Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовые шпоры по снабжению ЭСНК-10-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
438.62 Кб
Скачать

27. Сымдар мен кабельдерді орналастыру (тарту) әдісі

         Өндірістік кәсіпорындарында электр желісі ішкі (цехтік) және сыртқы болып орындалады. Ішкі желі ашық болуы мүмкін: қабырға, төбе және басқа элементтерінің (құбырларда, коробкаларда, лотокторда) бетінде орналасады және де жасырылған болуы мүмкін: ғимараттардың конструктивті элементтерінің ішінде орналасады (қабырға ішінде, еденнің астында, фундаментте, т.б). Ал сыртқы желі ғимараттың сыртында орналасады, ғимараттар арасында және тіреулерде.

Электр желісінің өткізгіштері оқшауланған және оқшауланбаған болуы мүмкін. Оқшауланған өткізгіштер қорғалған және қорғалмаған түрде орындалады. Қорғалған өткізгіштер оқшауламасының сыртынан металл қаптамамен қапталады, ол механикалық бұзылудан қорғау үшін қажет. Қорғалмаған өткізгіштерде ондай қаптамалар болмайды.

         Сымның, кабельдің маркаларын, желінің түрін, орындау әдісін таңдау қоршаған ортаның сипаттамаларына байланысты анықталады, цех ішінде технологиялық жабдықтардың орналасуына және корек көзімен, басқа да сипаттамалармен анықталады.

         Өндірістік кәсіпорындардың электр желісінде шинаөткізгіш кеңінен қолданылады. Олар құрылымы бойынша - ашық және жабық, тағайындалуына қарай - радиальды таратушы (ШМА, ШРА) және  магистральді болады. ШМА айнымалы токқа, ШМАД тұрақты токқа арналған. Олар алюминийден  жасалған, ШРА - алюминийден және мыстан жасалады.

1кВ-қа дейін және одан жоғары электр желісінде күштік кабельдер қолданылады.. Механиканы зақымданудан қорғау үшін кабельдерді ғимарат ішінде жанбайтын плиталармен жабылған каналдарда орналастырады. Қимасы үлкен кабель желілері ерекше шарттарда ие ортада орналасқан ірі электр қабылдағыштарды қоректеу үшін қолданылады.

Сымдарды қорғаныс  құбырларда төсеу

Бұл қорғаныс механикалық зақымдалудан қорғайды, ол құбырлардың қосымша шығынымен байланысты.

Кемшілігі: мұндай төсеу, әсіресе болаттан жасалған құбырларда, оқшауламаның зақымдану мүмкіндігімен байланысты және зақымданған сымдарды ауыстыруға қажеттілік туғанда ыңғайлы болады. Мұндай төсеу ПУЭ-ға сәйкес жарамысқа қауіпті бөлмелерде жасау қажет және арнайы ВБВ,  АВБВ типті кабельдер қолданылады.

Сымдарды ашық жағдайда төсеу

Бұл кезде сымдар арнайы роликтерде, құрам оқшаулағыштарда, тростарда төселеді, ол өте қарапайым және арзан, бірақ сымдарды механикалық зақымдаудан қорғау сенімділігі жеткіліксіз.

Сымдарды лотоктар мен коробшаларда төсеу күдіктірек болып табылады, әсіресе күрделі көпқозғалтқышты агрегаттар мен автоматты жолдар үшін сымдар мен кабельдер саны өте көп болған кезде мұндай төсеу ынғайлы болып табылады.

Жарықтандыру желісінде ШОС түрлі шина өткізгіштер кеңінен қолданылады, ол алюминий немесе мыстан жасалған төрт  өткізгіштен тұрады. Шамдар штепселді терезе арқылы қосылады.

28.Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы

Күштік және жарықтық тораптардың сұлбалар және құрылымдық орындалуы

Сұлбалар қолданысқа ыңғайлы және электрэнергиясымен қоректелетін тұтынушылар үшін сенімді болуы керек. Электрэнергияның шығыны, өткізгіштерге кететін  шығындар желіні салуға кететін шығындар минималды болуы керек.

Цех желілері қоректенуші және таратушы болып бөлінеді. Электржелілердің сұлбалары радиалды және магистральді болып орындалуы мүмкін.

Радиалды сұлба

Мұндай сұлбаларда қорек көзінен, мысалы ТҚС тарату щитінен ірі ЭҚ-ды қоректейтін (қозғалтқыштар Д) немесе топтың тарату пунктерді қоректейтін желілері тармақталады, олардан өз кезегінде басқа да кіші ЭҚ қоректейтін желілер тармақталады.

