
- •7. Тақырып. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •8. Тақырып. Саяси элита және саяси топ бастаушылық
- •9. Тақырып. Адам және саясат
- •10 Тақырып. Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер
- •11 Тақырып. Саяси идеология
- •12 Тақырып. Саяси мәдиниет және саяси әлеметтену
- •13 Тақырып. Саяси шиеленіс пен саяси процесс
- •14 Тақырып. Саяси процесс және саяси бейімделу
- •15 Тақырып. Әлемдік саясат
1-ші тақырып. Саясаттану ғылымы
Саясаттанудың өмірге келү шарттарының бастамасы Ежелгі гректердің полисімен тікелей байланысты. Полис дегеніміз сол кездегі мемлекеттік - қаламір. Осы полистің ішкі және сыртқы өмірін реттуді гректер жиылып талдыға салып даусқа салу арқылы іске асырып отырған. Қаланың мәселесі сол кезде мемлекеттік мәселе болып табылатын, сондықтан қарастырылатын мәселелер мемлекеттік деңгейне көтерелетін. Саясат туралы ілім бір күнде өмірге келмегені де ақиқат.Ілімнің шығу бастауын қарастырсаң оның реттеліп бірінің соңынан бірі келетін саяси тәжібирені игерген үш кезіңді аңғарамыз. 1. Күнделікті саяси тәжірибені қорытатын қарапаиым, күнделікті білім. 2. Келесі кезең - ол саяси ілімдер кезеңі. Саяси ілімдер көптеген мақсат пен мүддеге байланысты болады. Оларды әр түрлі салады қызмет еткен ойшылдар, ғалымдар, билік басындығылар құрастырған , тудырған саясаттағы ілімдер. Олардаң іс-әрекетінің нәтижесінде мифологиялық көзқарастан догматикалық білімге ауысуға мүмкіндік туындады. Осының арқасында саясат туралы білімнің дәрежесі, сапасы өсті. Үшінші кезеңнің қалыптасуы саясаттың ішкі мәні мен логикасын ашуға байланысты қалыптасқан сыни білім. Бұл кезеңге үлкен улес қосқандар Жанғыру дәүіріндегі гуманистер. Ең алдымен Макиавелли. Олар догмаларға қарсы тәжірибедегені қоя білді. Міне осылай саясат ғылымның яғни саясаттанудың алғышарттары қалыптасты. Саясаттанудың объектісі көпжақты көрініс табатын нақты саясаттың өзі. Солай бола тұрғанмен ғылыми білім догматикалық және күнделікті білімдерден артық деуге болмайды. Әр қайсының өз орны бар. Саясаттанушыға тек қана ғылыми саясаттанумен шектелмей әртүрлі саяси ілімдерді, болған жағдайды талқылаған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, олардың көмекшелері, публицистирмен, журналистерің жазғандарын оқуға тиісті.
Саясаттану саясат арқылы дүниені тануға, оны игеруге мүмкіндік береді. Саясат ғылымы саясатты күнделікті және догмагтық білімдерді рационалдандыру арқылы қалыптасты. Батыс Еуропада саясаттарудың негіздері 13 ғасырдың ортасынан бастап қалыптасты. Ал 16-17 ғғ. саясаттанудың бірінші қарқынды қалыптасуы басталады. Бұл кезеңде саясаттануға бастама деп атау дұрыс.Саясаттанудың дербес қалыптасуы және оның университеттерде оқу пәні ретінде енгізілгені 19 ғасырдың екінші жартысы. Бүл қазіргі саясаттанудың бастамасы.20 ғасырда қоғамдық өмірдің модернизациялануы саяси жүйенің демократиялануы саясаттануды да дамытты. Осыған байланысты Батыс дамыған елдерінің университеттерінде саясаттану кафедралары көбейіп қана қоймастан саясатты зертейтін ғылыми Орталақтары ашылды. 1903 жылы АҚШ- та саяси білімдердің мамандыраның ұлттық ұжымы ашылады. Ал 1949 жылы Халақаралық саясаттану ғылымдарының ассоциациясы құрылды.Саясаттану ғылымдары саяси процесстерді бейнелеу, түсіндіру, талдау, болжау функцияладын атқырады.
Қазақстанда саясаттану ғылымы Кеңес одағы ыдырап кеңестік тоталитарлық жүйе күйрегеннен соң ғана қалыптасты. Егемендігімізді алғаннан соң ғана 20 ғасырдың 90 жылдарының ортасынан бастап саясаттану пәні жоғарғы оқу орындарында пән ретінде кіргізілді.Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын ондағы саяси процестердің өтүін, олардың ішкі қурылымдары мен механизмдерін, өзара қатынастарын, ішкі және сыртқы саяси процестердің дамуын, заңдылықтарын зертейді.Саясаттану ғылымы саяси қатынастарды процестерді зерттеу үшін арнай тәсілдер қолданады. Олар социялогиялық, тарихи, салыстырмалы, бихевиористік, нормативтік және т.б.Саясаттану өз саласын зерттеу үшін арнайы уғымдар, категориялар қалыптастырады, құрайды, бір жүйеге келтіруге тарысады. Солардың азын аулағы: «саясат», «саяси қатынас», «саяси процесс», «саяси институттар», «саяси партиялар», «саяси көсбасшы», «қуқықтың мемлекет», «азаматтың қоғам» және т.б.Саясаттанудағы негізгі пардигмалар.Теологиялық парадигма. Натуралистік парадигма. Әлеүметтік парадигма. Сыни парадигма. Саясаттану басқада қоғамдық ғылымдармен іштей тығыз байланыста. Олар осы байланыс арқылы бір-бірлеріне ықтимал етіп қана қоймай өздері де дамып отырады. Сонымен қатар сол салалардың негізінде өздеріне жаңа бағыт қалыптастырады.
Олар: саяси социология, саяси психология, саяси философия, саяси антропология, саяси экология, салыстарманы саясат.
2-ші тақырып. Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Саяси идеялардың туындауы мен дамуы ежелгі дәүірден бастау алады. Олар философиялық ой-толғаулар аясыңда өмірге келді. Алғышқы осындай ой-толғаулар қытайдың конфуциялық және даосизмдік философиялық ағымдарда әділетті мемлекет құру, толық қоғам орынату туралы жазылған. Ертедегі грек заманында полистік меншіктік, мемлекеттік-қалалар, тікелей демократия және республикалық басқару жүйесіне байланысты саяси толғаулар, жаңа сапаға көтерілді. Бұл ойлар Пифагор, Гераклит, Сократ, Платон, Аристотельдердің есімдерімен байланысты.
