Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uchebnoe_posobie_endodontia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
78.86 Кб
Скачать

Step-down немесе crown-down техникасы («шаг вперед» немесе «от коронки вниз»)

Әдіс артықшылықтары: инфицирленген материалдың апикалды аймақтан шығып кету қаупі төмен; өзекті сапалы үшін қолайлы жағдайдың болуы; апикалды тесіктің кеңеюінің төмендеуі. Өтпейтін өзектерде бұл әдіс тиімді. Тістің жұмысшы ұзындығын апикалды тесікке жол тапқаннан кейін анықтаймыз.

Өңдеу жүргізу тәсілі. Өзек сағасын натрий гипохлоритімен толтырады, одан кейін «Gates егеу алды» жүзеге асырылады: 35 файлды өзекке тірелгенше дейін енгізіп, ұзындығын фиксациялайды. Ең тиімдісі болыпи 16 мм мөлшер табылады. Егер бұндай мөлшерлі файл кірмесе, кішірегін енгізеді. Файл өзекте бос жүргенше өңдейді. Дәл осы ұзындықта №1 және №2 Gates-Glidden типті борлармен ( өңдеу жүргізеді. Кейін 30 файлды енгізіп, ұзындығын фиксациялап, өзек аймағын өңдейді. Кейін 25 мөлшермен өңдеп, ары қарай кіші мөлшерлермен өзектің жұмысшы ұзындығына дейін өңдеу жасайды.

Өзекті толық жұмысшы ұзындығына өткеннен кейін операция қайталанады, 40 аспаппен бастайды. Осыған орай өзек ұшы үлкен мөлшерге кеңейтіледі. Процедура 50-файлдан қайталанады – 25-мөлшерге жетпегенше. Қабырғалары Н-файлмен тегістеледі. Аспаптармен жұмыс істеудің реттілігі: 35 (тірелгенше – 16 мм)-30 (тірелгенше) – 25 (тірелгенше) – 20(тірелгенше) – 15 (тірелгенше). Егер аспап 15-ке жеткенде, түбір өзегін реттілігі: 40(тірелгенше)-35(тірелгенше) – 30 (тірелгенше) – 25 (тірелгенше). Егер аспап 25-ке жеткенде, аспаптық өңдеуді тоқтатуға болады, ал егер жетпесе, 50-мөлшерден қайталау керек.

Бұл әдіс өзекті жақсы қалыптастыруға болады, ротация техникасын қолданғандықтан дөңгелек кесіндісі бар. Сондықтан бұл әдісте қателіктер болуы мүмкін.

Гибридті техника

(step-down + step-back)

Бұл техниканы кейде модифицирленген короналды-апикалды техника дейді.

Түбір өзектерін өңдеуді 1-6 Gates-Glidden типті бормен сауыттық бөлігін кеңейтуден бастайды. Егер 1-ші типті Gates-Glidden сыймаса, файлмен жұмыс істейді. 3 Gates-Glidden борын ½ ұзындыққа кіргізеді, 4,5 және 6 Gates-Glidden сағада ғана жұмыс істейді. Содан кейін өзекті step-back әдісімен өңдейді. Өзек қабырғасын Н-файлмен тегістейді.

Бұл техниканың модификациясы ретінде double-flared technique әдісін атауға болады. Бұның мәні – өзекті кішірейтілген аспаптармен өту; жұмысшы ұзындыққа жеткеннен кейін step-back әдісімен өңдейді. Бұл топқа Canal master римерлерін қолдану арқылы түбір өзегін өңдейтін егеуді қолдануға болады. Бұның артықшылығы аспаптың ұзындағы мөлшері дәстүрлік аспаптан кішкентай.

Машиналы ротациялық техника

Профайлды қолдану арқылы егеу (Profile 04 Taper Series 29 Rotary Instruments). Өңдеуді төмендеткіш 150-350 (250) айн/мин бұрыштық ұштықтарды қолдана отырып жүргізеді.Өзектің үштен екі бөлігі (сауыттық және ортаңғы) профайл .04 қалыптасады, ал ұшына жақын бөлігі профайлдармен және дәстүрлі эндодонтиялық аспаптармен өңделеді. Профайлдармен жұмыс істеу реттілігі: .04: 25/.04 және 30/.04 – өзектің жұмысшы ұзындығының ортасына дейін, 20/.04 – 2/3 бөлігі, 15/.04, 20/.04 және 25/.04 – өзектің бүкіл жұмысшы ұзындығына. 04 және 06 профалдарымен жұмыс істеу реттілігі: 25/.06 – жұмысшы ұзындығының ортасына дейін, 25/.04 және 20/.04 – 2/3 бөлігі, 15/.04, 20/.04 және 25/.04 – бүкіл жұмысшы ұзындығына.

Lightspeed жүйесін қолдану арқылы егеу. Жұмысты никельтитаннан жасалған аспаппен өңдейміз. Оның жұмыс бөлігі кішкентай (0,25-1,75 мм) U-файл типтес, ұшының бұрышы (апикалды мөлшері 20-30 және ұзындығы – 0,25 мм) 75°жасайды (32,5 және 0,25 мм)- 33° (35 – 100 және 1, 75 мм) - 15° (26-сурет). Жиынтықтағы аспаптардың жалпы саны – 22 (20-100 аралықты қосқанда). Өзекті өңдеуді 750-2000 айн/мин жылдамдықта step-back әдісін қолдана отырып жүргізеді. Апикалды бөліктің алғашқы өңдеуін 15 қол файлымен жүзеге асырады.

Quantec series 2000 жүйесін қолдана отырып егеу. Өңдеуді 10 машиналы (340 айн/мин) никель титанды арнайы құрылымды әр түрлі өлшемді қысымды қабырғаға біркелкі тарататын аспаптарымен жүргізеді. Аспаптардың маркировкасы - №1-25/.04, №2 – 15/.02, №3 – 20/.02, №4 – 25/.02, №5 – 25/.03, №6 – 25/.04, №7 – 25/.05, №8 – 25/.06, №9 – 40/.02, №10 – 45/.02. Өңдеу реттілігі: №1 – сауыттық бөлігі, №2,3,4 – апикалды бөлігі, №5,6,7,8,9,10 – ортаңғы бөлігі. Үш мөлшермен ғана жұмыс істеу мүмкін – 1(сауыттық бөлігі), 4(апикалды бөлігі) және 9(ортаңғы бөлігі).

Түбір қуысын егеуді сонымен қатар дыбыстық, ультрадыбыстық және лазерлі ұштықтармен іске асыруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]