
- •2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
- •3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
- •7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?
- •21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
- •25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
- •26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
- •27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
- •29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
- •30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
- •35. Есім сөздер жүйесіндегі күрделі сөздер мәселесі.
- •36. Сөзжасамдағы аналитикалық тәсіл түрлері, қолданылу аясы, синтетикалық тәсілмен салыстыру.
- •38.Көмекші есімдер және олардың тіркесімділігі.
- •42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.
- •49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.
- •51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер
- •53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)
- •54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.
- •56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
- •61.Қимылдыңжасалутәсілін білд/н анал/қ форманттар.
- •66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
- •73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
Түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде де ұзақ уақыт бойы зерттеліп, көптеген талас тудырып жүрген мәселенің бірі көмекші етістікке байланысты. Қазақ тіл білімінде етістіктің аналитикалық формаларын зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізген – Н.Ораблаева. Ол 1971 ж. «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Етістіктің аналитикалық формалары туралы А.Ысқақов 1974 ж. Шыққан оқу орнына арналған «Қазіргі қазақ тілі. морфология» деген оқулығына енгізді. Күрделенген аналитикалық формалар жөнінде қазақ тіл біліміндегі алғашқы пікір айтқан ғалым – Қ.Жұбанов. ол қазақ тіл біліміндегі тұңғыш рет «сложные вспомогательные глаголы» деген терминде қолданып, тілде күрделі көмекші етістіктер бар деген идеяны ұсынып, бара жатыр, келе жатыр деген мысалдарды келтіреді. Н. Ралбавеа аналитикалық форманттарды жалаң және күрделенген деп бөліп көрсеткен, Қ.Жұбанов көрсеткен күрделі көмекші етістіктерді күрделенген аналитикалық форманттар деп таниды. –п бара жат, -п келе жат форманттары мағыналас, олар бір-бірінің орнына қолданылып жүреді. Мысалы, ол толып бара жатты, ол толып келе жатты. Н.Оралбаева аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші етістіктен тұратын тілдік құбылыс –п ал форманты мен –а ал формаларының мағыналары басқа-басқа, біліп ал дегендегі –п ал форманты қимылдың субъектінің өзі үшін жасауын білдіреді, біле алады дегендегі –а ал қимылды жасау мүмкіндіктерінің барын білдіреді. Ы.Маманов құрамында көмекші етістігі бар күрделі формалардың қимылдың фазасын (саты) жасауға қатысатынын айта келіп, оның 6 түрін көрсетеді. Олар: а) қимылға дайындық; ә) қимылды жасауға бейімделу; б) қимылдың басталуы; в) істің өтуі; г) бітер алдындағы іс; ғ) істің бітуі. Н.Оралбаева «Аналитические формы глагола в современном казахском языке» деген докторлық диссертациясында Ы.