Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_aza_1179_tili.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

Синтаксис

Синтаксис – (гр. Sintaksis – біріктіру) – сөйлемдегі жеке сөздердің байланысын, сөз тіркесінің заңдылықтарын, сөйлем құрудың амал-тәсілдерін қарастыратын грамматиканың үлкен саласы. Термин ретінде екі мағынада жұмсалады: 1) сөйлеудің құрылысы жүйесі деген мағынада; 2) тіл ғылымының бір саласы атауы мағынасында.

Сөз тіркестері – сөздерді салаластыра және сабақтастыра байланыстырады.

Байланысу тәсілдері

Аналитикалық Синтетикалық

Шылаулар арқылы – телефон арқылы сөйлесу Қосымшалар арқылы

орын тәртібі арқылы – сұлу қыз жасын сүртті

интонация арқылы - мен - оқушы

Байланысу тәсілдері

Қабысу – сөз тіркесі құрамындағы, бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңармен жалғаусыз, іргелес тұрып, орын тәртібі арқылы байланысуы

Зат есім – зат есім ағаш күрек

Сын есім – зат есім ауыр қайғы

Сан есім – зат есім екінші қатар

Есімдік – зат есім мына үй

Есімше – зат есім Көшкен бұлт

Матасу – сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне-бірі іліктес грамматикалық формалар арқылы байланысу амалы айтылады. І. с. + тәуелдік жалғ ІІІ жағы

Кедей үйі, қазақ тілі, Қарағанды зауыты

Меңгеру – қосымша тәсілі негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс. Атау мен шлік септіктен басқа септіктер қолданылады.

Дәптерге жазылды, көршіге әкелінді, сәтсіздікке ұшырады

Қиысу – сөйлемде синтаксистік тұлға ретінде ұйымдастыруға қатысатын грамматикалық амалдардың бірі.

Марат жетіп келді, ол мұғалім, күн көтерілді

Жанасу – бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен ешбір жалғаулықсыз,талғаусыз орын тәртібі және шылаулар арқылы байланысуы.

Үйге қарай бет алды, бүгін жиналды, жылдам жүрді

Қатынас

Бастауыштық немесе баяндауыштық – предикаттық – бәйге басталды

Анықтауыштық – атрибуттық – қызыл ерін

Пысықтауыш - адвербиалды - әзер қозғалды

Толықтауыш – объектілік - санамызға жетті

Сөз тіркесі(басыңқы сыңарына байл.)

Етістікті Есімдікті

Пойызға асықты Қызыл жеміс

Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (н/е одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.

Сөз тіркесте екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жағынан бағынған қатынаста тұрады.

Бағыныңқы сыңар - тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралық сипат беретін сөз.

Басыңқы сыңар - сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз.

28

Тұрлаулы мүше- ________________________________________________________

Бастауыш - сөйлем арқылы айтылған ойдың кім, не туралы екенін білдіреді, ол – субъектіні білдіретін мүше.

Бастауыш (құрамына қарай):

Дара

Күрделі

Бір сөзден ғана тұратын бастауыш

Біз алғашқыда өзіміз сенбедік.

Кемінде екі сөзден тұратын

Күрделі бастауыштың жасалу жолдары:

  1. Күрделі сын есім, сан есім,есімшелер

Кеншілер сарайы адамға лық толды.

  1. Зат есім, жіктеу есімдіктері мен өз есімдігі матаса бірігуі

Оның өзі, ұрлықшы өзі.

  1. Зат есім мен көмекші есімдер матаса бірігіп күрделі бастауыш

Қораның іші сабындыққа толып кетіпті.

  1. Зат есім есімдік және жинақтау сан есімдер немесе зат есім мен деген сөзінің тіркесуі арқылы күрделі бастауыш

Зұлымбай деген қаніпезер өз қамын ғана ойлайтын зұлым екен.

  1. Күрделі мекеме атаулары

Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша тоғызыншы орынға ие.

Жасалу жолдары:

Зат есім:Адамдар арасындағы қанағат, тойымсыздық нысапқа байланысты.

Есімдік: Ол әділдікті, уәдесіне адалдықты,шыншылдықты құрметтейді.

Сын есім: ақылды ісіне сенеді.

Сан есім: үшеуі сыртқа сөйлесу үшін шықты.

Есімше: Ізденген жетер мұратқа.

Тұйық етістік: адам болу – ең қиын мамандық.

