
- •Вокализмдер жүйесі(дауыстылар). - 11
- •Консонантизмдер жүйесі(дауыссыздар) - 25
- •Лексикологияның салалары
- •Сөздіктер(лексикография)
- •Сөзжасам
- •Зат есімдер
- •Зат есімдердің сөйлемдегі қызметі
- •Сын есімдер
- •Сын есімнің шырайлары
- •Сан есімдер
- •Сан есімдердің мағыналық түрлері
- •Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі
- •Есім негізді етістіктер
- •Етістіктің сөйлемдегі қызметі
- •Шақ категориясы
- •Өткен шақ
- •Келер шақ
- •Етістер
- •Көсемше
- •Көсемше
- •3. Тіркескен.
- •Синтаксис
- •Бөгде сөздер
- •Көмекші сөздер
- •Көмекші сөздер
- •Шылау(грамм-қ сипатына қарай)
Көмекші сөздер
Көмекші сөздер – нақтылы лек-қ мағыналары я әр түрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде жеке-дара тұлға есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз.
Көмекші сөздер
(мағынасы мен құрылысына)
Көмекші есімдер Шылау Көмекші етістіктер
Көмекші есімдер – лек-қ мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір зат есім сөздің легінде қолданылатын зат есімдер.: сырт, маң, аст, үст, арт, қас, жан.
Кейде көмекші етістіктер көптік, септік жалғ – да келіп, басқа сөзге тәуелді болмай, жеке тұрып та сөйлем мүшесі бола алады. Сыртын көріп, ішінен түңілме.
Сөйтіп жан-жағына қарап тұрса, ілгері алдында, бір биік қыр үстінде, үлкен мола көрінді.
Көмекші етістік- өзі тіркесіп тұрған етістікке демеу болып, оған қосымша абстракты грам-қ мағына үстейтін етістіктерді айтамыз.
Көмекші етістік
толымды толымсыз
Толымды ет-к – бір жағынан негізгі лек-қ мағынасын толық сақтап, дербес грам-қ функцияларын түгелдей атқарады, екінші жағынан аналитикалық етістік құрамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған қосымша абстракты грамм-қ мағына үстейтін бір алуан етістіктер жатады.
Сен сырыңды көрсетпе, әйтпесе бәрін біліп қояр.
Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, құдайдың жіберген қаза-бәлесіне, себеп табамын, деу құдайға қарсылық болып табылады деп білемін.
Толымсыз етістік – тіркескен сөзге ешқандай да лек-қ мағына я реңк үстемейді, тек грамм-қ мағына ғана жамайды.
еді тарихи е(ед).
Жұма сайын Версальдағы үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?
Екен
Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады.
Емес
Қуанарлық қыз емес,
Жылтырауық таққанға.
Өзгелерді біз емес,
Түсірмекші қақпанға.
Шылау – сөз бен сөздің сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздердің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға оротақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамм-қ мағынасы бар сөздер.
№24
Шылау(грамм-қ сипатына қарай)
Жалғаулықты Септеулік Демеулік
Жалғаулықтар - өзара тең бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді.
Ыңғайластық: мен бен пен, және, әрі, да, де
Тобықты аулында әрі ойшыл, әрі би болып атанған адам осы еді.
Талғаулықты: әлде, бірде, біресе, кейде, я, яки, мейлі, құй
Құй бай болсын, құй кедей болсын заң алдында бәрі бірдей тең дәрежеде тұрады.
Қарсылықты: бірақ, алайда, әйтсе де, әйтпесе, әйткенде, сөйтсе де, дегенмен, сонда да, әйтпегенде
Бірақ бұл жырақтан шапқан жаудан да жаман.
Себептік: себебі, өйткені
Өйткені, тағы бір сәт орақ сілтесе, анық қалың төбелес басталғалы тұр.
Салдарлық: сол себепті, сондықтан
Сондықтан Базаралыны қатты соққыға жықты.
Шарттық: егер, егер де, алда-жалда
Көздеріңді ашып қара, егер оны ұстайтын болсаң, өзің сезіп отырған бар пәлені қоздырайын.
Айқындағыш: демек, яғни
Қасына ерткен екі ғана жолдасы бар, яғни олар: Әбді мен Сарбас.
Ұштастырғыш: ал, ендеше, ал ендеше
Алтын садақ күннің шығыс жағынан батысына қарай, ал үш күміс жебе түн тарапқа қарай жатыр екен.
Септеуліктер – объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеретін тұрақты шылау.
Атау септігі: үшін, сайын, сияқты, туралы, арқылы, бойы, шамалы, шақты
Қазақтың тыныштығы үшін, бақытты болашағы үшін көптеген батырларымыз өз өмірлерін қиды.
Барыс септігі: қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, шейін, дейін
атқосшы шауып кеткеннен кейін, әңгіме сол қалпымен жалғастырылды.
Шығыс: гөрі, бері, кейін, соң, бұрын, бетер.
Аз өмірін ұзатқан,
Ғылымға бойы толған соң.
Көмектес: қтар, бірге, қоса
Қалаға барсаңыз, мені қоса алып кетерсіз.
Демеуліктер - өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер жамайтын сөздер.
Сұраулы: ма, ме , ша, ше
Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашып, тай жарысқан.
Күшейткіш: да, де та, те, ақ, ау, ай
Құдай-ау сенің көргенің түс емес.
Нақтылық: қой, ғой, ды, ді, ты, ті
Азған елдің хандары,
Тақ үстінде отырғандары,
Жарлардан лаып байларға,
Сыйлар берсе керек-ті.
Шектік: қана, ғана, ақ
Кебек мұны естіп көп ойлады,
Асықпай біраз ғана еп ойлады.
Болжалдық: мыс, міс, ау
Танымаған қонаққа сыр білдірген
Көрсеқызар, жеңісқой ұрғашы-ау деп.
Болымсыздық: түгіл, тұрсын, тұрмақ.
Халқыма қарамастай қылдың мені,
Сен түгіл үлкендерге лайық емес,
Шығардың ойымда жоқ неменені?
Қомсыну: екеш
Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ ақылы кемел патша сол бала екеш балаға да көзін салып тұрған екен.