Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_aza_1179_tili.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

1

Фонетика (гр. дыбыстық) – дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Фонетика (з/м)

Сипаттамалы

(синхрониялық)

фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық , сапалық , жақтан айқындау,

олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табылады.

Тарихи

(диахрониялық)

фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері оладың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша айқындалады.

Салыстырмалы

Туыс тілдердің фонетикасын салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындайды.

Салғастырмалы

Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстырып зерттейді.

Дыбыс – тілдің бір жақты единицисы; сөз бен морфемаларды құрастыруға, оларды түсінуге, ажыратуға қызмет етеді.

Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба.

Фонема ( гр. дыбыс) – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кіші функциялық единицасы; аллафон – фонеманың әр түрлі мағынаға ұшырап өзгеруі.

2

Аспекті(лат. көзқарас, түр сипат)

1. Анатомия-физиологиялық (немесе биологиялық)

Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни – дыбыстау органдарының басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.

Сөйлеу аппараттары – негізгі физиолог. Қызметімен қатар тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері.

  1. Тыныс алу мүшелері: өкпе, кеңірдек, көмей, мұрын қуысы;

2) Дыбыстарды жасауға тікелей қатысатын мүшелер.

Сөйлеу аппараттары - негшізгі физиолог-қ қызметімен қатар тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері.

Актив мүшелері: көмей, жұтқыншақ, тіл, кішкене тіл, ерін;

Пассив мүшелері: қызыл иек, таңдай, кеңсірік;

2. Акустикалық (физикалық) аспект

Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынаен ерекшелінеді.

Дауысты дыбыстар бір-бірінен әуеніне қарай ажырайды.

3. Лингвистикалық (функционалды) аспект

Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы жүзеге асады. Мұны фонология деп те атайды. Лингвистикалық апект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.

3

Үндестік заңы - морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жағынан бейімделіп, үйлесіп тұруын айтамыз.

Ассимиляция(дыбыс үндестігі) – (лат ұқсау) – морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, өзара тіл табысуы.

  1. Прогрессивті ассимиляция – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді ету, игеруі.

  2. Регрессивті ассимиляция – прогрессивтіге қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты өзіне тәуелді етуі.

  3. Тоғыспалы ассимиляция – морфемалар арасындағы қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын айтамыз.

Прогрессивті

Регрессивті

Тоғыспалы

қб-қп: ақ бала

кб-кп: көк бақа

пб-пп: топ басы

сб-сп: тас бауыр

тб-тп: итбалық

шб-шп: кеш болды

д-т: үш дәптер

тс-тц: айтса

тш-тч: төрт шелек

тж-тч: шет жер

шс-шш: шешсе

зс-сс: сөзсіз

зт-ст: жезтаңдай

зп-сп: жүз парақ

жт-шт: лаж тап

жш-шш: тәж шеті

нб-мб: он бес

нм-мм: он мың

нп-мп: он парақ

нғ-ңғ: тоқсанға

нг-ңг: он гүл

кқ-ққ: тек қана

зж-жж: көз жетті

зш-шш: жүз шелек

сш-шш: бес шелек

шс-сс: үш сағат

нқ-ңғ: қайран қалды

нк-ңг: аман келді

сж-шш: бес жыл

жс-шш: лажсыз

шз-сс: үш зауыт

4

Буын үндестігі(сингармонизм) – (гр бірге, байланыс, үндесу) – сөз ішінде дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

Сингармонизм

Тіл үндестігі

Ерін үндестігі

Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін айтамыз.

алып+кел - әкел

бұл+күн – бүгін

Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін айтамыз.

жұмысшы – жұмұсшы

құлын- құлұн

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

-бан: мейірбан

-гер: қаламгер

-дар: хабардар

-еке: атеке

-жан: ағажан

-кент: Жаркент

-кар: күнәкар

-қор: жемқор

-көй, гөй: ақылгөй -қой: сәнқой

-кеш: түйекеш

-күнем: маскүнем

-мар: тілмар

-маш: тілмаш

-нікі: баланікі

-мен: баламен

-паз: өнерпаз

-стан: Өзбекстан

-тал: сезімтал

-уар: тілуар

-хана: кітапхана

5

Буын – фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы.

Тән сипаттар:

  1. Буынның мағынасы болмайды.

  2. Буында міндетті түрде дауысты дыбыс болады және саны бірден аспау керек.

  3. Қазақ тілінде сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады.

  4. ҚӨазақ тілінде буын екі дауыссыздан болмайды.

  5. Қазақ тілінде тек алғашқы буын дауыстыдан басталуы мүмкін, ал қалғандары дауыссыздан басталады.