Баяндауыш – грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше.

Баяндауыш(құрамына қарай)

Дара

Күрделі

Олар өте шалғай жерден келіпті.

Кемінде екі сөзден тұратын

Баяндауыштың жасалуы:

  1. Дара және күрделі сөздердің баяндауыш ретінде жұмсалуы.

Көптен күткен көктем де келді

  1. Тиянақты баяндауыш қызметіндегі сөздің үстіне көмекші сөздер үстеліп синтаксис аясында жасалатын күрделі баяндауыштық формалар.

Шығыс горнизонын атқылады дейсің?

  1. толық мағыналы сөздердің қайталанып тіркесуі немесе дара сөздердің меңгеріле тіркесуі арқылы жасалады.

Бүгінгі жиналыста ішінде ұстаған ойын айтуын айтты.

Жасалу жолдары:

Зат есім: Ырыс алды – ынтымақ.

Сын есім: Үйлену – оңай, үй болу – қиын.

Етістік: әбіш биыл да жазғы демалысқа елге қайтқан.

Сан есім: Менің көзіме түскені – екеуі.

Есімдік: Менің айтатыным – осы.

Көптен айтқан ауылым – міне.

29

Пысықтауыш – етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіреді.

Құрамына қарай:

Дара пысықтауыш

Күрделі пысықтауыш

Бұл қапырықта қайда жөнелмекші?

Түс ауа бергенде балықшылар да келген болатын.

Мағыналық түрлері:

  1. Мезгіл пысықтауыш - мезгіл мағыналы үстеулер.

  1. Зат есім + жатыс пен барыс септік

Биылғы тойда екеуі тағы да кездесті.

  1. Заттанған сын есім + жатыс

Қыс қатайып аштыққа ұшыраған суықта жұмысшы батальоны қырыла бастады.

  1. Есімшелер + жатыс

Патша тақтан құлағанда ел билеушілері Уақытша билікті қолға алды.

  1. Мекен пысықтауыш – іс-әрекеттің орнын, бет алысын, шығу мекенін білдіреді.

  1. Мекен үстеулері

Сөніп бара жатқан шамның білтесін жоғары көтеріп қойды.

  1. Зат есім+ барыс,жатыс, көмектес

Еламан поездан түсе салысымен үйіне бет алды.

  1. Зат есім,есімдік,есімше+ көмекші есім, септеуліктер

Үй алдында бір топ адам жиналып қалыпты.

  1. Сын-қимыл – етіс-к арқылы айтылған істің, әрекеттің сынын, сапасын, тәсілін білдіреді.

1. Сын-бейне , күшейту, топтау мағыналы үстеулер

Тәңірберген мен досы Жолжелкен станциясысына зорға жетті.

  1. Еліктеуіш сөздер

Ол өзі дайындатқан бір табақ етін өзі апыл-ғұпыл жей бастады.

  1. ып,іп,п,а,е,й тұлғалы көсемше

Осы үй өзі аасын шеттетіп жүргенін сезген балалар күн санап реніш пен ызасын іштеріне жиып, дықтанып өсіп келеді.

  1. Мақсат - айт-ған істің мақсатын білдіреді.

  1. Мақсат үстеулер

Бұл сөзін жүрегіне бату үшін әдейі айтқан болатын.

  1. –ғалы,-гелі көсемше

Сенің кішкентайыңды көргелі келіп тұрмын.

  1. Бұйрық рай + деп

Бөгет құрайын деп ауылдастарын жинай бастады.

  1. Себеп пысықтауыш – себебін білдіреді.

  1. Өткен шақ әсімше+дықтан, діктен

Ол көпке дейін қуанғандықтан жылайтын күні жетті.

  1. Ө. ш. есімше+ шығыс

От алған дәрідей лап берген қуаныш енді қазір үміті алданғаннан қайтып, көңілін қорқыныш сезіміне босатып берді.

  1. Дерексіз зат есім + шығыс септігі

Осы қыңырлығынан сөз еститін болдық.

Жасалу жолдары:

Зат есім: Енді көп зарықтырмай, қыр үстіне бір адамды отырғызып кетті.

Үстеу: Бүгін де күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт болатын.

Еліктеу: Билер тобы жым-жырт отырып кап еді.

Есімше: Түс ауғанда ол жетіп келді.

Көсемше: Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады.

30

Толықтауыш.

Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысты, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесін толықтауыш дейміз. Атау мен іліктен басқа септіктердің сұрағына жауап береді.

Толықтауыш (құрамына қарай)

Дара

Күрделі

Бір сөзден ғана тұратын толықтауыш

Жіңішке жолмен қос ат келе жатыр.

Кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш

Жасалу жолы:

1. Күрделі сөзден

Олар аттардың қара торысын таңдап алды.

2. Тұрақты сөз тіркесінен

Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.

Толықтауыш(мағынасына қарай)

Тура

Жанама

Табыс септік тұлғадағы

Суды шым тоқтатар,

Сөзді шын тоқтатар.

Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы

Оның ұзақта келе жатқандарға көзі жетті.

Жанама толықтауыш деп іс-қимылға түрлі объект ретінде қатысатын затты білдіріп, сөйлемде ілік, табыс, атаудан басқа септік жалғау формасында жұмсалатын сөйлем мүшелерін айтамыз.

  1. Барыс септігі: Оның ұзақта келе жатқандарға көзі түсті.

  2. Жатыс септік: Кітабында қазақ елінің тарихы көркем баяндалған.

  3. Шығыс септігі: Абай аттан қалай түскенін бімей де қалды.

  4. Көмектес септігі: Шәкеннің үнін ақырын үнмен қосады.

Жасалу жолдары:

Зат есім: Қорқақ көлеңкесінен қорқады.

Есімдік: Бұл сөз оған қатты әсерін тигізді.

Сын есім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Сан есім: Бестен үшті алса, екі қалады.

Есімше: Оның айтар-айтпасын білмеді.

Тұйық етістік: Үйге баруға қолы тимей жүр.

Анықтауыш – сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі.

Сұрақтары: Қай? Кімнің? Ненің? Неше? Қанша? Қашанғы? т.б.

Анықтауыш(құрамына қарай)

Дара

Күрделі

бір ғана сөзден тұратын анықтауыш

Ұлыған қасқырды көріп, зәре құтымыз қалмады.

кемінде екі сөзден тұратын аывқтауыш

1)Тұрақты тіркес:Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр.

2)Күрделі сөз:Қалың-қара жібек кемзалында қымбат күміс түймелер тігілген.

Жасалу жолдары:

Зат есім: Келесі күні Оспанның үлкен үйінде бар туысқандардың жиыны болды.

Сын есім: Зерделі қыздың зерек ойы қядағы жұмбақты іліп әкетті.

Сан есім: Екі күн өтті, үшінші күн кешке Өтегелдің отауында Мағыш пен Әбіш екеуін ұшырастырмақ болды.

Есімдік: Өзге жастар да бұл жайды үлкен түйін санап жүр екен.

Есімше: Айтқан сөзің дұрыс болса, жүз бас беремін.

32

Жай сөйлем (айтылу сазына қарай):

  1. Хабарлы

  2. Сұраулы

  3. Бұйрықты

  4. Лепті

Хабарлы – информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар.

  1. Баяндауышы ашық рай формалы етістік

  2. Өзіне тән баяндау сарынды интонация болады.

Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелемті.

Бұйрықты – сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіреді.

Баяндауышының формасы:

  1. ІІ жақ жекеше бұйрық рай

  2. І жаққа – айын, ейін, айық, ейік

ІІІ жаққа – келсін, айтсын

  1. Шартты рай тұлғалы етістік(ашсана, сөйлесене)

  2. ІІ жақ бұйрық форма – деген соң – ІІ жақ бұйрық форма

  3. Уші формалы есімше – болма

Шық деген соң шық деп, таяғына жармасты.

Маған мұндай қыңырлығынды көрсетуші болма!

Жүр, тез аяғыңды бас!

Маған ішкі сезіміңізді ашсана.

Жарыс туын жоғары ұстайық.

Лепті – сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлем .

  1. Да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыш

  2. Етістік – дейсің, есім сөз – деймін

  3. Шартты рай тұлғалы етістік

Мына тәрбиелік мәтінді оқы да тоқы!

Құртамын дейсің, жауды деймін.

Қарт адамдарға неде болса көмек көрсетсек.

Сұраулы – бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіреді.

  1. Ашық сұрақты білдіреді – іздеуші мүше белгісіз, оның орнына сұраулы есімдіктер қолданылады.

  2. Альтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып, альтернатив сапа, іс аталады, ол сапа, іс атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада айтылып тұрғанын сұраулық демеулік шылаулар білдіреді.

