Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uchebnoe_posobie_endodontia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
78.86 Кб
Скачать

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптар мен материалдар. Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптар

Өзектолтырғыш (paste filler, root filler «L»). Бұл құрылымды француз стоматологы Lentulo 1928 жылы ұсынды (27, а – сурет). Жұмысшы бөлігі орталықтанған конус спиралді, өзектің анатомиялық пішінін қайталайтын машиналы немесе қолмен жұмыс жасайтын аспап. Қойыртпақ тәрізді пломбылық материалдарды өзекке енгізуге арналған. Оптималды айналу жылдамдығы – 100-200 айн/мин. Белгісі – спираль. Ленталық өзектолтырғыш (Hawes-Neos типті) дрильбор пішінді, кері бағытта айналған.

Гутта-конденсатор (gutta-condensor) – жұмысшы бөлігі кері Н-файлға ұқсас аспап (27, б-сурет). Бұрыштық ұштықта 8000-10000 айн/мин жылдамдықта қолданылады. Айналғанда гуттаперчаны өзекке итереді.

Спредер (гуттаперчаның бүйірлік нығыздағышы; ағыл. Spreader –таратқыш) – жұмыс бөлігі тегіс өткірленген, түбір өзегінде гуттаперча штифтерін бүйір(латеральды) конденсациялауға арналған аспап(27,в – сурет). Бармақтық спредер (finger spreader) бармаққа арналған қолсабы бар, қолдық спредер (біржақты немесе екіжақты) (handle spreader) – қолда ұстауға арналған. Мөлшері басқа эндодонтиялық аспаптармен бірдей, сонымен қатар конустылығы үлкен стандартты емес гуттаперчалық штифтердің пішінін қайталайтын спредерлер де шығарылады.

Плаггер (гуттаперчаның вертикалды нығыздағышы, түбірлік штопфер, plugger; ағыл. plug – тығындау) – жұмысшы бөлігі тегіс кесілген өзегі бар, түбір өзегінде гуттаперча штифтерін вертикалды конденсациялауға арналған аспап (27,г – сурет). Бармақтық плаггер (finger plugger) бармаққа арналған қолсабы бар, қолдық плаггер (біржақты немесе екіжақты) (handle plugger) – қолда ұстауға арналған. Мөлшері басқа эндодонтиялық аспаптармен бірдей7

Жылытқыш плаггер (жылуды көтеретін плаггер, heart-carrier plugger) – жылытылған гуттаперчаны вертикалды конденсациялауға арналған екіжақты аспап (27,д-сурет). Екі түрлі жұмысшы бөлігі бар: гуттаперчаны жылытатын және енгізетін спредер типті өзек және оны конденсациялауға арналған градуирленген плаггер.

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптарға түбір ұшын резекциялағанда амальгамамен ретроградты пломбылауға арналған штопферлерді, сонымен қатар пломбылық материалдарды өзекке енгізуге арналған түрлі аспаптарды (инелер, пинцеттер және т.б.) жатқызуға болады.

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған заттар

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған заттарға қазіргі эндодонтияда түрлі материалдардан жасалған гуттаперча мен штифт ретіндегі қатты толықтырғыштар (филлерлер), және толықтырғыш (гуттаперча, штифт) пен өзек қабырғасының арасындағы аралықты толтыратын тіркейтін цементтер (силерлер) жатады.

Обтурациялайтын заттарға қойылатын талаптар:

  1. Өзекке оңай енуі.

  2. Өзекті апикалды және латералды герметизациямен қамтамасыз ету.

  3. Енгізгеннен кейін отырмауы.

  4. Ылғалға сезімтал емес.

  5. Бактериостатикалық қасиеті және бактериялардың көбеюінің қолдауға қабілетсіз.

  6. Рентгенконтрастты.

  7. Тіс тіндерінің боялмауы.

  8. Түбір маңы тіндерінің тітіркенбеуі.

  9. Стерилділік және енгізуден бұрын стерилдеудің оңай болуы.

  10. Өзектен оңай шығарылуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]