Буынның түрлері(дауысты мен дауыссыздардың орналасуына бай-ты)

  1. Бірыңғай ашық буын(жеке дауыстыдан тұрады немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады): ә-же

  2. Бірыңғай бітеу буын(дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады): бал-дыр

  3. Бірыңғай тұйық буын(дауыстыдан басталы, дауыссызға аяқталады): ант

  4. Аралас буын: ит-тер-ге

Дыбыстық құрамы(сөзді буынға бөлген кезде бастапқы буынның санына байланысты)

1 дыбысты: о-қы

2 дыбысты: қа-ла

3 дыбысты: көз

4 дыбысты: қарт

5 дыбысты: пункт

6 дыбысты: спектр

Буын құрамы(сөздің ішідегі буындар саны)

1 буынды: ай, ат

2 буынды: а-на

3 буынды: мұ-ға-лім

4 буынды: рес-пуб-ли-ка

5 буынды: у-ни-вер-си-тет

Бунақ - өзіндік екпін, ырғақпен айтылатын сөздер тобы.

Қансонарда // бүркітші // шығады аңға// 3

Тастан түлкі // табылар // аңдығанға// 3

Жақсы ат пен // тату жолдас // бір ғанибет// 3

Ыңғайлы // ықшам киім // аңшы адамға// 3

Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.

Тасымал – қағаз бетінің бір жолына сыймаған сөз буынын екінші жолға бөліп, көшіріп жазу әдісі, ережесі.

1) Жазып келе жатқанда жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады. ор-на-лас-ты-ру

2) й,у дыбыстары бар сөйлемді тасымалдағанда олар келесі буынға кетеді. құ-йын

3) у,и бар сөздерді тасымалдағанда, келесі буын дауыстыдан басталады. бу-ын

4) Егер сөзде 3 дауыссыз қатар келсе, онда 2 дауыссыз бірінші буынға кетеді, ал 1 дауыссыз екінші буынға кетеді. құ-мырс-қа

5) Бас әріптен қысқарған сөзді тасымалдауға болмайды. БҰҰ

6) Кісі атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан бөлуге болмайды.

6

Дыбыстық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Олар айтуды жеңілдетеді.

  1. Протеза(гр алдына тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы.

ы: лаж, лай

і: леп, рәсім

ұ: рұқсат, ру

ү: рөл, Рүстем

о,е: ораза(руза), орамал(румал)

Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөздері: станция, шприц, спектр

  1. Эпентаза(гр қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Мысалы: кереует(кровать), кінәз(князь), бөрене(бревно), сіріңке(спички)

  2. Эпитеза - протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы. Мысалы: қаса батыр(қас батыр), тапа тал түсте(тап тал түсте), тақтай(тақта)

  3. Элизия ( лат. elisio-ығыстыру) – бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы.

а) Контакті элизия: мынадам, алешкі, жақсөлең

ә) Контаксіз элизия: халқы, орны, мұрны, ерні

7

Дыбыстардың жіктелуі. (Мырзабеков бойынша)

Дыбыс (акустика-артикуляция жағынан)

Дауыссыз Дауысты

Дауыстылар мен дауыссыздар.

  1. Дауыстылар дауыстан жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады, дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады, ал тонның болуы да, болмауы да мүмкін.

  2. Дауыстарды айтқанда ауа кедекргісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелердің барлығы дерлік қатысады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырайды, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады.

  3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды.

  4. Екпін дауыстыға түседі, дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.

  5. Дауыстыларды созып айтуға болады. Ән дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.

  6. Дауыстылардың ықпалы күшті болады.

Вокализмдер жүйесі(дауыстылар). - 11

(дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай)

1.Тілдің қатысына қарай:

а) Гуттураль(жуан дауысты дыбысты айтқанда тіл сәл артқа тартылады): а, о, ұ, ы, у (5);

ә) Палаталь(жіңішке дыбысты айтқанда, тіл сәл ілгері жылжиды): ә, ө, ү, і, у, и(6);

2. Еріннің қатысына қарай:

а) Лабиаль(ерін дөңгеленеді, сүйірленеді): о, ө, ұ, ү, у (5);

ә) Езулік(ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады): а, ә, ы, і, е, и (6);

3. Жақтың қатыссына қарай:

а) Ашық (астыңғы жақ барынша төмен түседі): а, ә (2);

ә) Қысаң (біріне-бірі жуықтай түседі): ы, і, ұ, ү, и, у (6);

б) Жартылай ашық (осы екеуінің ортасында айтылады): о, ө, е (3);

Консонантизмдер жүйесі(дауыссыздар) - 25

(акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай)

