
- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам
- •Экология және тұрақты даму
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Экологияға кіріспе
- •2 Дәріс. Жеке түр экологиясы - аутоэкология
- •1 Сурет – Төзімділік аралықтары
- •3 Дәріс. Популяциялар экологиясы – демэкология
- •4 Дәріс. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология
- •2 Сурет – Экожүйе құрылымы
- •3 Сурет - Энергия пирамидасы
- •4 Сурет - Биомасса пирамидасы
- •5 Дәріс. Биосфера және оның тұрақтылығы
- •5 Cурет – Биосферадағы өз-аралық байланыстар
- •6 Сурет - Биосфера құрылымы
- •6 Дәріс. Тұрақты даму концепциясы
- •7 Дәріс. Табиғат қорлары және оны тиімді пайдалану тұрақты дамудың бір аспектісі ретінде
- •8 Дәріс. Биосферада тұрақсыздықтар болуының антропогендік факторлары
- •9 Дәріс. Атмосфералық ауаны қорғау
- •7 Сурет – Фотосинтез процесінің жүру жолы
- •10 Дәріс. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері мен тұрақты даму
- •11 Дәріс. Табиғатты қорғау мен тұрақты даму
- •12 Дәріс. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
- •Әдебиеттер тізімі
6 Дәріс. Тұрақты даму концепциясы
Адамзат өзінің тез өсіп келе жатқан сұрамдары мен биосфераның оны қамтамассыз ете алмайтындығы арасындағы қарама қайшылыққа тап болып отыр. Сондықтан осы қарама қайшылықты шешетін идея пайда болды, ол бойынша адамзаттың өмір сүруі мен ары қарай тұрақты даму мүмкіндігіне кепілдік беретін цивилизациялық жолмен дамуына өтуін қарастырады. Сол арқылы табиғаттың болашақ тіршілікті қамтамассыз ету мүмкіндігін арттыру көзделеді.
XX ғасырдың орта шеніне дейін адамзат технологияларды игере отырып табиғат байлығын тездетіп игерумен айналысты, яғни «Бізге табиғаттан жақсылық күту қажет емес, оны алу – біздің қолымызда» деген белгілі ұранмен әрекет жасап келді. Бірақ табиғат қорларының шектеулі екендігі де ойландыра бастады, себебі адам санының тез артуы мен сұраныстың көбеюі, азықтың жетісе бермеуі өз әсерін білдіре бастады.
Қоршаған ортаның нашарлап бара жатқан жайы мен табиғат байлықтарының шектілігі осы қорларды пайдалануды түбегейлі өзгертуді талап ете бастады. Бұлай болмаса 100 жыл аралығында бар қор таусылады, қоршаған орта бұзылады да осының бәрі адам санының күрт азаюына, өндірістің өнімінің азаюына және күрделі әлеуметтік мәселелерге алып келіп соқтырады.
Сонымен қатар техникалық прогрессті тоқтатуға, сан алуан сұраныстан бас тартуға болмайтыны да белгілі. Оған адамзат әлі дайын емес. Оның себебі әр ел әртүрлі дамыған, білім деңгейі де әртүрлі, қоршаған орта жағдайына да көзқарас әртүрлі.
Тұрақты даму анықтамасы қоршаған орта мен даму бойынша 1987 ж Халықаралық комиссия жасаған «Біздің ортақ болашақ» атты баяндамада берілді. Тұрақты даму анықтамасы былай қорытындыланды «осы күнгі сұранысты қамти отырып, болашақ ұрпақтарды да өз сұранысын қамтамассыз ете алатындай даму».
Үш жыл өткеннен кейін мынандай толықтама жасалды «Тұрақты дамуға талап - табиғи қорларды және жүйелерді жеткілікті түрде бұзбай, болашақта да экономикалық пайда табатындай сақтау».
Рио-де-Жанейрода 1992 ж. өткен Жер планетасы мәселелерін қарастырған жоғарғы деңгейдегі конференцияда «XXI ғасырдың күн тәртібі» деп аталатын жоспар қабылданды.
Тұрақты дамудың негізгі бағдарламасы адам өмірінің сапасын арттыру. Ол үшін адам өмірінің сапалық критерилерін, бағалануын қайта қарап, өзгерту керек. Сонымен қатар материалдық емес бағалымдарды енгізу, олар: жеке қауіпсіздігін арттыру, білім сапасын арттыру, емдеу сапасын жақсарту, мәдени деңгейін көтеру, информацияны алу жолдарын көбейту, ыңғайлы қоршаған ортаны жасау.
Тағы да бір критерий – қоршаған ортаға антропогендік зиянды әсерді азайту.
Тұрақты даму келесі принциптерге негізделеді:
табиғатпен гармонияда болу және баянды өмір сүру құқығын сақтау;
дамудың бөліп алынбайтын құрамасы қоршаған ортаны қорғау;
жайлы қоршаған ортамен қазіргі және болашақ ұрпақтарды да қамтамассыз ету;
халықтар арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты, кедейлер мен байлар арасындағы теңсіздікті азайта отырып жою;
табиғатты қорғау туралы заңдылықты жетілдіру;
тұрақты даму принциптеріне қайшы келетін өндіріс пен сұраныстарды жою.