Радиалды сұлбалардың мысалы ретінде насос, компрессор станцияларын және де жарылысқа қауіпті, өртке қауіпті және шаң өндірістердің сұлбаларын қарастыруға болады. Оларда электр энергияны тарату бөлек бөлмеде орналасқан тарату пунктерінен радиалды желілер арқылы іске асырылады.

Радиалды сұлбалар өте жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді; оларда автоматика элементтерін оңай қолдануға болады. Бірақ радиалды сұлбалар үшін тарату щиттерін, кабельдер мен сымдарды төсеу қымбат түседі.

  1.  
  2.  

  3.  

  4.  

  5.  

  6.  

  7.  

  8.  

  9.  

 

Магистралдық сұлбалар

(а) және (б) сұлбаларын цех ауданы бойынша жүктеме бірқалыпты таралған кезде  қолданады. (б) сұлбасы қосалқы станцияда тарату щитын орнатуды қажет  етпейді, энергия «трансформатор –магистраль» сұлба арқылы таралады, бұл цех ҚС салуды жеңілдейді және арзандатады.

ШМА және ШРА шинасымдармен орындалған магистральдық қоректену технологиялық жабдықтың орнын ауыстыру, желіні қайта жасау мәселесін қозғамайды. Кемшіліктері – электрмен жабдықтау сенімділігі жеткіліксіз, егер де магистральда қандай бір апатты жағдай болса, онда ол жердегі барлық

  1.  
  2.  

  3.  

  4.  

  5.  

  6.  

  7.  

  8.  

  9.  

 

электр құрылғыларын түгел ажыратуға тура келеді. Радиалды және магистральді желілердің ерекшеліктерін ескере отырып, әдетте қоршаған ортаның, өнеркәсіптердің сипаттамасына байланысты аралас сұлбаларды қолданады.

   

29. 1 кВ-қа дейінгі желідегі сақтандырғыш

1000 В дейінгі желілер үшін қорғаныс аппаратурасы.

Сақтандырғыштар. Олар электр қондырғыларды тоқтардың қысқа тұйықталуынан  қорғау үшін қолданылады;   1000 В дейінгі кең таралған сақтандырғыштар; ПР-2 жиналмалы сақтандырғыштар; НПН - құм себілген жиналмалы емес сақтандырғыш; ПН-2 - құм себілген жиналмалы сақтандырғыш.

Сақтандырғыштың негізгі типтері Iном  15 А-ден 1000 А-ге дейін болады.

Құрылымы  бойынша сақтандырғышты 2 топқа бөлуге болады:

а) кварцты құммен толтырылған ( ПН-2, НПН, ПП17, ПП18);

б) толтырылмайтын (ПР-2).

Балқымалы сақтандырғыштары мынандай болып  бөлінеді:

а) инерциялық - жылулық инерциясы үлкен, яғни біршама үлкен қысқа уақытты ток жүктемесіне төзімді;

б) инерциялық емес - жылулық инерциясы аз, яғни асқын жүктемеге төзімділігі шектеулі.

Сақтандырғышты таңдау шарты

Iном.пред. Iдл.,

Iном.вст  Iдл

мұндағы Iдл  - есептік ұзақ уақытты ток, ол былай есептеледі

.

                           20 Сурет - Сақтандырғыш сипаттамасы                   

 Қосылуы жеңіл жалғыз қозғалтқышқа баратын желіні қорғағанда (станоктар, желдеткіштер, насостар, т.б)

Iвст ;  IпускпускIномд.

 

 21 Сурет Қосылуы жиі немесе қосылу уақыты ұзақ жалғыз қозғалтқыштарға баратын желіні қорғағанда (крандар, ұнтаққағыштар, центрифугалар т.б.)

Iвст .

Күштік немесе аралас жүктемені қоректендіретін магистральді қорғағанда

Iвст

мұнда Iкр -желінің максималды қысқа уақытты тогы.

Iкр= I/пуск+ I/дл, [Iкр= Iпуск.наиб.эп+ ],

мұнда  I/пуск - бір уақытта қосылатын электр қозғалтқыштардың қосылу тогы. Бұл кезде желінің қысқа уақыттағы тогы максималды мәніне ие болады;

I/дл – бір немесе ЭҚ-ыр тобының іске қосылу моментіне дейінгі желінің ұзақ уақытты есептік тогы, А.

Пісіру аппаратына баратын желіні қорғау үшін Iном.пл.вст.  келесі қатынастан таңдайды.