  1. Дауыстың(салдыр) қатысына қарай:

а) Үнді(дауыс басым, салдыр аз): л, м, н, р, й, у, ң (7);

ә) Ұяң(салдыр басым, үн аз): б, в, г, ғ, д, ж, з (7);

б) Қатаң( тек қана салдырдан): п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч (11);

2. Дауыссыздардың айтылу жолына қарай:

а) Эксплозив(шұғыл) – дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысып, ауа кілт үзіледі: п-б,

т-д, к-г, қ, ц, ч, м, н, ң (12);

ә) Фрикатив(ызың) – дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып, ауаның жолы барынша тартылады да, бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздықтап, сүзіліп шығады: ф-в, с-з, ш-ж, х, ғ, һ, л, й, у (12);

б) Діріл – тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады: р;

3. Артикуляциялық орнына қарай:

а) Лабиаль(ерін) фонемасы:

Еріндік – ерін біріне-бірі жабысады және дөңгеленеді: п, б, м, у (4);

Ерін-тіс – астыңғы ерін үстіңгі тіске жуысады: ф-в (2);

ә) Лингваль(тіл) фонемасы:

Тіл алды: т-д, с-з, ш-ж, ц, ч, н, л, р (11);

Тіл ортасы: й;

Тіл арты: к-г, қ-ғ, ң, х (6);

б) Фарингаль(көмей): һ.

8

Лексикология (Аханов бойынша)

Лексикология – сөзді және сөздердің жиынтығы - тілдің сөздік құрамын зерттейді. Сөз лексикологияда лекесикалық единица ретінде қарастырылады.

Лексикология (зерттеу мақсатына қарай)

Жалпы Жеке

Тарихи Сипаттамалы

Жалпы – барлық тілдердің сөздік құрамының классификациялық принциптерін белгілейді.

Жеке – белгілі бір тілдің сөздік құрамын зерттейді.

Тарихи(диахрониялы) – тілдің сөздік құрамының шығуын, замандар бойында қалыптасуын және дамуын зерттейді. Тіл білімінде тілдік жүйенің тарихи даму барысын уақыт шеңберінде қарастырады, тілдік өзгерістердің себебін уақытқа қатысты анықтайды.

Сипаттамалы(синхрониялы) – тіл дамуының белгілі бір нақты кезеңіндегі жай-күйі, тілдегі құбылыстардың белгілі бір дәуірдегі қалпы. Синх. тіл элементінмезгілге қатыссыз, жалпылама тұрғыда алып зерттейді.

Лексикологияның салалары

Лексикография Салыстырмалы Ономасиология Фразеология Ономастика Фраза Идиома

Топонимика Антропонимика Семасиология Этимология Актив Пассив

Салыстырмалы – туыстас тілдерді зерттеудіңғ әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Салыстырмалы лексикологияның негізгі мақсаты – тіліміздің ата тілдік күйін қалпына келтіру, бір туыстық топқа кіретін тілдердің дамуы мен жеке тілдерге бөлінуін түсіндіру, ана тіліміздің тарихын жете түсіну.

Семасиология –заттар мен ұғымдардың, құбылыстар мен түсініктердің аталуы үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Ол лексикологияның ең маңызды және басты тармақтарының бірі. С-да аралық тілдегі сөздердің мағыналары, мағыналарының өзгеру жолдары, семантикалық ерекшеліктері талданады.

Фразеология ( гр. phraseos – сөйлем) – тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынантексеретін тіл білімінің саласы.

Ономосиология ( гр.- есім , ат) – зат немесе құбылыс ұғымының неліктен солай аталуының себептерін қарастырады, заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім. Жалқы есімдерге жер-су, ру-тайпа, ел-жұрт, халық, ұлт аттары, кісі есімдері мен фамилиялары, жан-жануардың аттары жатады.

Ономастика - тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Антропонимика кісі аттарын, топонимика географиялық атауларды заерттеу объектісі етіп қарастырады.

Этимология – сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды.

Лексикография – сөздіктер, сөздіктерді құрастыру теориясын, сөздіктердің әр түрлі типтерін айқындап белгілейді. Сонымен қоса, сөздіктерді құрастыруға қатысты сан алуан практикалық жұмыстардың мазмұны мен мәнін айқындайды.

9

Актив және пассив сөздер

актив

пассив

Полисемия

Омоним

Антоним

Синоним

Фразеология

Эвфемизм

Мақал

Мәтел

Неологизм

Термин

Көнерген

Архаизм

Историзм

Профессионализм

Варваризм

Жаргон

Кірме

Дисфемизм

Кәсіби сөздер

Диалект сөздер

АКТИВ СӨЗДЕР деп жұртшылықтың бәріне бірдей түсінікті, күнделікті өмірде, сөйлеу-жазу тәжірибесінде көп қолданылатын сөздерді айтады.

