- •Вокализмдер жүйесі(дауыстылар). - 11
- •Консонантизмдер жүйесі(дауыссыздар) - 25
- •Лексикологияның салалары
- •Сөздіктер(лексикография)
- •Сөзжасам
- •Зат есімдер
- •Зат есімдердің сөйлемдегі қызметі
- •Сын есімдер
- •Сын есімнің шырайлары
- •Сан есімдер
- •Сан есімдердің мағыналық түрлері
- •Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі
- •Есім негізді етістіктер
- •Етістіктің сөйлемдегі қызметі
- •Шақ категориясы
- •Өткен шақ
- •Келер шақ
- •Етістер
- •Көсемше
- •Көсемше
- •3. Тіркескен.
- •Синтаксис
- •Бөгде сөздер
- •Көмекші сөздер
- •Көмекші сөздер
- •Шылау(грамм-қ сипатына қарай)
Сын есімнің шырайлары
1. Жай шырай - заттың белгісін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын, аумағын т. б. сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есімдер. Мысалы, үлкен үй, жақсы адам, т. б.
2. Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді.
Жұрнақтары:
-рақ, -рек, -ырық, -ірек үлкенірек, бойшаңырақ, т. б.
-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу кішілеу, таныстау, т. б.
-қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң дымқыл, бозғыл, көкшіл, қызғылт, т. б.
3. Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. (негізгі шырайға күшейткіш буынды қабаттастыру арқылы жасалады). Мысалы, тап-таза, әп-әдемі, т. б.
4. Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көрсетеді, я тым асыра төмендетеді.
Жасалуы:
- аса, өте, тым, тым-ақ, тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, ал(ал қызыл), орасан, керемет.
№15
Сан есімдер
Сан есімдер деп заттың сандық мөлшерін білдіретін сөз табын айтамыз.
Сан есімдердің мағыналық түрлері
1. Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Мысалы, екі, жиырма, мың тоғыз жүз тоқсан бір, т. б.
2. Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы, -інші аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы, жиырма бесінші, бесінші, бірінші, т. б.
3. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу аффиксінің қосылуы арқылы жасалады да, абстракт сан мөлшерін білдіреді. Мысалы, біреу, екеу...жетеу.
4. Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжалдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан, -ден, -тан, -тен аффикстерін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсетеді. Мысалы, төрттен, бес-бестен, жүз-жүзден, т. б.
5. Болжалдық сан есімдер-белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер.
Жасалу жолдары:
-дай, -дей, -тай, -тей елудей, жүздей немесе алты сағаттай, екі күндей
-ер тек қана бірер деген сан есім.
қосарлану арқылы үш-төрт, жиырма бес-отыз, т. б.
шақты, шамасында, тарта, қаралы, жуық, астам, шамалы жүз шақты, елуден астам, отызға жуық, т. б.
6. Бөлшектік сан есімдер-негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер, олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді.
Жасалу жолдары:
1-сыңар-ілік септігі, 2-сыңар-тәуелдік жалғауы жиырманың алтысы
1-сыңар-шығыс септігі, 2-сыңар-тәуелдік жалғауы екіден бірі
1-сыңар-шығыс септігі, 2-сыңар-атау септігі + «бөлігі» бестен екі бөлігі
сан есім + «жарым» үш жарым
Сан есімдер(құрамына қарай)
дара күрделі
біріккен қосарланған тіркескен
Дара сан есімдер деп әрі қарай морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сан есімдерді айтамыз. Мысалы, екі, алты, жүз, т. б.
Біріккен сан есімдер: алпыс = алты + он; жетпіс = жеті + он; тоқсан = тоғыз + он; сексен = сегіз + он.
Қосарланған сан есімдер екі сан есімнің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, елу-алпыс, екі-үш, т. б.
Тіркескен сан есімдер екі немесе одан да көп сан есімдердің тіркесуі арұылы жасалады. Мысалы, елу алты, жеті жүз тоқсан алты, т. б.
