Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_dayyn_faynal.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.66 Кб
Скачать

Құқық негіздері

1. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға тағайындалатын отбасылық қатынастың түрпішіні:

2. Құқықтық тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз:

Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.

3. Республиканың негізгі ерекшелігін көрсетіңіз:

Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілген және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.

Парламенттік республикада:

- мемлекет басшысын парламент сайлайды немесе арнайы құрылған парламенттік топтармен сайланады;

- парламенттік республикада мемлекет басшысы билік басшыларын тағайындайды, заңдарды жаңартады, қарулы күштердің басшысы болып сайланады;

- билік басшысы болып президент тағайындалады;

- парламенттік негізгі функциясы заң шығару және қосымша билікке бақылау орнатады.

Президенттік республика кезінде:

- парламенттен тыс президенттің сайлануы және биліктің қалыптасуы;

- биліктің парламенттің алдында емес президенттің алдында жауапкершілігі;

- мемлекет басшысының билігі парламенттік республикадағы билікке қарағанда билігі кеңірек.

4. Қоғам құрлысы, мемлекет құрылымы, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне байланысты қоғамдық қатынастарды оқытатын құқық саласы:

Құқық негіздері

5. Демократиялық мемлекетке сәйкес емес қағидат:

Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер –министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.

6. ҚР Еңбек кодексі қашан қабылданды?

2007 жыл 25 сәуір

7. Спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматты сот кім деп тануы мүмкін?

8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне жатпайды:

Бұл сұрақта жауабын тест варинатынан іздейміз, а так:

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық

1. Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.

2. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкiмшiлiк жауапқа тартылуы да кiнәлi жеке адамды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды.

3. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.

9. Бұның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады сонымен қатар айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

10. Борышкердiң, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке тө¬ле¬нетін басқа да міндетті төлемдерді т.б. төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi басқаша қалай айтылады?

11. Азаматтың әрекет қабілеттілігі:

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік еті немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді.

12. Әрекет қабілеттілігінің түрлеріне жатпайды:

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарды ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады. Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымына толық құқықлы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азмат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие. Жасы кәмелетке толмағанжар келиірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе қамқоршысы өтеуге тиісті бөлігін, оның ата-анасы немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиын келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірілген зиынды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

13. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi

5-бап. Авторлық құқықтың қолданылу аясы

1. Осы Заңға сәйкес авторлық құқық:

1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.

2. Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейiнгi отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.

3. Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негiз болған iс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.

4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын туындының шыққан елiнде авторлық құқықтың осы елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан қоғам игiлiгiне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игiлiгiне айналмаса, туындыға қорғау берiледi.

14. Адамның саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары

Адамның әлеуметтік құқығы дегеніміз — адамдардың белгілі бір жағдайларда мемлекеттен материалдық игіліктер алуына мүмкіндіктер беретін олардың конституциялық құқықтарының жиынтығы.

Адамның саяси құқықтары - адамның мемлекеттің саяси және қоғамдық өміріне араласу мүмкіндіктері. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін азаматтардың арнайы органдарды ескертуі және занды сақтау мақсатында олардың бұйрықтарын орындауы шарт. Адамның саяси құқықтарына мыналар:

• адамның азаматтық алуға құқы;

• сайлау құқы;

• ар- ождан еркіндігі;

• ақпарат алуға құқы және т.б. жатады

15. Салықтардың алымдар, төлемдерден айырмашылығы?

Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше айырмашылықтарыбар, атап айтқанда:

1) Біріншіден, алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;

2) Екіншіден, салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беріледі. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, одан салық төлеуші төлеуіне айырбасқа ешнәрсе ала аклмайды, ал алдымен салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңда іс - әрекеттер жасайды;

3) Үшіншіден, алым бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, қашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;

4) Төртіншіден, салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс – шаралары қолданылады. Салық төлеуші алдымен ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жнерде тұлға алдымен өз еркімен төлейді.

16. Субъектінің заң құжаттары арқылы бекітілетін және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы:

Меншік құқығы

17. Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры нені құрайды?

Ұлттық қорды құрайды

18. Президент мерзімінен бұрын босаған, қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімге бірінші кімге көшеді?

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Вице-президент лауазымын қарастырған еді. Практика оның терістігін көрсеткендіктен, 1995 жылғы Конституция мұндай лауазымды қарастырмайды. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президенті-нің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді. Оның Парламентті таратуға, Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға, республикалық референдум тағайындауға, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы жоқ. Мұндай шектеудің мәні түсінікті: Президент міндетін атқарушы тарапынан мемлекеттік билікке зорлық жасалмауын көздейді. Өйткені, оны халық сай-лаған жоқ және ол халық атынан сөйлей алмайды.

19. Қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетiлу әдiстерi мен нысандарына қарамастан қандай құқықтар қолданылады?

Авторлық құқық

20. Мұра қалдырудың негізгі тәсілдері:

1. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.

2. Азамат өзiнiң барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ

заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.

3. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.

4. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.