Полисемия - гр. көп мағына – бір сөздің әр түрлі контексте әр түрлі мағына білдіруі.

М:

Ошақ 1. үстіне қазан қойып, тамақ пісіруге арналған үш аяқты қоршау темір

  1. қазан асып, тамақ пісіретін қазылған орын, жер ошақ

  2. ауыс. Үй-іші, бала-шаға

  3. ауыс. бір нәрсенің шоғырланған, шоқталған жері.

Омоним – айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі.

М: Сол І оңға қарама-қарсы жақ

ІІ анау, осы мағ-да жұмсалатын сілтеу есімдігі

ІІІ қурау

Синоним (гр. біркелкі атау, бір түрлі айту)– айтылуы мен жазылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер.

Синонимдер бір-бірінен мағыналық реңі, стильдік мәні, өзге сөздермен қарыым-қатынасқа түсіп қолдану жағымен ерекшелінеді.

Ерекшелігі:

  1. Сөз-ң дыбысталуы әр алуан

  2. Сөз-р бір мағына төңірігінде болуы

  3. Бір сөз табына ғана қатысты болуы шарт.

Құрметтеу, қадірлеу, сыйлау

Бет, келбет, ажар, түр

Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер.

Жақсы-жаман

періште-шайтан

әділ-залым

Фразеологизм –екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесі

Идиомалық

Фразалық

Құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға және басқа сөзбен алмастыруға болатын тіркес.: опық жеу - өкіну

маңдайы ашық – бақытты

ой бұзылу - айну

Кілтті сөз болады, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға, басқа сөзбен алмастыруға болатын тіркес.: темір жол, асқар тау, есі дұрыс, табан тіреу

ерекшелігі:

  1. Құрамында кемінде екі сөз

  2. Сөз-ң орнын ауыстыруға болмайды.

  3. Тіркес құрамындағы сөз-ді басқа сөздермен өзгертуге келмейді

  4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас мағынаға ие.

  5. Сөйлемде бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.

Мұзға отырғызу – алдап кету

Сегіз қырлы, бір сырлы - өнерлі

Мақал-мәтелдер- қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер тобының бірі.

Белгілері:

  1. Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.

  2. Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.

  3. Өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке, ерлікке, адамгершілікке үндейді.

Мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.

Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.

Құрылымы жағынан 2-3 бөлімнен тұрады.

Көбіне бір бөлімді болып келеді.

Ой неғұрлым ашық айтылады.

Ой, мағына, ишара, тұспал түрінде беріледі.

Ақыл, өсиет түрінде келеді.

Көбіне эмоциялық рең басым келеді.

Не ексең, соны орасың. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Ел құлағы – елу. Көппен көрген – ұлы той.

Эвфемизм(гр жақсы айтамын) – жағымсыз естілетін сөздерді сыпайы жеткізу: қосып айту, о дүниеге аттану, ақ саусақ, жарық дүние есігін ашу.

ПАССИВ СӨЗДЕР деп күнделікті көп қолданылмай, жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін, кейбір мамандар арасында ғана, ғылыми-техника саласына тән, қажетті болған жағдайда ғана пайдаланылатын сөздерді айтады.

Неологизм(гр. жаңа сөздер) – жаңа ұғымдарды, жаңарған түсініктерді білдіреді.

Ерекшелігі:

  1. Лексикалық н. – жаңа ұғыммен бірге, жаңа терминдер жатады.

  2. Семантикалық – калька тәсілімен жаңарған ұғымдар.

Неологизм екі жолмен жасалады:

а) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген жаңа сөздер: ракета, марс, теледщидар

б) Бұрынғы тілде бар атауларды жаңартып, жаңаша мән беріп түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады: даңғыл, кеден, бекет

Термин(лат. шек,шегара) – ғылым, техника, өндіріс т. б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары жатады. Стильдік бояу болмайды. Басқа тілден енген терминдер интертерминдер деп аталады.

Өзіне тән ерекшеліктері: жүйелілік, нақтылық, қысқалылық, бейнелілік пен стильдік рең алшақтығы.

Жасалу жолдары:

  1. Қазақ т-дегі терминдер орыс, араб, Еуропа тіл-де қалыптасқан үлгісінде жұм-ды: квадрат, синоним, вектор, мәтін

  2. Қазақ тілінен балама табу ар.: хаттама, нарық, ғарыш

  3. Сөздердің бірігуі: төлқұжат, әнұран

Кәсіби сөздер – әр түрлі кәсіп, шаруашылыққа байланысты пайда болған, сол төңіректе ғана қолданылатын сөздер.