  3. Риторикалық – жауапты қажет етпейді, көбінесе поэзияда кездеседі.

  4. Түрткі сұрақты білдіретін – тыңдаушыны іске қосу, жұмсау үшін пайдаланылады.

Қанша рет бір сөзді қайталай беріге болады?

Мынау егіс күздік пе, жаздық па?

Содан бері бірталай жылдар өтпеді ме?

Үй құрғыр азынап кетті ғой, тағы бірдеңе тауып жағасың

33

Жай сөйлем(мағыналық түрлері)

1) Жақты

2) Жақсыз

3) Толымды

4) Толымсыз

5) Атаулы

6) Жалаң

7) Жайылма

Жақты – баяндауышының формасынан грамматикалық бастауышының бар екендігін білдіреді.

Бұл тарихи қозғалыстан қазақ даласы да шет қалған жоқ.

Жақсыз – оппозициялық қатынаста тұрған сөйлем.

Жасалу жолдары:

  1. Барыс септіктегі тұйық рай етістік + болады(болмайды).

Бұл аймақтың жалғыз бір көзі болып отырған бастауды бітеуге болмайды.

  1. Барыс септігі тұйық рай + тура келеді.

Маған жаман, қайғылы хабарды туысқандарына жеткізуге тура келді.

  1. Болымсыз шартты рай + болмайды.

Арнайы даярланған отряд жіберілмесе болмайды.

  1. Тұйық рай + керек.

Оның бұл жиналысқа не де болса баруы керек.

  1. –пақ тұлғалы есімше + керек

Одан рұқсат алу үшін, жағдайдың бәрін түсіндірмек керек.

  1. –ар, -ер есімше + -ма, -ме + еді.

Шынайы махаббатың қиындыққа кез болса, артынан еріп барар ма еді.

  1. –са,-се шарты рай + болар еді.

Мараттан бүгінгі үшін кешірім сұраса болар еді.

  1. –ар,-ер(ма+с,па+с)+ болар.

Біздің ауылдың қиын қыстау жағдайын айтар болар.

  1. Болымсыз есімше + барыс жалғау түрінде жасалады.

Аты әлемге әйгілі ақынымыз туралы неге сөз айтпасқа?

  1. Шартты рай етістіктен жасалған баяндауыш та жақсыз сөйлем

Патша үкіметінің қол астындағы қазақ еліне көмек көрсетсек.

  1. Өткен шақ көсемше + болмайды.

Ауылда болған оқиғаларды бірінен соң бірі біліп болмайды.

  1. Ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баян-тар мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем құрайды.

Сөйлей-сөйлей шешен боласың,

Көре-көре көсем боласың.

Толымды – белгілі бір ой мен құрылымға қажетті сөйлем мүшелері бар сөйлем.

Патша үкіметінің отаршыл саясатына қарамастан, қазақ халқының өзіндік мәдениет үлгілері көптеген салаларда тамаша нәтижелерге жетті.

Толымсыз - ойға қатысты керекті сөйлем мүшесі жоқ.

Басты ерекшелігі – түсіп қалған немесе қажет болған сөзді немесе бірнеше сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады.Толымсыз сөйлем болмайды:

  1. Осы шақта тұрған сөйлемдер

  2. Дайын толымды мақал-мәтелдер

  1. Балам, қайдан келдің?

  2. Алыстан.

Толымды түрі:

  1. Балам,(сен) қайдан келдің?

  2. (Мен) алыстан (келдім).

Атаулы – құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түскен мүшелері жоқ. Құрамында тек атау ретінде қолданылған тірек сөз ьолады.

Жұмсалуына қарай:

  1. Бейнелеуіш мағыналы: Түн. Дала тастай қараңғы.

  2. Эмоциялы: Күлуін! Жылауын!

  3. Сөгіс, тілек: Қаңғыған неме? Өркенің өссін!

Жалаң сөйлем – тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі.

Нұржан жағасын ұстады. Той-думан болып тұрады.

Жайылма – бастауыш не баяндауышты не түгелдей сөйлемді түсіндіру үшін құрамына тұрлаусыз мүшенің біреуі не бірнешеуі енгізілген жай сөйлемнің түрі.

Екі қолын артқа ұстап еңкейген кәрі кемпірлер де келді.

