Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_dayyn_faynal.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.66 Кб
Скачать

68. Азаматтың әрекет қабілеттілігі:

Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Т.е. құқықтарға ие бола алуға қабілеті

69. Заңды тұлға дегеніміз кім?

Шаруашылық жүргізу меншік немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

70. Еншілес ұйым?

71. Республиканың Бас прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан йыратын кім?

Сенаттың ерекше қарауымен

72. Автор қайтыс болғаннан кейін авторлық құқықтың сақталу мерзімі: 70жыл

73. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттеріне кірмейді:

Құқықтары мен Міндеттері:

1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін, тұратын, болатын жерлерін және діни сенімін таңдауға ерікті.

3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.

4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

74. Мұра қалдырудың негізгі тәсілдері:

Өсиет және заң бойынша

75. Құқықтың объективті анықтамасы?

Объективті құқық – мемлекет белгілеген және қорғайиын жалпыға міндетті заң нормаларынң жиынтығы.

76. Құқықтың субъективті анықтамасы?

Cубъективті құқық – нақты субъектіге тиесілі құқықтар

77. Премьер-Министрді тағайындауына кім келісім береді?

ҚР Президент Парламент Мәжілісінің келісімімен

78. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиелеудің негіздері қалай аталады?

Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.

79. Адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленетін жазаның түрі?

Өлім жазасы

80. Сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн пайдалы жұмыстарды орындауынан тұратын, жазаны анықта?

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.Негізгі жаза. Қоғамдық жұмыстарға тарту

81. Демократиялық саяси режім (тәртіп):

) Саяси режим – бұл саяси билігі жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.Мемлекет теориясында “саяси режим” және “мемлекеттік режим” ұғымдары кездеседі.Осыған сәйкес, осы екі ұғымның арақатынасына байланысты бірқатар көзқарастар бар.Кей ғалымдардың айтуы бойынша бұл екі ұғым бір мағынаны білдіреді.Ал кей авторлардың айтуы бойынша мемлекеттік режим саяси режимге қарағанда тарлау.Өйткені мемлекеттік режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.Өз алдына саяси режимді тек мемлекет қана емес, сонымен қатар саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер де жүзеге атқарады.

Саяси режимді жүзеге асыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің ерекшелігіне байланысты ол екі түрге бөлінеді:

1) демократиялық;

2) антидемократиялық.

1) Демократияның екі түрі бар:

- либералды;

- консервативтік.

Либералды демократиялық режимде – тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары тұрып, мемлекет оны қорғайды.

Консервативтік демократиялық режимде – мемлекет көбінесе салт – дәстүрге сүйенеді.

82. Қазақстан Республикасындағы салық түрлеріне кірмейді:

Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды:

1. Салықтар:

1. Корпорациялық табыс салығы

2. Жеке табыс салығы

3. Қосылған құнға салынатын салық

4. Акциздер

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері

6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы

7. Әлеуметтік салық

8. Жер салығы

9. Көлік құралдарына салынатын салық

10. Мүлік салығы

11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі

83. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту

84. Қандай жаза үкiм шығару кезiнде он сегiз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүктi әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.

72-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен

жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектердiң

жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1. Сотталған жүктi әйелдердiң жазаны өтеуiн сот бiр жылға дейiн кейiнге қалдыруы мүмкiн. Жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектердiң жазасын орындауды сот бес жылға дейiн, бiрақ бала он төрт жасқа толғаннан асырмай кейiнге қалдыруы мүмкiн.Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектердiң жазаны өтеуi кейiнге қалдырылмайды.

2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса, немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталған адамды сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады.

3. Жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн немесе бала шетiнеген жағдайда не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған адамның мiнез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы, немесе сотталған адамды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

4. Егер сотталған адам жазаны өтеуден босату кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды.

85. Құқықтық мемлекеттің белгісіне жатпайды:

86. Құқықтың ерекше белгісіне кірмейді:

87. Қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылатын жұмыс түрі заңда қалай аталады?