Мамановтың жоғарыда келтірілген 6 фазасын 3 фазаға сыйғызуға болатынын айтады. Ғалым «фаза қимылдың басталуы мен аяқталуына дейінгі аралықты қамтуы керек» деген тұжырым жасай отырып, қимылды істеуге дайындалу, қимылды жасауға бейімделу сияқты сипаттамалар фаза шеңберінен тыс қалатынын, себебі мұнда қимылдың әлі бастала қоймағанын ескертеді. Сол сияқты бітер алдындағы іс пен біткен іс деп аталатын фаза түрлерін жинақтап, бір фаза ретінде беруге болатынын көрсетеді. Сөйтіп, қимылдың өту фазасын: а) қимылдың басталуы (-а баста‚ -п қоя бер‚ -п сала бер‚ -п жүре бер); ә) қимылдың орындалып жатуы (-п келе жат‚ -п бара жат‚ -п бар‚ -п кел‚ -п жат‚ -п тұр‚ -п отыр‚ - п жүр); б) қимылдың аяқталуы (-п бол‚ -п біт‚ -п шық‚ -п қой‚ -п кет‚ - п қал‚ -п болып қал) деп жіктейді.Қазақ гр/сы: аналитикалық тәсіл – тілімізде көне замандардан келе жатқан өнімді тәсіл. Оны дүниежүзі тілдерінің сөзжасамына ортақ тәсіл дей аламыз. Аналит/қ тәсілде 2 не одан да көп сөз б/б-мен тіркесіп, жаңа лекс/қ мағыналы сөз жасайды. Аналит/қ тәсіл арқ. жасалған сөз-р күрделі сөз-р д.а. Түрлері: 1) Сөзқосым 2)Қосарлану 3) Тіркестіру 4) Қысқарту.Біріккен сөз-р сабақтаса не салаласа байланысады деген А.Ысқақов пікіріне қосылмай, сөзжасам ретінде келген тіркес/р арасындағы байл/ң ерекше болатыны жөнінде алғ. рет пікір айтқан С.Исаев болды. Автор біріккен сөз бен тіркесті сөз/р арасындағы байланыстың өзіндік ерекшелігін айқындай келіп, олардың арасында салаласа байланысу болмайды деп, мынадай тұжырым айтады: «Бірнеше сөз/ң бірігіп, тіркесіп барып күрделі сөз қатарына өтуі нәтижесінде біріккен сөз/ң де, тіркескен сөз/ң де компоненттері арасындағы синтаксистік байланыс өшіріліп, олар тұтасып кетеді де, сөйлемді бір сөз мәнінде жұмсалып, бір ғана синтаксистік қызмет атқарып, өзі байланысқан сөзге бірдей қатысты болады».
31. Гр-қ мағынадағы синтетикалық және аналитикалық морфемалар.
1)Сөздің синтетикалық формалары – аффиксация арқылы және ішкі флексия (дыбыстардың алмасуы) аркылы жасалады. Мысалы, стол – столы. Бұл сөздердің көпше формалары аффикстер арқылы жасалып тұр. Аффиксация тәсілінің префиксация, инфиксация, суффиксация деген түрлері бар. Бұлар сөздің қай жерінен қосылатындығымен ерекшеленеді.Қазақ тілінде сөздің формаларын жасайтындар — жалғаулар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік). Мысалы: әке+лер+ің+нің дос+ы+мын. Жалғаулардың кейбіреулері сөз тудырушы қызмет те атқарады. Мысалы: бос+қа, теб+е+ген, жүр+е+сі+нен, еге+у, жайы+мен т.б. Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия аркылы да жасалады. Мысалы: ағыл. man (ер, еркек) — men (ерлер, еркектер), gast (қонақ) — gaste (қонактар). Соңғы сөз әрі ішкі флексия, әрі аффиксация арқылы жасалған. 2) Сөздің аналитикалық формалары – дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Мысалы: келе жатыр. Бұл — екі сөздің тіркесі емес, форма емес, бір сөздің күрделі (а\к) формасы; біртұтас грамматикалық бірлік. Кел дегенде лексикалық мағына бар, келе жатыр дегенде бұл жерде дербес лексикалық мағына жоқ. Ол алдыңғы толық мағыналы дербес сөзге тіркесіп, оған осы шақта мағына үстеп тұр. Бұл жағынан жатыр көмекші етістігінің кызметі келеді, келмек, келіпті, келген дегендердегі -е+ді, -мек, -іп+ті, -ген аффикстерінің қызметтерімен бірдей. Бұл аффикстердің қызметтері де - шақтық мағына туғызу.