35

Бірыңғай мүше

Бірыңғай мүше деп грамматикалық қызметі жағынан, грам. формасы жағынан, грам. байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелерді айтамыз.

Бірыңғай мүшенің тыныс белгілері.

1. Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды.

2. Жалғаулықсыз келген күрделі бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.

3. Жайылма бірыңғай мүше-дің әрқайсысының өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелердің жігіне нүктелі үтір қойылады.

4. Бірыңғай мұшелердің алдыңғысының жалғаулығы түсіп қалып айтылуы мүмкін. Ол күнде де ара-на үтір қойылады.

5. Егер алдыңғы сын есім тікелей зат есімнің сынын білдірмей,өзінен кейінгі тұтас тіркестің сынын білдіретін болса, ара-на үтір қойылмайды.

6. Бір деген белгісіздік есімдігі мен соған жалғас келген анықтауыштың ара-на үтір қойылмайды. Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір әдемі тарғыл тазы ертіп келіпті.

7. Бірыңғай мүшелердің арасында қайталамайтын мен, және деген жалғаулықтар тұрса, үтір қойылмайды.

8. Да шылауы етістіктен болған екі бірыңғай баяндауыш ара-да қайталамай келсе, да-дан кейін үтір қойылады.

9. Бір мағынаны беретін, бірақ екеуі де ашық райда айтылатын күрделі етістіктердің ара-да келген да шылауынан кейін үтір қойылмайды.

10. Да, не, немесе, я, яки, әрі, әлде шылаулары қайталанбаса үтір қоцылмайды.

11. Бір сөз бірдей не әр түрлі тұлғада қайталап айтылса, ара-на үтір қойылады.

12. Екі ьірыңғай мүше-ң ара-да келетін бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сондай-ақ, сонымен бірге келсе, алдынан үтір қойылады.

13. Бірыңғай мүшеден кейін сұраулық шылау, болсын деген сөз қайталанса, үтір қойылады.

14. Үн жоқ, түн жоқ; ұзын арқан, кең тұсау; бір сырлы, сегіз қырлы

15. Жалпылауыш мүше б. м. кейін тұрса, алдынан сызықша қойылады.

16. Біпыңғай мүше мен одан кейін келетін жалпылауыш мүшенің арасында қыстырма сөз тұрса, қыстырма сөзден бұрын сызықша, соңынан үтір қойылады. Электр станциясының салынып біткен мерекесіне арналған митингіге жас та, кәрі де, оқушылар да, бөбектер де - қысқасы, ауылдың бар тұрғыны келді.

17. Бірыңғай мүшеден бұрын тұрған жалпылауыш сөзден кейін мысалы, атап айтқанда деген сөздер келсе, олардың алдарынан үтір, соңынан қос нүкте қойылады.

[жалп. сөз. , мысалы: бір. мүше].

18. Көбінесе бірыңғай мүшелерден кейін келетін т. б. , т. т.(тағысын тағылар) деген сөздердің толық не қысқартылған түрі келсе, бұлардан бұрын үтір қойылмайды.

«тағы» сөзі = және

36

Құрмалас сөйлем – екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.

Құрамына қарай:

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

Өзара тең дәрежеде байланыды, баяндауыштары тиянақты болады.

Бірі екіншіссіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады.

өзара салаласып та. сабақтасып та байланысады.

Салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдер інің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлем.

Құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатыснасына қарай:

1 Ыңғайлас жай сөйлемдердің біріндеайтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,ғ бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы.

Жал-қ шылаудың қатысуы-қатыспауына б-ты:

Жалғаулықты: әрі, және, да, де, та, те

Олар өздерінің сенімдері мен әдет-ғұрыптарына ескіден келе жатқан бір даяр дәлел тауып алады да, менікі дұрыс деп жүре береді.

Ж-сыз: Өзен жағасындағы шалғындар жемшөп пен шабындыққа бай екен.

2. Қарсылықты салалас – жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін салалас түрі.

Ж-ты: бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де, сөйткенмен

Көзіме түскен аяч қатты ұялып қалды, бірақ мұнысы ұзаққа созылмады.

Ж-сыз: Жол-жөнекей ауылдар үздіксіз кездесіп отырды, - адам атаулы көзге түспеді.

3. Себеп-салдар салалас – жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін не салдарын білдіретін салалас түрі.

