
- •Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламалық құрылымы.
- •Әлеуметтанулық сұрау: түсінігі, түрлері, әдісі, қолдану саласы.
- •Әлеуметтік институттың түрлері мен функциялары.
- •Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.
- •Әлеуметтік рөлдің құрылымы
- •Заманауи конфликтологияның негізін қалаушы ……
- •Келе біткен мәртебе
- •Қоғам типологиясы.
- •Марксизмдегі тұлға – ол
- •Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның классификациясы-
- •Тұлғаның ажырамас белгілері.
- •Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.
- •Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
- •Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
ААА
Адам,индивид,тұлға-Адамның биологиялық пен әлеуметтік жағдайы. Тұлға - әлеуметтік өмірдің обьектісі мен субьектісі. Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттің алғы шарты және субьектісі. Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың обьектісі және субьектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады. Адам-жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық ,«ерекшелік » дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал«жеке өзіндік» дегеніміз өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде өмір сүруде. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды. Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі «индивид» деген ұғыммен байланысты. «Индивид» дегеніміз бұл- халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіріледі. Тұлға дегеніміз бұл - индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.
Адамзатты супержүйе ретінде қарастыратын – ол «Сезімді» белгі Сорокин «Сезімді» белгі супержүйе шындық белгілі сезімдер негізінде қабылданады.
Аз топтардағы өлшемдердiң қатынасының әдiстемесі – ол
ӘӘӘ
Әлеу-к құндылықтар- кең мағынасында - болмыстағы құбылыстар мен заттардың, қоғамның, әлеуметтік топтардың және жеке тұлгалардың қажеттілігіне сәйкес келу немесе сәйкес келмеу тұрғысындағы маңызыдылығы; тар мағынасындағы - адам мәдениетінің және қоғамдық сананың өнімі ретінде қалыптасқан ізгілікті және эстетикалық талаптар
Әлеу-к мәртебе-адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілген сый және құрмет. ағыл. social status – құқықтарын, міндеттерін және мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін (оның ішінде Тіл практикасы да) қамтитын, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы.
Әлеу-к норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның,әлеу-к топтың н-е ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шапралары.Оның заңдарына мораль мент этикет ж.е т.б жатады.
Әлеуметтану қоғам туралы ғылым ретінде. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға – барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді. Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.
Әлеуметтану функциялары-Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды: 1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады; 2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді; 3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты; 4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді; 5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы- коғамдық құбылыстар мен процестер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл — ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын коғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым — әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар. әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі.Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде әлеуметтану зерттейтін объектілері шеңбері, ғылыми нәтижелер мен қорытындылардың тереңдігі және ауқымдылығы ерекше болады.Әлеу-қ білімнің құрылымы негізгі тұжырымы бағыттары мынадай:1)Қоғам біртұтас әлеу-к жүйе.2)Қоғамның жеке салаларының дамуы мен атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын-экон-қ саяи рухани ж-ә т.б. салаларын әрбір салада жеке тұлғаның н-е әлеу-к топтардың қызметенің әлеу-к қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.3)қоғамнфң әлеу-к құрылымы ж-ә жалпы әлеу-қ құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеу-к топтардың әлеу-к саяси рухани қатынастар алатын орны мен байланысы туралы білім болу керек.4)Саяси әлеуметтануға кіретін алуан түрлі ғылыми түсініктер,ой-пікірлер,теориялар.5)Әлеу-к институттардың қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар.6)Жеке салаларының ж-ә кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Әлеу-к білімнің үш негізгі деңгейі бар:а)жалпы әлеуметтану теориясы б)эмперикалық әлеуметтану в)орта деңгей теориялары.
Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламалық құрылымы.
Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер - белгілі бір әлеуметтік көкейтесті мәселені шешуге бағытталған зерттеулер. Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулердің мақсаты мен көлемі осы мәселені шешумен шектеледі. Оны жүргізудің реті мынандай:
көкейтесті мәселеге, оның тақырыбына байланысты жарияланған ғылыми-зерттеу жұмыстарын барынша толық оқып танысу;
зерттеу жұмыстарынан тәжірибесі мол әлеуметтанушы мамандармен, зерттелетін мәселені жетік білетін мамандармен пікір алмасу;
зерттелетін объект (әлеуметтік топ, жеке мекеме, ұжым, т.б.) туралы деректер, есептер, арнайы статистикалық, т.б. құжаттарды мүмкіндігінше толық жинау;
жүргізілетін әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын жасау, яғни негізгі ұғымдардың операционалдық анықтамаларын, зерттеудің міндеттерін және мақсаттарын айқындау, зерттеу болжамдарын ұсыну, зерттеу құралдарын жасау, зерттеу жүргізудің мерзімдік,қаражапық жоспарларын құру;
жиналған алғашқы деректерді статистикалық көрсетулерден өткізу;
зерттеу қорытындылары бойынша есеп жасау, көкейтесті мәселенің шешілу жолдарын, шараларын, тәсілдерін ұсыну.
Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер жұмыстары ғылыми тұрғыдан терең, дәлелді жасалған болса, онда олардың қорытындылары баспа бетінде, жеке жұмыс есебінде жарияланғаны орынды.[1]
Әлеуметтанулық сұрау: түсінігі, түрлері, әдісі, қолдану саласы.
Әлеуметтік сұрау түрлері (атап өту) - сауалнама -интервью алу
Әлеуметтену – ол Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары)статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады.
Әлеуметтену- жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады.
Әлеуметтену ұғымы. Әлеуметтену және тәрбие. Әлеуметтену және оқыту Тұлға әлеуметтенуі - бұл тұлғаның цоғамдыц құндылықтар мен адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы. Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады. Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:1) ерте балалық шақ тәжірибесі - психикалық қызметтер мен әрекет- қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;2) әлеуметтік мекемелер - тәрбие, оқу, білім жүйелері;3) қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері. Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ереже- лер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өмір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді. Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы - екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол - қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (ин- териоризациялауы). Бұл орайда интериоризациялау дегеніміз сырттай көріністі қоғамдық өмір үдерістерінің ішкі саналық үдерістерге өтіп, тиісті өзгерістерге келуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі. Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні - өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі тек өкілі үшін өзекті мәселе: 1) өз «Менін» тану; 2) өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну. Өз «Менін» тану мен оның мәнін түсіну тұлға дербестігінің орнығуы мен «Мен - бейнені» қалыптастыру үдерісінде әрқайсысы өз мағынасымен ажыралады. Өз «Менін» тану ерте балалық шақта өтеді: 2-ден 5-жасқа дейін тік жүруге және сөйлеуге үйренеді, ойы мен санасы дамиды, күрделі іс-әрекет (сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бас- тысы - орта және соңғы балалық шақта мектеп оқуымен айналысу. Өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну - бұл тұлғаның құндылықты бой көтеріп, кемелденуі. Бұл үдеріс орта балалық шақта басталып, «Мен-ге» (яғни «маған») ұқсаған «басқа адамдармен» өзін ұдайы салыс- тыра бағалау негізінде жүріп жатады. Осы үдеріс барысында тұлғаның жақсылық пен жамандық, өмір мақсаты мен мәні және басқа да рухани - адамгершілік пен дүниетанымдық ұстанымдары жөніндегі түсініктері қалыптасады. Әлеуметтенудің келесідей кезеңдерін ажырата көрсетуге болады: 1. Бейімделу кезеңі (туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімдеседі, икемделеді, еліктейді).2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда болады, цоғамдыщ әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала, қабылдайды).3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).4. Еңбеккерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы).
Әлеуметтенудің алғашқы және кейінгі агенттеріне жатады………..
Әлеуметтенудің түрлері мен агенттері.
Әлеуметтік аномия-амадның мінез-құлқындағы ауытқушылық ,осының салдарынан қоғамда ретсіздіктер орын алады,өзіне-өзі қол жұмсаущылық болады.Бұл терминді енгізген Дюркгейм.
Әлеуметтік байланыстар – ол
Әлеуметтік бақылау-қоғамның және әлеу-к топтардың өзін-өзі реттеу тетігі,тәртіп пен тұрақталықты нығайту үшін олар адамдардың мінез-құлұына мақсатты ықпал жасауды қамтамасыз етеді.Әлеу-к бақылау тұлғаны мөлшерлік,құқықтық,әкімшілік,әдет-ғұрыптың тыйым салу арқылы қоғам мақұлдаған мінез-құлықты ұстануға көндіреді. Әлеуметтік бақылау (контроль)деп әлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін адамдардың мінез-құлқын және олардың өзара қарым-қатынастарын нормативті реттеу түсініледіӘлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың элементі. Ол арқылы индивидтердің әлеуметтік нормаларды, қызмет ережелерін және әлеуметтік шектеулерді басшылыққа алып әрекет етуі қамтамасыз етіледі. Адамның тіршілік-қызметін реттеудің мұндай тәсілі қоғамның тұрақтылығын ұдайы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылауды ретке келтіруде қоғам мен индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемасы маңызды орын алады. Теориялық тұрғыдан алғанда қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы әлеуметтік бақылау жағдайында барынша қарапайым түрде көрініс береді: яғни, индивидуалдық сапаларды әлеуметтік стандартқа сәйкес жөнге келтіру Әлеуметтік бақылау тұлғаның индивидуалдық мінез-құлқына қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтың реакциясы арқылы іске асырылады. Соған байланысты қоғам әр түрлі санкцияларды қолданадыСанкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы. Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.
