Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовые шпоры по снабжению ЭСНК-10-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
438.62 Кб
Скачать

3) Ұзақтығы бойынша жылдық сұлбаны тұрғызу

Уақыт ұзақтығы бойынша өндірістік кәсіпорынның жүктеме графигі кезектік, тәуліктік және жылдық болып жіктеледі. Өндірістің әрбір саласының технологиялық процеспен анықталатын өзіне тән жүктеме графигі болады.

Қабылдағыштардың жұмыс тәртібінің реттілігі бойынша олардың жекелей жүктеме графиктері периодтық, циклдық, циклдық емес және реттік емес болып бөлінуі мүмкін.

Топтық жүктемелер периодтық, жартылай периодтық және реттік емес болып бөлінеді. 

Ұзақтығы бойынша жылдық графиктерді тұрғызу

Жыл бойына барынша көп жүктелетін күн – 22.12, ал ең аз жүктелетін күн – 22.06 болып қабылданған. Осы күндердің тәуліктік графиктері арқылы ұзақтық бойынша жылдық графигті тұрғызуға болады. Әр климаттық аумаққа байланысты жыл бойына қысқы Nз және жазғы  Nл күндер санын білеміз.

 

 

 

 

 

Сурет - Ұзақтық бойынша жылдық график 

Қысқы графикте ұзақтығы 30 минутқа тең не одан жоғары болса, максималдық ордината есептік болып саналады. Әрбір қысқы және жазғы графиктің ординаталарына сәйкес жүктеменің жыл бойына ұзақтығы есептелінеді және сол нәтижелер бойынша төмен қарай түсетін сатылы график тұрғызылады. Жылдық графиктің ауданы белгілі бір масштабтағы жыл бойына кеткен электр энергиясының шығынына тең. Мұндай график кәсіпорынның электр энергиясының шығыны бойынша жұмыс тиімділігін сипаттайды.

4) Өндірістік тұтынушылардың электр энергиясының сипаттамалары

Электр энргияны тұтынушылар бірнеше параметрлермен сипатталады:

а) Өндіріс орындарында электр энергияны қабылдағыштар ток түріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:

1) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В –қа дейігі үш фазалы қабылдағыштар;

2) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В-тан жоғары үш фазалы қабылдағыштар;

3) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В-қа дейігі бір фазалы қабылдағыштар;

4) жиілігі 50Гц-тан жоғары, түрлендіргіштік қосалқы станциялардан және қондырғылардан қоректенетін қабылдағыштар;

5) түрлендіргіштік қосалқы станциялардан және қондырғылардан қоректенетін тұрақты ток қабылдағыштар.

Түрлендіргіштік агрегаттар үшфазалық ток желісінен қоректенеді, сондықтан оларды үш фазалы ток қабылдағыштар деп атайды.

Меншікті түрлендіргіш агрегаттары бар тұрақты ток қабылдағыштар: Қ-Г жүйе бойынша электр жетегі, ионды  электр жетек және т.б. электр жабдықтау бойынша үш фазалы ток қабылдағыштар болып табылады.

Қазіргі кезде өндіріс орындарында электр жабдықтау үш фазалы айнымалы ток арқылы іске асады. Тұрақты ток қабылдағыштардың қоректенуіне түрлендіргіштік агрегаттар орнатылған (жарты өткізгіштік түзеткіштер, сынаптық түзеткіштер, қозғалтқыш-генератор (Қ-Г) және механикалық түзеткіштер) түрлендіргіштік қосалқы станциялар құрылады.

Барлық қабылдағыштардың үш сипаттамалық топтары бар:

а) бір қалыпты немесе аз мөлшерде өзгеретін жүктемемен жұмыс істейтін қабылдағыштар (4-сурет). Бұл режимде электрлік машина немесе аппарат бөлшектерінің температурасы аз белгіленген температурадан аспай ұзақ уақыт жұмыс істей алады.

Түрлендіруші қосалқы станциялардан қоректі талап ететін тұрақты ток қабылдағыштардың жиі кездесетіндері: завод ішіндегі электрфицирленген көлік, электролизді өндіріс, кейбір көтерме -көліктің және көмекші механизмдердің электр қозғалтқыштары;