Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_aza_1179_tili.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

Көсемше

өткен шақ осы шақ келер шақ

-ып, -іп, -п -а, -е, -й -а, -е, -й

-ғалы... -ғалы...

-ғанша -ғанша

22

Үстеу

Үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін, лексикалық-семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз.

Үстеу сөздер(құрамына қарай)

негізгі туынды күрделі

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы, бұрын, әдейі, жорта, тек, әрең, т. б.

Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігуі және қосарлануы, тіркесуі арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақталуы арқылы жасалған үстеулерді айтамыз.

Туынды үстеулердің жасалу жолдары

Жұрнақтар

Мысалдар

1

-ша, -ше

адамша, жылқыша, қысқаша, өзінше

2

-шалық, -шама

соншалық, соншама, осыншалық

3

-шылап, -шілеп

жылқышылап, Бейсеншілеп

4

-лап, -леп

жаяулап, отыздап, темірлеп

5

-лай, -лей

осылай, күздей, жастай

6

-қары, -кері

тысқары, сыртқары, ішкері

7

-дайын, -дейін

түлкідейін, жорғадайын

8

-ын, -ін, -сын, -сін

ертеңгісін, кешкісін, жасырын

Күрделі үстеулер.

1. Біріккен. бұл + күн - бүгін, бұл + жыл - биыл, жаздыгүні, әлдеқайда, т. б.

2. Қосарланған. әрең-әрең, рет-ретімен, т. б.

3. Тіркескен.

а) грамматикаланған, лексикаланған тіркестер келе сала, ала жаздай, оқи келе, күні кеше, т. б.

б) идиомаланған тіркестер қас пен көздің арасында, аяқ астынан, қаннен қаперсіз, т. б.

Үстеудің мағыналық түрлері

Мағыналық түрлері

Анықтамалары

Мысалдар

1

Мезгіл(қашан,қашаннан)

қимылдың жалпы мерзімін я дәлді мезгілін білдіреді

бүгін, былтыр, ендігәрі, оқта-текте, ежелден, күні кешке, ала жаздай, т. б.

2

Мекен(қайда, қайдан)

қимылдың орнын(мекенін), бағытын білдіреді

ілгері, сонда, алға, алды-артынан, жол-жөнекей, әрмен, жолшыбай, т. б.

3

Мөлшер

(қанша, қаншалық)

түрлі қатынасты я жалпылап, я мөлшерлеп немесе қимырдың және сынның я теңдік, я кемдік дәрежесін білдіреді

онша, сонша, анағұрлым, көптеген, бірталай, бірен-саран, осындайлық, ондаған, сондайлық, т. б.

4

Мақсат

қимылдың мақсатын білдіреді

әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана ( .... бола)

5

Сын-бейне(қалай, қайтіп, қалайша, кімше, неше)

қимылдың алуан түрлі сапасын, тәсілін, бейнесін білдіреді

осылай, сөйтіп, тікелей, әрең, қолма-қол, бостан-босқа, лезде, қаннен қаперсіз, пәрменінше, бірден, т. б.

6

Себеп-салдар

амалдың себебін я салдарын білдіреді

жоққа, босқа, құр босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан(сөйлей-сөйлей, көре-көре)

7

Күшейту

(қалай, қандай)

заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді

ең, әбден, ылғи, сәл, тіпті, мейлінше, керемет, әнтек, нық, тым, өңкей, кілең, т. б.

8

Топтау

(нешеден, қаншадан,нешеуден,қалай-қалай)

амалдың және басқа қарым-қатынастың бірігу арқылы істелгенін немесе, керісінше, жекеленіп істелетіндігін білдіреді

бір-бірлеп, рет-ретімен, бас-басына, он-оннан, екеулеп, қырық-елуден, үйді-үйіне, т. б.

Үстеудің сөйлемдегі қызметі

1. Пысықтауыш. Дуана аяқ астынан үріккен жылқыша жалт беріп, лоқып, әнтек тұра қалды да, бұрылып Ақбілекке қарай жүрді.

2. Бастауыш. Еріншектің ертеңі бітпес.

3. Баяндауыш. Және де сол жылы тамыз айында Семейге барып, Колчак қазынасымен жақын болып, әскерге бірнеше ат беруге уағда қылып қайтты.

4. Анықтауыш. Іскендір дорба салмайды, ірімшік, құртыңды алмайды, оған қолма-қол ішетін тамақ берсең болғаны.

23

Еліктеу сөздер

Еліктеу сөздер дегеніміз – тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынанда, фонетика-морфологиялыққұрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдында дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер.Еліктеуіш сөздер(құрамына қарай):

Дара

Күрделі

Бір сөзден тұрады

Шешесінің даусын естіп селк етті.

Дара еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы, не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз.

Енді Шұбарға қарап, қарқ-қарқ күледі

Тұлғасына қарай:

Негізгі

Туынды

Түбір күйіндегі елітеу сөздер

Исаның өткір көзі ждарқ етіп Әзімбайға жалт қарады.

Жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздер.

1) –ң,-ың,-ің,-аң,-ең: ырсың, қалтаң, тарсаң

2) -лаң,-лең,-алаң,-елең: иірелең,бұралаң, шұбалаң,оралаң

Семантикалық жағынан:

Еліктеуіш сөздер

Бейнелеуіш сөздер

Табиғаттағы құбылыстар мен заттардың бір-бірімен соқтығысуларынан және жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есту қабілеті арқылы қабылданған түсініктер атаулары.

М.: Ел қатарына келіп қалғанда жалғыз тергеуші арлы-берлі қарбаласып, аппаратын олай-бұлай сүйреп, әр-жерде шырт-шырт басып жатты.

Табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және жануарлардың сын-сипаттары мен әрекет-қимылдарын көру арқылы қабылданған түсіңіктер атаулары.

М.: Өзі жасатып қойған бір табақты алдарына алғызды да, қаужаң-қаужаң турап, қапыл-құпыл асай бастады.

Жасалу жолдары:

  1. еліктеу сөздер+ет етістігі

Қар пышағын қасқырдың тақ жүрегіне қорс еткізіп салып-салып қалды.

2. еліктеу сөз+ басқа етістіктер

Ол өткір көзімен Жұмабайға жалт қарады.

3. Сын есім, үстеу, шылау тіркеспейді.

Бір сәтте қаңқ-қаңқ дауыс алыстан естілді.

4. Зат есіммен тіркессе анықтауыш, етістікпен тіркессе сын-қимыл пысықтауыш, ал көмекші етістікпен тіркессе, оның құрамына кіріп,күрделі мүше құрайды.

25+26

Оқшау сөздер+одағай

Оқшау сөздер – сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамм-қ байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады.

Оқшау сөздер(мағынасы мен қызметі)

Қаратпа Қыстырма Одағай

Қаратпа сөздер – тыңдаушының сөйлемдегі ойға назарын аудару үшін айтылатын сөздер.

Қолдану аясы:

1. Жалқы есім: О, Жамбыл, бата дедің – бердім саған,

Бақытты, өмірлі боп жүрсін аман.

2. Еркелетіп айтылатын сөздер: - Ғайшажан, тұр, түс болды, шаршағансың ғой қалқам! – деді анасы.

3. Адамның жынысына, әлеуметтік жағдайына, жасына:

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын.

4. Дерексіз зат есімдер: Жүрегім, ойбай соқпа енді.

5. Одағай сөздер:

Уа, Дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді көріп білмей, кешіре гөр.

Қыстырма сөздер – сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді,

Мағынасына қарай:

1. Қуанышты, ренішті, аяушылықты білдіреді(өкінішке орай, бағымызғы қарай, абырой бергенде):

Бағымызғы қарай, қарт үйінде болып шықты.

2. Сенушілікті, мақұлдауды, мойындауды білдіреді(сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, дұрысында, шынында):

Сізде, рас, жұмысым бар еді.

3. Шамамен ғана я сенер-сенбестікті білдіретін сөздер(сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім):

Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек.

4. Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді(меніңше, сіздіңше, оның пікірінше, оның айтуы бойынша):

Жоңғар Алатауының маңайында қазылған ор, қазақтардың айтуы бойынша, құландарды өлтіру үшін Жәңгір ханның жарлығы бойынша қазылған.

5. Бір ойдың алдыңғы оймен байланысын қорыту ретінде айтылады.(олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы):

Бүгін, сонымен, он жеті арба тары, екі арба тары әкелінді.

6. Ой тәртібін білдіреді(біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында):

Ақырында, Бесбайдың ойлаған сақтығы дұрыс болып шықты.

Одағай сөздер – сөйлемдегі ойға байланысты сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.

Құрамына қарай:

Негізгі одағайлар: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, пай, оһо, беу т. б.

Ой, біро масқара болдым-ау, екі түн ұйықтамай-ақ қояйын.

Туынды одағайлар: мәссаған(мә саған),ойпірімай(ой, пірім-ай), жаракімалла(а рақым алла), масқарай(масқара-ай), әттегенай(әйт деген-ай) т. б.

Апырмай, ашық еді сенің көзің,

У жеген қасқырдай ғой айтқан сөзің.

Мағынасына қарай:

1. Көңіл-күй одағайлары: паһ-паһ, бәрекелді, қап, пішту, пай-пай

Япырмай, ауыр болды-ау күнді өткізу,

У жұтып, ойдан ұзын түнді өткізу.

2. Ишара одағайлары: жә, тәйт, міне, кәне, әні, мә, әйда, әй, тек т. б.

Тәйт, мұндай қыңырлығыңды маған көрсетуші болма!

3. Малға бағышталған: шөре-шөре, көс-көс. пұшайт-пұшайт

Пұшайт-пұшайт, момақаным! – деп Жәмила қозысына сүт берді.

4. Тұрмыс-салт одағайы: рахмет, сау болыңыз, оқасы жоқ.

- Қош! Қош! Қош!- деп олар Ақбілектің қолыг ұстап, асығып жерге түсті.

Одағайдың сөйлемдегі қызметі:

1 Субстантивтеніп сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

Қоярға жанын жер таппай, арыстандай аһ ұрды.

2 Кейбір көмекші етістіктермен тіркесіп, сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

- Пұшайт-пұшайт! Әй, Ораз, мына қойлар неге қораға қамалмаған, қатты жауын келе жатыр. Жауын астында қырылады ғой!? – деп әжесі айғай салды.

Көп мағынаға ие болатын: бәрекелді, пай-пай

Жағымды:

  1. Бәрекелді, қызыңыз сандуғаштай сайрайды екен! – деп мадақтай бастады.

Жағымсыз:

  1. Бәрекелді, Мағыш, бұл таңдауын дұрыс болды, жинаған бар малымыздан айырылатын болдық!

Одағай:

1. Бір мағыналы: алақай, шөре-шөре, т. б.

2. Екі мағыналы: пай-пай, түу

1. -Пай-пай! Бұл не деген биші қыз! немесе -Түу! Мынаның биі-ай!

2. -Пай-пай! Бұл не сұмдық! немесе -Түу! Кетші әрі!

27

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]