Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uchebnoe_posobie_endodontia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
78.86 Кб
Скачать

Әр типті құрал-жабдықтар.

Түбірлік рашпиль (rat-tail-file, rasp) – жоғарыдан қараңыздар.

U-файл. Жұмысшы бөлігінің кесіндісінде 3 U-тәрізді науашығы бар ротациялық аспап. Бұл науашықтар сыртында өзек қабырғасымен сырғанайтын тегіс сызықтар(радиальды) түзеді, ол аспаптың сынуын және өзекте тұрып қалуын болдырмайды. ISO-да жоқ. U-файлдың модификациясы – Profile 04 Taper Series 29 Rotary Instruments (Tulsa Dental Product, АҚШ). Никель-титан қортпасынан дайындалған. Бұл сериядағы аспаптың ұшына радиальды сызықтар толқынды түрде өтеді. Әрбір аспатың ұшының диаметрі келесіден 29% ажыратылады. Бұл түбір өзегінің диаметрін біркелкі кеңейтуге мүмкіндік береді. Аспап диаметрінің 1 мм ұзындыққа кеңеюі – 0,02, 0,04 және 0,06 мм. Аспаптардың мөлшері ISO стандартынан өзгеше(7ж-сурет).

Кескіш эндодонтиялық аспаптардың қозушылығын төмендету мақсатында азайтылған қолданыстағы аудан түрлері жасалды.

Heliapical file типті файл(ағыл. helix гр. helikos – спираль, винтті сызық, лат.apex – ұшы). Ұшының кесу бөлігінің ұзындығы 4-5 мм файл.

Апикалды К-ример – тек ұшында бірнеше айналымдары(3-4 мм) бар аспап. Апикалды ұстап-тұрушы формасын егеуге арналған. ISO-да жоқ. Ұзындығы – 25 мм, мөлшері – 20-70.

Canal master римері. Ұзындығы 1-2 мм ұшы өткір емес ұзын иілгіш тегіс өзегі – ұзындығы 0,75 мм өткізгіші бар ример. U-типті canal master де бар. Бұл аспап 60° сағат бойымен айналғанда тиімді. Кемшілігі - сыну дәрежесі салыстырмалы түрде жоғары.

Флексогейт(flexogate). Иілгіштігі жоғары қол аспабы. Ол ұшында шамамен бір айналымы бар тегіс иілгіш өзектен және пішіні Gates-Glidden типті борға ұқсайтын жұмысшы бөлігінен тұрады. Өзек сабымен төмен дәрежеде байланысқандықтан, аспап нақты осы аймақта сынады және оны алып шығу қиынға соқпайды. Аспап апикалды егеуге арналған. Мөлшерлері – 25-50.

Түбір өзектерінде жұмыс істеуге арналған ұштықтар.

Эндодонтияда жұмыс істейтін ұштықтардың 3 түрі бар:

1 – ротациялық (16:1, 300-800 айн/мин). Мұндай жұмыс режиміндегі ұштықтарда Gates Glidden типті боры, Peeso, 1 және 2 Beutelrock римерлері, Canal master, профайлдар өзектолтырғыштар қолданылады. Сонымен қатар ұшы орталықтанбаған арнайы файлдар да қолданады. Жылдамдықты арнайы құрылған редуктор немесе микромотор және редутор көмегімен азайтуға болады. Осы режимде жұмыс істейтін кейбір ұштықтар жасыл сақинамен белгіленеді;

2 – қайталама-ілгерілмелі қозғалысты (сағат тілімен және сағат тіліне қарсы) 90°-қа. Бұл типті ұштықтар сары түспен белгіленеді;

3 – вертикалды қозғалысты жоғары-төмен 0,3-1,0 мм жиілікте; бұл ұштықтар әдетте екінші және үшінші типтің қозғалысын біріктіріп жұмыс жасайды(11-сурет).

1-топқа NiTiMatic(АҚШ), MM10E(Франция) ұштықтарын жатқызуға болады.

2-топқа Gitromatic(1964 ж. шығарылған), Endo-Cursor(қол аспаптарын ұстап тұрады) ұштықтары, Endo-Lift(Kerr) ұштығы (вертикалды қозғалысты қамтамасыз етеді). Gitromatic ұштығы оған арналған аспаптарымен қолданылады: Giro-pointer (өзек сағасын кеңейтуге арналған – orifice opener ұзындығы 16 мм), Giro-broach (түбір рашпиліне ұқсас аспап), Giro-file (Н-файл конфигурациясы бар), Giro-reamer (ример), Heligirofile (көлденең кесіндісінде үш кесу қыры бар аспап).

