Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_aza_1179_tili.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

Зат есімдердің сөйлемдегі қызметі

1. Бастауыш. Елдің үлкен кісілері мен шет қонақтар келгенде, Қадиша Кенжеханға бірауыз сөз айтқызбай күліп, қалжыңдап, еркін жүріп, өзі күтіп шығатын.

2. Баяндауыш. Өзен бойындағы ауылдардың күнбатыс жағындағысы-Байбосын хажының ауылы.

3. Толықтауыш. Күйеулермен қыдырып келген жұрт та таңертеңнен қозғалмай отырып әлденеше тегене қымызды ішіп алып, қызысқан.

4. Анықтауыш. Бұл болыстар базар ортасындағы Ақжелкенің кеңсесіне тағы келіп еді.

5. Пысықтауыш. Базар ортасында ұзын биік ағашқа аспандатып көтерген ақ жалауда екі басты самұрықтың суреті желкілдейтін.

14

Сын есімдер

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Сын есім(мағынасына қарай)

сапалық қатыстық

Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағына заттың әр алуан сыр-сипатын, қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы, қалың, көк, үлкен,т.б

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы, әдепті, ілулі, жинаулы, ақылды, т. б.

Сын есім(құрамына қарай)

негізгі туынды

Негізгі сын есім деп әрі қарай морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сын есімдерді айтамыз. Мысалы, үлкен, жақсы, аласа, т. б.

Туынды сын есім деп өзге сөз таптарынан түрлі жұрнақтар арқылы жасалатын сын есімдерді айтамыз.

Есім сөздерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар

Жұрнақтар

Мысалдар

1

-қы, -кі, -ғы, -гі

соңғы, ішкі, күзгі, жазқы

2

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті

икемді, ақылды, сорлы, тәртіпті

3

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық

орталық, қалалық, балалық

4

-лас, -лес, -дас, -дес, -тас

аралас, ыңғайлас, бағыттас, мезгілдес

5

-сыз, -сіз

икемсіз, шарасыз, амалсыз, ақылсыз

6

-дай, -дей, -тай, -тей

кісідей, ақындай, судай, кісідей

7

-шыл, -шіл

ұйымшыл, ұйқышыл, турашыл

8

-шаң, -шең

бойшаң, ашушаң, көйлекшең

Етістіктен сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар

Жұрнақтар

Мысалдар

1

-ық, -ік, -қ, -ақ, -ек

жабық, ашық, шірік, тесік

2

-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі

басыңқы, жабыңқы, бытыраңқы

3

-ынды, -інді, -нды, -нді

жасырынды, туынды, серпенді

4

-ымды, -імді, -мды, -мді

үйлесімді, тартымды, жағымды

5

-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш

күлдіргіш, білгіш, сезгіш, тапқыш

6

-қақ, -кек, -ғақ, -гек

ұрысқақ, тоңғақ, майысқақ

7

-шақ, -шек

ұялшақ, мақтаншақ, қызғаншақ

8

-малы, -мелі

көтермелі, аспалы, салыстырмалы

9

-улы, -улі

асулы, жабулы, жинаулы

10

-уық, -уік

жылауық, санауық, сұрауық

11

-ма, -ме, -ба, -бе

қазба, жазба, күйме, жалдама

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

1. Анықтауыш. Бұлар артқы топтан бір-екі адымдай ғана жырылып шығып тұрды.

2. Бастауыш. Осы күйлердің арасында ең жағымдысы-«Балбырауын» күйі еді.

3. Баяндауыш. Бүгін қас қарайғаннан кейін кеңсе барлықтарына жабық.

4. Толықтауыш. Кеше Сапарбектің үйіндегі тойда болған сорлыны ертіп кел.

5. Пысықтауыш. Бір дорба ірімшік ілулі қалпында екі айға жуық ас үйде тұрған-ды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]