
- •2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
- •3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
- •7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?
- •21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
- •25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
- •26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
- •27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
- •29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
- •30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
- •35. Есім сөздер жүйесіндегі күрделі сөздер мәселесі.
- •36. Сөзжасамдағы аналитикалық тәсіл түрлері, қолданылу аясы, синтетикалық тәсілмен салыстыру.
- •38.Көмекші есімдер және олардың тіркесімділігі.
- •42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.
- •49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.
- •51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер
- •53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)
- •54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.
- •56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
- •61.Қимылдыңжасалутәсілін білд/н анал/қ форманттар.
- •66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
- •73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
Септік категориясына септеуліктер мен көмекші есімдердің қатысы жатады. ХХ ғасырдың басында латын, ағылшын тіліндегі аналитикалық септік туралы еңбектерде сөз етіледі. Септіктің аналитикалық түрінің әр тілдердегі көрінісін анықтауда 1963 жылы көрсеткен. Бұл жинақта В. М. Жирмунский аналитикалық септікке тән қасиеттерді атап көрсетеді. Септіктің аналитикалық формаға қатысы туралы зерттеулерден түркітанушылар да қалыс қалмайды. Қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов септеуліктердің аффикстерге тән қызметтерін атап көрсетеді. Ең алдымен, біз аналитикалық септік ретінде көмекші есімдер мен септеуліктерді бөліп көрсетеміз. Біз аналитикалық септік жасаушы элементтердің мынадай мағыналарын көрсете аламыз. 1.Мекендік 2.Мезгілдік 3.Мақсат-себептік 4.Бағыттық 5.Құралдық 6.Обьективтік 7.Мөлшерлік т.б. Мұндай мағынаны синтетикалық септіктер де көрсете алады. Аналитикалық септік жасаушы элементтер ретінде: 1. Септеулік шылаулар 2. Көмекші есімдер – көрсетеміз. Аналитикалық септік жасаушы септіктерге: үшін, арқылы, дейін, шейін, қарай, Жалпы, аналитикалық септіктің табиғатына тән мынадай белгілерді көрсетуге болады. 1. Синтетикалық септіктің грамматикалық мағынасына жауап бере алады. 2. Есім мен етістік арасында байланыстырушылық қызметін атқарады. 3. Тіркесімділігінде тұрақтылық бар. ( Мысал үшін, арқылы 4. Аналитикалық септік жасаушы септеуліктер септіктермен байланыста дамыған. 5. Аналитикалық септік жасаушы тілдік элемент ретінде көмекші есімдер. Зерттеген: А. Ысқақов. Көмекші есімдер, Ғ. Ибрагилов. Аналитическое конструкции в татарском языке. М. Оразов. Көмекші есімдер. І, ІІ том. Төлембетова Кенжегүлдің «Қазіргі қазақ тіліндегі аналитикалық септік жасайтын тілдік бірліктер » атты еңбектерінде сөз етіледі. А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»еңбегінде : «Септеуліктер деп объекті не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынасты білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздер. Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсатттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы граммтикалық мағыналарды жамалап тыңғылықтандырып отырады». Әр септікке сипаттама беріп кетеді.
22. Аналитикалық тәсілдің тұрақты тіркестердегі көрінісі. Сөзтіркесім – жаңа сөз жасаудың ең өнімді жолы. Қазақ тілінде зат немесе құбылыстың атын тіркестіріп атау жиі ұшырайды. Бұл сөздер – аталым (номинация) дәрежесіне жеткен сөздер. Егер сөз тіркесі лексикалық тұтастыққа айналып, аталым дәрежесіне ие болғанда, сөз тіркесі өз қызметін тоқтатады. Мұндағы басты қасиет, заңдылық – ұғымның атауы дәрежесіне жетуі. Мысалы, кәрі жілік, ортан жілік, өгей шеше, қайын жұрт, Ақ орда, кіндік шеше, ауыз омыртқа, азу тіс, бел омыртқа, ауа райы, күйеу бала, киіз үй және т.б. тәрізді зат есімдер соның нәтижесі. Келтірілген тілдік деректер – сөз тіркестерінің құрылымын сақтаған, бірақ бір үғымның атауы дәрежесіне жеткен лексикалық бірліктер. Лексемалық тіркесімдердің басты белгісі – құрамындағы сыңарлардың орны берік, арасына сөз қойылмайды, еі сыңары да қалыптасқан тұлғасын сақтайды. Екі сыңарларының мағынасы өзара логикалық үйлесімді болып келеді. Тіркесті зат есімдер ортақ екпінмен айтылады да, құрамындағы сыңарлардың тұрақтылығы мызғымайтын, өзгермейтін қалпын сақтайды. Мұндай сөзтіркесімдер бірбүтін болып, бір ұғым ретінде қалыптасады. Мысалы, ауыз су, қонақ үй, ас үй, ақ орда, ас тұзы, асық жүзік, ақ орда, асық жілік, бел омыртқа т.б. мысалы, ақ орда - сөзінің мағыналық дамуы: 1) киәз үй; 2) көне, билік иесі отырған үй; 3) Ақ орда – резиденция. Ақ орда – тайбурылдың үстіне алтыннан тұрман ер салып, аз ғана азық жем салып, ақ орданың алдынан, өткізді Құртқа көлденең. Асқар тау, темір жол, есі дұрыс, табан тіреу тәрізді тұрақты тіркестердің компоненттері өздеріне тән бастапқы дербес мағыналарын жоғалтпай сақтап отырады. Өйткені бұл сияқты тіркестердің мағынасы құрамына енетін компоненттерінің мағыналарынан құралады, демек, сол компоненттердің мағыналарының қосындысы сияқты. Сондықтан бұл соңғы тіркестердің компоненттерін жеке-жеке ажыратып талдағанда да, олар тұрақтылық сипатын жоғалтпайды. Тұрақты сөз тіркестерінің бұл тобы фразалық тіркес я фразалық бірлестік деп аталады.