
- •Түбір өзектерінде жұмыс істеуге арналған ұштықтар.
- •Түбір өзегін ирригациялау.
- •Тістің жұмысшы ұзындығын анықтау.
- •Тістің түбірлік қуысын егеп-тазалау.
- •Step-back(«шаг назад») техникасы.
- •Step-down немесе crown-down техникасы («шаг вперед» немесе «от коронки вниз»)
- •Гибридті техника
- •Машиналы ротациялық техника
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптар мен материалдар. Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптар
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған заттар
- •Қатты материалдар (филерлер)
- •Түбір өзектерін обтурациялыуға арналған цементтер (силерлер)
- •Тістің түбір өзегін обтурациялау әдістері
- •Бір штифтпен пломбылау әдісі
- •Гуттаперчаны бүйірлеп нығыздау әдісі
- •Автомат плаггерді қолданып өзекті обтурациялау
- •Арнаулы майлармен және еріткіштермен жұмсартылған суық гуттаперчамен химиялық обтурациялау («хлороперча»)
- •Қыздырылған гуттаперчамен тік нығыздау
- •Жылы бөлшектелген гуттаперчамен обтурациялау
- •Қыздырылған гуттаперчаны бүйірлеп және тік нығыздау
- •Гуттаперчаны термомеханикалық тығыздау
- •Ультрадыбыстық жұмсартылған гуттаперчаны қолдану
- •Гуттаперчаны термопластикалық иньекциямен обтурациялау
- •Ультрафил жүйесі
- •Екіфазалы гуттаперчамен түбір өзегін обтурациялау
- •Thermafil жүйесін қолдана отырып өзекті обтурациялау
- •SuccessFil жүйесін қолдана отырып өзекті обтурациялау
- •Дентин үгінділерінің көмегімен өзектің апикалды бөлігін толтыру (дентинопластика)
- •Гуттаперчаны қолданып обтурацияланған өзектерді қайтадан пломбылау
- •Балаларда эндодонтиялық техниканың ерекшеліктері Уақытша тістердің эндодонтиясы
- •Түбірі қалыптаспаған тұрақты тістердегі эндодонтия
Түбірі қалыптаспаған тұрақты тістердегі эндодонтия
Түбірі қалыптаспаған тұрақты тістердегі эндодонтиялық емдеу кезінде қалыптасатын мәселелерге кең апикалды тесік, апикалды тарылымның болмауы және түбір өзегінің жіңішке қабырғалары жатады.
Бұл мәселердің шешу жолы ретінде апексификация (apexification)деген түбір ұшының тығыз тосқауылы болып табылады. Тосқауыл кейде тығыз болады, әдетте тіс қуысы мен периапикалды тін арасында кеңістік сақталады. Түбірдің ұзындығының өсуін апексогенез(apexogenesis) дейді (Dannenberg J.L., 1974ж.)
Апексификация мақсатында түрлі материалдар қолданады: антисептиктер мен антибиотиктердің негізіндегі қойыртпақтар, мырыш тотығы және метакрезилацетат – камфорлы парахлорфенол, үшкальцийфосфат, коллаген-кальций-фосфат гелі, резорбцияланған үшкальцийфосфат, керамика, кальций гидроксиді, өзекті бос, кейде – емделмей қалдыруға да болады. Қазіргі кезде суда, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде араласқан кальций гидроксидін қолдану тиімді, кейде – жергілікті анестетикте. Бұл материалды ұшынан шыққан жағдайда да ол жеңіл сорылады.
Кальций гидроксидінің апексогенез бен апексификация кезіндегі әсер ету механизмі келесіде:
Гидроксилді иондары бар жоғары сілтілік орта (рН шамамен 12,4); остеокластқа (осы жасушалардың сүт қышқылының бейтараптануы) әсер еткендіктен сүйек резорбциясын тоқтатуын; остеобласттардың белсенділігіне әсер ету арқылы сүйек түзілісінің стимуляциясын; некроздалған тіндерге қатысты антибактериалды және еріткіш эффект; тірі ұлпаны жапқанда – оның талшықтарының дистрофиялық кальцификациясы мен беткей дентин тосқауылының пайда болуынан коагуляциялы некроздың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Кальций иондары сүйектүзілісінің реакциясына (бірақ жаңа түзілген тіннің құрамына кірмейді), сонымен қатар қан ұю реакциясына қатысады.
Өзектегі ылғалмен қосылғанда материал макро- және микроөзектерді бітеп 2,5 есе үлкейеді, олардың уақытша оқшаулануын қамтамасыз етеді.
Тіс қуысын ашуды олардың үлкен көлемін, кішкентай қалыңдығын және қабырғаларының қалыңдығын ескеріп қалыптасқан тістерге қарағанда кеңірек қарастырады. Жұмысшы ұзындығы қалыптасқан тістердің түбір ұзындығына сәйкес келеді. Өзекті ирригациялау оның кері тарылуына байланысты қиынға соғады және оны абайлап жүргізу керек. Өзекті тазалауды қабырғаларын орташа файлдармен (30-35) жақсылап шаю мен өңдеу құрайды (39-сурет). Файлинг жіңішке қабырғаның бұзылуына алып келуі мүмкін, сондықтан оны абайлап жасау керек. Өзекті обтурациялауды оны кептіргеннен кейін жүргізеді (қағаз штифтермен). Кальций гидроксидін өзекке плаггер, амальгамтрегер, өзектолтырғыш немесе шприцтің көмегімен енгізуге болады; инедегі тежегіш оның ұшы 2-3 мм түбір ұшына жетпей орналастырады; қойыртпақты енгізгенде ине өзек сағасына қарай бағыттайды (40-сурет). Обтурациядан кейін қағаз шарикпен енгізілген қойыртпаққа жеңіл қысым жасайды, ол сағасында қалады. Тістегі қуысты цинкоксидэвгенолмен немесе шыны иономерлі цементпен толтырады (41-сурет).
