Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_dayyn_faynal.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.66 Кб
Скачать

104. Қр Конституциялық Кеңестің негізгі қызметіне не жатады

«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі.» Н. Назарбаев

Конс¬титуциялық Кеңес туралы Конституциялық заңның 1-ба¬бының 1-тармағына сәйкес Конституциялық Кеңестің не¬гізгі қызметі республиканың бүкіл аймағында Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады.

Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

Конституциялық Кеңес:

• Республика Президентінің сайлауы;

• Парламент депуттарының сайлауы;

• Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Конституциялық Кеңес:

• Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;

• Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес:

Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

• Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.

Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады

105. Қылмыстың санаттарына жатпайды:

Қылмыс санаттары – әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай қылмыстардың жіктелуі.

10-бап. Қылмыс санаттары

1. Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.

2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

106. Қылмысты болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз:

101 сұрақтың жауабын қара.

107. Халық мәслихаттарды қандай мерзімге сайлайды?

VIII бөлім

ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ

86-бап

2. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды.

108. Жеке еңбек шарты дегеніміз:

Жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм, ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісiмiнде көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытында және толық көлемiнде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi;

Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім.Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.

Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады.Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.

Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.

109. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны қалай деп таниды?

109. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны қалай деп таниды?

28-бап. Азаматты хабар-ошарсыз кеттiдеп тану

1. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тануы мүмкiн.

2. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi, ал бұл айды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда келесi жылғы бiрiншi қаңтар хабар-ошарсыз кетудiң басталған күнiдеп есептеледi

110. Мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн заңды тұлғаның түрін көрсет?

34-бап. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (осы Кодекстiң 110-бабы).

5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.

111. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi қалай аталады?

43-бап. Филиалдар мен өкiлдiктер

1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады.

2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.

3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлкi берiледi және оның бекiткен ережелерi негiзiнде жұмыс iстейдi.

4. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалдары немесе өкiлдiктерi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.

Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.

Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдарды мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлға уәкiлдiк берген орган тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi.

112. Қозғалатын мүлiкке нені жатқызасыз?

117-бап. Қозғалмайтын және қозғалатын мүлiк

1. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.

2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.

3. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi

113. Рақымшылық жасау туралы актiнi кім шығарады:

76-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату

1. Рақымшылық жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде Қазақстан Республикасының Парламентi шығарады.

2. Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн, не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн.Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.

3. Белгiлi бiр жеке адамға ол жөнiнде айыптау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда кешiрiм жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Президентi шығарады.

4. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан әрi өтеуден босатылуы мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. Жазасын өтеген адамнан кешiрiм жасау актiсiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.

114. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне жатпайды:

А) қоғамдық қауіптілігі; B) құқыққа қарсылығы;

С) кінәлігі; D) бас еркінен айыру;

Заң әдебиеттерінде құқық бұзушылықтың мынадай 4 белгілері туралы айтылады:

1) құқыққа қарсылығы - Әрекет – бұл белсенді мінез-құлық (тәртіп) актісі (адамды, жала жабу, зорлау, ҚР Конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру, т.с.с., яғни тыйым салынған құқықты бұзу). Әрекетсіздік - бұл қызмет бабында немесе өзге де жағдайларды орындауға тиісті міндеттерді орындамау (науқасқа көмек көрсетпеу, кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі, жұмысқа дәлелсіз себептермен шықпай қалуы, салақтық, қызметке селқос қарау т.б.)

2) кінәлігі - бұл жасалынған құқық бұзушылыққа субъектінің психикалық көзқарасы, көңіл күйі;

3) қоғамдық қауіптілігі – бұл мынадан көрінеді: құқық бұзушылық жасаған кезде тұлғаның қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіруінен;

4) жазаланатындығы – қандай да болмасын құқық бұзушылық заңдарда белгіленген жауапкершілікке тартылуы тиістілігі.

115. Азаматтық құқық қабілеттілігі:

Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі.Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді.Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.

116. Мәслихат қызметі

Мәслихат — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган.Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:

• аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;

• қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;

• әкім ұсынған әкімшілік — аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;

• әкімнің ұсынысы бойынша әкиматтың жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;

• атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;

• ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;

• ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;

• жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау;

• мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін тыңдау;

• халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;

• ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша акимат жанынан консультативтік-кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;

• ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

• ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу

117. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот кім деп таниды?

26-бап. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тану

1. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi.

2. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмiлелердi оның қорғаншысы жасайды. қараңыз.K090193

3. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуiр жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабiлеттiлiгi бар деп таниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.

118. Демалыс уақыты түрлері?

Демалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт.

Демалыс уақытының түрлері

1. жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) — демалыс және тамақтану үзілісі; ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;

2. күнделікті демалыс (ауысымаралық);

3. демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);

4. мейрам күндері;

5. еңбек демалыстары

119. Президеттік республиканың белгісін көрсетіңіз:

1) Президенттік республика – бұл мемлекеттік өмірді ұйымдастырудағы басты рөл Президенттің қолында болатын басқару нысаны.

Президенттік республиканың белгілері:

- Президентті тікелей халық сайлауы;

- Үкіметті Президент құруы;

- Үкімет Парламент алдында емес, Президенттің алдында жауапты болуы;

- Парламенттік республикаға қарағанда мемлекет басшының өкілеттігінің кең болуы.

Кей мемлекетте мемлекет басшысы және үкімет басшысы лауазымын бір адам (АҚШ), ал кейбір мемлекетте екі адам иеленеді (Қазақстан).

120. Құқықтық мемлекеттің белгілері

Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары мен қасиеттері

Қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың артықшылығы (үстем болуы)

Адам және азаматтың негізгі құқықтары және бостандықтарының кепілдік берілетін қатары

Мемлекет және жеке адамның өз ара жауапкершілігі

Мемлекеттік билікті билікті бөлу қағидатына сәйкес жузеге асыру

Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы

Құқықтық мемлекет – көпшілік-саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивидтермен құқық субъектісі ретіндегі оның қарым-қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарылығы, құқықтың шындығы және индивидтердің еркіндігі, биліктің бөліну принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.

Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:

- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;

- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;

- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;

- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;

- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;

- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:

Заң — мемлекеттің ақылы.

Сот — мемлекеттің жүрегі.

Мәдениет — мемлекеттің тәртібі.

Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.

121. Меншіктің негізгі түрлерін атаңыз:

Шаруашылық тәжірбиесінде меншіктің әр түрлі формаларымен кездесуге болады. Бірақ олардың барлығы, меншіктің екі негізгі түрінің мәніне келіп тіреледі: жеке және қоғамдық: 1) Жеке меншік екі негізгі форманы қамтиды : азаматтардың өз меншігі және олармен жасалған заңгерлік меншігі (кәсіпорындардың, ұйымдар, мекемелердің). Қоғамдық меншік ¬ - а) мемлекеттік ¬ меншік

б) муниципалды меншік – ¬ қалалық және ауылдық меншік болып бөлінеді.

122. Мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында құрылатын ұйым?

123. Мемлекеттің пайда болу теориялары

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар:

-теологиялық теория- мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байл.(Ф. Аквинский)

-патриархалдық т.-мемл. Отбасының өсіп-өркендеуінен пайда болды деп түсіндіреді.(Аристотель,Фильмер)

-күштеу т.-мемл.ішкі ж/е сыртқы күштеу нәтижесінде пайда болды.(Дюринг, Гумплович)

-шарттық т.-мемл.қоғамдық шарт негізінде п.б(Гопс, Руссо, Гроцер, Радишев, Спиноза)

-психологиялық т.-мемл.адамзаттық ұйымдасқан қоғам, ұжымдық қарым-қатынас арасында өмір сүру жөнінде психологиялық қажеттілік нәтижесінде п.б (Петрожистский, Тарт)

-материалистік т.- мемл.п.б әлеуметтік-экономикалық факторлық жеке меншіктің пайда болуымен ж/е қоғамның таптарға бөлінуімен б.(Маркс, Ленин)

124. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны не деп жариялауы мүмкiн?

Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлі деп жариялауы мүмкiн.

125. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi қалай аталады?

Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкілдік деп аталады.

126. Азаматтық құқықтық қатынастардың тууына негіз болатын факторлар:

127. Премьер-министрдің қызметі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес атқарушы биліктің (Үкімет) басшысы. Атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды[1]. ПМ өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайлардаПарламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

1. Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді;

2. Үкімет қаулыларына қол қояды;

3. Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады;

4. Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.

Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді.

Республиканың Премьер-Министрі Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.

128. Заңның қабылдану процесі?

18-бап. Заңдарды қабылдау

1. Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда жобаны Сенат алған күннен бастап әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттiң қол қоюына берiледi.Тұтас алғанда Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады.Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылау және дауысқа салу үшiн берiледi.Сенат қайта қабылдамаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.

2. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданды деп саналады.Егер Мәжiлiс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат енгiзген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.

