
- •7. Тақырып. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •8. Тақырып. Саяси элита және саяси топ бастаушылық
- •9. Тақырып. Адам және саясат
- •10 Тақырып. Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер
- •11 Тақырып. Саяси идеология
- •12 Тақырып. Саяси мәдиниет және саяси әлеметтену
- •13 Тақырып. Саяси шиеленіс пен саяси процесс
- •14 Тақырып. Саяси процесс және саяси бейімделу
- •15 Тақырып. Әлемдік саясат
14 Тақырып. Саяси процесс және саяси бейімделу
15 Тақырып. Әлемдік саясат
Әлемдік саясат қазіргі саясаттану ғылымының манызды бөлігі. Қазіргі халықаралық қатынастар теориясында түрлі бағыттар қалыптасты. Алғашқы бағыт саяси идеализм мен саяси реализм төңерегінде болды. Саяси идеализм бағытын ұстанышулар мемлекеттік дау жан-жалды күш қолданбай бейбіт түрде құқықтық және моралдік қағидаларға сүйене шешуді ұсынды. Соның ішінде халықаралық ұжымдар, қоғамдық пікір, ұжымдық қаупсіздікке аса қатты мен берді. Бұл бағыттың нәтижесі АҚШ президенті В.Вильсонның белсенділігі арқасында құралған Ұллтар Лигасы болды. Саяси реализм бағыстарын Н.Макиавелли мен Т.Гоббстан алады. Халықаралық аренада мемлекеттердің таласы ылғи жүріп отырды, сол арқылы әр мемлекет өз ықпалын күшейтуге тырысты. Американдық саясаттанушы Г.Моргентаудың пікірінше, сыртқы саясат күшке сүйенген ұлттық мүдде болуы қажет. Саяси реализмге оппонент ретінде 1950 жылдары модернизм бағыты қалыптасты. Американдық саясаттанушы Дж.Розенау сыртқы саясатқа әсер еттетін бес факторді келтіреді: 1) жеке адамдар факторы (жеке адамның қасиеттері); 2) рөлдік факторлар (жеке адамдардың қасиеті емес. Олардың ресми дәжересіне қарай атқаратын ролдері); 3) өкіметтік факторлер; 4) қоғам құндылықтары, экономиканың даму деңгейі; 5) «жүйелі өзгергіштер», яғни сыртқы жағдай мен халықаралық жүйенің ықпалымен мемлекет лидерлерінің таңдауларының өзгеріп тұратандағы. 1970-ж. аяғында транснационализм концепциясы өмірге келді. Мемлекет экономикалық, саяси, әлеуметтік қатынастардың қарқынды даму кезеңінде өзінің саясаттағы монополді жағдайынан айырылады. Оның орнына транционалды компаниялар, өкіметтік емес ұжымдар, жеке қалалар, өндірістік, саудалық басқа да мекемелер, жеке индивидтер келеді. Мемлекеттер арасындағы дәстүрлі саяси, экономикалық, әскери қатынастарға түрлі қатынастар қосылады. Олар діни, кәсіби, профсоюздар, іскер қатынастары. Кейбір жағдайда бұлардың рөлдері мемлекеттікемен теңеледі. Транснационализмді қолдаушылар әлемдік саясаттың өзгеруін талап етеді. Олардың ұсыныстары бойынша жеке мемлекеттердің іс-әрекеттерінің орнына жаһандық және регионалдық мекемелер, ресми және бейресми келісім-шарттар жүйесі, халықаралық пікірлердің рөлі артуы тиіс. Халықаралық қатынастағы күшпен мәселені шешудің рөллінің төмендеүіне және керісінше қайсібір мемлекет болмасын оның басқа мемлекеттер мен елменен өзара байланыстарының артуы. Осындай жағдайда кішітірім мемлекеттердің де мүмкіншіліктерінің өсүі қанат жаяды. Осыған байланысты тенденциялар. Бірінші тенденция, транспорт пен көпшілік коммуникациясының дамуымен байланысты. Екінші тенденция дамып келе жатқан елдердегі модернизация, урбанизация және коммуникацияның дамуымен байланысты. Үшінші тенденция биліктің бөлінүі және де оның кішігірім мемлекеттердің пайдасына шешілүі. Төртінші тенденция дамыған жетекші мемлекеттердің қоршаған ортаны бақылай алмайтындығы. 1970 жылдарда дәстүрі реализм неореализм болып өзгерді. Бұл К.Уолтцтың «Халықаралық саясат теориясы» еңбегінің шығуымен байланысты. Бұл бағыт бойынша мемлекеттердің іс-әрекеттері халықаралық қатынастардың құралымына байланысты. Бұл ұжымдарда халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес акторлердің рөлі басым. Халақаралық саясаттың теориялары негізінен әлемдің биполярлық кезеңінде жасалған. Қазіргі кезеңде жаңа теориялар қажет болуда. Осыған байланысты американдық Ф.Фукуяманың «Тарихтың соны» атты еңбегінде, енді дау жан-жалдар құрдымға кетті, мүлдем болмайды деген тұжырым жасайды. С.Хандингтон «Өркениеттер қақтығысы» атты еңбегінде ендігі жердегі қақтығыстар өркениеттер негізінде болады дейді. Бұл жерде діннің рөлінің артуы, өркениеттегі айырмашылықтардың тұрақтылығы, экономикалық регионализмнің күшеюін келтіреді. Осыған байланысты С.Хантингтон Батыс пен Батыс емес өркениеттің арасындағы дау жан-жалдың болатын айтады. Оның болжауынша Батысқа қауіп Қытай мен Иран және тағы да басқа араб және ислам мемлекеттерінен төнеді. Зб.Бзежинский «Бақылаусыз ХХ ғасыр табалдырығы алдындағы глобалды тәртіпсіздік» атты еңбегінде, негізгі қауіп Ресейдің империялық саясатты қайтадан жалғастыруынан туындайды деген тұжырым жасайды.