
- •Түбір өзектерінде жұмыс істеуге арналған ұштықтар.
- •Түбір өзегін ирригациялау.
- •Тістің жұмысшы ұзындығын анықтау.
- •Тістің түбірлік қуысын егеп-тазалау.
- •Step-back(«шаг назад») техникасы.
- •Step-down немесе crown-down техникасы («шаг вперед» немесе «от коронки вниз»)
- •Гибридті техника
- •Машиналы ротациялық техника
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптар мен материалдар. Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптар
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған заттар
- •Қатты материалдар (филерлер)
- •Түбір өзектерін обтурациялыуға арналған цементтер (силерлер)
- •Тістің түбір өзегін обтурациялау әдістері
- •Бір штифтпен пломбылау әдісі
- •Гуттаперчаны бүйірлеп нығыздау әдісі
- •Автомат плаггерді қолданып өзекті обтурациялау
- •Арнаулы майлармен және еріткіштермен жұмсартылған суық гуттаперчамен химиялық обтурациялау («хлороперча»)
- •Қыздырылған гуттаперчамен тік нығыздау
- •Жылы бөлшектелген гуттаперчамен обтурациялау
- •Қыздырылған гуттаперчаны бүйірлеп және тік нығыздау
- •Гуттаперчаны термомеханикалық тығыздау
- •Ультрадыбыстық жұмсартылған гуттаперчаны қолдану
- •Гуттаперчаны термопластикалық иньекциямен обтурациялау
- •Ультрафил жүйесі
- •Екіфазалы гуттаперчамен түбір өзегін обтурациялау
- •Thermafil жүйесін қолдана отырып өзекті обтурациялау
- •SuccessFil жүйесін қолдана отырып өзекті обтурациялау
- •Дентин үгінділерінің көмегімен өзектің апикалды бөлігін толтыру (дентинопластика)
- •Гуттаперчаны қолданып обтурацияланған өзектерді қайтадан пломбылау
- •Балаларда эндодонтиялық техниканың ерекшеліктері Уақытша тістердің эндодонтиясы
- •Түбірі қалыптаспаған тұрақты тістердегі эндодонтия
Қатты материалдар (филерлер)
Гуттаперча - Manilkara bidentata деген Бразилия ағашының шырынынан алынған, қоюлатылған және арнаулы өңдеуден өтілген латекс. Гуттаперча алуға Рауеnа және Paloquium деген Малазия ағаштарының да шырындары пайдаланылады. Екі түрде кездеседі: кристаллқұрылымды (α және β) және аморфтықұрылымды (28-сурет).
α – төмен температурада салыстырмалы түрде жібитін жабысқақ және аққыш масса;
β – штифтті дайындауға арналған иілгіш әрі берік масса.
Түбір өзектерін пломбылау үшін 100 жылдан аса уақыт пайдаланылып келеді. Гуттаперча жылу әсерінен көлемін ұлғайтады,салқын әсерінен көлемін кішірейтеді.
Түбір өзектерін обтурациялау үшін гуттаперчадан штифтер (ISO-стандартына сай) және стандартқа сай емес гуттаперча конустар дайындайды. Штифттің нақты мөлшерінің күрделілігін машиналық дайындауда атап өту керек: диаметрі көрсетілгеннен 1-2 өлшемге басқа болуы мүмкін. Штифті калибрлеу үшін дәрігер арнайы калибрлеуге арналған сызғышты қолданады (29-сурет). Егер штифт көрсетілген мөлшерден үлкен болса, онда ол калибрлік тесікке сыймайды, ал кіші болса – оған итеріледі (бұл кезде керек мөлшерді алуымызға болады).
Гуттаперча штифтерін дайындауға арналған массаның құрамы:
гуттаперча - 18,9-21,8% - штифтің формасының тұрақтылығын, көлемін, серпінділігін сақтайды);
мырыш тотығы -59,1-75,3% - минералды толықтырғыш қызметін атқарады;
балауыз немесе шайыр-1,0-4,1% - жақсы нығыздалғыштық, созымталдық береді;
металдар тұздары (барий тұзы-барий сульфаты)рентгенайқындық береді – 1,5-17,3%;
тотығуды тежейтін биологиялық бояғыш заттар.
Күміс штифтер түбір өзектерін толтырғыш ретінде 50 жылдан бері қолданып келеді. Кемшіліктері: күміс қышқылдарының тіндері мен жасушаларына улы заттардың түзілуімен жүретін сұйық орталардағы коррозиясы, обтурациядан кейін тістің түсінің өзгеруі, қатты болғандықтан өзекке үйренбеуі, қатты домалақтанған ұшы, дөңгелек кесінді. Дөңгелек кесіндісі бар аса үлкен емес тік өзектерде қолданылады.
Титан штифтер түбір өзектерін обтурациялауға арналған материал ретінде 20 жыл бұрын ұсынылды. Коррозияға ұшырамайды, бірақ күміс штифтердің басқа кемшіліктеріне ие.
Түбір өзектерін обтурациялыуға арналған цементтер (силерлер)
Силерлерге қойылатын талаптар:
Жабысқақтық, өзек қабырғаларына адгезиясы.
