
- •1) Энергетикалық және технологиялық жүйелерде тұтынушыларды электрмен жабдықтау
- •3) Ұзақтығы бойынша жылдық сұлбаны тұрғызу
- •4) Өндірістік тұтынушылардың электр энергиясының сипаттамалары
- •5. Электр қоңдырғылар түрлері.
- •6) Электрмен жабдықтау бойынша электр қондырғылардың категориясы
- •7) Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері
- •8) Орташа жүктемелер
- •9) Максималды және есептік жүктеме
- •10) Қолдану коэффициенті, максимум коэффициенті
- •11) Сұраныс коэффициенті, қосылу коэффициенті
- •7 Сурет - Активті қуат бойынша жүктеменің жеке графигі
- •12) Жүктеме графигінің форма коэффициенті, максимум жүктеменің әр уақыттылық коэффициенті
- •13) Энергияны қолдану бойынша ауысым коэффициенті, электр қондырғылардың тиімді саны
- •16. Келістірілген диаграмма әдісі бойынша есептік жүктеме анықтау
- •10 Сурет
- •17. Көмекші әдіс.
- •18. Реактивті қуаттың физикалық анықтамасы.
- •19. Реактивті қуатты тұтынушылары және генераторы.
- •20. Реактивті қуаттың компенсациалаудың технико-экономиялық шарты
- •21. Реактивті қуатты қолдану төмендету шаралары.
- •22. Кернеу 1кВ-тан төмен шиналарға кб қосылу сұлбасы
- •23. Кернеу 1кВ-тан жоғары шиналарға кб қосылу сұлбасы
- •24. Кб қуатың есептеу реттеу.
- •27. Сымдар мен кабельдерді орналастыру (тарту) әдісі
- •28.Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы
- •Iвст 1,2 Iсв
- •30)Автоматты әуелік ажыратқыштар
- •Iтепл.Р. Iдл.
- •31) Автоматты әуелік ажыратқыштарды таңдау
- •32) 1 КВ дейінгі сымдар мен кабельдердің қимасын анықтау
- •33) Шиналық сымдарды таңдау
- •34) Троллейлік желілерді есептеу(Расчет троллейных линии)
- •35) Электрлік жарықтандыру тораптарын есептеу(то что нашлось)
- •36)Сыртқы электр тораптары
- •37)Ішкі электр тораптары
- •38) Кернеуі 1кВ-тан жоғары радиалды сұлбалар
- •39) Кернеуі 1кВ-тан жоғары магистральді сұлбалар
- •40)Зауыттың ішкі электр жабдықтауының аралас қоректендіру сұлбасы
- •41. Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік желінің қимасын есептеу
- •42. Кернеуі 1 кВ жоғары кабелдік желінің қимасын есептеу
- •Iном.Каб³Iр – для одноцепной кл;
- •Iдоп.Ав. ³Iав;
- •43. Кабелдік кірістері бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •44. Тұйықтағы қосалқы стансаның сұлбасы
- •45. Дәнекерлеу қосалқы стансиясының сұлбасы.
- •46. Күштік ажыратқыштары бар қосалқы стансисының сұлбасы
- •32 Сурет
- •47. Распределительные устройства на подстанциях.
- •48. Магистральная схема на трансформаторных подстанциях
- •49. Радиальная схема на подстанциях.
- •50) Электр энергияның сапалық көрсеткіштері
- •51. Электр энергияның сапалық нормалары
- •52. Электр энергиясын санау
- •53. Электр қауіпсіздігінің қорғану шаралары
- •54. 1 КВ дейінгі желіде қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
- •Энергетикалық және технологиялық жүйелерде тұтынушыларды электрмен жабдықтау
5. Электр қоңдырғылар түрлері.
б) кернеу бойынша- ПУЭ сәйкес, электр энергияны өндіруші, түрлендіруші, таратушы және тұтынушы электротехникалық қондырғылар, сонымен қатар кернеуі 1000В-қа дейін электр қондырғылар және 1000В-тан жоғары электр қондырғылар болып бөлінеді;
в) бейтарап режимдер:
1) кернеуі 1000В-қа дейінгі қондырғылар жерге қосқыш арқылы, сонымен қатар оқшауланған бейтарап арқылы орындалады, ал тұрақты ток қондырғылары- жерге қосу және оқшауланған нөлдік нүкте арқылы орындалады.
