
- •Вокализмдер жүйесі(дауыстылар). - 11
- •Консонантизмдер жүйесі(дауыссыздар) - 25
- •Лексикологияның салалары
- •Сөздіктер(лексикография)
- •Сөзжасам
- •Зат есімдер
- •Зат есімдердің сөйлемдегі қызметі
- •Сын есімдер
- •Сын есімнің шырайлары
- •Сан есімдер
- •Сан есімдердің мағыналық түрлері
- •Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі
- •Есім негізді етістіктер
- •Етістіктің сөйлемдегі қызметі
- •Шақ категориясы
- •Өткен шақ
- •Келер шақ
- •Етістер
- •Көсемше
- •Көсемше
- •3. Тіркескен.
- •Синтаксис
- •Бөгде сөздер
- •Көмекші сөздер
- •Көмекші сөздер
- •Шылау(грамм-қ сипатына қарай)
Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі
1. Анықтауыш. Бір замандар Ғайшаның атына бірі артынан-бірі тізбектеп
келетін әлденеше жігіттің атын қосақтаған болатын.
2. Бастауыш. Жанындағы екі жігіт-соның осы қаладағы басқа жерде бірге оқыған жолдастары.
3. Баяндауыш. Ғайшаның қалада болу мерзімі - бір-екі ай.
4. Пысықтауыш. Соңғы екі ұрғанда Қонақай аттың жалын құшып теңселіп қалды.
5. Толықтауыш. Әлгі екі жігіт мына екеуіне езу тартып күдісті.
№16
Есімдік
Есімдік- есім сөздерінің орнына жұмсалатын сөз табы.
Құрамына қарай:
Дара |
Күрделі |
Бір ғана сөзден тұратын есімдік Менің жегенім – күйреуік, Сенің жегенің – күйреуік, Саған келсін түйнеуік. |
кемінде екі сөзден тұратын Көптің ақылынсыз ешқайда бара алмайсыз. |
Мағыналық түрлері:
Жіктеу есімдігі – жақтық ұғыммен байланысып, бір заттың атын, сынын алмастыратын есімдік.
Қуалаймын мен сені,
Сен де мені қуала.
Сілтеу есімдігі – белгілі бір затқа немесе құбылысқа сілтеп, нұсқап тұратын түрі.
Бұлар әңгімелесіп көп отырды.
Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында айтылатын есімдік.
Аягөз, қайда барасың?
Жалпылау есімдігі – мағына жағынан кем дегенде екі сөзден немесе одан да көп заттар мен құбылыстарды жинақтап көрсететін есімдік.
Туған жерімнің сайы, саласы, дөңі, ойпаты, ағашы – бәрі менің алақанымда.
Болымсыздық – сын-сапаның жоқ екендігін көрсететін есімдік.
Сен, шамасы, ешкімге айтпаған боларсың.
Белгісіздік – мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде атамайтын есімдік түрі.
Осы даланың асты толып тұрған көмір, бірнеше жүз жылға жетеді.
Өздік есімдігі - өз және оның түрленулері жатады.
Ол - өз дегеніне жететін адам.
Синтаксистік қызметі:
Бастауыш: Бәріміз өз Отанымыздың патриоттары болуымыз керек.
Баяндауыш: Уәде қабылдаған екенбіз, орындайтын да өзіміз.
Толықтауыш: Өзіңді мақтай бергенше, жолдастарыңның жақсы қасиеттерін үлгі етіп жүрген дұрыс.
Анықтауыш: Менің де, сенің де, оның да қызметімізді абыройлы атқарып жүргеніміз, шындап келгенде, өз қара басымыздың ғана емес, мектебіміздің де абыройы.
Пысықтауыш: Ауа райының бұлай күрт өзгеруін ешқашан көрген жоқпын.
№17
Етістік
Етістік деп қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөз табын айтамыз.
Етістік(мағынасына қарай)
салт сабақты
болымды болымсыз
Салт етістіктер табыс септігін керек етпейді, ал сабақты етістіктер табыс септігін керек етеді.
Салт: Біз оны байқадақ, кәпірдің алды тар көрінеді. Әли, Жармұхамет шай ішіп отырған үстіне сәлем беріп, Берікбол мен Малтабар кіріп келді.
Сабақты: Ақырында қыз бейшара әке-шешесін аяп, сот алдында «мен арыз бергенім жоқ» деп шығады. Қызық көрушілер іргеден, жабықтан сығалап, тыңдап, бірін-бірі итермелеп, түйе түскендей үйді қиратып барады.
Болымды етістік: Әлі де болса лек-легімен біреулер келіп жатыр, жұмысы біткендер кетіп жатыр.
Болымсыз етістік: Бірақ ұлы мақсатты тілектердің бірі-әйел теңдігі әлі де көңілдешідей жүзеге асқан жоқ.
Етістік(құрамына қарай)
негізгі туынды күрделі
Негізгі етістіктер тек бір түбірден тұратын етістіктерді айтамыз. Мысалы, Болыстардың ішінде бұлардың қол беріп амандасқаны Рақымбай ғана болды.
Туынды етістіктер деп басқа сөз таптарынан түрлі жұрнақтар арқылы жасалған етістіктерді айтамыз.