2-1. Мәжiлiс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа берiледi, онда алпыс күннен асырылмай қаралады.Сенат депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн iшiнде Республика Президентiне қол қоюға ұсынылады.Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжiлiс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жүзеге асырады.Қабылданбаған Конституциялық заң жобасы оның бастамашысына қайтарылады.

Сенат депутаттарының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен конституциялық заң жобасына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi.Егер Мәжiлiс депутаттардың кемiнде үштен екiсiнiң даусымен Сенат енгiзген өзгерiстермен және толықтырулармен келiссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледi.

Егер Мәжiлiс, Сенат енгiзген өзгерiстер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезiнде олармен депутаттардың кемiнде үштен екiсiнiң даусымен келiспесе, онда палаталар арасындағы келiспеушiлiктер келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.

3. Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағат өтпейiнше өткiзiлмейдi.Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады.Алайда Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды.

«Жыл» деген уақыт кезеңi деп осы тармаққа қатысты алғанда ағымдағы жылды (1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығы) түсiну керек.

Ескерту. 18-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2007.06.19.N 266 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 03.10.2013 № 133-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңдарымен.

19-бап. Республиканың заңдарын Республика Президентiне қол қоюға ұсыну

1. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.

2. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде Парламент Палаталарының әрқайсысы Төрағасының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе, Премьер-Министрдiң қолымен алдын ала бекемделiп, Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылады, ол Парламент Сенаты ұсынған заңға бiр ай iшiнде қол қояды, оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылау және дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңдарға қол қоюы үшiн берiлетiн бiр айлық мерзiм Қазақстан Республикасының Президентiзаңды алған күннен бастап есептеледi және келесi айдың тиiстi күнiнде (күн санында) аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келетiн болса, онда мерзiм осы айдың соңғы күнiнде аяқталады.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмнiң iшiнде қайтарылмаған заң қол қойылды деп саналады.

4. Егер Парламент сессиясы заңды Президенттiң қайтаруы ықтимал мерзiм бiткенше жабылған болса, Президент заңды Парламенттiң кезектi сессиясының алғашқы күнi қайтарады.

Ескерту. 19-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2007.06.19. N 266 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 03.10.2013 № 133-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңдарымен.

20-бап. Республика Парламентiнiң Республика Президентiнiң қарсылықтарын қарауы

1. Республика Президентiнiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қайта талқылау және дауысқа салу бiр ай мерзiм iшiнде өткiзiледi, бұл мерзiм қарсылықтар жiберiлген күннен басталады және келесi айдың тиiстi күнiнде (күн санында) аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келетiн болса, онда мерзiм осы айдың соңғы күнiнде аяқталады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 59-бабының 4-тармағында және 61-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр айлық мерзiм, егер ол уақыты жағынан Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағында белгiленген Парламент жұмысының сессия өтетiн кезеңiмен сәйкес келмейтiн болса, үзiледi.

Бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын бiлдiредi.

2. Республика Президентiнiң қарсылықтарымен қайтарылған заң немесе оның баптары Мәжiлiстiң тиiстi тұрақты комитетi қорытынды әзiрлегеннен кейiн Палатаның шешiм қабылдауы үшiн Мәжiлiстiң жалпы отырысына шығарылады.

Егер Мәжiлiс дауыс беру қорытындылары негiзiнде заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешiмдi растамайтын болса, онда Президент қарсылықтарын Парламент Палаталарының одан әрi қарауы тоқтатылады және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледi.

Егер Мәжiлiс Палата депутаттарының жалпы санының үштен екi көпшiлiк даусымен заң бойынша бұрын қабылданған шешiмдi растайтын болса, онда заң Президент қарсылықтарын қоса әрi қарай қарау үшiн Сенатқа берiледi.

Сенаттың тиiстi тұрақты комитетi қорытынды әзiрлегеннен кейiн заң немесе оның баптары Мемлекет басшысының қарсылықтарын қоса Сенаттың жалпы отырысына шығарылады. Егер Сенат дауыс беру қорытындылары негiзiнде заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешiмдiрастамайтын болса, онда заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледi.

Егер Сенат Палата депутаттарының жалпы санының үштен екi көпшiлiк даусымен заң бойынша бұрын қабылданған шешiмдi растайтын болса, онда Президенттiң заң бойынша қарсылығы еңсерiлдi деп есептеледi.Бұл жағдайда заң немесе тиiсiнше оның баптары Парламент бiрiншi рет қабылдаған редакциясында қабылданды деп есептеледi және Президент осы заңға ол қол қоюға ұсынылған кезден бастап бiр ай iшiнде қол қояды.