Әлеуметтік девиация: ұғымы, түрлері Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм.Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, деликвентті ж/е криминалды мінез-құлық.Девиантты мінез-құлық әлеуметтік нормалар мен ережелерге сай келмейтін мінез-құлықты айтады. Деликвентті мінез құлық заң бұзушылықпен ерекшеленеді: агрессивті, зорлаушылық мінез-құлық, ашкөздік, наша сату. Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық ж/е т.б
Әлеуметтік және жеке бастық статустар бір-бірімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Жеке тұлғаға сипаттама беру үшін, сондай-ақ, әлеуметтік рөл ұғымын пайдаланудың да маңызы ерекше. Ол белгілі бір әлеуметтік статус иеленетін адамнан және нақты қоғамдағы осы статустар тән адамдар тобынан үміт етілетін мінез-құлықтар болып саналады. Әлеуметтік статус та, әлеуметтік рөл де ресми түрде (мысалы, заңмен не басқалай құқықтық актімен) бекітілуі немесе бейресми сипат (мінез-құлықтың моральдық нормалары) иеленуі мүмкін. Әлеуметтанушылар (Р. Линтон, Дж. Мид, Т. Шибутани т.б.) әлеуметтік рөл проблемаларын әлеуметтік статус мәселелерімен байланыстыра отырып, оны әлеуметтік статустың қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Әсіресе, П. Парсонс (1902 — 1979) рөлдердің құндылықтармен ажырамас байланысын айрықша атап көрсетіп, әлеуметтік рөлді жалпыға бірдей құндылықтарға негізделген әрі әлеуметтік жүйеге қажетті құрылымдық элемент құрайтын, нормативті түрде реттелетін мінез-құлық ретінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік рөл әлеуметтік құндылықтарды жеке тұлғаның нақты әлеуметтік іс-әрекеттеріне ұластырудың құралы қызметін атқарады..
Әлеуметтік институттар,түсінігі әлеуметтік институттар дегеніміз – бұл қоғамдық мәнді функцияларды орындайтын, адамдардың бірлескен қызметі мен қатынастарын ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары болып табылады. Әлеуметтік институттар бір-бірінен ӛздерінің функционалдық сапаларымен ерекшеленеді1.Экономикалық-әлеуметтік институттар – меншік, айырбас, банктер, әр түрлі типтегі шаруашылық бірлестіктері – олар экономикалық ӛмірді әлеуметтік ӛмірдің басқа салаларымен ұштастыра отырып, қоғамдық байлықты ӛндіру мен бӛлудің барлық жиынтығын қамтамасыз етеді. 2. Саяси институттар – мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және саяси мақсаттарды кӛздейтін және саяси биліктің белгілі бір формасын орнатуға және қолдауға бағытталған басқа да қоғамдық ұйымдар. Олардың жиынтығы сол қоғамның саяси жүйесін құрайды. 3. Әлеуметтік-мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды меңгеру мен ӛндіруді, индивидтердің белгілі бір субмәдениетке тартылуын, сондай-ақ мінез-құлықтың тұрақты әлеуметтік-мәдени стандарттарын меңгерту арқылы индивидтердің әлеуметтендірілуін және сол құндылықтар мен нормалардың қорғалуын ӛздерінің алдына мақсат етіп қояды. 4. Нормативті-бағыттаушы институттар – индивидтердің мінез-құлқын реттеудің моральдық-этикалық бағыт-бағдарының механизмдері. Олардың мақсаты – мінез-құлыққа үлгі-ӛнегелік және этикалық негіздерді енгізу. 5. Нормативті-санкциялаушы институттар юридикалық және әкімшілік актілерде бекітілген нормалар, ережелер мен жарлықтардың негізінде мінез-құлықты қоғамдық-әлеум еттік реттеуді мақсат етеді. Нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеу санкциясымен қамтамасыз етіледі.6. Салтанатты-символикалық және ситуациялық-конвенционалдық институттар. Бұл институттар конвенционалдық (келісім бойынша) нормалардың қабылдауға, оларды ресми және ресми емес бекітуге негізделген. Бұл нормалар күнделікті келісім-шарттарды, топтық және топаралық мінез-құлықтың әр түрлі актілерін реттейді.