
- •Вокализмдер жүйесі(дауыстылар). - 11
- •Консонантизмдер жүйесі(дауыссыздар) - 25
- •Лексикологияның салалары
- •Сөздіктер(лексикография)
- •Сөзжасам
- •Зат есімдер
- •Зат есімдердің сөйлемдегі қызметі
- •Сын есімдер
- •Сын есімнің шырайлары
- •Сан есімдер
- •Сан есімдердің мағыналық түрлері
- •Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі
- •Есім негізді етістіктер
- •Етістіктің сөйлемдегі қызметі
- •Шақ категориясы
- •Өткен шақ
- •Келер шақ
- •Етістер
- •Көсемше
- •Көсемше
- •3. Тіркескен.
- •Синтаксис
- •Бөгде сөздер
- •Көмекші сөздер
- •Көмекші сөздер
- •Шылау(грамм-қ сипатына қарай)
Зат есімдер
Зат есім деп заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын айтамыз.
Зат есімдер(мағынасына қарай)
заттың жай- заттың атауына заттың сұра-
күйіне байл. байланысты ғына байл.
деректі дерексіз жалпы жалқы адамзат ғаламзат
топо- антро-
нимика понимика
Деректі зат есімдер деп көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есімдерді айтамыз. Мысалы, қалам, үстел, т. б.
Дерексіз зат есімдер деп көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын зат есімдерді айтамыз. Мысалы, ақыл, адамгершілік, сезім, талап, т. б.
Жалпы зат есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдерді айтамыз. Мысалы, ағаш, тау, сана, т.б.
Жалқы есімдер деп жеке я дара заттарға берілген атауларды білдіретін зат есімдерді айтамыз.
Кісі аттары антропонимикаға жатады. Мысалы, Самал, Жансұлу, т.б.
Географиялық атаулар топонимикаға жатады. Мысалы, Көкшетау, Зайсан...
Адамзат есімдері кім? деген сұраққа жауап береді(адам, қыз, әже). Ғаламзат есімдері не? деген сұраққа жауап береді(қарындаш, кітап).
Зат есімдер(құрылымы жағынан)
жалаң күрделі
түбір туынды
Жалаң зат есімдер деп бір ғана сөзден тұратын зат есімдерді айтамыз. Мысалы, аспан, адам, тау, т. б.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз. Мысалы, қала, ой, кітап, т. б.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша морфемаға бөлшектенетін, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
Есім сөзден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар
№ |
Жұрнақтар |
Мысалдар |
1 |
-шы, -ші |
жылқышы, өтірікші, жәрдемші |
2 |
-шылық, -шілік |
жайшылық, кемшілік, құрғақшылық |
3 |
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық |
батылдық, жаңалық, кәрілік |
4 |
-ыл, -іл, -л |
гүріл, діріл, тарсыл |
5 |
-кер, -гер |
қаламгер, саудагер, айлакер |
Етістіктен зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар
№ |
Жұрнақтар |
Мысалдар |
1 |
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе |
көрме, жазба, тартпа, терме |
2 |
-ым, -ім, -м |
келісім, шешім, ауысым |
3 |
-ық, -ік, -қ, -к, -ақ, -ек |
тарақ санақ, салық, қылық |
4 |
-ыс, -іс, -с |
айтыс, тартыс, сөгіс, жүріс |
5 |
-ынды, -інді, -нды, -нді |
жуынды, үгінді, шөгінді |
6 |
-қы, -кі, -ғы, -гі |
бұрғы, сүзгі, шапқы |
7 |
-қыш, -ғыш, -гіш, -кіш |
білгіш, сүзгіш, сыпырғыш |
8 |
-ыш, -іш, -ш |
өкініш, қуаныш, сағыныш |
9 |
-уыш, -уіш |
елеуіш, тарауыш, түйреуіш |
10 |
-у |
байқау, жазу, ауру, оқу |
Реңк мәнін тудыратын жұрнақтар
№ |
Жұрнақтар |
Мысалдар |
1 |
-еке, -қа, -ке |
басеке, ағеке, Мырзеке |
2 |
-й |
шешей, ағай, атай |
3 |
-тай |
ағатай, апатай, шешетай |
4 |
-жан |
Сәулежан, атажан, Ермекжан |
5 |
-қан, -ақан |
балақан, ботақан, бұзауқан |
6 |
-қай, -кей |
балақай, шешекей, Бейсекей |
7 |
-шақ, -шек |
құлыншақ, інішек, келіншек |
8 |
-шық, -шік |
төбешік, қалашық, үйшік |
9 |
-ша, -ше |
сандықша, кітапша, қобдиша |
10 |
-ш |
Жұмаш, бикеш, Төлеш |
11 |
-сымақ |
өзенсымақ, батырсымақ |
12 |
-шігеш, -шығаш |
байшігеш, батыршығаш |
13 |
-екеш(-егеш) |
Тас екеш тас та өзгереді. |
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я одан да көп түбір морфемадан құралған формалар жатады.
1. Біріккен зат есімдер деп кемінде екі түбір морфеманың бірігуі арқылы жасалған зат есімді айтамыз. Мысалы, белбеу, қолқанат, қолбасы, т. б.
2. Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы, ата-ана, жауын-шашын, ел-жұрт, т. б.
3. Құрама зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы, балалар бақшасы, күн тәртібі, ауыл шаруашылығы, т. б.б
4. Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдер жатады. Мысалы, ПМУ, пединститут, мм, ҚазССР, т. б.