Кернеуі 1000В-қа дейін оқшауланған бейтарабы бар электрлік қондырғыларды аса қауіпсіздікті талап ететін жерде қолдану жөн (торф өндіру кәсіпорындарында, көмір шахталарында және т.б.) және оларға шарт қойылады: желі оқшауламасының бақылауын қамтамасыз ету және теілу сақтандырғыштың тұтастығы, қызметкерлердің жерге тұйықталу зонасын тез арада іздеп табу және оны жою немесе жерге тұйықталу зонасын автомат арқылы өшіру. Қауіптігі аз шартта айнымалы ток төрт сымды желілерде және тұрақты ток үш сымды желілерде бейтарап тұйықтау міндетті түрде керек;
2) кернеуі 1000В-тан жоғары электрлік қондырғылар келесі түрге бөлінеді:
- оқшауланған бейтарабы бар қондырғылар ( кернеуі 35 кВ-қа дейін);
- сыйымдылық тоғын өтемдеу үшін индуктивті кедергі арқылы жерге қосылған бейтарабы бар қондырғылар (кернеуі 35 кВ-қа дейін және сирек кезде 110 кВ);
-жерге қосылған бейтарабы бар қондырғылар (кернеуі 110 кВ-қа дейін және жоғары).
Сонымен қатар бұл қондырғылар аз шамалы жерге тұйықталу тоғы бар қондырғылар (500 А-ге дейін) және үлкен жерге тұйықталу тоғы бар қондырғылар (500А-ден жоғары) болып бөлінеді;
г) ток жиілігі бойынша электр энергияны қабылдағыштар-өндірістік жиілікті қабылдағыштар (50Гц), үлкен жиілікті қабылдағыштар (100 кГц-тен жоғары), жоғары жиілікті қабылдағыштар (10 Гц-ке дейін) және төмен жиілікті қабылдағыштар (50 кГц-тен төмен) болып бөлінеді.
Көп жағдайда қабылдағыштар өндірістік жиіліктегі электр энергияны пайдаланады. Үлкен жиілікті және жоғары жиілікті қондырғылар металды балқыту үшін қолданады. Жоғары жиілікті қондырғыларға, мысалы текстилді өнеркәсіпте жасанды жібек өндіретін электрқозғалтқыштар жатады (133Гц);
д) электр энергия қабылдағыштары режим ұқсастығы бойынша, яғни жүктеме графигінің ұқсастығы бойынша топтарға бөлінеді. Тұтынушылардың осы топтарға бөлінуі жалпы электр жүктеменің қосындысын табуға мүмкіндік береді.
6) Электрмен жабдықтау бойынша электр қондырғылардың категориясы
Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету барысында электрлік қабылдағыштарды келесі 3 категорияға бөлемді:
1 категориялы электрлік қабылдағыштар - электр жабдықтаудың уақытша тоқтап қалуы келесі жағдайларға әкелетін электрлік қабылдағыштар жатады: адам өміріне қауіп төнсе, ауыл шаруашылығына зиян келсе, негізгі қымбат жабдықтар бүлінсе, өнім сапасы бұзылса, күрделі технологиялық процестер нашарласа.
1 категориялы электр қабылдағыштардың тобынан ерекше топ бөлінеді: олардын тоқтаусыз жұмыс істеуі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарылыс, өрт және қымбат жабдықтардың бүлінуінен қорғайтын өндірістің апатсыз тоқталуы үшін қажет;
2 категориялы электр қабылдағыштар - электрмен жабдықтау тоқтаған кезде өнімнің толық берілуін азайып, жұмысшылардың, механизмдердің және өндірістік көліктердің жұмыссыз тұруына, қала және ауыл тұрғындардың тұрақты қызметтерінің бүлінуіне әкелетін электр қабылдағыштар;
3 категориялы электр қабылдағыштар - 1 және 2 категорияларға жатпайтын барлық қалған электр қабылдағыштар.
1 категориялы электр қабылдағыштар екі тәуелсіз бір-бірімен резервте болатын корек көздерінен электр энергиясымен қамтамасыз ету керек, және бір қорек көзінің электр жабдықтауы бүлінген кезде электр жабдықтардың үзілісі қоректенуді автоматтық түрде қайта қосу уақытына ғана мүмкін.
Электр жабдықтаудың 1 категориялы электр қабылдағыштардың ерекше тобы үшін қосымша үшінші тәуелсіз резервті қорек көзі қарастырылу керек.
Электр қабылдағыштардың ерекше тобы үшін үшінші тәуелсіз қорек көзі ретінде және қалған 1 категориядағы электр қабылдағыштар үшін екінші тәуелсіз қорек көзі ретінде жергілікті электр станциялары, энергожүйелерінің электр станциялары, үздіксіз қоректің арнайы агрегаттары, аккумуляторлы батареялар және т.б. қолданылады.
2 категориялы электр қабылдағыштар үшін екі тәуелсіз өзара реттелетін қорек көзі ұсынылады. Бір корек көзінен электрмен жабдықталу бүлінген кезде электр жабдықтаудың үзілісі - кезекші персонал немесе оперативтік бригадакөмегімен резервті қоректенуді қосу үшін қажетті уақытқа ғана мүмкін.
3 категориялы электр қабылдағыштар үшін электрмен жабдықтау бір қорек көзінен қоректенуі мүмкін, егер, келесі шарт орындалса: электр жабдықтаудың үзілісі, жөндеу және электрмен жабдықтау жүйесінің бүлінген элементін ауыстыру үшін қажетті уақыт 1 тәуліктен аспаса.