
- •1) Энергетикалық және технологиялық жүйелерде тұтынушыларды электрмен жабдықтау
- •3) Ұзақтығы бойынша жылдық сұлбаны тұрғызу
- •4) Өндірістік тұтынушылардың электр энергиясының сипаттамалары
- •5. Электр қоңдырғылар түрлері.
- •6) Электрмен жабдықтау бойынша электр қондырғылардың категориясы
- •7) Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері
- •8) Орташа жүктемелер
- •9) Максималды және есептік жүктеме
- •10) Қолдану коэффициенті, максимум коэффициенті
- •11) Сұраныс коэффициенті, қосылу коэффициенті
- •7 Сурет - Активті қуат бойынша жүктеменің жеке графигі
- •12) Жүктеме графигінің форма коэффициенті, максимум жүктеменің әр уақыттылық коэффициенті
- •13) Энергияны қолдану бойынша ауысым коэффициенті, электр қондырғылардың тиімді саны
- •16. Келістірілген диаграмма әдісі бойынша есептік жүктеме анықтау
- •10 Сурет
- •17. Көмекші әдіс.
- •18. Реактивті қуаттың физикалық анықтамасы.
- •19. Реактивті қуатты тұтынушылары және генераторы.
- •20. Реактивті қуаттың компенсациалаудың технико-экономиялық шарты
- •21. Реактивті қуатты қолдану төмендету шаралары.
- •22. Кернеу 1кВ-тан төмен шиналарға кб қосылу сұлбасы
- •23. Кернеу 1кВ-тан жоғары шиналарға кб қосылу сұлбасы
- •24. Кб қуатың есептеу реттеу.
- •27. Сымдар мен кабельдерді орналастыру (тарту) әдісі
- •28.Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы
- •Iвст 1,2 Iсв
- •30)Автоматты әуелік ажыратқыштар
- •Iтепл.Р. Iдл.
- •31) Автоматты әуелік ажыратқыштарды таңдау
- •32) 1 КВ дейінгі сымдар мен кабельдердің қимасын анықтау
- •33) Шиналық сымдарды таңдау
- •34) Троллейлік желілерді есептеу(Расчет троллейных линии)
- •35) Электрлік жарықтандыру тораптарын есептеу(то что нашлось)
- •36)Сыртқы электр тораптары
- •37)Ішкі электр тораптары
- •38) Кернеуі 1кВ-тан жоғары радиалды сұлбалар
- •39) Кернеуі 1кВ-тан жоғары магистральді сұлбалар
- •40)Зауыттың ішкі электр жабдықтауының аралас қоректендіру сұлбасы
- •41. Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік желінің қимасын есептеу
- •42. Кернеуі 1 кВ жоғары кабелдік желінің қимасын есептеу
- •Iном.Каб³Iр – для одноцепной кл;
- •Iдоп.Ав. ³Iав;
- •43. Кабелдік кірістері бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •44. Тұйықтағы қосалқы стансаның сұлбасы
- •45. Дәнекерлеу қосалқы стансиясының сұлбасы.
- •46. Күштік ажыратқыштары бар қосалқы стансисының сұлбасы
- •32 Сурет
- •47. Распределительные устройства на подстанциях.
- •48. Магистральная схема на трансформаторных подстанциях
- •49. Радиальная схема на подстанциях.
- •50) Электр энергияның сапалық көрсеткіштері
- •51. Электр энергияның сапалық нормалары
- •52. Электр энергиясын санау
- •53. Электр қауіпсіздігінің қорғану шаралары
- •54. 1 КВ дейінгі желіде қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
- •Энергетикалық және технологиялық жүйелерде тұтынушыларды электрмен жабдықтау
Iвст 1,2 Iсв
мұндағы Iсв - номиналды қосылу ұзақтығы ПВ бойынша пісіру аппаратының номиналды тогы, А.
Пісіру аппаратына баратын желінің қорғау үшін алынатын Iном.пл.вст сол аппаратқа баратын өткізгіштің Iдоп -на тең деп алуға болады.
Тармақталған магистральді желіні балқымалы сақтандырғыштар мен қорғаудың селективтілігі ток көзіне жақындаған сайын Iном.пл.вст -ның өсуімен іске асырылады. Егер келесі сатыдағы сақтандырғыштың тогы алдыңғы сатыдағы сақтандырғыштың тогынан 2 сатыға көп болса, селективтілік қамтамасыздандырылады.