Мәселен, Платон (427-347 б.д.д.) идеалды мемлекет қандай болуы керек? Мемлекет қурылымында әділеттік пен теңдік болуы мүмкін бе? - деген сұрақтарға өзінің «Мемлекет», «Саясаткер», «Заңдар» атты еңбектерінде жауап береді. Платонның мемлекет туралы ойларында мемлекеттің өктемділігін, тутастық мүддені жеке тулғаныкенен жоғары, жеке адамның мүддесі полистің мүддесіне тәуелді, еркін адамдар арасындағы теңсіздікті дәріптейді.Платоның ойынша мемлекет идеалды және жағымсыз болып екі түрге болінеді. Жағамсыз мемлекетте: 1) адамдардың міндетін әділетті бөлудің орнына дау-жанжал, зорлықпен мәжбүрлеу; 2) басқарушының қоғамның өркендеуін мақсат тутпай билікті мақсат ету; 3) заттық байлыққа деген ынтазырлық. Мұндай мемлекеттер түрлері: тимократия, олигархия, демократия және тирания. Тимократияда билік байлықты мақсат тұтқандырдың қолында болады. Олигархия да байлардың үстемдігімен кедейлердің биліктен шеттетілуі. Демократияда билік көпшіліктің қолында болады. Ол жерде надандар, тобырлықты кәздегендер билік жүргізеді. Идеалды мемлекетте халықтың қауіпсіздігі қамтамысыз етіледі, оның материялдық жағдайы жақсарады, рухани дамуға және творчествоға мүмкіндік жасалады.
Аристотель (384-322 б.д.д.) мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөледі. Бұрысына – тирания, олигархия, демократия, ал дұрысына – монархия, аристократия мен политияны жатқызады. Аристотель құлдардың саяси құқыға жоқ деген тұжырым жасайды. Саясатқа тек қана меншік иелері, сол жердің еркін азаматтры ғана қатыса алады деп қорытқан. Аристотель Платонға келіспей жеке меншікті жақтайды. Бірақта ол тым байды да және кедейлерді де қолдамайды. Орта топ азаматтары көп қоғам тұрақты болады дейді. Дегенмен де Платон мен Аристотельдің ой тұжырамдары саяси өмірдің мәнін ашудағы мемлекеттікорталықтандыру бағытының бастамасын қалыптастарды. Аристотельдің ойынша саясат дегеніміз мемлекет, ал саясат саласы ол мемлекеттік қатынастар. Мұндай тужырымның негізінде саяси саланың сол кездегі даму деңгейінің төмендігінде жатыр. Өйткені ол кезде биліктің бөлінүі, көппартиялық жүйе, күрделі сайлау процестері, ұлтық құрылымдардан жоғары ұжымдар әлі өмірге келмеген еді. Қала-полис ауқымында мемлекет пен қоғамның өздеріне ғана тән функциялары да анықталмаған еді. Саясат пен этиканың да әлі бөлінбеген кезі болатын, сондықтан адамдар арақатынастырын мемлекеттік турғыдан ғана көрсететін. Мұндай көзқарас екімың жылдай үстемдік жасады. Платонның «Мемлекетінен», Аристотельдің «Саясатынан», Макиавеллидін «Патша», Томас Гоббстың (1588-1679) «Левиафан» атты шығармаларында осы көзқарас үстімдік етті.
Саясатқа Мемлекеттік орталықтандырылған келесі көзқарысқа көшү мемлекет пен азаматтық қоғам арақатынасын талқылау негізінде қалыптасты. 17 ғасырға дейін Б.Спиноза (1632-1677), Джон Локк (1632-1704), Г.Гегель (1770-1831), К. Маркс (1818-1893) осы мәселелерді саясат тақырыбның негізі етіп алды.
Локк алғашқы болып мемлекет дегеніміз басқарудың түрі немесі құрылымы емес, ол дербес адамдар қауымдастығы сол арқылы ғана қоғамда әлеуметтік тәртіп пен жекеменшік сақталып дамиды деген тұжырым жасайды. Ол саяси қоғам деген ұғым енгізді. Оған мемлекеттен басқа да адамдардың ерікті құрылған одақтарын енгізді.
18ғ. Шарль Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы туралы» атты еңбігінде саясаттың мемлекеттік емес, экономикалық және әлеуметтік факторлерінен басқа әлеуметтіктен тыс жағдайларын (географиялық, климаттық, демографиялық) келтірді. Саясаттың негізгі формаларының табиғаты оның территориясына тікелей байланысты дейді ол. Кішігірім территория республикаға, монархияға орташа ал үлкен империяға тән.
18-19ғ. басында кейбір Еуропа мемлекеттерінде алғашқы профсоюздар мен саяси партиялар, сайлау және партиялық жүйелер қалыптасып саяси өмірдің мемлекеттік емес қырларын көрсетті. Міне бұлардың барлығы саясатқа деген жаңа сападағы әлеуметтік орталықтарылған көзқарастың қалыптасуының негізін құрады. Бұл кезеңде саясатты таптық немесе әлеуметтік қатынастар негізінен қарастырған.
Енді кезіндегі саясатқа берілген маркстік көзқарасқа тән негіздерге тоқталайық: 1) саясаттын негізі және оның механизмдері экономикаға тәулді; 2) саясат дегеніміз ол таптаруың күресі; 3) антагонистік таптық қоғамда саясаттың негізі-ұйымдасқан қысым жасау мен таптық билеу болады.
Бұл тұжырымдардың кезінде атқарған міндеті зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Келе келе адамдардың саяси белсенділігін тудыратын факторлар әлеүметі-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, демографиялық және биологиялық факторлар екені дәледенді. Адамзат қарымы дамыған сайын заттық, материялдық қажеттіліктің орнына рухани, мәдени факторлердің рөлі артып келеді. Саясатқа маркстік көзқарастың негізінде жан-жалдың көзқарыс қалыптасты. Осы бағытты дамытушы Ральф Дарендорфтың ойынша әлеуметтік жан-жалдың негізінде меншіктік емес, билеүші мен бағанушы арысандағы қатынас жатады. Карл Шмиттің ойынша саясат дегеніміз «жау-дос» деген арақатынастан туындайды. Мұндай арақатмынас экономиканы, рухани мәдени салалардың барлығының негізінде жатады.
Американдық белгілі ғалым Т.Парсонс (1902-1979) қурылымдық-функционалдық көзқарастың авторы. Оның тужырымынша қоғам күрделі тірі организм. Ол кішігірім жүйелерден құрылып өз-ара жүйелі қатынастарға бағынады. Саясат болса осындай үлкен саланы қамтиды және оның атқаратып қызметі мақсатқа жетү. Саясат билікке сүйене отырып өз қызметін атқарады. Сондықтан саясат біржағынан әлеуметтік механизмдерден іске асыратын институттық құрылымдардан тұрады. Бұл құрылым үш бөліктен құрылады: қолбасшы институты, билік органдары, осыған сәйкестелінген белсенділіктің нормасы мен ережесі. Саяси өмір дегеніміз қолбасшының адамдарға билік арқылы жүргізілетін белгілі юридикалық нормалар шеңберіндегі ықпалы.