5. Мұра қалдырушы кез келген мүлiк туралы өкiмдi қамтитын өсиет жасауға құқылы.

6. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.

7. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ.

21. 14 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға белшіленетін жаза түрлері: айыппұл, белгілі бір қызмет айналысуға тыйым салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзету жұмыстары, бас бостандығын шектеу, айыру; есі дұрыс емес деп танылғандарға: медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

22. Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уәде берген адам?

Көмектесуші.

23. Мемлекеттің белгілеріне қай белгі жатпайды:

Мемлекеттің белгілері

• мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

• мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

• мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

• мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

• мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

24. Әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкiм шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайтын жазаны көрсет.

Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолдануға болады деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

25. Билік бір адамның қолына шоғырландырылған басқарудың нысаны (түрпішіні):

Монархия

26. Өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ, ұсақ әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет:

Біртұтас мемлекет – өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік – аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет.

27. Алымдардың түрлері

Алымдардың түрлері:

1.Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркегені үшін алым.

2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

3.1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым(2005 жылдың 1қаңтардан)

4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6.Теңіз,өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6.1.Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым (2005 жылдың 1 қаңтардан)

7.Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8.Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8.1.Туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілеріне құқықтарды,туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лизензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым(2006 жылы 1 қаңтардан)

9.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

10.Аукционардан алынатын алым.

11.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

12.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені алым.

28. Тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қандай нысандағы қылмыс деп танылады?

Қасақана жасалған қылмыс.

29. Сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алуды не деп ойлайсыз?

Тәркілеу

30. Екi айдан екi жылға дейiн мерзiмге белгiленуі мүмкін және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтелетін жаза түрі.

Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейін мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.

31. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, сол сияқты осындай топты басқару қалай аталады?

Ұйымдастырушы (28 бап).

32. Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішінде орындалатын жұмыстар қалай аталады?

Маусымдық.

33. Қылмыс жасаған кезде кiсi өлтiргенi, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi, зорлағаны, адамды ұрлағаны, адамды кепiлге алуы, террористік актi туралы бiле тұра көрiнеу өтiрiк хабарлағаны, қару-жарақты, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны үшiн қанша жасқа толған адамдар да қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

14 жастан бастап

34. Мұрагер қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi қалай аталады:

35. Неке өзінің заңдық күшіне қай уақытта енеді:

ҚР «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес АХАТ бөлімдерінде қиылған соң заңдық күшіне енеді.Ол некені қиюға тілек білдірушілердің АХАТ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

36. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік қалай аталады:

Бірлескен ортақ меншігі

37. Отбасы туралы заңнамаларда қандай адам бала деп танылады:

Он сегіз жасқа толмаған адам бала деп танылады.

38. Жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы:

Несие.

39. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне зиян келтiре отырып пайдалану үшiн беру немесе жинау?

Отанына опасыздық жасау.

40. Орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті:

40.Бюджет

41. Сотталушыны колония-қонысқа жiберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегi түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаумен қандай жаза жүзеге асады?

48-бап. Бас бостандығынан айыру

1. Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жiберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегi түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.

42. Қазақстан Республикасындағы салық түрлеріне кірмейді:

Акциздар

Акциздарды төлеушілер болып акцизделетін тауарларды өндіретін немесе акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының территориясына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар табылады.

Жер салығы

Төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар.

Жеке табыс салығы

Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар.

Корпорациялық табыс салығы

Корпоративті табыс салығын төлейтіндер – жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары, ҚР-да тұрақты мекеме арқылы өз қызметтерін жүргізіп жатқан резидент емес заңды тұлғалар

қосымша құн салығы

ҚҰС дегеніміз – тауар (жұмыс, қызмет) өндірісі және айналымы процесінде қосылып, сатылған кезде салық салынатын айналымның бір бөлігін бюджетке төлеу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына тауарды импорттаған кезде төленетін төлем.

Көлік құралдарына салынатын салық

Төлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері

Жер қойнауын пайдалану амалдарын орындау бойынша салық салу іс-әрекеттері табыстан тыс пайдаға, арнайы төлемдерге, бонустарға, роялтиға және т.с.с. салық салу тәртібін орнатады.

Экспортталып жатқан мұнай, газды конденсат үшін ренталық салық

Мұны төлеушілер болып мұнай шикізатын, газды конденсатты экспортқа шығаратын жеке және заңды тұлғалар табылады, алайда бұлардың ішіне өнімді бөлісу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар кірмейді.

әлеуметтiк салық

Әлеуметтік салықты төлеушілер – заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар.

43. Қылмыстың белгісіне жатпайды:

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1. Қоғамға қауіптілігі

2. Заңға қайшылығы

3. Айыптылығы (кінәлілігі)

4. Жазаланатындығы

44. Қылмыстың санаттарына жатпайды:

Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:

- онша ауыр емес;

- ауырлығы орташа;

- ауыр;

- аса ауыр.

45. Қылмысқа қатысушылар қатарына жатпайды:

Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушідеп бөледі.