Ж-ты: сол үшін, себебі, сол себепті, сондықтан, өйткені, неге десеңіз

Шашының ұзындығы - әйелдердің ең бірінші сұлулығы болып саналады, сондықтан әйелдердің бәрі жалған шаш қосып қояды.

Ж-сыз: Тау қырғыздары ноғайлы аңыздарынан хабарсыз емес: олар Едігені біледі.

себеп мәнді жай сөйлем, салдар мәнді жай сөйлем

салдар мәнді жай сөйлем: себеп мәнді жай сөйлем

4. Кезектес – жай сөйлемдегі іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіретін салалас түрі.

Ж-ты: біресе, бірде, кейде

Кейде Абайлар Базаралы үйінде жиналады,. кейде Жиренше ауылында бас қосады.

5. Талғаулы – құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әреккеттің біреуі ғана орындалатынын білдіреді.

Ж-ты: не, немесе, я, я болмаса, яки, әлде, не болмаса т. б.

Көкірек толған қайғы я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады.

6. Түсіндірмелі салалас – екінші жай сөйлемі бірінші жай сөйлемнің мағынансынтүсіндіріп тұратын салалас түрі.

Сілтеу есімдігі: мына, мынау, соншалы, сонша, сол т. б.

Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Қуанғаны сонша – жылап та жіберді.

Бірінші жай сөйлем баян+сонша, соншалық, сондай – екінші жай сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Мағыналық түрлері:

1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас – бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіреді.

1) ғанда, генде

2) ғанға, генге+дейін, шейін

3) ғаннан, геннен+кейін, соң

4) ғаннан, геннен + бері

5) ған, ген + сайын

6) ған, ген + кезде, сәтте, уақытта

7) ған, ген + ша, ше

8) ғалы, гелі

9) ма,ме + с + бұрын

10) арде, ерде

11)ысымен, ісімен

12) са, се + ж. ж.

Ұлықтар жүріп кетісімен, оразбай мен Жиренше Абайлардың сыртынан ентелеп, қарап тұрды.

Оразбай ауылға келсе, бір топ жігіт жиналып қалыпты.

2. Мақсат бағыныңқы сабақтас - бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.

1) мақ, мек + шы, ші+ болып

2) у + үшін

3) шартты, қалау, бұйрық + деп

4) қалау рай (қы, кі) + тәу жалғ + келіп

Ақбаламен сөйлескісі келіп, әлденеше рет оқталды.

Өлеңді тез жаттау үшін, оның түпкі мағынасын түсіне білу керек.

3. Шартты бағыныңқы сабақтас - бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің шартын білдіреді.

1) са, се+ж. ж.

2) май, мей

3) майынша, мейінше

4) ғанда, генде

Үй ішінде шешесінің жылаған үнін естігенде, ол да күйрер еді.

Абай білгіш болса, біздің Мәніке келін одан да озған.

4. Қарсылықты бағ-қы сабақтас – бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойға қарсы болып келетін сабақтастың бірі.

1) са да, се де

2) а,е,й + тұра

3) ғанмен, генмен

4) ғанына, геніне + қарамастан, қарамай

5) ғаны, гені + болмаса

6) ғанша, генше

Жел ауаны тазартқаны болмаса, дауыл болып құтырмасын.

Қазір бөгелген түйііні осы болғанмен, оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.

5. Себеп бағыныңқы сабақтас – бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді.

1) ғандықтан, гендіктен

2) ғаны, гені + үшін

3) ған, ген + соң

4) ып, іп, п

5) ма ме + й

6) үш шақтағы етістік + деп

Бұл шараларды жүргіізбей, Ертістен канал сағаксын алуға болмайды.

Омбының тұрғын қазақтарынан балаларын үйінде орысша оқитын адамдар табылып, Асқар пристаньға баруды қойды.

6. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.

1) а, е, й, ып, іп, п

2) ма, ме + с + тан, тен

3) ған, ген, +күйі, қалпы

4) ған, ген + дай, дей + болып

Абай артына бірде-бір бұрылып қарамастан, жоқ болды.

Хакім кітапты ұстаған бойы, Әбілжанның сөзін қыбыр етпестен тыңдады.

Көп бағыныңқы сабақтас – құрамында екі я одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтасты айтамыз.

Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысу сипатына қарай:

1) Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас – бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтас.

Баңғыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен қарым-қатынасына қарай:

а) Бірыңғай жарыспалы – егер бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлеммен тек бір сипаттағы қатынаста болып, ортақ бір сұрауға жауап беретін сөйлем.

