
- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам
- •Экология және тұрақты даму
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Экологияға кіріспе
- •2 Дәріс. Жеке түр экологиясы - аутоэкология
- •1 Сурет – Төзімділік аралықтары
- •3 Дәріс. Популяциялар экологиясы – демэкология
- •4 Дәріс. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология
- •2 Сурет – Экожүйе құрылымы
- •3 Сурет - Энергия пирамидасы
- •4 Сурет - Биомасса пирамидасы
- •5 Дәріс. Биосфера және оның тұрақтылығы
- •5 Cурет – Биосферадағы өз-аралық байланыстар
- •6 Сурет - Биосфера құрылымы
- •6 Дәріс. Тұрақты даму концепциясы
- •7 Дәріс. Табиғат қорлары және оны тиімді пайдалану тұрақты дамудың бір аспектісі ретінде
- •8 Дәріс. Биосферада тұрақсыздықтар болуының антропогендік факторлары
- •9 Дәріс. Атмосфералық ауаны қорғау
- •7 Сурет – Фотосинтез процесінің жүру жолы
- •10 Дәріс. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері мен тұрақты даму
- •11 Дәріс. Табиғатты қорғау мен тұрақты даму
- •12 Дәріс. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
- •Әдебиеттер тізімі
4 Дәріс. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология
Өзара байланысқан және бірдей жағдайда тіршілік ететін өсімдіктердің, жануарлардың, жәндіктердің ұйымдасқан тобы биоценоз деп аталады (биоценоз - ортақ өмір). Биоценоз ағзадан да жоғары сатыда орналасқан тіршілік етудің ұйымдық түрі. Ал ортақ тіршілік ортасы уақыт пен кеңістікте фауна мен флорасын өзгертпей, жануарлардың белгілі бір топтарымен сипатталынады. Биоценоз мыналардан құралады: фитоценоз (өсімдіктер), зооценоз (жануарлар), микробоценоз (микроағзалар). Бұл биоценоздың дәл бір шекарасы жоқ, олар кеңістікте бір біріне үзіліссіз өтіп те кетеді.
Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір сүруін зерттейтін экология бөлімі синэкология немесе биоценология деп аталады.
Жалпылай біртекті жағдайларымен сипатталатын биоценоз биотоп деп аталады. Биоценоз бен биотоп бір-бірінен ажырамас ұғымдар.
Принциптері:
1. Әртүрлілік принципі. Биотоптың жағдайы шарттары алуан түрлі болған сайын биоценозда да түрлер көп болады.
Мысалы, тропикалық орман - онда бір жерде бірдей өсімдікті де табу қиын, олардың түрлері де өте көп.
2. Жағдайлардың ауытқу принципі. Биотоп жағдайы қалыптыдан ауытқуы артқан сайын түрлер алуандығы азая береді, бірақ кейбір түрлер көбеюі мүмкін. Мысалы ластанған жерлерде ағзалардың алуандығы болмайды, бірақ бір түр көп болады және олар шектен тыс көбеюі мүмкін.
3. Ортаның жайлап өзгеру принципі. Орта жайлап өзгерсе және тұрақтылығы ұзақ уақыттық болса, соншалық биотоп бай және алуан түрлі.
Биоценоз бен биотоп қосыла отырып биогеоценозды құрайды. Ол кішкентай көлшік немесе үлкен көл де бола алады.
Биогеоценоздың тірі құрама бөліктерін үшке бөлуге болады.
1. Процуденттер - алғашқы өнім берушілер (жасыл өсімдіктер).
2. Консументтер - біріншілері өсімдік қоректілер, екіншілері етпен қоректенетіндер және тағы сондайлар.
3. Редуценттер (жойғыштар, ыдыратушылар) - кәдімгі грибтер мен микроағзалар. Олар өлі ағзаларды ыдыратып, органикадан бейорганикалық заттар түзейді.
Бұл үш түрде өзара тығыз қарым қатынаста және байланыста болады. Онсыз тіршілік болмауы да мүмкін еді.
Түрлер арасындағы өзара байланыстар тура және жанама түрде болады және мынандай топтарға бөлінеді:
трофикалық байланыс бір-бірімен қоректенуден тұрады (тірідей не өлідей). Тропикалық байланыс өмір сүру жағдайын тіршілік процесі негізінде физикалық немесе химиялық өзгертумен анықталады. Әсіресе бұл өзгерістерді өсімдіктер жасайды;
форикалық байланыс бір түрдің екінші түрдің көбеюіне ықпал етуімен анықталынады. Тасымалдаушылар негізінен жануарлар;
фабрикалық байланыс өз тіршілігінде басқаларды не олардың қалдықтарын пайдалануын айтады.
