
- •7. Тақырып. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •8. Тақырып. Саяси элита және саяси топ бастаушылық
- •9. Тақырып. Адам және саясат
- •10 Тақырып. Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер
- •11 Тақырып. Саяси идеология
- •12 Тақырып. Саяси мәдиниет және саяси әлеметтену
- •13 Тақырып. Саяси шиеленіс пен саяси процесс
- •14 Тақырып. Саяси процесс және саяси бейімделу
- •15 Тақырып. Әлемдік саясат
13 Тақырып. Саяси шиеленіс пен саяси процесс
Саяси субъектлердің арақатынасында саяси жанжал туғызатын жағдайларда да ішкі элемент ретінде саяси прцесте жүреді. Көптеген саясаттанушылар жанжалды билікке тән феномен ден қарастырады. Себебі билік қарсыластықпен, зорлау, санкциялармен және тағы да сол сияқты негативті мәселелерді өзінің қызметін атқару кезінде жүргізіп отырады. Жанжал тудырдың екі қабаты болады: жоғарғы яғни әлеуметтік-экономикалық, саяси параметрмен байланысты, төменгі – құндылықтар мен дәстүрлердің келіспеушілігінен туындайды. Нақты өмірде бұл екі қабаттағы себептер бір бірімен іштей араласта болады. Мысалы, этникалық дау жан-жалдар міндетті түрде әлеуметтік-экономикалық факторлармен қосылып саяси жан-жолға ұлысады. Әрине мәдениеттінің де этикалық тарихи элементтері де жан-жол тұғызуы мүмкін. Ұлттардың этникалық сана сезімдерінің өсүі тарихта кезінде болған зорлық пен зомбалықтың салдарын шешүге бағытталса, оған қарсы сол саясатты жүргізген нәтижелері ондай өзгеріске қарсы турады. Мысалы кезіндегі патшалық Ресей, онан кейін кеңестік қызыл империяның қазақ мәдениетсіз деп айқындауы егеменділік алғаннан соң қазақ ұлтының фактілерге негіздеген дәлелі арқылы (археологияның көне жазбалық, зергерлік жіне т.б.) өз дәрежесіне қайтару процес жүрүіне бұрынғы отарлық саясат жүргезген этностардың қарсылықтарын тудырды. Этникалық жан-жалдар қоғамды модернизациялау кезінде де туындауы мүмкін. Бұндай кезде жаңа процестер бұрынғы қалыптасқан дәстүрлер, мәдениет, әлеуметтік құралымдармен санаспаған жағдай жан-жалға алып келеді. Осының дәлелі қазіргі кездегі кейбір дамыған елдердегі жетістіктерді жергілікті ерекшеліктермен санаспай енгізу кезінде туындауы мүмкін. Саяси дау-жанжалдың типологиясы түрлі негіздерге қарай бөлінеүі: аумағына қарай-ішкі және сыртқы; нормативтік реттеудің сипатына сай-институционалдырылған; уақытына байланысты – тез, орта-көпке созылған; көпшіліктікке байланысты – көрінетін және латентті (жасырын). Латент дау-жанжал арқылы осы прцестің өтетін фазыларын айқындауға болады: Бірінші кезеңде әлеуметтік шиеленістің белгілері көріне бастайды: эмоционалдық белгілер, агресивті іс-әрекеттер және т.б. Екінші кезеңде, саяси текетұрыс институционалды дәрежеге кәтеріледі. Бұл кезеңде жан-жал субъектілері өз жағдайын талдауға кіріседі, айқындайды. Бұл кезде оппоненттердің бірітуі негізінде қарама қарсылық айқындалып, пікірлер нақты күш дережесіне көтеріледі. Үшінші кезеңде ашық қарама-қарсылық басталады. Мұндай жағдайда олардың субъектілері саяси партиялер, қозғаластар болады. Міне осы кезеңде билік еш әрекет жасамаса дау жан-жал саяси деңгейіге жетеді. Алдыңға қатарға күшпен мәселені шешу қойылады. Саяси дау жанжалдарды шешу жолдары. Бұндай технологиялер мақсатқа жетудің тездеп, локалды, уақытша, терең, көп уақытқа созылу сценарияларын қарастырады.
Дау жанжалдық жағдайды шешудің екі түрі: 1) рационалдық; 2) деструктивтік. Рационалдық шешу міндетті түрде келісіммен айақталады. Деструктивті дау жан-жал келесі фазалардан өтеді: бастылуы, өсүі, екі жақтың бір-біріне жау ретінде қарауы, күш қолдану. Дау жан-жалды шешудің төрт нұсқалары болуы мүмкін: 1) күш қолдану; 2) қарсыласты ыңғайсыз жағдайға қою; 3) жағдайдың қолайлы болуын күтү; 4) серіктестік стратегиясы. Дау жан-жалды демократиялық бақылау келесі іс-әрекетті қажет етеді: 1) нақты жағдай туралы мәсіметпен алмасу: мүдделері, істемек ойлары; 2) күш қолданудан сақтану, оны болдармау; 3) дау жан-жалды шиеленістіретін іс-әрекетке моратория жариялау; 4) объективті, сенімді арбитрлер тарту; 5) екі жақта жақындастыратын заңдар, әкімшілік немесе басқа да ресурстарды іске қосу; 6) сенімді келісімдікке жағдай жасау.