30)Автоматты әуелік ажыратқыштар
Олар қалыпты режимде төмен кернеулі тізбектерді ажырату және қосу үшін, қысқа тұйықталудан сақтау үшін қолданады.
Автоматтарда 3 түрлі ажыратқыш болуы мүмкін:
а) жылулық ажыратқыш, ол уақыт ұстамы бойынша токқа кері тәуелділігі бар биметалдық пластинкадан тұрады, ол асқын жүктемеден қорғайды (22 а сурет).
б)максималды ток ажыратқышы - (электрмагниттік) қысқа тұйықталудан немесе біршама үлкен асқын токтардан қорғайтын электр магнит (22 б сурет).
в) аралас ажыратқыш асқын жүктемеден де, қысқа тұйықталу тогынан да қорғайды (22 в сурет).
а) б) в)
22 Сурет - Автоматты ауа ажыратқыш ажыратқыштардың сипаттамалары
ВА сериялы ажыратқыштар
Жаңа тогы 1600А дейін ВА50 сериялы ажыратқыштар ескі АЕ3700, АЕ20 сериялы және АВМ, «Электрон» сериялы ажыратқыштарды ауыстырды.
Тогы 4000 А дейін ВА75 ажыратқыштары АВМ және «Электрон» сериялы ажыратқыштарды толығымен ауыстырады.
ВА сериялы жаңа ажыратқыштар желіні қорғауда электр энергия көздері қуатының артуымен, қысқа тұйықталу тогының өсуімен туатын көптеген проблемаларды шешті. Сонымен қатар олардың габариттерінің кішіреюі құрамына кіретін құрылғылардың өлшемдерінің азаюына мүмкіндік береді. (КТП, КУ, т.б.)
Ажыратқыштар тұрақты және айнымалы ток жүйелерінде жұмыс істеуге арналған. ВА75-ті желіге параллель жұмысқа екеуден қосуға болады, онда қорытынды ток 5000А (2х2500А) және 6300А (2х4000А) болады. Бұл кезде олардың арасында ток таралуына қарамастан қорғаныс жақсы жұмыс істейді.
Егер апат алдында желі 0,7 Iном. – ден жоғары жүктелген болмаса, ажыратқыштар апаттық режимде 3 сағатқа дейін асқын жүктелуге рұқсат береді,.
100А –ге дейінгі ажыратқыштар тек қана стационарлы болады.
160А-ге дейінгі ажыратқыштар стационарлы және қадалған болады.
250 А-ге дейінгі және одан жоғары ажыратқыштар стационарлы да, жылжымалы да болады.
ВА75 (4000А)-тек қана стационарлы.
ВА75(2500А)-тек қана жылжымалы.
Ажыратқыштар жетектері қолмен немесе қашықтан басқарылады.
ВА50-тің электр магнитті жетегі бар.
ВА75-тің электр қозғалтқышты жетегі бар (жөндеу кезінде қолмен басқаруға болады).
Автоматты ажыратқыштарды таңдау
Жылулық ажыратқыш (магнит қосқыштық жылулық релесі)
Iтепл.Р. Iдл.
Электр магнитті немесе аралас ажыратқыш
Iэл Iдл.
Электр магнит немесе аралас ажыратқыштың іске қосылу тоғы
Iср.эл. 1,25Iкр.
Жалғыз қозғалтқыш тармағы үшін Iкр=Iпуск .
Сипаттамасы токқа кері тәуелді реттелетін ажыратқыштың іске қосылу тоғы
Iср.р. 1,25 Iдл.
Жарылысқа қауіпті бөлмелер үшін Iдлит=1,25 Iдлит.дв.
Барлық жағдайда қорғаныс аппараттары қысқа тұйықталу кезінде сенімді ажырату қажет. Ол үшін бейтарабы жерге тұйықталған желілерде Iодноф.к.з. және бейтарабы оқшауланған желілерде Iдвухф.к.з тоққа кері тәуелді Iном.расц. 3 немесе одан да көп есе үлкен болуы керек; электр магнитті ажыратқышы бар автоматтың жұмыс тоғынан 1,1 немесе одан да көп есе үлкен болуы керек.