Саясатты микроәлеуметтік механизмдер арқалы тануда бихевиористік бағыт қарастырды. Саяси акторлардың іс-әрекеті мен қатынастарын саяси нарық (Питер Блау), саяси ойындар(Стивен Брамес), рационалық таңдау(Моррис Фиорини) қырларынан қарастырады. Саясат туралы ой тұжарымдар, идеялар, теориялар нақты саяси әлемнің дамуымен тікелей байланысты және де нақты тарихи кезеңдегі адам мен мемлекеттің арақатынасын бейнелейді. Тарих жағдайларға мерги қарай бұл кезендерді былайша топтастыруға болады. Бірінші кезең – мемлекеттікорталықтандырылған – мұнда адамға мемлекет үстемдік құрады. Екінші кезеңде саясаттың мәні өзгереді. Саясат пен саяси ойындардын ережесі этикалық ықпалдан босатылады. Біржақты мемлекеттік үстемектің орнына екі жақты жауапкершілік орынатылады. Мемлекет пен азаматтың қоғам арасында қоғамдық келісім мойындалады. Азаматтық қоғам әртүрлі іс-әрекеттер негізінде өзінің орнын, дәрежесін мемлекетке мойындатады. Үшінші кезеңде (20ғасыр) жеке дара мемлекеттің үстемділігінің орнына әр түрлі әлеуметтік таптың мүделерін ескере отырып келісімге келетін плюралистік саясат идеясы өмірге келеді. Билік тек қана мемлекеттің меншітінде емес билікке қоғамдағы барлық әлеуметтік топтың қатысыуы ескеріледі. Қорыта келгенде, қоғамдық өмірдің тізгіні қоғамның өзімен оны құрайтын адамдардың қолына тиеді. Мемлекет пен оның мекелері солардың аықпалына кіреді.
Қазіргі кездерде саясат турлы ой-толғаулардың, теориялардың төртінші кезеңі өмірге келе бастады. Бұның негізінде кешегі өткен 20 ғасырдағы ұлтық-мемлекет моделі дағдарысқа душар болуда. Оның себебі осы моделдің өзінің дамуының ішкі потенциялы таусылу жағдайында болуында. Қазіргі кезде «әлем – азаматы» қозғалыстыры мемлекеттік шеңбер ауқымында емес трансұлттық кеңістікте іс-әрекет жасауды. Соған байланысты саясаттқа да ұлттық мемлекеттік шеңбер аз болып, ол трансұлттық,яғни ұлтық мемлекеттік шекарамен шектелмей, бүкіл әлемді қамтитын саясат қалыптасатаны сөзсіз.
Қазақ даласындағы саяси ой-толғаулар, идеяларға келер болсақ кезінде Әбу Насыр Мухамед әл Фараби (870-950ж.) «Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Саясат туралы» атты еңбек жазған. Оның ойынша бақыты өмір сүрү үшін лайықты саяси жүйе, мемлекетті тимді басқару, басқарушының ар ожданды қасиетері болуы шарт. Саясат ілімінің зерттейтіні 1) түрлі әлеуметтік топтың саналы іс - әрекеттерімен өмір сүрү тәсілдерін; 2) іс-ірекеттің мақсатын; 3) қоғамдық өмір және мемлекетті басқару тәсілдерін. Саяси ілім адамдардың ар- ождандық іс-әрекеттеріне негіз болатын әмбебапты заңдар мен ережелерді зертейді және құрастырады. Саяси ғылым моралдық нормалар мен әдеттерді, бақытқа жетүдің және жақсарудың себептерін зертей отыра оларға кедергі болатын себептерді де ашады. Шын бақыт пен жалған бақытты ажыратады. Жүсіп Баласағұни (1021-1079) «Құтадғу білік» еңбегінде мемлекеттік саяси жүйесін, ондағы мемлекет қызметкерері мен бұқара қалық арақатынасын, биліктің бөлшектенүі, елбасының қасиеттерін және т.б. энциклопедиялық мағлұмат беретін мәселерді жазады. «Жеті жарғы». Құқықтың мемлекет пен биліктің бөлшектенүі, мемлекет пен азаматтық қоғамның ара қатынасы. Саяси жүйедегі билердің атқаратың ролін, сот процесінің жүрү қағидалары және т.б. мәселелерді заңдық деңгейде шешімін табады. Абай (1845-1904). Егеменді ел, мемлекеттің саяси жүйесін салыстыра отырып жалпы қазақ халқының мінез-ққлқының, іс-әрекетінің өзгергенін бейнелеп, одан шығу жолдарын іздейді.Алаш қозғылысы, партиясы. Қазақтардың егеменді ел мемлекеттінің Конституциясы, саяси жүйесі, билік пен бухара халық арақатынасы. Қазақстанның мемлекеттінің түрі туралы көзқарастар. 20 ғасырдағы саяси ілім. Солидаризм Л.Дюги (1859-1928) Элитаризм. Парето(1848-1923) Г.Моска (1856-1941) М.Вебер (1864-1920) Либералдың және консервативтік идеялар.
3-ші тақырып. Саяси билік
Билік туралы ұғымдар Ежелгі гректің поэмаларында кездеседі. Мысалы, Гесиод (8-9ғ. б.д.д) «Теогония» атты поэмасында Билік пен Күшті бөліп қарайды. Эсхил (525-456ж б.д.д..) «Буғауланған Прометей» драмасында Билік белсінді, ал күш соның айтқаның булжытпай орындаушы ретінде бөліп қарастырады. Біз билік деген ұғымды қолданғанда оның мәні мен түрі көптүрлі екенің көреміз. Мысалы, ата анасының балаларға билігі және т.б.
Біздің қарастыратынамыз сияси билік. Адамзат тарихында сияси билікке екіушты мағна берілген. Біріншісі, билік ққдайдан беріледі, оны аса құрметтеу керек деген. Соңдықтан билікке қарсы турғандарды залымдар ден айыптаған. Ондай билікке қарсы шығуға, сынауға жол берілмейтін. Кейіннен билік өзінің көптеген қылықтарамен, істерімен әшекер болған соң, ондай билікті шайтанмен салыстырып оған қарсы курескендерді дәріптеп отырған. Дегенмен де билік адамдардың мақсатына жету, іс-әректін уйымдастырушы және реттеүші екені де белгілі. Ең алдымен билік дегенде мемлекеттік билікті айтады. Адамзат тарихына көзсалсақ билік түрі тарихи жағдайларға сай өзгеріп отырған. Ежелгі дәүірде кім күшті сол билік жүргүзіші. Кейін билік мурагерлікпен иемделінді. Патша биліктің символы болын саналып, ол атадан балаға мұрагерлік арқылы беріліп отырды. Осыған орай қазақ елінің Шыңғысхан дәүірінен кейін хан билігі шынғысханның ұрпақтары- төрелерге ғана беріліп отырылды. Капитализм кезінде капиталдың иесі билік иесі болды. Капитал арқылы өндірісті, оған тәуелді мыңдаған миллиондаған адамдарға билік жүргізіліп отырылды. Корыта келсек дәстүрлі билік көзі – зорлық, күштеу, байлық болып табылады. 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап сол заманға тән билік көзі білім деп санала бастады. Білімнің екі құрылымы бар: 1.білім алу яғни техникалық немесе ғылыми, практикалық біліктілікке қол жеткізу; 2.ақпаратты игеру арқылы адам өзінің сияси және экономикалық функцияларын үнемі қарқынды дамытып отырады. Ақпаратты насихаттау арқылы билік тактикасы есебінде де қолданылады. Саяси билікке жету күшпен (революция, төңкеріс), мурагерлік (династия), сайлау арқылы жүреді.