Қараңғы тым ерте түсіп, аспанды сындырып жіберердей қалың бұлт құрмаулап,батыстан сүйекті шағар ызғырық еседі.

ә) Әр алуан жарыспалы – егер бағ-қы сөйлемдері басыңқымен әр түрлі мағыналық қарым-қатынаста байланысып, әр түрлі сұрауға жауап беретін сөйлем.

Бүкіл сыныбымыздағы ең үлкені де сол менің ағам болғандықтан ба, мен қанша сотқарлық жасағанымен, олар маған батып, ештеңе дей алмаушы еді.

2) Сатылы көп бағ-қы сабақтас- бағ-қы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара біріне-бірі бағынып барып құрмаласқан сабақтастың түрін айтамыз.

Ескендір мен Айша ұлына таңырқай қарап алып, Абылайдың тапқырлығына сүйсінгендей екеуі бірдей күлгенде, үлкен асханада отырған жұрт оларға қызықтай қарады.

Көп басыңқы сабақтас – бағыныңқы сөйлемі құрамындағы бірнеше басыңқы сөйлемге ортақ болып, олардың әрқайсысымен тікелей байланысқан сабақтас түрі.

Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады.

Аралас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысады.

Мысалдар:

1) Бағ., бас., бас.

Мен жеткізе алмасам, қалың қазақ елі бар, солар жеткізеді.

2) бас., бағ., бас.

Хатшы қыздың абыржығанына Ескендір назар аударған жоқ, басының ауырғаны жазылып, көңілі де сергек тартыпты.

3) бас., бағ., бас., бағ., бас.

Мен оларға еңбекақы төлеңдер және адам сияқты қылып ұстаңдар деп, сұлтандар мен байларға талай рет айттым, өйтпесеңдер болмайды деп, заңмен де қорқыттым.

45

Орыс тілінен енген сөздерге қосымша жалғау ережелері

Ережелер

Мысалдар

Ескертулер

1

...й,ш + ев(а)

(й түсіріледі)

Жасыбаев, Тәжібаев, Әжібаев; Жұмашев, Мұқашев;

д/ты дыб + ев(а)

Мұсаев, Шараева;

...ы,і + ев(а) = иева

Сары+ев=Сариева;Әбдікәрі+ева= Әбдікәриева;

...й,ш басқа + ов(а)

Мұратов, Тасболатов, Какенов

...д/ты дыб + ин(а)

Нұрал(ы)ин, Байдал(ы)ина

ұ,ү,ө,о + ин(а) = у + ин(а)

Жұма+ин=Жумин; Абдолла+ина=Абдуллина; Түке-Тукина; Бөке-Букина

...ов(а) + қос.= баст түб-ң жуан-жің қарай

Тәжібаевқа, Ацмановты, Бердиевке, Катреновты

2

...к,г + қос. = соңғы буын-ң д/ты д-ң әуеніне қарай

аншлагта, налогты, критикті, начальникке

..ог,уг + жің. қос. (педагогке, округті)

3

-рк,рг

-кт,кс

-нк,нг,нкт + жің. қос.

-лк

-ск

циркті,айсбергке,пактіге,факсті,

танкіге,рингіге,пунктте,полкке,

киоскіге

4

...ь(көп буын. сөз)+қос =буын үнд. б/ша

детальды, артельге, автомобильді, бандерольға

...ль+тәуел.ж.-

(ь түсіп қалады)

магистралі

фестивалі

...кль,брь,бль

...ь(бір буын. + жің. қос.

сөз)

ноябрьге,биноклбді,артикльді,

ансамбльге,оське,тканьді

коммунальный

коммуналды

моральный

моральдық

5

-нд,нз,нк,нг

-мп,мб,мт

-кт + ы,і + қосымша

-ск

-вт,фт,пт

фондыға,цензісі,танкіге,митингіге

штампыға,ромбыны,экспромтыны,

фактісі,киоскіні,фармацевтіге,

ландшафтыны,рецептіге

-нс,нт

-рс,рт,рш,рд,рм + ы,і + қос.

-фр

финансқа,агентті,курспен,апортты,

маршты,ярдқа,хлороформнан,

цифрді

6

-кк,лл,пп,сс,тт

-ст,сть,кст

-зд

кросқа,металды,ватқа.грипі,атеиске,

ведомосқа,текске,поезға

34

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]