46. Қылмысты болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз:

47. Экономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындайтын мемлекеттік орган:

Қаржы полициясы

48. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі:

36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап

1. Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі.

2. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады.

3. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге осы Кодекстің нормалары, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.

4. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.

5. Жұмысқа қабылдау кезінде:

тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға;

орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға;

мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

49. Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар және бұл қосымша объектіні құрайтын қоғамдық қатынастар, қылмыс заты болуы мүмкін?

Қылмыстық объектісі - бұл қылмысты іс-әрекеттің неге бағытталғандығы.

Оған мемлекеттік құрылыс, меншік, азаматтың жеке басы, саяси, еңбек, мүліктік және басқа азаматтық құқықтары, қоғамдық тәртіп т.б. Мысалы, өлім кезінде қылмыстың объектісі басқа адамның өмірі, ұрлық кезінде мемлекеттік немесе жеке адамның меншігі.

50. 14 жастан 16 жасқа дейінгі жұмысшыға жұмыс уақытының қандай ұзақтығы белгіленеді?

14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күңдік жұмыс аптасында күніне 4 сағат-тан, ал 5 күндік жүмыс аптасына - 4 күн - 5 сағаттан, 1 күн -4 сағаттан;

51. Мерзiмнен тыс жұмысқа еңбек ақы:

52. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа еңбек ақы:

73-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарға, мереке және

демалыс күндерiндегi жұмыстарға ақы төлеу.

Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу

1. Мерзiмнен тыс жұмысқа ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.

2. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы екi еседен төмен болмайтын мөлшерде төленедi.

3. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға төленетiн өтемақы қызметкердiң тiлегi бойынша қосымша демалыс күнiмен ауыстырылуы мүмкiн.

4. Түнгi уақыттағы жұмыстың әрбiр сағатына ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.

53. Қылмыстық жазаның түрлерін көрсетіңіз:

39-бап. Жазаның түрлерi

1. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:

а) айыппұл салу;

б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

з) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

2. Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;

б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.

3. Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.

54. Төлемдер түрлері

55. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана қандай нысанында құрылуы мүмкiн?

тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

56. Абсолюттік монархияның белгісін көрсетіңіз:

Абсолюттік мо¬нар¬хия¬ның белгілері: монарх билігі Конс¬ти¬туция немесе заңдармен шектелмеген; Пар¬ламент жоқ немесе оның іс-қимылы барынша шек¬телген.

57. Қоғам құрылысы, мемлекет құрылымы, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне байланысты қоғамдық қатынастарды оқытатын құқық саласы:

Конституциялық құқық

58. Конституция бойынша мәжбүрлі еңбекке қандай жағдайларда жол беріледі?

59. Конституциялық Кеңес қанша мүшеден тұрады және өкілеттігі қанша жыл?

71-бап

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады.

60. Өлгендердiң мәйiттерiн қорлау не олар жерленген жерлердi, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсiмдер өткiзуге арналған зират үйлерiн жою, бүлдiру немесе аяққа басу қандай қылмысболып аталады?

Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстар

61. Әскери қызметшiлерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қандай жазалар тағайындалмайды?

Өлім жазасы

62. Адам мен азаматтың саяси құқығы, бостандықтарына жатпайды:

мемлекетті басқару ісіне араласу

63. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына кірмейді:

Бас еркінен айыру

64. Президент ҚР Ұлттық банк төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын кімнің келісімімен қызметке тағайындайды?

ҚР Президенті Парламент Сенат келісімімен

65. Әкімшілік жазалардың түрлері

1. ескерту жасау;

2. әкімшілік айппұл салу;

3. әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою;

4. әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;

5. арнаулы құқықтан айыру;

6. лицензиядан, арнаулы рұқсаттан айыру, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру , оның ішінде тізілімнен алып тастау ;

7. жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе тыйым салу;

8. заңсыз салынып жатқан

9. әкімшілік қамауға алу;

10. шеттелдік немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру;

66. Сот қызметінің принциптері

Сот қызметінің міндеттері мен принциптері:

1. Заңдылық

2. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы

3. Адамның құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау;

4. Жеке адамның ар намысы мен қадір қасиеті құрметтеу

5. Жеке өмірге қол сұғұшылық

6. Меншік қол сұғылмаушылық

7. Судьялардың тіуелсіздігі

8. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі

9. Сот ісін жүргізу тілі

10. Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы

11. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау

12. Куәлік жауап беру мәндетінен босату

13. Сотта қараудың жариялылығы

14. Сот актілерінің міндеттілігі

15. Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы

Заңды қолданған кезде судья төмендегi принциптердi басшылыққа алуға тиiс:

1) адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi;

2) бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды;

3) өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды;

4) сотта әркiм өз сөзiн тыңдатуға құқылы;

5) жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады;

6) айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес;

7) ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес;

8) адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады;

9) заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке мойындауы негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес;

10) Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берiлмейдi.

67. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне жатпайды:

Субъектілері: Құқық қабілеттілік,(since birth- till death) Әрекет қабілеттілік,(18 жас) Деликто қабілеттілік(16жас)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]