3-топқа Canal Leader жүйесі бойынша жұмыс істейтін ұштықтар кіреді: Canal Leader Т-1 «Титан» (Siemens) және Canal Leader 2000 (SET Германия). Бұл ұштықтар сағат тілімен және сағат тіліне қарсы 90°-қа дейін қайталама-ілгерілмелі қозғалыстар және вертикалды жоғары-төмен 0,4-0,8 мм жиілікті қозғалыстар жасайды. Бұл қозғалыстар микромотор жылдамдығына және түбір өзегіндегі қарсылыққа байланысты. Бұл ұштықтар өздерінің арнайы аспаптарымен К- және Н-файлдармен қолданылады. Бұл топқа өзекті іздейтін жүйе(Canal finder system, SET, Франция) де жатады. Ол 0,3-1,0 мм жиіліктегі вертикалды қозғалысты және сағат тілімен, сағат тіліне қарсы бос айналымды қамтамасыз етеді. Ұштыққа көп қысым түскенде вертикалды қозғалыс азаяды немесе жойылады, ал бос ротация аспап ұшына сыналанулар аймағынан кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар осыған арнайы дайындалған Canal master және Н-файл қолданылады.

W&H-Excalibur ұштығын ерекше атап кетсек болады. Ол 20000-25000 айн/мин жылдамдықта кездейсоқ латералды вибрациялы қозғалысты қамтамасыз етеді. Модифицирленген К-файлдармен қолданылады.

Кейбір эндодонтиялық ұштықтар бір мезетте сәулелік және дыбыстық апекслокация режимінде жұмыс істейді (Tri Auto ZX ұштығы, J.Morita фирмасы, Япония).

Түбір өзектерін өңдеуге арналған діріл жүйелеріне түбір өзектерін дыбыстық (1500-6500 Гц жиілікті) және ультрадыбыстық (20000-30000 Гц жиілікті) өңдеуге арналған ұштықтар жатады. Ауытқу қозғалыстарының берілулері барлық бағытта жүреді. Дыбыстық ауытқуларда вертикалды (100мкм жиілікті) және горизонталды (1мм-ге дейін жиілікті, 12-сурет) қозғалыстары жүреді. Түбір өзгектерін өңдеуге арналған жайылмалы дыбыстық ауытқу жүйелеріне Sonic air 1500 және MicroMega, сонымен қатар Endostar жүйесі жатады. Мұндай жүйелер арнайы Helisonic (немесе Trio Sonic, немесе Triocut) аспаптарымен қолданылады. Ол К- және Н-файлға ұқсас аспап, Rispiosonic және Shaper(Sonic) – түбір рашпиліне ұқсас аспап, оның ішінде Shaper ірі және қатты тісшелері бар (13-сурет).

Ультрадыбыстық ауытқудың генерациясы екі әдіспен жүреді: магнитострикциялы және пьезоэлектрлік. Бірінші әдісте үнемі сулы мұздату – ирригатор (NaOCl) керек. Екінші әдіс қарапайым болып келеді. Әдетте екі типті файл қолданылады – К-файл және алмазбен қапталған әрі қауіпсіз файл (өзектің тік бөлігінде қолданылады). Жұмыс алдында өзекті 20-мөлшерге дейін кеңейтіп аламыз. Келесі дыбыстық өңдеу үшін 1 мөлшерге кішкентай аспапты таңдаймыз. Эндодонтиялық жұмыс кезінде басқа да аспатар және аксесуарлар кеңінен қолданылады. Оларға стандартты мөлшерлі қағаз сорушы штифтер, инелерді және штифтерді ұстайтын көлденең науашығы бар эндодонтиялық пинцеттер, сақиналары бар қауіпсіз сымдар және аспаптың дәрігер қолында тұрақтануы үшін сақтандырушы жіптер, эндодонтиялық аспатарға арналған шектеуіштер – іші силиконды не болат сымды. Шектеуіштерді кигізуге арналған және белгелі қашықтықта ұшынан орналасуы үшін арнайы диспенсер құрылымдары бар. Сонымен қатар аспаптың жұмысшы бөлігін өлшеуге және белгілеуге арналған көптеген құрылымдар бар - стерилизациланған сызғыштардан бастап арнайы көп функционалды эндоблоктарға дейін(14-сурет). Дәрігер қолына кигізілетін өлшегіш құралдар дайындалды(15-сурет). Сонымен қатар аспапты алдын-ала иілдіретін(16-сурет), түбір өзегін шаятын, жұмыс кезінде аспаптарды орнын ауыстыратын(17-сурет), аспаптарды сақтайтын және стерилизациялайтын құрылғылар да бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]