Тағы үш өзара келісілген және тарихи маңызы зор құжаттар да қабылданды:
1) қоршаған орта мен даму туралы Декларация;
2) барлық ормандардың тұрақты дамуын, басқарылуын және сақталуын белгілейтін глобалды консенсус туралы құжат;
3) XXI ғасырдың күн тәртібі, немесе 21 күн тәртібі. Тұрақты даму деңгейлері: локалды, аймақтық, ұлттық, халықаралық, глобалдық.
Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.
Қазақстанда да экологиялық тұрақты даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды:
Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру. Бұл бағытта экологиялық жобалар өзара үйлестіріледі және «ҚР кедейшіліктен арылу бағдарламасымен» байланыстырылады, аймақтық қоршаған ортаны қорғау іс әрекеттер жоспары, сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапында жүзеге асырылатын «Экономикалық дамудың жетістіктеріне шолумен» де байланысты орындалады. Жоспарлы түрде жергілікті әкімшілік, ұлттық және халықаралық тұрғыдағы тұрақты дамумен байланысты жүргізілетін бағдарламалар мен жобалар мониторингі де орындалып отырады.
Тұрақты даму үшін байланыстар орнату. Бұл бағыттың негізгі идеясы әртүрлі секторлар арасындағы тосқауылдарды тұрақты даму үшін жою болып табылады. Қазақстанның «Күн тәртібі – 21» жобалары сала аралық және сектор аралық сипатымен ерекшелінеді, мысалы:
экологиялық туризм, тұрақты қалалар мен елді мекендер, экологиялық таза үйлер салу, толықтырылып отыратын энергия көздері;
Іле-Балқаш бассейінінің тұрақты дамуы;
биосфералық қорларды сақтау, экология- экономикалық аумақтар, ғылыми бау бақшалар;
әлемдік стандарттарға көшу, жалпылай сапаны басқару;
экологиялық іскерлікті арттыру;
тұрақты даму заңын дайындап, қабылдау.
Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау. Бұл тұрғыда Қазақстан экономикасы шикізат шығарып сатушыдан өндіріс тауарларын өңдеп, шығаратын, оларды экспортқа шығарушы елге айналуын қарастырамыз. Өндірістік тауарлардың сапасын арттыра отырып, жаңа сату нарықтарына шығу, әлемдік сауда ұйымына мүше болып, экспорттық саланы арттыру. Сауда-саттық, салық салу, кедендік заңдылықтарды Халықаралық деңгейге дейін көтере отырып, шикізат пен өндіріс тауарларын экспортқа шығарудан әлем елдері ішінде алдыңғы қатарға шығу.
Елдің ары қарай өркендеуі үшін ғылымды арттыру, жаңа технологиялар мен техниканы өндіріске енгізу, машина мен өндіріс құралдарындағы қазақстандық мазмұнды ұлғайту, білім беру мен медициналық көмек көрсету, емдеу сапасын жоғары дәрежеге жеткізу, нанотехнологиялар жетістіктері мен космостық зерттеулердің нәтижелерін кеңінен өмірде қолдану қолға алынуы керек.
Сектораралық байланыс пен әріптестік жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасының тұрақты даму Орталығын құру жоспары әзірленіп ұсынылды. Жобаның эксперттік қатысуы кезінде Балқаш-Алакөл Бассейндік кеңесі құрылды (БК). Нұра-Сарысу БК құру процесіне сараптамалық қолдау көрсетілді.
Қазақстан Репсубликасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы – 21 ғасырдағы Қазақстан Күн тәртібінде қарастырылды.
Экологиялық кодекс пен қоршаған ортаны қорғауға байланысты заңдарды қайта қарастыру құжаттары бойынша жұмыстар орындалды. Заңдарды қайта құру мәселелері бойынша басқа халықаралық жобалармен өзара кеңес беру және материалдарға сараптама жүргізілді:
ҚР мен Алматы қаласындағы қалдықтарды басқару жүйесі бойынша және БҰҰ ТД жобасы және Чехиямен;
БҰҰ ТД жобасымен глобалды конвенциялардың потенциялын бағалау бойынша;
БҰҰ ТД жобасымен ИУВР бойынша;
Астана қ. ТД стратегиялық жобасының экологиялық компоненті бойынша бөлімді редакциялау;
ОА РЭО жобасымен Іле-Балқаш бассейнін экожүйелік басқару бойынша.
2000 ж. ҚР мемлекеті БҰҰ-ның дамыту бағдарламасымен бірге «2001-2004 жж. тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» атты Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - тұрақты даму (ТД) институттары арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді болдырмауды жетілдіру.
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретінде ХХІ ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық самиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Тұрақты даму жөніндегі әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылдады. Қазақстан Республикасы тұрақты дамуға қол жеткізу бағытында бірқатар шаралар қабылдады.
Қазақстан БҰҰ -ның Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының, «Еуропа үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған орта мен тұрақты даму» процестерінің, тұрақты даму үшін Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды, Қазақстан Республикасының тұрақты даму жөніндегі кеңесі және «Самұрық-Қазына» әлеуметтік даму қоры» АҚ құрылды.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отырып, Қазақстан құрлықта ландшафтар мен экологиялық жүйелердің дамуында осы тектес байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан аумағының көлемі, климат жағдайларының әр түрлілігі, өңірдің су теңгерімінің ерекшеліктері Еуразияның күллі аумағындағы экологиялық жағдайды оның Қазақстандағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.