Басты ерекшелігі:

  1. Диалектизмдерге қарағанда әдеби тіл аясында жиірек қолданылады.

  2. Аумағы тұрақты, белгілі бір салада, өңірде қолданылады.

  3. Тілдік балама кездеспейді, диалектерде кездесіп отырады.

Мал шар-ғы: айыр, аша, арба, жүген, ер-тоқым

Бақша шар-ғы: әңгелек, пісте, атыз, арық

Мақта шар-ғы: күнжара, шит егу, ілмек, айнагөз

Варваризм – тілге етене болып сіңбеген соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөздері.

Қолдану аясы:

  1. Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс салтын суреттеп көрсетпек борлғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу үшін: неміс – фрау, кайзер

франц – мадам, мсье

  1. Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары да В-ді қолданады.:

Қалқатай, кари глаз екі көзің,

Никогда не забуду айтқан сөзің(АҚАН)

  1. Өзге тілдердегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиынға тиген жағдайда, В-дер сол қалпында өзгертілмей айтылады: виноват, визит, закон. Абай: һәм, ақирәт, алиф

  2. В-дер кейде қоғамдағы жағымсыз типтерді мазақ ету үшін қолданылады.

Еннатайына кәлкаусар

Пошол дереу, күнәкар.

  1. Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл шұбарлаушыларды келемеждеу үшін: Осы наметит еткен жұмыстардан реальный ешнәрсе шықпады.

Дисфемизм –какофемизм – тілде әдепті сөзді әдепсіз сөздермен ауыстырып айту. Өз кейіпкерінің мінез-құлқын, ой-өрісін нақтылы шынайы бейнесін жасау үшін қолданылады: боқтан да оңай, мылжың, бұт артар – мінгіш, боғымен жасты бала, өсекші т. б.

Табу(ағыл. қасиетті, тыйым салынған) – ескі әдет-ғұрыпқа, діни наным-сенімге бай-ты тура айтуға тыйым салынған сөздер немесе сөздердің балама айтылуы.

Қасқыр- ұлыма; қазақ-ң жаңа түскен келіндері жіг-ң туған-туысқандарының атын атамай, өзінше ат қойған: мырза жігіт, ерке қыз, шырақ;

Жаргон(франц. бос сөз) – кәсіп, қоғамдағы жағдайы, мүдде, жас ерекшелігіне қарай бөлінген шағын әлеуметтік топтың қоғамның басқа мүшелермен оңашалану үшін бір немесе бірнеше табиғи тіл элементтерінен әдейі бұрмалап сөйлеуі, тілдің әлеум. бір тармағы. Жазуы болмайды, дамымайды, Диалектіден айырмашылығы – халықтың бәрі түсіне бермейді: сүйке – соқ, сүпен – сүйкімсіз, шикса - әдемі.

Кірме сөздер - өзге тілден енген сөздер. Тарихи жағдайға байланысты.

Ерекшелігі:

а) ІХ-Х ғ. араб. парсы: адам,ғылым, мұғалім, кітап

ә) ХІХғ. орыс тілі: жандарал, сот, бәтеңке, жәшік т. б.

Профессионализм – белгілі бір мамандыққа байланысты пайда болған және сол төңіректе ғана қолданылатын сөздер.М.: қазақ тілі: лексика, фонетика, дыбыс, фонема; математика: квадрат, бұрыш, синус т. б.

Көнерген сөздер(гр. көне) – қазіргі тілде белсенді қолданылмағанымен, тілдің сөздік қорында сақталған, сол тіл өкілдеріне түсінікті сөздер.

Көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшелігіне қарай:

а) Тарихи(историзм) – Белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға бай-ты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөздер: уез, барымта, би, болыс, жүз басы

ә) Архаизм - әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүние-танымына бай-ты әр дәуірде өзгеріп, әр түрлі басқаша сөздермен ауысып отыратын, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы: аэрофлот(әуежай), рыноктық(нарықтық), станция(бекет).

Диалект сөздер(гр. сөйленіс) - әдеби тілде қолданылмайтын, белгілі бір аймақта ғана тек ауызекі тілде қолданылатын сөздер. Екіге бөлінеді:

  1. Жергілікті - өзіне тән дыбыстық, грамматикалық я ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады. М.: Батыс Қ-н – қолдану-құлдану; біздің - бізің, шара қолдану – шара көру;

  2. Әлеуметтік – қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтардың я арнайы кәсіппен шұғылданатын адамдардың қолданатын сөздері: кәсіби сөздер, термин сөздер.

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]