Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_aza_1179_tili.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

Сөзжасам

Сөжасам – жаңа сөздердің жасалуы, қазіргі кезде бір жағынан, фонетика, грамматика сияқты тілдік деңгейдің өзіне тән ерекше белгілері мен қасиеттері бар бөлек тіл білімінің саласы

Сөз тұлғасы

Түбір Қосымша Негізгі Туынды Жұрнақ Жалғау

Жіктік Сөз түрлендіруші Сөз тудырушы Тәуелдік Септік Көптік

Сөз тұлғасы – сөздің әр түрлі тұлғалық көрсеткіштері арқылы грамм-қ мағынасын білдіретін морф-ң түрі

Түбір – сөздерді әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, негізгі лексикалық мағынасын білдіретін бөлшек.

Негізгі түбір – төл түбір: үй, кітап, жүр, сан

Туынды түбір –жұрнақ қосу арқылы негізгі түбірден өрбіген түбір: үйшік, сызғыш,

Қосымша – сөздің түбіріне қосылып, оған қосымша мағына үстейтін бөлшек.

Жұрнақ - өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, лексико-грамматикалық мағына үстейді.

Өзі жалғанаған түбірдің түпкі лек-қ мағынасын өзгертіп, жаңа мағына жасайтын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады: илеуіш, білімді, көрме

Жалғанған сөздің мағ-н өзгерте алмайтын, тек оған қосымша мағына үстейтін жұрнақ сөз түрлендіруші деп аталады: көріп, тиме, үлкенірек

Жалғау – сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі бір грамматикалық мағына үстейтін морф-қ формалар.

Септік жалғау – сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі заттық ұғымға байланысты грамм-қ мағына үстейтін қосымша: далаға, саған, көшемен

Көптік жалғау – жалғанған сөзіне көптік мағына үстейтін жалғау: адамдар, оқушылар,инелер

Тәуелдік жалғау – иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамм-қ категория: мектебің, баласы, халқы

Жіктік жалғау – іс-әрекеттің кімге қатысты екенін білдіретін грамматикалық категория: мұғаліммін, оқушысың, еңбекқормыз

Сөз құрамы

Дара Күрделі

негізгі біріккен тіркескен қысқ-ған қос сөз

туынды

Сөз құрамы – сөз құрамындағы морфемалардың реттік жүйесі.

Дара сөз – құрамында бір ғана негізгі түбірі бар сөз: бала, халық, балалық

Негізгі сөз – ешбір жалғаулықсыз төл түбірден құралған сөз.

Туынды сөз – жұрнақтар арқылы негізгі түбірден жасалған сөз.

Күрделі сөз – кемінде екі я одан да көп дара сөздерден құралған сөз: үлкен-кіші, белбеу, ыдыс-аяқ, қара ала

Тіркескен сөз

Еркін тіркес Тұрақты тіркес

Есімді етістікті

Тіркескен сөз – кемінде екі түбірдің тіркесіп, бір мағынаға ие болуы.

Еркін тіркес – құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға болатын тіркес: қара ала, келе жатыр.

Есімді – құрамындағы сөздер есім сөздерден тұратын тіркес: сұр ала, отыз екі

Етістікті – құрамындағы сөздер етістіктен құралған тіркес: бара жатыр, келіп отыр.

Тұрақты сөз тіркесі – құрамындағы сөздерді басқа сөздермен алмастыруға немесе орнын ауыстыруға болмайтын тіркес.

Біріккен сөздер – кемінде екі түбірдің бірігіп, бір мағынаға ие болуы;

Біріккен сөздер

компоненттерінің өзара байланысына қарай

Біріккен – компоненттері мағына және форма жағынан елеулі өзгеріске ұшырамай-ақ, өз ара бірігіп, жинақталған бір тұтас лексика-семантикалық мағына білд-тін күрделі сөз: түйеқұс, қолқанат, итбалық, балмұздақ, мұзжарғыш

Кіріккен - компоненттердің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айырылып, тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және, сонымен бірге, сол ком-і фонетикалық жағынан әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдасып құралған күрделі сөзді айтамыз: қарлығаш, белбеу, әкел, әпер

Қос сөз – сөздердің қосарланып немесе қайталанып жасалатын сөздер.

Жасалу жолына қарай

Қайталама

Қосарлама

Бір сөздің я қосымшалы, я қосымшасыз түрінің екі рет қайталануы арқылы, я сол сөздің не бір дыбысының немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады.

Лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден құралатын қос сөз.

Фонетикалық және морф сипатына:

1. Қосымшасыз – түбірдің екі рет қайталануы: терең-терең, биік-биік

2. Қосымшалы – түбірге қосымшаның жалғануы

А) екі комп. бірдей қосымша: тырнап-тырнап, оқи-оқи, үшеуден-үшеуден

Ә) екі комп. әр түрлі қосымша: ұнамды-ұнамсыз, бірімен-бірі, көріп-көрмей

Б) екі комп. біреуіне ғана қосымша: орын-орынды, бес-бестен, қолма-қол

3. Бір сыңары дыбысы өзгеріп құралатын қос сөз

А) егер сөздің бірінші дыбысы д/сыз болса, қайталанғанда м(тас-мас, қол-мол, тіс-міс), с(кемпір-семпір, мәре-сәре) немесе п(шай-пай, нан-пан) дыбыстарына ауысады.

Ә) егер сөздің бірінші дыбысы д/ты болса, қайталанғанда, сол дыбыстың алдына м дыбысы қосылады: ат-мат, өте-мөте, іс-міс

Б) бірінші түбірде ашық д/ты дыбыс болса, қайталанғанда ол еріндік қысаң д/ты дыбысқа ауысады: шаңқ-шұңқ, жапыр-жұпыр, сатыр-сұтыр

4. Бір сыңары ықшамдалып айтылады: ап-ащы, әп-әдемі

А) қайталанатын негіздің бірінші буыны ашық болса, алғашқы ашық буынына қатаң п дыбысы қосылып, үстеме буын я бітеу, я тұйық буынға айналады: тап-таза, үп-үлкен

Ә) егер қайталанатын негіздің бірінші буыны бітеу болса, сол алғашқы буынның соңғы д/сызы түсіп қалады да, оның орнына қатаң п дыбысы жалғанып, үстеме буын я тұйық, я бітеу буынға айналады: кеп-кең, дөп-дөңгелек

Комп – нің морф-қ құрылымына және сөз таптарына қатынасына қарай бөлінеді:

1) Екі комп. де мағыналы:

А) Антонимдес - ақ-қара, төмен-жоғары

Ә) синонимдес- тәлім-тәрбие, ашу-ыза

Б) Ұштас- ыдыс-аяқ, ішек-қарын, аяқ-қол

2) Екі комп. де мағынасыз:

Ығы-жығы, оқта-текте, ым-жым

3) бір комп. ғана мағынасыз:

бала-шаға, көрші-қолаң, азын-аулақ

Қысқарған сөздер – күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі қысқарып, әрі біріктіріліп жұмсалуы.

Жасалу жолы:

1. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің тек басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді: АҚШ, ҚР

2. Сөздердәің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді: ҚазҰПУ, ҚАЗМҰУ

3. Күр. атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан қысқарып бірігеді: кеңшар, ұжымшар, физмат

4. Күрд. атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздің түбір күйінде айтылуынан құралады: медколледж, медпункт, медбике

13

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]