Неміс социологы Макс Вебер билікті қатынас деп түсіндірді. Өйткені билеүші мен бағынушыда екі жақта келісімге келүі қажет.Билік дегеніміз түрлі мотивке негізделген бағыну: жай әдептен рационалды мақсатқа дейін. Қазіргі саясаттану ғылымында биліктің үш қыры айтылады. Директивті (нусқаушы) қыры- билеүшінің (жеке адам немесе институт болсын) нұсқауын орындауды қамтамасыз етуі. Функционалдық қыры- биліктің өзінің қоғамды басқарушы қызметін атқаруға қабілеттілігі мен іс жүзінде атқаруы. Коммуникативтік қыры- бұл биліктің өз үкімін атқарту үшін қоғамда орындаушылармен түсінікті қарым-қатынаста болуы керектігі. Билікке анықтама берілгенде оны міндетті түрде мәжемүрлеүмен, бұйрықты орындаумен байланыстырады. Кейінгі кезде билікті коммуникативтік турғыдан түсіндерітін ғалымдар билікті күшті қолдану және зорлау сияқты сипаттардан тазартуға тырысады. Билік олардың пікірлерінше дәнекерлік ролді атқарады. Билікті тек қана зорлық зомбылық, күшіпенен сипаттау ертедегі дамымаған қоғамдарға тән. Ал дамыған елдерде, қоғамдарда, мемлекеттерде адамдардың арақатынасы экономикада, немесе саясатта болмасын тікелей емес күрделі, ұзын жолмен, көптеген ортада іс атқаратын механизмдер мен институттар арқылы іске асырылады. Биліктің нұсқауы, шешімі ерікті орындалады. Ал күш қолданылатын жағдай тек нұсқауыды орындамайтындарға қолданылады. Күш деген де физикалық күш көрсету ғана емес. Мысалы, экономикалық санкциялар. Экономикада несие-қарыз, саясатта заң мен әкімшілік нұсқауларды орындау арқылы экономикалық және саяси жүйелердің функционалдық мүмкіндіктеріне жол беріледі. Мұндай қатынастарда биліктің сырттай күш көрсету, зорлау түрі жүрмейді. Еркін билікті мойындау, саяси акторлардың өз міндеттерін, келісіміңдерін орындау , жағдайлар жасау осы коммуникативтік арақатынасы негізінде туындайды. Билікті іске асаруың тәсілдері: мәжібүрлеу, сендіру, ынталандыру. Билікті іске асыру жариялық түрінде немесе жарияланбай жүргізіледі. Билікті шектейтіндер қатарына дін, ар-ождан нормалары; мемлекетке жататын жерлер мен региондар; мүдделі әлеуметтік топпен әлеуметтік ынтамақтастар (түрлі элиталар, ассоциациялар, партиялар, лобистік топтар), қоғамдық пікір, тәуелсіз сот билігі. Билікті шектейтін ең тиімді механизм билікті бөлу. Мүндай жағдайда институттар мен саяси күштер, жеке адамдар жалпылай билікке емес биліктің нақты қызмет атқаратын түріне қарайлайды: заң шығарушы, атқарушы, сот. Бұл принциптер Ж.Баласағунның «Құтты бімгінде» (11 ғ.), Ш. Монтескьенің «Заңдар рухы туралы» (18ғ.) атты енбектерінде де көрсетіледі. Биліктік қатынастар ассиметриялы: азғана топ билік жүргізсе көпшілік сол билік жүргізүшелерге тәүелді. Билікті халық қабылдаса ондай жағдай легетитімдік болады. Егерде басқарушыларға басқарылатындар сенбеүшілік білдірсе, онда билік дағдарысқа ұшырайды. Биліктің легетитімдігіне классификацияны кезінде М.Вебер жасаған еді. Олар: 1) рационалды-ашық. Себебі рационалды устанымдар мен ережелердің беделді болғандығын. 2) Дәстүрлі. Бұл түрінде байырғы әдет-ғұрыптың және байырғы заңдарың беделінің жоғары болуына байланысты. 3) Харизматикалық. Билік беделге негізделген. Нақты өмірде биліктің жәке түрі кездесе бермейді. Негізінен аралас болып келеді. Рационалды – ашық түрі биліктің жегізінде мақсатты рационалды іс- әрекет жатады, ал басқарылғандар да өз мүддесіне жетүге мүмкіндіктері болады. Мұндай биліктің легитимілігі қазіргі батыс қоғамына тән. Өйткені оларда формалды-құқықтық бастау үстемідік егеді. Басқару жүйесінің шенеүнкіктері маман, білгір болады және де олардың іс-әрекеттері өздерінің түсініттеріне емес қабылдаған заңдар мен ережелерге негізделеді. Ашық билеудің негізі бюрократия. Дәстүрлі билеу болса әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, басқарушыға, оның киелілігіне деген сенімге негізделеді. Мұндай басқарудын идеалды көрінісі патриархалдық. Жеке адамға берілу, табыну. Заңдар болса екінші, үшінші қатарға жатқызылады. Харизматикалық биліктің негізінде аффективтік әлеуметтік іс-әрекет жатады (эмоция,сезім). Тарихта кездескен диктаторлар (А.Гитлер, И.Сталин) харизматикалық тғлғалар. 20 ғасырдың соңы 21 ғасырда билік легитимдеу, рационалды ережелерге негізделген көбіне формалды реттелген түрінде өтеді. Мұндай жағдай қазіргі саяси ұжымдардың конституциялық (тұрақты) және режимдік (өзгеріп отыратын, уақытша) жийларымен байланысты. Конституция және конституцияналдық летитимдік пен делегигимдік процесстеріне тәүелді емес. Олар турақты, ғасырлар бойы негізін өзгертпейтіндей қылып құрастырылды. Міне осыған байланысты басқарушылар сынға ұшырап, аусып отыруы қажет. Осы мақсатқа бәсекелік сайлау институттары қызмет етеді. Бұл солардың атқаратын функциялары. Міне осының негізінде легитимділіктің жасанды дағдарысы болып тұрады. Ал, мұндай дағдарыстар конституцияда кәрсетілгенділіктен олар арнайы ережелер мен процедуралар арқылы билікті бақылаусыз девальвацияға душар етпей шешіліп тұрады. Билік осы арқылы тазарып және турақталып отырады. Биліктің Вебер жасаған топтастыруының таблицасы.