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 210-бабының 1-тармағына сәйкес вахталық әдіс, қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

88. Менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет қалай жасалған қылмыс деп танылады?

Абайсызда жасалған қылмыс

89. Мұрагері жоқ мұра қалай аталады:

иесіз мүлік

90. Қылмыстық жазаның түрлері

39-бап. Жазаның түрлерi

1. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:

а) айыппұл салу;

б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) абақтыда ұстау;

з) алып тасталды - ҚР 2009.07.10 N 177-IV Заңымен;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

2. Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;

б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.

3. Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.

91. Түнгі уақыттағы жұмыстың сағатпен уақытын көрсетіңіз.

Түнгі уақыттағы жұмыс.22 сағаттан бастап таңғы сағат 6 – ға дейінгі уақыт болып есептеледі.

92. Некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ОТБАСЫ - ол некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

93. Дәлелді себептерге байланысты неке жасын қандай мерзімге төмендетуге болады:

АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады

94. Әдеби туындылар, драмалық және музыкалық-драмалық туындылар, хореография және пантомима туындылары, сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары, т.б. неге жатқызасыз?

Авторлық құқық объектiлерi болып келесі туындылар болып табылады: әдеби туындылар; драмалық және музикалық-драмалық туындылар; сценарий туындылары; хореография және пантомима туындылары; мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар; дыбыс-бейнежазу туындылары; кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары; қолданбалы өнер туындылары; сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар; карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар; ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; өзге де туындылар.

95. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік қалай аталады:

1. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.

96. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім:

97. Республика президентін 18 жасқа толған азаматтар жасырын дауыс беру арқылы қанша жылға сайлайды?

кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды

98. Кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, қандай жастағы балалармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін

99. Орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті:

Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық жәнежергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті.

100. Мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде алынатын, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер:

салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;

101. Қылмыстық жазаны болдырмайтын мән-жайлар

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар

1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;

в) жүктiлiк;

г) айыпкердiң жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;

з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында, жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктiiздеуге белсендi жәрдемдесу.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн.

3. Егер жеңiлдететiн мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзiмi немесе мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзiмiнiң нeмece мөлшерiнiң ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екiсiнен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен аспауға тиiс.

5. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің адамды кінәлі деп тануға негіз болған бабының санкциясында, осы баптың бірінші бөлігінің д) тармағында көзделген жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, жазаның әрқилы (балама) түрлері көзделсе, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

5-1. Егер осы Кодекстің 7-тарауында көзделген, сол бойынша адам кінәлі деп танылған баптың санкциясында жазаның әрқилы (балама) түрлері көзделсе, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке қылмыспен келтірілген мүліктік залал толық көлемде өз еркімен өтелген кезде бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 192-бабы екінші бөлігінің в) тармағында, 193-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 226-бабында, 226-1-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.

6. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі қолданылған істер бойынша, жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс.

102. Қылмыстың белгісіне жатпайды:

Қылмыстың белгілері:

1. Қоғамға қауіптілігі

2. Заңға қайшылығы

3. Айыптылығы

4. Жазаланатындығы

103. Қылмыс құрамына кірмейді:

Қылмыс құрамының элементтері

Элементтердің қажетті белгілері

Элементтердің факультативтік белгілері

Қылмыс объектісі

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар

Қосымшы об-ні құрайтын қоғамдық қатынастар, қылмыс заты

Қылмыстың объективтік жағы

Қоғамға қауіпті әрекет

Қоғамға қауіпті зардар, қылмыс жасаук тәсілі, уақыты орны, жағдайы, құралы, қаруы

Қылмыс субъектісі

Адам болуы, есі дұрыстық, белгілі жасқа толуы 16 жасқа

Арнайы суб-ні сипаттайтын белгілер: лауазымды адам, туыстық қатынасы бар адам, ҚР азаматы тб

Қылмыстың суб-тік жағы

Кінә (абайсыздық немесе қасақана) Кінә кез-келген қылмыстың суб-тік жағының негізі және міндетті белгісі.

Мотив, мақсат, эмоционалдық жағдай

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]