Нақты бір уақыттан кейін (орташа есеппен 3-6 ай) апикалды бөлікте тығыз көпіршіктің түзілуіне рентгенбақылау жүргізеді, егер ол болса, онда оны 35 файлмен тексереді: аспап жеңіл пенетрленсе, кальций гидроксидін қайтадан енгізу керек. Егер рентген суретте көпіршік болмаса, онда 3 айдан кейін қайтадан тексеру жүргізеді. Тығыз көпіршіктің қалыптасуы әдетте бір жылға дейін жүреді (42-сурет). Ол қалыптасқаннан кейін өзектің дәстүрлі обтурациясын жүргізеді (3-кесте).
Қалыптаспаған түбірлі тістерді апексификация әдісімен емдеу түрлері 43-суретте көрсетілген.
Апексификациядан кейінгі жіңішке қабырғалы кең (тубулярлы) өзектерді гуттаперчамен обтурациялау техникасында өте үлкен біріншілік штифтерді, гуттаперча конустарын немесе арнайы дайындалған штифтерді (бірнеше жуан өыздырылған штифтерден) қолданады.
Осындай кең өзектерді обтурациялау үшін кері айналған штифтің де техникасы қолдануға болады. Бұл кезде жуан гуттаперча конусының өзекке орналасып, түбір ұшында орналасуын рентгенде тексеруінде негізделеді (44-сурет).
Штифті цементпен бірге енгізгенде, ол біруақытта плаггердің қызметін атқарады, сондықтан оны цементтің перапикалды бөлігінен шығып кетпес үшін баяу енгізеді. Негізгі штифттен кейін қосымша штифтерді бүйірлеп нығыздап енгізеді.
Сонымен қатар апикалды тесіктің бітелуімен тубулярлы өзектерді обтурациялау техникасы жасалды. Бұл әдісте өзек арнайы жылы жұмсарған
3-кесте. Түбір өзегін кальций гидроксидімен үш айлық обтурациядан кейін қалыптаспаған тұрақты тістердің түбірлерінің түрлі күйіне әсер ету сызбасы.
Рентген көрінісі |
Клиникалық көрінісі |
Дәрігер тактикасы |
Түбір ұзына бойы өскен (апексогенез), ұшы қалыптаспаған, апикалды тесігі ашық |
Периодонттың қабыну белгілері жоқ |
Өзектен кальций гидроксидін алып тастау, шаю, кептіру, жаңа кальций гидроксидімен герметикалық ұзақ байламды қайтадан обтурациялау; 3-6 айдан кейін қайтадан бақылау |
Түбірдің қалыптасуының аяқталуы (түбір ұзындығы қалыпты, ұшы қалыптасқан, апикалды тесігі жабық) |
Периодонттың қабыну белгілері жоқ |
Кальций гидроксидін өзектен алып тастау және оны дәстүрлі әдіспен тұрықты обтурациялау |
Түбір өсуі бақыланбайды (ұзындығы өспейді), түбір ұшында рентгенайқынды көпіршік бақыланады (түбір ұшы жабық) |
Кальций гидроксидін алып тастағаннан кейін апикалды аймақты зондтағаннан кейін зонд файлымен пенетрленбейтін тығыз тін анықталады |
Тубулярлы өзектерді обтурациялайтын әдістердің біреуімен өзекті тұрақты обтурациялау |
Түбір өсуі бақыланбайды (ұзындығы өспейді), түбір ұшында рентгенайқынды көпіршік бақыланады (түбір ұшы жабық) |
Кальций гидроксидін алып тастағаннан кейін апикалды аймақты зондтағаннан кейін зонд файлымен пенетрленетін аса тығыз емес тін анықталады |
Өзекті шаю, кептіру, жаңа кальций гидроксидімен герметикалық ұзақ байламды қайтадан обтурациялау; 3-6 айдан кейін қайтадан бақылау |
Түбір өсуі бақыланбайды (ұзындығы өспейді), ұшы қалыптаспаған, апикалды тесігі ашық, периодонттың созылмалы қабынуының белгілері жоқ |
Периодонттың қабыну белгілері жоқ |
3 айдан кейін қайталап бақылау (уақытша пломбаның герметикасы сақталғанда және асқыну болмағанда) |
Түбір өсуі бақыланбайды (ұзындығы өспейді), ұшы қалыптаспаған, апикалды тесігі ашық, сүйекте гранулемалы не гранулематозды периодонтитке сәйкес келетін кесу ошағы байқалады, |
Созылмалы периодонт қабыну белгілері бар |
Өзектен кальций гидроксидін алып тастау, оны аспаптық және медикаментозды өңдеу (натрий гипохлоритімен шаюды қосқанда), жаңа кальций гидроксидімен герметикалық ұзақ байламды қайтадан обтурациялау; 3-6 айдан кейін қайтадан бақылау |
гуттаперча штифтімен (силерді қолданғанда) бітеледі. Гуттаперча суығаннан кейін плаггер қыздырылады және өзек толғанша дейін нығыздалады.
Мұндай өзектерді обтурациялау үшін Thermafil жүйесін де қолданады.