|
Дәстүрлі |
Харизматикалық |
Рационалдық |
Билеүдің инструменті |
Дәстүрдің киелілгін құрметтеу |
Киелілікті мойындау |
Заңды сыйлау |
Негізгі билеүшінің дәрежесі(аттары) |
әмірші (сеньор) |
басқарушы |
Жоғарғы шенеүнік |
Бағынушылардың дәрежесі (аттары) |
Малайлар |
Адептер |
Азаматтар |
Ресурстары |
Алым-салық жинау |
Табыс, олжа, сый тарту |
Салықтар |
Саяси режимнің типті көрінісі |
Монархия |
Плебисцитарлық диктатура |
Парламенттік демократия |
Билеу үшін қолданыл қасиет |
Құрметтеу |
Эмоциялар |
Ақыл |
Революцияның типі |
Дәстүрлі революция |
Радикалды революциялық төңкеріс |
|
4-ші тақырып. Саяси жүйе
Адамзат қоғамы күрделі жүйе. Жүйе дегеніміз бірнеше бөлешектрдің өз арақатынастары негізінде тұтас бір құбылысты құрайды. Бөлшектің барлығы тұтастың заңдылығына бағынады. Соған байланысты болған өзгерістер жүйелі құбылысты және оның бөлшектерін де өзгертіп отырады. Немесе құбылыстың бір бөлшегі өзгеріске ұшыраса оңда басқалары да сондай өзгерілді. Себебі, олар бір бірімен іштей байланыста және бір тутас ортанизм есептес. Бұл заңдалықты кезінде Аристотель де, Ш.Монтескье де саяси ұжымдарды, мемлекеттерді салыстыра талдап оларға тән жүйелі өзгерістерді анықтаған. Дегенмен де жүйе туралы түсініктер практикалық қолданысқа тек Норберт Винердің (1894-1964) «Кибернетика» атты еңбегімен байланысты. Бұл еңбегінде ол арапәндік устанымды негізге ала отырып жүйе теориясын ғылымның барлық салалырында қолдануға болатынын дәлелдеді. Соңдықтан «жүйе» деген уғым осы кибернетика ғылымынан алынған. (гр. Cybernetic -басқарудың искусствосы). Француз саясаттанушы Жан-Вильям Лапьер «Саяси жүйелерді талдау» атты еңбегінде жүйенің бес негізгі түрін көрсетеді.
Биосоциальдық. Социалдық негізінде өзін-өзі өмірге келтіру. (отбасы, буындар арақатынасы, туысқандың қатынастар және т.б.);
Экологиялық жүйе Адамдар мен қоршаған орта жүйелі қатынаста;
Экономиялық жүйе;
Мәдени жүйе;
Саяси жүйе. Саяси жүйе қоғамды ерекше үйлестіреді және басқа әлеуметтік жүйелерменен айырықша қатынаста болады;
Жалпы жүйелік теорияның негізін қалаған көрнекті теориялық биологияның өкілі Людвиг ден Берталанфи. Ол алғашқылырдың бірі болып жүйелі тәсілді психология мен әлеуметтік ғылымдырда қолданды. Ол жалпы жүйе теориясымен стационарлық ашық жүйе теориясын жасады. Жүйе тәсілін түсіну үшін қоршаған әлемде бір тұтастықты аңықтап алу қажет. Ол үшін оған қарамы қарсы «қоршаған орта» деген ұғымды қарыстарымыз. Міне бұларды арнайы бөліп алғанымыз өте маңызды осыған орай «ашық» және «жабық» жүйе деген ұғым енгізілді. Ашық жүйе қоршаған ортамен әр-түрлі қатынаста болса, жабық қатынассыз келеді. Жүйе теориясы мен жүйе тәсілін саясаттануда 1950-жж. Т.Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және басқа американдық ғылымдар қолдана бастады.Олар қоғамды күрделі жүйе реттінде қарастырды. Жүйе міндетті түрде бөлшектерден тұрады яғни күрделі құрылым. Т.Парсонс қоғамдық жүйен құрайтын сапалар: экономикалық, саяси, рухани және интегративті (мемлекет). Әр саланың өзі атқаратын функциялары бар, ал барлығы біріге отырып қоғамның өміршектігіпн қамтмасыз етеді. Саясаттың атқаратын ерекше оған тән функциясы мақсатқажету. Міне осы функцияны атқару үшін саясат басқада қоғамдық жүйенің салаларымен тығыз байланыста болады. Парсонстың идеяларын Д.Истон жалғастырды. Ол жүйе-техникадан «қара әшік» ұғымын саяси-жүйелік талдауға енізді. Қоршаған орта саяси жүйеге «кірерде» демеу береді, ал саяси жүйе керекті шешемдерін қабылдап, оларды «шыға берісте» іске асырады.
«Қара жәшік»
Истонның тужырымынша саясат құндылықтарды бөліп беретін билік (соның негізгілері биліктік өкілеттік, байлық, әлеуметтік дәреже).
Истондық саяси жүйе
кері қатынастар
Ақпарат шығысы |
Ақпарат кірісі |



кері қатынастар
Истоның идеялдрын Алмонд ары дамытты.Алмондтың түсінгінше негізгі ұғым ол роль. Ұжымдар, әлеуметтік топтар, институттардан емес нақты атқаратын рольдерден формалды және формалды емес қарымқатынастардың мәніне тәуелді болады. Оның ойынша, қоғамды ынтымақтандыратын саяси мәдениет, яғни жеке адамдар мен топтардын саяси жүйе туралы көзқарастары мен өздерінің сол жүйеде атқаратын рольдеріне деген сенімінде. Олар жалпы саяси жүйе туралы патриоттық немесе, керісінше жаттану пікірлер устануы мүмкін. Сонымен қатар жеке адамдар өздері туралы саяси устанымдарын анықтайды:саяси жауапкершікілігін, саяси жүйемен жеке қарымқатынасын. Қазіргі кезде саяси жүйенің 20-ден астам анықтамалары бар.
Құрылымдық – функционалдық тәсіл, институтционалды тәсіл, элитарлық бағыт. Саяси жүйінің атқаратын функционалары: саяси әлеуметтендірү, бейімделү, жауап қайтару, экстракциондық, дистрибутивтік, реттеу. Егерде жоғарғы көрістілген функцияларды топтастыратын болсақ онда олардың шешетін мәселері:
Қоғамды саяси басқару;
Тұтас әлеуметтік жүйеге қауріп төндеретін жағдайлардың алдын алу, жеке адамдар мен топтаруың мүдделерін ескере отырып мәмліге келу;
Қоғам мүшелерін белгілі идеялдар мен құндылықтарға бейімдеу;
Ақпараттарды дер кезінде алу және оған сәйкес шешімдер қабылдау;
Саяси жүйенің ішінде белгілі дәрежеде тәүелсіз кішігірім жүйелер болады. Олар: институциналды, нормативтік, функционалды, коммуникативтік, мәдине-тарихилар. Булардың әр қайсысы билік пен саяси қатынастардың үш денгейде құрастырылған: мегадеңгейі, мезадеңгейі, микродеңгейі. Қазіргі замандың нақты саяси жүйелері әр түрлі. Олардың қалыптасуына және қызмет атқаруына көптеген факторлар әсер егеді. Атап айтқанда: тарихи дәстүр, мәдениет, экономикалық дәрежесі, азаматтық қоғамның жетілүі, географиялық жағдайы және т.б..
Саяси жүйенің топтастырылуы демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық болады.
