
- •2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
- •3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
- •7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?
- •21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
- •25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
- •26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
- •27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
- •29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
- •30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
- •35. Есім сөздер жүйесіндегі күрделі сөздер мәселесі.
- •36. Сөзжасамдағы аналитикалық тәсіл түрлері, қолданылу аясы, синтетикалық тәсілмен салыстыру.
- •38.Көмекші есімдер және олардың тіркесімділігі.
- •42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.
- •49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.
- •51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер
- •53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)
- •54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.
- •56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
- •61.Қимылдыңжасалутәсілін білд/н анал/қ форманттар.
- •66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
- •73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
Бөлшектік сан есімдер – негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы: Бүкіл Совет жерінде бес миллион гектарға қамыс өседі екен, соның үштен екісі Қазақстанда. Бөлшектік сан есімдер құрамы жағынан күрделі болып келеді де, есептік сан есімдермен тіркесе айтылуы арқылы жасалады. Ондай тіркестегі сөздерге тіліміздің қазіргі нормасында қолданылатын белгілі грамматикалық тұлғалардың бірі міндетті түрде қосылып айтылуы заңды. Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін, есептік сан есімдерге жарым сөзі тіркестіріліп те қолданылады. Мысалы: үш жарым мың жылқымыз, төрт жарым мың сиыр, жүз түйе бар. Бұдан басқа қазіргі қазақ тілінде жарты ширек деген бөлшектік ұғымдарды білдіретін сөздер де бар. Жарты сөзі екінің бірі деген ұғымда, ширек сөзі төрттің бірі деген ұғымда қолданылады.
26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
Тілдегі етістіктер екі үлкен топқа бөлінеді: олар – дербес етістіктер мен көмекші етістіктер. Дербес етістіктер деп заттың қимыл-әрекетін білдіріп, етістіктің қосымшалары арқылы түрленіп, сөйлемде түрлі синтаксистік қызмет атқарып, белгілі сұрақтарға жауап беретін, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсіп, сөз тіркестерін құрайтын етістіктер аталады. Мысалы, кеше кештен бері осы үйдің ішіне кіргізілге ұзынша, жаңа ақ сандықты Абай өзі ашты (М.Ә.) етістіктің грамматикалық көрсеткішін білдіретін етістіктер көмекші етістіктер деп аталады. Көмекші етістіктер екіге бөлінеді: толымды және толымсыз. Толымды к.е. деп дербес етістік кезіндегі дыбыстық құрамын сақтаған, бірақ лексикалық мағынасынан айрылған, қазіргі тілде грамматикалық мағына білдіріп, түрлі категориялардың көрсеткіштері қызметінде қолданылатын көмекші етістіктер аталады. Мысалы, оқығысы келді, адам болды, өсіп барады, қалып қойды, көктеп келеді т.б. басқа осы сияқты қолданыстағы кел, бар, кет, бол, қой, ал сияқты етістіктер толымды көмекші етістіктерге жатады. Толымды көмекші етістіктер тілде 30 шақты. Олар: ал, бар, баста, бақ, бер, бол, бөл, біл, біт, жүр, жөнел, жібер, қал, қара. Көмекші етістік дербес етістікке –а, -е, -й жұрнағы арқылы тіркессе ғана, қимылдың бастапқы сатысын білдіреді. Ал отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктері дербес етістікке тек –ып, -іп, -п жұрнағы арқылы тіркессе ғана білдіреді. А)толымды көмекші етістіктер белгілі қосымшалар арқылы ғана тіркеседі; ә) толымды көмекші етістіктердің грамматикалық мағынасы ол қосымшаларға байлаулы. Қимылдың қалай жасалғанын білдіреді. Мысалы, жығыла жаздады, қоя салды, айтып бақты, тартып қалды, отырып Т.көмекші е. Бұйрық рай мағыналарын да білдіреді. Мысалы, беруші болма, айта көрме, келе көр. Шартты рай мағынасын да білдіредң. Мысалы, әкең айтпай, өзің білген болсаң, батамды берейін (М.Ә.). толымсыз көмекші етістіктер деп дербес сөз кезіндегі дыбыстық құрамын сақтамаған , етістіктің түрлі грамматикалық тұлғаларында қалыптасып, қазір сол тқлғада түбір сөз ретінде қолданылатын көмекші етістіктер аталады. Олар саны жағынан өте аз, атап айтқанда: еді, екен, емес, ет, жазда. Бұл көмекші етістіктер көне тілде ер етістігінің қысқарып, е түріне ауысқан кездегі түрлі грамматикалық тұлғалары сақталып, е етістік ретінде қолданыстан шыққан, ал оның грамматикалық түрлі тұлғалары көмекші етістіктер қызметіне көшкен. Еді көмекші етістігі е етістігінің жедел өткен шақ тұлғасы, бірақ осы тұлғада қалыптасқан, ол қазіргі толымсыз көмекші етістіктердің бірі болып, өзіндік қызмет атқарады. Еді көмекші етістігінің қолданылу аясы кең, ол есім сөзбен де, етістікпен де қолданыла береді. Мысалы, дәрігер еді, қызыл еді, алтау едік, келген еді, келсе еді және т.б.