкі факторы немесе (2) түрлі жеке, дербес топтардың үлкен топтарға бірігуі арқылы. Спенсердің ойынша екінші процесс кеңінен таралған, себебі алғашқы қауымды қоғамдық топ жәй көбею арқылы ешқашан санын өсіре алмайды. Әдетте, үлкен қауымдастықтар шағын топтардың аса ірі (кейде ерікті түрде, кейде мәжбүрлеп, күшпен) топтарға бірігуі жолымен құрылады да әдетте бұдан эволюция процесі тек ұтатын болады.
Генералды жиынтық (совокупность) – ол Генералды жиынтық – бiртұтас сапалы негiзбен, ортақ байланыстармен құбылыстардың бір бірінен ажыратылатын белгілермен біріктірілген зерттелетiн жиынтық. Мысалы, жанұялардың үй шаруашылығы, жиынтығы, кәсiпорындар, фирмалар, одақтарды жиынтық осындай жиынтық тағы сол сияқтылар. Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады. Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру. Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды. Әрбір зерттеу жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәңі бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық негізінде берілген қала тұрғындарын, кәсіпорынның өндірістік персоналын, студенттерді және т.б. қарастыруға болады. Генералды жиынтықтың берілген бөлігі бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын, сұрыптау жиынтығы деп аталады. Сұрыптау жиынтығы генералды жиынтықтың микромоделі болып белгілену керек. Сұрыптау жиынтығы сапалық сипаттамалар мен бақылау қасиеттері негізінде зерттеледі және генералды жиынтық құрылымымен сай келу керек. Сұрыптау жиынтығының элементтеріне байқау бірлігі жатады. Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, таңдалынатын элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау бірлігі деп аталады. Генералды жиынтыққа толық, айқын сипаттама беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады. Сұрыптаудың негізгі принципіне барлық генералды жиынтық элементтеріне сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету. Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік тізімі, пропуск номерлері және т.б. қызмет ете алады. Сұрыптау түрі: 1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау таңдау бірлігімен іске асырылады2) жүйелік сұрыптау;3) ұялы;4) стратификациялық;5) көпсатылы;6) квоталық. Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы және бастапқы социологиялық ақпарат жинақтау тәсілдері, қолданылған инстументарийдың логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде бағдарламаға тіркеледі.
Герберт Спенсер Оның көзқарасына қысқаша тоқтасақ, Г.Спенсердің әлеуметтану теорясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвинның биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған. Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау; Әлеуметтік эволюция идеясы. Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды. Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген. Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.
ДДД
Девиация-ол әлеуметтік ауытқу.
Дербес мәртебе – ол адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый құрмет.
Жаһандандыру және оның салдары- Қазіргі жаһандандыру заманында өмірдің әлеуметтік - саяси, мәдени және рухани салаларының бәрінде де, адамзат өзінің әр алуан тіршілігінің жазмыштық стадиясын бастан кешіп отыр. Интеграцияның осынау ерік бермес процесі, іс жүзінде тежеуге көнбейтін, мәні бойынша жазмыштық сипат алып отыр, яғни бір қоғам бар қорғанғысы келеді - ақ, бірақ мүмкіндігі жоқ, енді бір қолқам бар өзінің даму өресінде жаһандық экспансиялық бағдарламасына қандай да бір тосқауылды сезінбейді. Жаһандану ұғымы мен құбылысына және жағымды - жағымсыз жақтарына қатысты ойдың жосығын былай қоя тұрып, мен оның принципті мәні бар бір қасиетін түсіндіре кетуді қажет деп санаймын. Жаһандану барлық елдер мен халықтар үшін ортақта жазмыштық құбылыс емес. Жаһандандыру мәселесі жүйесіндегі қазіргі ҚазақстанҚазіргідей күрделі әлемде Қазақстанның алдыңғы қатарлы мемлекеттермен иықтас тұруы үшін дипломатиялық қызметке үлкен жауапкершілік артылып отыр. Сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары өзгермегенімен, елдің дамуына және жаһандану талаптарына сай сыртқы қатынастардың мазмұны күрделеніп, жұмыс ауқымы арта түсуде.Елбасының Жолдауындағы және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы басты міндеттердің бірі халықаралық сахнада Қазақстанның жауапты және сенімді серіктес екендігін нақты дәлелдеу. Ҽлеуметтануда жаһандануды ҽрі феномен жҽне ҽрі ұғым ретінде қарастыру - батыстық қазіргі заман қалған барлық ҽлемге үлгі бола ала ма деген тағы бір пайымдау тудырады. Жаһандануды сынаушылар бұдан қазіргі батысты батыстық емес елдер мен мҽдениеттерге телу дегенді кҿреді. Үшінші ҽлем елдеріндегі жаңғыру процесін сараптау кҿрсеткендей, жаһандану бүкіл ҽлем дамуының ҽмбебап жҽне ортақ үлгісі болып табылмайды. Ақырында, жаһандану ҽлеуметтану ҽдістерін ҿзгерте ме? Э.Тирикьяни сияқты қазіргі зерттеушілер ҽлеуметтанудағы классикалық ҽлеуметтану парадигмаларын кейінгі классикалықпен немесе модернистікпен алмастыру қажет деп тұжырымдайды.
ЗЗЗ
З. Фрейд көзқарасы бойынша девиация байланысты Психоаналитиктер болса, девианттық қылықтар мен кӛптеген психологиялық проблемалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын теорияны ұсынды. Мысалы, австриялық дәрігер-психиатр Зигмунд Фрейд «ӛзін кінәлі сезінетін потенциалды қылмыскерлер» туралы ұғымды енгізді. Яғни, ӛздерін кінәлі деп есептегендіктен ұсталып, жаза тартуды қалайтын адамдар туралы. Алайда, бір ғана психологиялық ерекшеліктермен қылмыстың немесе мінез-құлықтың басқа да типінің мәнін түсіндіруге болмайды. XX - ғасырдың басында Фрейд теориясы — адамдардың әдейлік мінез құлық бағыт теориясы пайда болады. Тұлғаға тән қақтығыстық жағдайлар девиацияны тудырады. Олар адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі себебі, экономикалық күштер емес, ал әртүрлі қажеттіліктер, олардың кейбіреулері ақша арқылы қанағаттандырады. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады.Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды.Адам қажеттіліктердің жүйесі,ал қоғам-тыйымдардың жүйесі ретінде қарастырылады.Тұлғаның компонеттері:-Ол және Ид(төменгі қабат)-бейсаналы импульстар,тектік еске алулар.-Мен және Эго(ортаңғы қабат)-Мен және СуперЭго(жоғарғы қабат)-адаммен қабылданған қоғамның қалыптары.