Өзекке оңай енуі.
Өзекті апикалды және латералды герметизациямен қамтамасыз ету.
Рентгенконтрастты.
Енгізгеннен кейін отырмауы.
Толықтырғыш бөлшектерінің жеткілікті кішкентац мөлшері.
Тіс тіндерінің боялмауы.
Бактериостатикалық қасиеті және бактериялардың көбеюінің қолдауға қабілетсіз.
Қатаюы баяу.
Тін сұйықтығында ерімеуі.
Тіндерге толеранттылық, тітіркендіргіш қасиеттердің болмауы.
Өзектен шығару үшін нақты еріткіштерде еру қасиеті.
Иммунды жауапты атыстыру қабілетсіздігі.
Мутагенді және кариесогенді қасиеттердің болмауы.
Қазіргі кезде түбір өзегін обтурациялайтын қойыртпақтарды өздігінен қолдану тиімсіз болып саналады. Ол материалдың қысымның артық болуынан сыртқа шығып кетуіне, қысымның жеткіліксіз болуынан қанағатсыз обтурацияға, сонымен қатар өзектен шайылуна алып келеді. Сондықтан силерлерді щтифтпен бірге қолданады. Силерді қолданбасақ, гуттаперча өзекті тығыз емес бітейді, бүйір тармақтарының обтурациясы жүрмейді.
Түбір өзектерін обтурациялайтын қойыртпақтарды өздігінен қолдануға қысқа уақытқа ғана болады, уақытша тістерде және тұрақты тістерде түбірі толық қалыптаспаған.
Цинк-эвгенол негізіндегі силерлер
Бұл топтың цементтері Rickert формуласында негіделеді, құрамына келесі компоненттер кіреді:
Мырыш тотығы – 42%
Стабелит шайыры - 27%
Висмут субкарбонаты - 15%
Барий сульфаты - 15%
Натрий бораты сусыз - 1%(қатаю уақытын ұзарту үшін) эвгенол.
Бұл топтың цементтері тіс қуысында ығал мен температура әсерінен тез қатаяды, бірақ өзектен шайылу қасиетіне ие.
Бұл топтың материалдарына TubliSeal(Kerr) (құрамында жоғары көрсетілгеннен басқа май, крахмал, лецитин, йодид тимол бар екі аралас қойыртапқтар) , Wash’s Cement (құрамында мырыш тотығы, висмут субнитраты және субиодиды, магний оксиді, кальций фосфаты бар ұнтақ; қалампыр майы, эвкалиптол, канадалық бальзам және креозоты бар сұйықтық бар ) кіреді. N2, RC2B, Spad және Endomethazone сияқты материалдардың құрамында формальдегид бар, олар тіндерге цитотоксикалық және мутагенді әсердің себебі ретінде қарастырылады. Бұл кейбір мемлекеттерде альдегид құрамадас (әсіресе Spad және Endomethazone) силерлердің қолдануын шектеуге себеп болды. Сонымен қатар эвгенолдың периапикалды тіндерге тітіркендіргіш әсері мен гуттаперчамен қатынасы туралы сұрақ талқыланып жатыр. Мырыш тотығы негізіндегі Nogenol материалы қалампыр майы қолданусыз өсімдік майында араласады.
Кальций гидроксиді негізіндегі силерлер
Бұл
топтың материалдарында мырыш оксид
эвгенолдың тітіркендіргіш қасиеті жоқ,
тін сұйықтықтарында аз ериді және
«цемент қақтығысын» түзілісін
жылдамдататын периапикалды сүйек пен
тіс цементіне остеогенді әсер береді.
Оларға CRCS
(Calcibiotic
Root Canal Sealer,
құрамында цинк-эвгенол-эвкалиптол мен
бар, ылғалды ортаға тұрақсыз), SealApex
(Kerr;
құрамында мырыш тотығы және
,
бутилбензин, сульфонамид, мырыш стеарты,
барий сульфаты, титан диоксиді, полиметилен
салицилаты бар, қатайғанда кеңейеді),
Apexit
(Vivadent,
Лихтенштейн; құрамында
канифоль,
,
CaO, ZnO, үшкальций фосфат, полидиметилсилоксан,
мырыш стереаты, үшметилгександиол
дисалицилаты, висмут карбонаты, висмут
оксиді, 1,3-бутанедиол дисалицилаты бар).
Полимерлер мен шайырлар негізіндегі силерлер
Бұл топқа Diaket (поливинил шайыры негізінде 1951 ж. шығарылды), AH-26 және AH Plus (күміс ұнтағы қосылған бифенол-А-эпоксигексаметилентетрамин негізінде), ThermaSeal, TopSeal, Lee Endo-Fill (гидроксил диметил-полисилоксан және 10-30 миллимикрон бөлшекті гидрофобты аморфты силикат негіндегі силиконды материал), шыныиономерлі материалдар (Ketac-Endo ESPE шығарған, Endion VOCO шығарған). Төмпешікті герметиктерге және дентинді бондинг-агентке ұқсас Бис-ГМА негізіндегі цементтер жүйесі өңделуде.