5-ші тақырып. Демократия
Демократияның тарихи формалары: алғашқы қауымдық, антикалық, жаңа дәүірдегі демократиялық жүйелер, АҚШ-тағы демократия, тоталитарлық жүйеден кейінгі демократия (посттоталитарлық). Олардың ерекшіліктері мен сабақтастығы. Демократияның алғышқы түрлерінің іргелі қағидалары: азаматтардың теңдігі, олардың сайлануы, өзін-өзі басқаруы, жалпыхалықтылығы. Табиғаттағы заңдылың – ол күштінің билігінің жүрүі. Демократия болса бұл қағиданы жоққа шығарын әлсіздердің де билігінің жүрүін дәлелдейді. Бұл қағида екі негізде құрылған; көпшіліктің билік жүргізүі және де аздың оппозиция қуруға құқығы. Демократияның келісім бойынша саяси ойыңдардың ережелері: 1) билікті үйымдасып шектеу; 2) өз пікіріңді еркін қалыптастыру және оны жариалау; 3) азаматтарды заңнаң қорғауы. Алғашқы демократияда барлық қоғам мүшелері биліктің басқару жүйесіне араласады. Бірақта бұл өте қарапайым басқару жүйенің түрі. Себебі, табиғы адамдардың жыныстық, жастық, физикалық тағы да басқа ерекшелері өзін-өзі кімнің басқаруға қалай қатынасу мүмкіндіктерін анықтап отырады. Антикалық демократия. Әскери демократия. Ерлер, қарулы азаматтар. Гомер дәүірінуегі демократиянің түрі – атора, афина кезіндегі – экклесия, спартандық – апелла. Бұл биліктің демократиялық түріне көшүінің тарихи кездерінің көрінісі. Егерде агорода жиналған халық билікте турғанды қолдауменен шектелсе, экклясияда жиналыс тек қана билікті қолдаушы ғана емес керісінше биліктің үстінен қараушы дәрежесіне ие болды. Саяси ролдерді атқару сайлану арқалы жребимен ротация негізінде тағайындалатын болды. Сонымен азаматтардың теңдегі іске асыралды. Бұл рулық және жолдастық негізінде қалыптасқан теңдектің жаңа сатыға көтерілген заңдандрылған теңдігі болатын. Азаматтар халықтың жилылысында сөйлеүге, әділетті сот жүргізүге, әскердің қатарында болуы және т.б. құқығы болды. Афина демократиясы тікелей демократияның тарихи моделі дәүірдегі демократияның саяси модернизациялануының көрнісі саяси жүйенің тәүелсіздігі мен оның жүйесінең құрылымынаң конституцияға негізделінуі. Тәүелсіздіктің белгілсі территорияның барлығын қамтитын билік қатынасының орынауы. Бұл кезеңде зорлауды, мұқтаждауды өз құқына алған мемлекет бір жағынан, ал екінші жағынан адамның табиғи құқы мен адам құқының негізінде келісім қурған өзін басқару жүйесі – азаматтық қоғам өмірге келеді. Егеменділік пен конституциялық демократизациялаудың алғышартарын құрады. Іс жүзінде мұндай тәжірибе алғаш рет Англияды болды. 1688 жылғы Даңқты революцияда монархияны күшейтпек болған Яков ІІ Стюарт қуылып оның орнына патшалық билік Вильгельм ІІІ пен Мария ІІ көшті. 1689 жылы парламент қуқық декларациясын (Декларация прав. Билль о правах) қабылдап монархтың билігі заңдастырылған нормалырмен шектелді. АҚШ-тағы демократияның сипаттары: басқару жүйесі барлық азаматтардың аттарынан жүргізіледі. Таптық, топтық басқаруға жол берілмейді. Осының формалданған механизмдері анақталып заңдастарылды. Қандай қарама – қайшылық тудыратын мәселе болмасын жан – жақты, түбегейлі, асықпастан қарастырылып шешім қабылданады. Көпшіліктің билігі осылай сауатты түрде іске асыралады. Афина мен Римге қарағанда билік тікелей халықта емес оның өкілдерінде. Халықтың құқы сайлауға қатысу. Бүл республика. Мемлекетте конституция мен заңмен бекітілмеген ешқандай әрекетке жол берілмейді. Континенталды Еуропада абсолютизм мен қоғамды полицейлік тәсілмен басқару модернизациялық процесті деформацияға ұшыратты. Мемлекеттің роліне тым басымдық беріліп, азаматтық қоғамның ассоциациясын серіктесдеп мойындамады. Сондықтан да тіптен «құқықтың мемлекет» деп жариялаған елдердің өзінде де құқықтың үстемдігі конституцияға емес, сауатты монархқа байланыстырылатын. Мұның ақыры революцияларға алып келді. Демократияның түрлері: қорғайтың демократия, дамып отаратын демократия, марксистік демократия (халықтың демократиясы),барлығына арналған демократия (партиципаторлық), таңдаулыларға арналған демократия (элитарлық), топтарға арналған демократия (плюралистік).
Полиархия: көпшіліктің басқаруы, бірақ барлығыныке емес. Полиархиалық режимдердің қағидалары: көпшіліктің басқаруы, және аз топтың құқықтарын сыйлау; азаматтардың құқықтық және саяси теңдегі; билікті легитимизациялау; билктің өкілеттілігі; биліктің сайлануы; саяси іс - әрекеттің еркіндігі мен плюрализмдігі. Демократияның алғышарттары: 1) ұлттық біртектілік (идентичность) және мемлекеттік бірлік, яғни ұлттың болуы, егеменді тәуелсіз территориялы мемлекет пен азаматтық қоғамның екеүінің бірлігі; 2) экономиканың даумының дәрежесі: 1) едәүір орын алған индустриализация; 2) етек жайған урбанизация; 3) жоғарғы сауаттылық; 4) жетерліктей молшылық; 5) ақпарат құралдарының жүйесінің жекілікті дамуы; Мемлекет неғұрлым бақуатты болса демократияның соғурлым дамуына мүмкіншілік туындайды. Дегенмен де экономикалық даму демократияның гарантиясы емес тек қана алғышарты. Демократия жоқ бірақта экономиканың дамуы жоғары, турғындардың түсімдері жоғары режимдер де бар. Сондықтан демократияның орнауы және оның турақты болып дамуы орта таптың қалыптасуының деңгейіне байланысты. Сонымен қатар демократияның турақты болуына мәдени жағдай да қажет. Демократиялық құндылықтар соның ішінде рационализм, мифологиялық сананың орнына рационалдық, ғылыми жетістіктерге негізделген дүниетаным, дінді ғылыммен дербес алып жүртін қоғам және т.б. ұстанымдар болуы шарт.
6-ші тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекет тақырыбы адамзат өмірінде өте зор орын алады. Оны түсіну үшін ғалымдар мыңжылдар бойы іздінуде. Ежелгі грек ойшылдары Платон, Аристотелелерден бастап қазіргі кезеңде ізденістер жалғасуда. Оның себебі адамзат қоғамның даму негізінде күрделенуі соған байланысты, мемлекетте өзінің мәнің атқаратын функцияларын өзгертуде. Қосымша мемлекеттің мәнің ұғынуға байланысты бағыттарды келтірейік: 1) қуқықтық; 2) тарихи; 3) әлеуметтік-антропологиялық; 4) философиялық; 5) саясаттанулық.
