
- •2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
- •3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
- •7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?
- •21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
- •25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
- •26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
- •27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
- •29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
- •30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
- •35. Есім сөздер жүйесіндегі күрделі сөздер мәселесі.
- •36. Сөзжасамдағы аналитикалық тәсіл түрлері, қолданылу аясы, синтетикалық тәсілмен салыстыру.
- •38.Көмекші есімдер және олардың тіркесімділігі.
- •42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.
- •49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.
- •51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер
- •53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)
- •54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.
- •56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
- •61.Қимылдыңжасалутәсілін білд/н анал/қ форманттар.
- •66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
- •73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
Аналитизмнің тіл дамуында маңызы ерекше. Сөз тіркестерінің мағыналық даму нәтижесінде атаулық сипат алуы – көнеден келе жатқан үдеріс. Тіл де өоғамды үрдістермен бірге дамиды, жетіледі, өзгерістерге енеді. Оны әр кезеңнің, әр дәуірдің тілдік деректерінен анық көруге болады. оған мынадай тілдік деректерді жатқызуға болады: балбал-сынтаг-сын тас, он оқ-халық, йер суб-жер су, елтебер-елбасы жәнет.б. келтірілген тілдік деректердегі біріккен сөздер мен қос сөздердің жасалу үлгісі ежелден барын, сөзжасамдық тәсілдер екені қғынылды. Бұл тәсілдің тілдің дамуында маңызы зор. Таным тұрғысынан заттар мен құбылыстарға ұғымдық сипат беруге қолайлы, ыңғайлы , тиімді жол. Аналитизм мәселесінің бірі, күрделі сөздер, тілде кең қолданымды құбылыс болғандықтан, оны назардан тыс қалды деуге болмайды. Түркі тілдеріндегі күрделі сөздер жайлы зерттеу ісі ХІХ-ХХ ғғ.аралығында, түркі тілдердің алғашқы грамматикалары жасала бастаған кезде қолға алына бастады. Сол кездегі әдебиеттерге зер салсақ, негізінен күрделі сөздерді есепке алу кезеңі басталады. Бұл дәуірге И.Гиганов, А.Казамбек, И.М.Мелиоранский, В.В.Рвдлов, Н.А.Ашмарин, т.б. сынды зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. бұл еңбектерде күрделі сөздердің кейбір құрылымдық тұстары ғана айтылып, жалпы мәлімет тұрғысынан сипатталған. И.Гиганов «Татар тілінің грамматикасы» деген еңбекте сөқосым мәселесін ғылыми түрде зерттелмегенімен, тобыл татарлары тіліндегі күрделі сөз жайында мағлұмат берген И.Гиганов татар тілінде күрделі сөздің аздығын айта кетеді. Сонымен қатар, зерттеуші тілдік деректерді көрсетіп, олардың күрделі зат есім, күрделі сын есім және күрделі етістік сияқты тіл құбылыстарын атап көрсеткен. Тілде күрделі құрылым, аналитизмнің бар екенін көрсетіп, мәлімет бергені үшін құнды. Ұқсас көзқарастардың ішінде А.Казамбектің күрделі сөз жайындағы көзқарасын айтуға болады. ол түркі тілдердің тілдік байлығын, құдіреттілігін, бейнелілігін айта келе, тілде бірнеше сөздерді тіркестіріп қолдану әдісі бар екенін айтады. Соның ішінде күрделі етістікке тоқталады. В.В.Радлов – жалпы түркі тілдері жайында артына молмұра қалдырған зерттеуші. Ол «қазақ тілі – түпкілік түркі таза қалпын сақтаған тіл» екенін баса көрсеткен. Басқа тілден енген сөздің өзі қазақ тілінің үндестік заңына бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына енгенін айта келе, оның тазалығын, табиғилығын тани білген. Сондықтан зерттеуші қазақ тіліне назар аударып, сөздеріне зер салып, жинағанын атап өтеді. Сонымен, В.Радлов түркі тілдеріндегі сөзқосымның барлығын мойындай отырып, бір сөздегі дауысты дыбыстардың үйлесімі екінші сөздегі дауыстыларға сәйкес келіп бағынады деген қорытынды жасайды. Н.А.Ашмарин өз еңбектерінде күрделі сөз жайында біраз нақты деректер береді. Ол сөз таптары мен сөз тіркестері тарапынан зерделейді. Тілші чуваш тілінде алғаш рет «күрделі зат есім» деген терминді қолданды. Зерттеуші чуваш тіліндегі күрделі зат есімдер екі сөзден құралып, екінші сыңары еш өзгеріссіз, кейде екінші сыңарға қосымшалар жалғанатынын айтады. Оған мынадай тілдік деректерді келтірген: хйр арам – женщина, езке-зике /угощение, сурдм пус*заря, курше-аршд/соседи т.б. Автор зат есімдер қосақталып келіп, қос сөздер жасайды, олар бір күрделі ұғымды және жинақтық мағынаны білдіреді деген қорытындыға келеді. Түркітанудың ғылыми нысаналарының бірі – күрделі сөз мәселесі. Тіл білімінде, түркітануда күрделі сөзге қатысты пікір айтқан біраз ғалымдарды атауға болады. олар: Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, А.А.Юлдашев, Б.Орузбаева, С.Н.Муратов,Ә. Қайдаров, Ғ.Сәдуақасов, Ф.А.Ганиев қазақ тіл білімінде басқа мәселелерді зерттеу барысында күрделі сөзге ерекше мән беріп, оның табиғатын анықтау, мәртебесін шешу төңірегінде пікір танытқан ғалымдар А.Ысқақов, К.Аханов, Н.Оралбаева, В.А.Исенгалиева т.б. тәрізді тіл мамандарының еңбектерін атаған жөн.