3. Қарсылықтарды Мәжiлiсте қарау барысында Республика Президентi депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, өзi қарсылықтарда ұсынған заңның тұтастай не оның тиiстi жекелеген баптарының редакциясын өзгертуге құқылы.

4. Парламент Палаталарының отырыстарында заң немесе оның жекелеген баптары қайтадан талқыланған және дауысқа салынған кезде дауысқа салу, егер Президенттiң қарсылықтары заңға тұтастай туындаған болса, - заң бойынша тұтас, не Республика Президентiнiң қарсылықтарын туғызған баптар бойынша өткiзiледi.

5. Егер Республика Президентiнiң қарсылықтары Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға енгiзiлген жағдайда, онда бұл қарсылықтар заңдарға қарсылықтарды қарау үшiн көзделген тәртiппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттiң конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң даусымен еңсередi.

129. Азаматтық қоғамның белгілері

- адам және азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету;

- өзін-өзі басқаруы;

- оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында болатын бәсекелестік;

- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы және көппікірлілік (плюрализм);

- бүкіл жалпылык хабардар болу және ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы;

- адамдардың тіршілік етуін қоғамның үйлестіруі (координация-келісімділік) қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппаратта қызмет ету субординация қағидатына қарай құрылған. Бұл қоғамдағы болмыстың ұйымдастырылуынан айырмашылығы);

- экономиканың көп құрылымдығы (көп укладтығы);

- биліктің легитимділік пен демократиялық сипатта болуы;

- құқықтық мемлекет;

- мемлекеттің адамдарға лайықты деңгейде өмір сүруіне қажетті жағдайды қамтамасыз ететін пәрменді әлеуметтік саясатының болуы және т.б.

130. Соттыңсотталғанадамғақоғамнаноқшауламайбіржылданбесжылғадейінгімерзімгемамандандырылғанорганныңқадағалауыменоныңтұрғылықтыжерібойыншаөтелетінжазаныңтүрі ?

Бас бостандығын шектеу

131. Субъектінің заң құжаттары арқылы бекітілетін және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы:

Меншік құқығы

132. Нормативті-құқықтық актілердің күшіне ену тәртібі?

26-бап. Нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу тәртібі

1. Нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу тәртібі нормативтік құқықтық актінің өзінде белгіленуі мүмкін.

2. Заңдарды, оның ішінде кодекстерді күшіне енгізу тәртібі заңдардың (кодекстердің) өзіне немесе жеке заңдармен белгіленеді

133. Азаматтарғанемесеұйымдарғашабуылжасаумақсатындатұрақтықарулытопқұру, солсияқтыосындайтоптыбасқару ?

Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару -мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады

134. Қылмыстық жазаны жеңілдететін мән-жайлар

Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән – жайлар деп танылады.

А) мән – жайлардың кездейсоқ тоғысу салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

Б) айыпкердің кәмілетке толмауы;

В) жүктілік;

Г) айыпкердің жас балалары облуы:

Д) қылмыс жағынан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдік зиянның орнын өз еркімен толтыру қылмыспен келтірілген зиянды жоюға юағытталған өзге де іс - әрекеттер;

Е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән – жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

Ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

З) қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығынығ шартын бұзу, аса қажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайда қылмыс жасау;

И) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

К) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшекерелуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүліктік іздеуге белсенді жәрдемдесу.

135. Орындаушылар, фонограммажасаушыларменэфирлікжәнекабельдікхабартаратуұйымдарыкімдерболыптабылады?

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi... Орындаушылар,фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектiлерi болып табылады

136. Жұмыс беруші 1) неке тіркелген; 2) бала туылған; 3) жақын туыстары қайтыс болған; 4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде қызметкердің жазбаша өтініші негізінде қанша күнге жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті?

Жұмыс беруші 1) неке тіркелген; 2) бала туылған; 3) жақын туыстары қайтыс болған; 4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде қызметкердің жазбаша өтініші негізінде 5 күнге жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

137. «Мемлекет» дегенұғымдыалғашретғылымғаенгізген:Макиавелли.

138. Қылмыс құрамы?

Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы элементтерден құралады.Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз.Қылмыс құрамының элементтері бұл — объект және объективті жағы, субъект және субъективтік жағы.

• Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс болғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабілеті бар адам болуы керек.

• Қылмыс объектісі — бұл қылмыстық іс-қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншіқ ұят, ар-абырой.

• Қылмыстың объективтік жағы — әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік мағынасындағы сыртқы көрінісі.

• Қылмыстың субъективтік жағы — бұл адамның өз іс-қылығына психикалық көзқарасы.Ол қасақаналық нысанында көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]