Саясаттанулық бағыттың өзі де бірнеше тарауға бөлінеді. Мысалы, плюралистер (Р.Даль, Д.Трумэн) мемлекеттің негізгі мәні бәсекелес түрлі топтардың арықатынасын орнату арқалы үйлесім табуы. Неомарқасистер болса мемлекет экономикада үстемдік жасап отырған топтың мүддесін қорғайды дейді. Мемлекеттің анықтамасын бергенде де екі турғыдан қарастырылады: мемлекеттікортақтандырылған және әлеуметтікортақтандырылған. Мемлекеттік ішкі және сыртқы атқаратын функциялары бар. Олар бір-бірімен тығыз байланысты болып қана қоймай бір-бірлеріне өте қатты ықпал етеді. Ішкі функциялары: құқықтық тәртіпті қорғау; шаруашылық функциясы; идеологиялық функция; әлеуметтік функция. Сыртқы функциялар: басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату және халықаралық уйымдардың жұмысына қатысу; сыртқы экономикалық функция; әскери функция: 1) өз мемлекетін қорғау; 2) басқа мемлекетерге экспансия жүргізү; 3) антитеррорлық күреске қатысу. Мемлекеттің құралымының типтері: унитарлық, федеративтік, конфедеративтік. Мемлекетті басқару турлері: монархия және республика. Монархия: абсалютті және конституционалды. Республика: парламенттік, президенттік және жартылай президенттік. Сайлау институтты. Мажоритарлық және пропорционалдық. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әр сайлау аймағынан бір кандидат қана жеңіске жетеді. Егерде ол заңға сәйкес көп дауыс алса, онда сайлау бірінші турмен бітеді. Егерде ала алмаса онда екінші тур болады. Бул турда ең көп дауыс жинаған кандидат жеңіске жетеді (50% + 1 бюллетень). Пропорцианалдық жүйеде парламентігі орындар партиялық тізім бойынша дауыс алғандар негізінде бөлінеді. Партиялардың сайлаушылардың даусты жинаудың ең төменгі пайызы заңдастарылып сол негізінде партиялардың дауысқа ие болғандықтары анықталады.
Азаматтық қоғамның бастауы ежелгі грек саяси философиясында жатыр. «Өтпелі кезең», Ренессанс дәүірінде. Антикалық саяси теория қоғам-мемлекет барлығын қамтиды. Бұл бірінен-бір ажырамас ұғымдар. Жаңа дәүірде мемлекет біртұтас барлығын қамтитын және де барлығына құқы мен жауапкершігіне кепілдік береді. Христиандық әлеуметтік – саяси доктрина бойынша да қоғам мен мемлекеттің бөлінүіне негіз болды. 13 ғасырда Фома Аквинскидін ілімі бойынша мемлекет күнәнің нәтижесі емес, адамның қоғамдық негізінен туындайды. Мұндай көзқарас орта ғасырдағы дәстүрлі идеяға қарсы болды. Ол бойынша адамдар өмірге келгенен күнәнің, зұлымдықтың әлеміне жатқандықтан олардың іс-әрекетін шектеп ұстау керек. Ал Фоманың көзқарасы бойынша мемлекет қоғамға қызмет етүі тиісті. Сондықтан ел басқарушы өзінің зайырлы қағидаларын іске асыруға теориялық негіз алды. Фома мемлекеттің адамдардың рухани және жекеленген өміріне кірісүдін шегін қойды. Ренессанс пен Реформация кезеңінде мемлекеттің теократиялық және полиархиялық тендециасынан біртұтас ұлттық мемлекеттер құру басталды. ХІХ ғасырда Германияда Руссо мен Француз революциясы нәтижелерінде тарихшылар, заңгерлер, философтар халықты идеализациялайды. Халық ерекше дүниеге көзқарас пен рухтың иесі дейді. Халық мемлекеттен тыс адамдардың ужымы яғни қоғам. Олар өздерінің мақсат пен игілігі үшін іс-әрекет етеді. Гегельдін ойынша мемлекеттің ең дамыған кезеңінде халықпен теңдеседі. Халықтың рухы мемлекет түрінде ерекше мемлекеттің түрімен яғни пруссиялық монархия мен бірігеді. Король буржуазиялық мүдделерден жоғары болғандықтан ұлттық бірлігін қамтымасыз етеді. Батыс қоғамында 19-20 ғғ. адамзат тарихында алғашқа рет жеке адамның жекеленген тұлға ретінде көпшілік түрінде қалыптасуына жағдай туды. Осыған байланысты азаматтық қоғам турала екі концепция қалыптасты. Біріншісі, гегельдік. Ол бойынша мемлекет және мемлекеттік бақылау азаматтық қоғамның өзгерүінің құралы ретінде қаралды: гегельдің түсінігінше- әлеуметтік этика жүйесі мен монархияның синтезі арқылы, ал маркстік бойынша әлеуметтік революция мен пролетариат диктатурасы арқылы мемлекетсіз коммунистік қоғам қуру.
Екіншісі, Канттан бастама алып, француз революциясының қағидаларына, Гоббс пен Локктің философияларын, 19ғ классикалық либерализмді қамтиды. Бұл концепция бойынша азаматтық қоғам өзін-өзі қамтамасыз ететін әлеуметтік кеңістік, ол жеке адамның құқымен еркіндігінің ең жоғарғы кепілі. Сондықтан олардың өміріне мемлекеттің аралусына шек қойылуы кезек. Қазіргі кездегі азаматтық қоғам туралы концепция постмодернизмге негізделеді. Ол бойынша әр заманға және жағдайға байланысты азаматтық қоғамның түрлері болады. Азаматтық қоғаму идеясының иелері авторитаризмді ыдырататын қандай болмасын топ үлесіне жатады. Бұрынға класикалық азаматтық қоғам түсігінен қазіргілердің ерекшеліктері: «Қатысушылар моделі» негізінде қарастыру, яғни «позитивтік құқық» талабын қоятың көпшілік қозғалыстыры мен көпшілік іс- әрекеттеріне шапшаңдық, жасампаздық, өміршеңдік, нәтижелілік және т.б. көрсеткіштер жатады.