32. Гр-қ мағынаның а\қ тәсіл арқылы берілуі жайлы пікірлер.Грам\қ мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі – семантикалық тәсіл. Ол – сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші – синтетикалық тәсіл. Грам\қ мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, яғни грам\қ тұлғалардың (формалардың) үстелуі арқылы грам\қ мағынаның берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс ( пристафка ) қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі ; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грам\қ мағынаның берілуі, супплетивті жол, яғни грам\қ мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші а\қ тәсіл. А\қ тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грам\қ мағынаның берілуі (алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш, шәкірт екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған) негізгі сөз бен көмекші сөздің (көмекші етістік, шылау, т.б) тіркесуі арқылы грам\қ мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грам\қ мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грам\қ мағынаның берілуі, дауыс ырғағы, интонация арқылы грам\қ мағынаның берілуі. Сондай-ақ аралас тәсілдер де болуы мүмкін яғни грам\қ мағынаның берілуінде бір емес, бірнеше тәсілдің элементі болуы мүмкін. Қосарлану тәсілі. Екі сөздің қосырлануы да грам\қ мағынаны білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсіл түркі тілдерінде кең тараған және ол практикада жиі қолданылады Мыс: кұшақ-кұшақ, (қурай), қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз). Қосарлану арқылы грам\қ мағына туғызатын форма ретінде біз, әсіресе, қора-қора (қой), мая-мая (шөп) деген сияқты қосарланулар мен үстеме буын арқылы жасалып, күшейтпелі шырай мағынасын беретін қып-қызыл, сап-сары деген сияқты қосарлануларды атаймыз. Өйткені, мүндай қосарланулар тек сын есімдерге тән және олар нағыз грамматикалық мағына беретін формалар. Оның үстіне олар сын есімдерге күшейту мағынасын жамайды. Ал әке-шеше, қора-қопсы, тау-тас деген қос сөздерде лексикалық мағына бар. Бұларда сөз тудыру қызметі басым болса, жоғарғы қосарлануларда форма тудыру қызметі басым.
33.Көмекші сөздердің тіркесуі арқылы берілетін гр-қ мағыналар.Көмекші сөздер тәсілі. Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші сөздер де болатыңдығы белгілі. Атауыш сөздерде дербестік болса, көмекші сөздерде дербестік жоқ. Сондықтан да, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мыс, университетке оқу үшін келдім дегендегі көмекші сөз—үшін. Бұл жердегі үшін көмекші сөзі қандай қызмет атқарып тұр? "Оқу үшін келдім" дегенді "оқ+у+ға келдім", "оқы+ғалы келдім" деуге болады. Ендеше, -ға (барыс септігі) мен -ғалы (көсемше жұрнағы) қандай қызмет атқарса, "үшін" көмекші сөзі де сондай қызмет атқарып тұр. Бұдан шығатын қорытынды: көмекші сөздер де грам\қ мағына туғызудың бір тәсілі екен. Көмекші сөздердің түрлері көп. Олардың білдіретін мағыналары да алуан түрлі. Көмекші сөздердің бірі - жалғаулықтар (союзы) деп аталады. Олар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байлан\ы. М: тәрбие, тыңдайық та қайтайық; әкем үйге келді де, жатып қалды. Көмекші сөздердің екінші түрі - септеуліктер (послелоги) деп аталады. Ол орыс тіліндегі предлогтармен (в, к, на, над, за, после, перед т.б.) бірдей қызмет атқарып, сөйлем мүшелерінің бағыныңкылық қатынасты білдіреді. М: сабақ+қа дейін, сабақ+тан соң дегендердегі септеуліктер — дейін, соң. Бұлар өзінің алдында тұрған сөздердің белгілі бір сепгік жалғауларында тұруын керек етіп тұр. Сондықган да, олар септеуліктер деп аталынады. Көмекші сөздердің үшінші түрі — демеуліктер (частицы): алыс па? сен ғана, кешікті-ау, әнің ән-ақ екен, айтыпты-мыс. Бұлар негізгі сөзге сұрау, шектеу, күшейту, күдіктену мағыналарын үстейді. Көмекші сөздердің тағы бір түрі — көмекші етістіктер. Бұлар негізгі етістіктерге тіркесіп, алуан түрлі грам\қ мағыналарды білдіреді. М: айт+а берді - істің созылыңқылығын, айт+а қойды— істің тездігін, айт+а салды — істің кенет істелгендігін білдіреді.