Бәріне ортақ байланыстар, олар: жыртқыш – азық (жем), паразит – қожайыны, бәсекелестік, бейтараптық және т.б.
Биоценоздың түрдік құрылымы.
Орта жағдайына байланысты түрлер көп те, аз да болуы мүмкін (тропикалдық орман мен арктика).
Кейбір биоценозда доминанттар бар, мысалы қарағайлы орманда доминант қарағай, ал предоминанттар - тиіндар. Доминттар тіршілік ортасын құраушы, ол жойылса көптеген түрлер де жойылып кетеді.
Биоценоздың кеңістіктік құрылымы.
Ол негізінен өсімдік қабатымен анықталады (жер асты, жер беті, биікте). Жер астында бактериялар, жәндіктер және құрттар тіршілік етеді. Жер бетінде жәндіктер, аңдар, көптеген микроағзалар және т.б. тіршілік етеді. Биікте құстар және ұшуға қабілеті бар жәндіктер тіршілік етеді.
Биоценоздың экологиялық құрылымы макроқұрылымға жатады.
Биоценоздағы ағзалардың қарым қатынасы бір біріне әсер бейтарап, жайлы немесе жайсыз болуы мүмкін, сонымен қатар осылардың комбинациялары да жатады. Ол комбинациялар мынандай:
бейтараптылық – бір біріне ешқандай әсері жоқ;
бәсекелестік – азық, территория және орта үшін күрес. Бірдей турлер осы факторлар үшін күресте бірге тіршілік ете алмайды, бір уақыт аралығында бір конкурент екіншісін ығыстырып шығады (Гаузе заңы) ;
мутуализм (симбиоз) – бір түр екіншісі арқылы ғана дамиды, тіршілік етеді, мысалы ара мен гүлдер;
комменсализм – бірінің тіршілігі екіншісіне пана және азық болады; мысалы акула мен оның үнемі қасында болатын күтуші балықтар;
аменсализм – бірінің екінші түрге еш пайдасыз, зиян алып келуі; мысалы ағаш көлеңкесіндегі өсімдіктің нашар өсуі;
паразитизм – біреу арқылы тіршілік ету;
жыртқыштық – ең кең тараған түр. Бірақ мұнсыз биосферада тіршілік гармониясы да болмас еді.
Биоценоз (биота) – бұл өсімдіктердің (фитоценоз), жануарлардың (зооценоз) және микроағзалардың (микробоценоз) ұйымдасқан популяциялар тобы, олар өзара байланыса отырып, бірдей жағдайдағы ортада тіршілік етеді. Биотоп – бұл биоценоздың өмір сүру ортасы. Биоценоз биотоппен бірігіп, биологиялық макрожүйені құрайды – ол биогеоценоз.
Әрбір биогеоценозды экожүйе деуге болады, ал әрбір экожүйені биогеоценоз деуге бола бермейді. Себебі биогеоценоз – бұл экожүйенің бір бөлігі ғана.
Экожүйе – бұл бір-бірімен белгілі бір заңдылықтармен тығыз байланыста тіршілік етуші әртүрлі ағзалардың жиынтығы мен тіршілік ортасының жағдайы. Терминді 1935 жылы ағылшын экологы Тексли енгізген. Ең үлкен экожүйе – Жер биосферасы, ары қарай кішірейе береді: құрлық, мұхит, тундра, тайга, орман, көл, көлшік, гүл отырғызылған ыдыс және тағы сондайлар (2 суретті қара).
Кез келген экожүйеде азық табу үшін әртүрлі өзара қарым-қатынастар орын алған. Оның құрамды бөліктері: фитоценоз – продуценттер (өсімдіктер), күн энергиясын қабылдау арқылы алғашқы азық қорын құрады; зооценоз – консументтер (жануарлар), екінші ретті азық қорын құраушылар; микробоценоз – редуценттер – өлі органиканы қорек қылып, оны қорыту негізінде өсімдіктер қоректене ала алатындай түрде минералды элементтерге айналдырушы ағзалар.
|
|
|
|