Посткеңестік елдердегі азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелері. Кеңістік тоталитарлық жүйе азаматтық қоғамның барлық элементтерін жоюыға тырысты. Ендігі ерекшелігі осындай қоғамға батыстың либералдық азаматтық қоғамның қағидарын енгізүге байланысты кемшіліктер: озық үлгідегі азаматтық, рухани, дәстүрлі жағдайы жоқ жерге ендіргеннен ешқандай пайда келмейді. Керісінше, табиғи өзі бүкіл ерекшеліктері бойына сіңірген азматтық қоғамның орнына негізі жоқ азаматтық қоғам үлтілерін еңгізгендіктен не біріншісі, не екіншісі де жарып үйлесе алмайды. Сондықтан, осындай жағдайда өмірге келген азаматтық қоғам бір құбыжық феномен құбылысын өмірге алып келеді. Бұрынан қалыптасқан дәстүрлі азаматтық қоғамның элементтері жоқ, ал қондырғы батыстың дамыған қоғамына тән азаматтық қоғам жүйесіне сай келетін экономикалық, технологиялық, құқықтық, психологиялық, діни, мәдени жағдай жоқтығанан ондай қоғам да өзінің нақты мәнін аша алмайды. Сондықтан, азаматтық қоғам мұндай жағдай да мүлдем басқа болмасты өмірге алып келеді. Ол шын мәніндегі азаматтық қоғам емес. Тағы бір еске салатын жәй ол осы азаматтық қоғам элементерін енгізүшілердің ішінде өздері батыс гранттын иеленіп ақша табумен айналысқадар да аз емес. Ресей саясаттанушылары ондағы азаматтық қоғам құру процессін «постмодернистік бет пішіні бар феодализм» деген ат қойғаны шындықты көрсетеді. Қазіргі Ресейде билік пен меншік біріккендігі сонша ма оларды ажырату қиын, ал мұндай жағдайда азаматтық қоғам орнату үлкен мәселелерді тудырып отыр. Біздегі жағдай да Ресейден аса алыстап кете қойған жоқ. Азаматтық қоғамның әлеуметтік иесі орта тап, ал оның Қазақстан қоғамындағы үлесі мен ахуалы сын көтермейді. Сондықтан экономикада осы орта таптың қалаптаыуна мемлекеттік қолдау, бағдарлама іске асырылуы қажет. Осыған сай заңдар қабылданып, олар бұлжытпай орындалған кезде ғана азаматтық қоғам қалыптасады. Ол дегеніміз қуқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары. Міне сондықтан орта тапсыз азаматтық қоғам қуруға болмайды, ал құқықтық мемлекет те осы азаматтық қоғамсыз орнауы мүмкін емес.
7. Тақырып. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағнаны білдіреді. Алғашқы саяси көпшілік партия Англияда ХІХ ғ. екінші жартысында өмірге келді. Американдық саясаттанушы Дж. Ла Паломбары мен М. Вейнердің анықтамасы бойынша партияның 4 сипаты бар: 1) партия көп уақыт өмір сүреді. Ол өзін құрған адаммен ғана бірге жасамайды. Оның өмірі ұзақ болады; 2) ұлттық, аумақтық, жергілікті масштабта басқарушы бөлімі болады; 3) міндетті түрде, саналы билікті қолына алуға тырысады; 4) сайлау арқыла немесе басқа түрде болсын сайлаушылардың қолдауына жетуге тарысады. Міне осы 4 сипаттамының жиынтығы партия ұғымына сай келеді. Саяси партиялар үлкен әлеүметтік топтардың мүдделерін қорғайды. Француз саяси социологиясынын белгілі өкілі М. Дюверже партияның құралымына қарай: кадрлық және көпшіліктік деп бөлды. Кадрлық партия төменгі сайлау комитеттерінің қатардағы сайлаушылары мен жоғарыдаға парламент тобының біріге жумыс істеүімен сипатталады. Ал көпшіліктік партия жалпы сайлаушылардың қуқығы негізінде құралады. Партияның құрылымының негізін белсенді, функционерлер, онан соң мүшелік төлемақы төлейтіндер, онан кейін көмекші ұжымдар арқылы қолдаушылар, ең соңында сайлау кезінде ғана дауыс берү арқылы партиямен қатынаста болушылар. Партия жүйесі: бір партиялық (СССР, Куба), партия-гегемон (ГДР), басымдыққа ие партия )Жапония), екі партиялық (АҚШ), көппартиялық жүйе. Саяси идеологиясына қарай партиялар: 1) коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар; 2) социал-демократиялық; 3) буржуазиялык-демократиялық; 4) консервативтік; 5) фашистік партиялар. Қазақстандағы партия құрылысының жағдайы. «Алаш» партиясы, большивиктер партиясы, үлттық-демократиялық «Желтоқсан», «Азат», «Қазақстанның социал-демократиялық», «Қазақстанның социалистік», «Қазақстанның Халық конгресі», «Ақ жол», «Әділет» және т.б.б партиялар. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Олардың партиядан ерекшеліктері. Аз уақыт өмір сүрүі, жүйеленген, мүшелік негізінде еместігі, билікке ұмтылмауы. Мысалы, экологиялық, кәсіби, түтынымдық және т.б. негізінде құрылуы.
8. Тақырып. Саяси элита және саяси топ бастаушылық
Италияндық ғалымдар В. Парето, Роберто Михельс, Г. Моска. В. Паретаның элиталардың ауысу туралы теориясы. Таланты тап өкілдерінің ең үздіктерін өз қатарларына кіргізіп отыруы. Мұндай процесс тоқталса қоғамның жағдайы күйзеліске ұшырайды. Революциялық жағдай-туындайды. Жоғарғы басқарушы таптың өз басқарушы қасиеттерінен айыурылады. Р.Михельстің тұжырымынша демократия өзін сақтау үшін арнайы ұйым құрады. Ол ұйым арқылы көпшілік өзін басқарудың тізгінің аз ғана басқарушы топқа береді. Ал мұндай жағдай олигархияға жалғысады. Г.Москаның ойынша басқарушы элитаны құрастырудың негізгі іріктеп алатын көрсеткіштері материалдық, моралдық және интеллектуалдық басымшылықтар. Саяси тап қалыптастыруында екі тенденция көрініс табады: аристократиялық және демократиялық.біріншісі мұрагерлік екіншісі- ерекше дарындылық. Саяси элитаның ішінде бөліну процесі бар. Олар мемлекеттік басқарушы және оппозициялық; ең жоғарғы, мемлекеттік шешім қабылдаушы (жиырма мың адамға бір адам) орта деңгейдегі (халықтың 5 %); бюрократия. Элиталық даму қоғамның заңдылығы. Элитаның бөлінүі: заңшығарушы, атқарушы және сот. Сонымен қатар адамдардың кәсіби мамандығына байланысты: ғылыми, творчестволық, искусство, техникалық және т.б. Элитаның құндылықтары, мақсаттары мен идеядары. М. Вебердің: дәстүрлік, харизматикалық және рационалдық болып биліктің легитімдігінің типтерге бөлінүі. Басқару элитасы мен интеллектуалды элита арақатынасы кеңестік жүйе кезіндегі басқарушы элитаны қалыптастырудың тәжірибесі: партиялық, таптық, ұлттық. Кәзіргі кезеңде Ресейдің саяси элитасының 75% кешегі партия-кеңестік номенклатура өкілдері. Біздегі жағдай да солай. Егеменді алғалы болған позитивті (жағымды) тенденциялар:
Ұлттық шектеүден айрылдық;
Билікке гуманитарлық білікті мамандардың келүі;
Сайлау арқылы;
Жастардың келүі.
Саяси жетекші.
Саяси топ бастаушылық туралы қәзіргі кездегі концепциялеар
Жағдайлық концепция. Т. Хилтон, А. Голднер. Әлеуметтік жағдаймен байланыстырады
КонститУЕнттер теориясы. Топ бастаушыларады қолдайтын белсенділер, сайлаушылар, солармен жақын араласатындар. Топ бастаушыны насихаттайтындар, имидж жасайттындар.
Топ басқарушылардың типтері
Дәстүрлік, рационалдық, харизматикалық. Қазақстандағы саяси топ басқарушылық мәселелері.