
- •2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
- •3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
- •7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?
- •21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
- •25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
- •26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
- •27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
- •29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
- •30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
- •35. Есім сөздер жүйесіндегі күрделі сөздер мәселесі.
- •36. Сөзжасамдағы аналитикалық тәсіл түрлері, қолданылу аясы, синтетикалық тәсілмен салыстыру.
- •38.Көмекші есімдер және олардың тіркесімділігі.
- •42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.
- •49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.
- •51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер
- •53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)
- •54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.
- •56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
- •61.Қимылдыңжасалутәсілін білд/н анал/қ форманттар.
- •66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
- •73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
Cапалық сындар жалпы сын есім деп аталатын сөз табының негізгі ұйытқысы есебінде қызмет етеді. Олай дейтін себебіміз – жалпы сын есімге тән негізгі категориялық ерекшеліктер мен сипаттардың бәрі де сапалық сындардың бойында болады. осы ерешеліктеріне қарай, демек, бүкіл сын есім категориясына өзек ретінде қызмет ететіндігіне орай, өзге сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдердің негізгі белгілер: сапалық сындарға тән сөздердің бәріне ұлғату, кішірейту жұрнақтары қосылады; оларға сындық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданылатын үстеме буындар жамалады. Аналитикалық тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі (ақ сары, қызыл сары, қара көк, ал қара көк, ақ құба, ақ сұр, ақ шабдар), негізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, қара пальтолы), негізгі және туынды сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлануы арқылы ( үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады. Сапалық сындар бірімен-бірі тіркеседі. Бұл топқа қара ала, сары ала, торы ала, шұбар ала, қызыл ала деген үлгі бойынша жасалатын, демек, алғашқы компоненті ауысып, соңғы компоненті өзгермей тіркесетін сындар да, алқара көк, алқара көр тәрізді үш компонентті күрделі сын есімдер жатады.
28. жалпы тіл білімінде тілдерді топтастыру принциптері: жалғамалы және аналитикалық тілдер. Дүние жүзінде бірді-екілі немесе ондаған ғана емес, мыңдаған халық тілі бар. Тіл білімі дүние жүзіндегі барлық тілдерді туыстығы мен шығу тегі, даму жағдайларының ортақтығына қарай ірі-ірі 60 шақты семьяға топтаса, сол тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай ірі-ірі төрт-ақ типке бөледі. Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай топтастыруды типологиялық немесе морфологиялық классификация деп атайды. Тілдерді бұлайша топтастыруда басшылыққа алынатын негізгі белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің қалай құрылғандығы, белгілі бір тілдерде грамматикалық тәсілдердің қайсысы басымдық ететіні, сол тілдегі сөздердің өзгеру-түрлену жолдары ерекшеліктер, қысқасы, қайталап бір айтсақ, белгілі бір тілдердің құрылымы мен құрылысы. Типологиялық тіл білімі туыстас тілдердің де, бңр-бірімен туыс емес тілдердің де сәйкестіктері мен ұқсастықтары, сондай-ақ, қарама-қарсы өзгешеліктері деген сияқты мәселелерге де көңіл бөледі. Агглютинативті деген латынның сөзінен шыққан. Орысша мағынасы- склеивание; қазақша – жалғамалы, желімдеулі. О.С.Широков агглютинативті тілдерді негізгі үш топқа бөледі. Соның бірі – Алтай семьясынан: түркі, монғол, тұңғыс-маньчжур, орал семъьясынан: фин, угор, самодий топтары. Сонымен қатар ешқандай топқа қосылмайтын – жапон және корей тілдері. Екінші тобы – АҚШ мен Мексикадағы кейбір үндістер тілдері. Агглютин.тілдерге тән басты ерекшелік – сингармонизм. Негізгі екпін – сөз түбіріне, көмекші екпін сөз құрамындағы ең соңғы морфемаға түседі. Басты-басты ерекшеліктер: сөз түбіріне аффикс қосылғанда, өзінің бастапқы қалпын сақтап қалады;аффикстер сингармонизм заңына бағына отырып, белгілі бір түбірге біркелкі түрде бірінен соң бірі жалғана береді; сөзге қосылатын аффикстердің әрқайсысы бір-ақ қызмет атқарып, тек қана бір-ақ мағына береді, бұл тілдерде орыс тіліндегідей префикс, предлог дегендер жоқ; бұл тілдерде көмекші сөздерден: демуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар, ал аффикстерден: жұрнақтар мен жалғаулар ғана бар; нағыз агглют-ті қазақ тіліндегі септік, тәуелдік, жіктік формалары сияқтылар флективті орыс тіліндегі бұл сияқты мағына білдіретн категориялардан мүлдем өзгеше. Қазақ тілі – агглютинативті тіл. Мысалға қамсыздандырылмағандықтарыңыздан деген бір ғана сөзді алайық. Мұнда 11 морфема, соның ішінде бір ғана түбір – негізгі морфема (қам), 10 көмекші морфема – аффикс бар. Агглю-ті қазақ тілінде префикс жоқ. Бірақ араб, парсы тілдерден енген бей, на деген екі префик қолд-ды.: бейхабар, бейуақыт, бейкүнә, бейқам, беймаза, бейсауыт, нақақ, найсап, нақұрыс, намағлұм және т.б. негізгі ерекшелік – сингармонизм. Дегенмен қазақ тілінде сингарм.-ге бағынбайтын қосымшалар бар. Олар: нікі, паз, қор, кер, гер, кеш, гөй, хана постфикстері мен жоғарыда келтірілген бей, на деген префикстер. Мысалы, баланікі, әсемпаз, сәнқой, өнерпаз, ақылгөй, арбакеш, емхана және т.б. сонымен қатар біріккен сөздер синг. Заңын сақтай бермейді. Мысалы, қазақ сөзі оңтұстық, солтұстық орнына оңтұстік, солтүстік т.б. түрде біріге береді.