Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфонология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.22 Кб
Скачать

7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?

Көмекші есім – зат е\ң кеңістік ұғымын білдіретін бір тобы. Жеке алып қарағанда, олар морф\қ тұрғыдан зат есім\ң түрленуі бейімділігі бар дербес мағыналы сөздер. Көмекшілік қызметте жұмсалған кезде бұл сөздер тәуелд. Жалғау\ң 3-ші жағында тұрып тәуелдеулі септеу\ң үлгісімен септеледі. Көмекші есімдерге тән кеңістік мәнінің мейлінше айқындала, саралана түсуі олардың кеңістік қатынасты білдіретін барыс, жатыс, шығыс септіктерінде жұмсалуымен өзектес, сонымен сабақтас. Мыс, есік\ң алдына; К.е – грам\қ өзгеріске түсіп дерексізденудің нәтижесінде заттық мағынасынан айырыла бастаған тәуелдік жалғаулы көбіне мекендік септіктерде қолданылып матаса байл\н тіркестің 2 – ші сыңары қызметінде жұмсалатын з.е\ң кеңістік мәнді ерекше тобы. К.е:Горизанталь бағыттағы кеңістікке қатысты білдіретін к.е (алдыарты, қасы, жаны, маңы, тұсы, шеті, жан – жағы,айналасы,төңірегі).Алды.Адамның беті қараған,белгілі бір нәрсенің алдыңғы жағын білдіреді. Вертикаль бағыттағы кеңістік қатысты білд. К.е (асты, үсті, беті, түбі). Көлемдік кеңістік қатысты білдіретін к.е

(іші,сырты,ортасы,арасы).Зат е\ң өзге лек\қ топтарынан к.е басты бір ерекшелігі – оның баршасының тіліміздің байырғы сөздері болуы. К.е лексикалық құрамында кірме сөз атаулы мүлдем жоқ. Қазақ фраз\ң, мақал – мәтел\ң құрамында к.е жиі кездестіретініміз осының айғағы.

8.А\қ формаларды сипаттаңыз?Жетекші етістік пен белгілі бір грам\қ категор\ң мағынасын білдіретін к. етістік\ң бірлестігі а\қ форма д.а .А.Ф негізгі етістік к\е бұрын тұрады да, а\қ тіркестің негізгі мағынасына жетекшілік етеді. А.Ф негізінде жетекші сөз бен а\қ ф\ың тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. А\қ етістікке әр түрлі а\қ форманттар қосып, ол сөзді әр түрлі грам\қ категорияның а\қ форм. айналдыруға болады. Мыс: барса екен, көрсе кен, бара сал, көре сал дегенде жетекші дербес сөз\ң негізі сол күйінде /бар, көр/ сақталғанда, өзгеріске түсіп әр түрлі а\қ форма жасап тұрған тек а\қ форманттар /са екен, а сал, ғысы кел/. Анал.қ формалы етістіктер сөйлемде бір ғана лексикалық мағынаны білд. Олардың құрамында бір ғана жетекші сөз болады да, оған тіркесіп айтылған көмекші сөз сол жетекші сөзге қосымша грам\қ мағына ғана үстеу қызметіне ауысады. Жалпы алғанда а.ф сөздер етістікке тән белгілі бір грам\қ категор\ң формасында қолданылған сөздер болып танылады.

9.А\қ форманттар дегенне?А\қ формант»термині есімге де, етістікке де тән. А\қ формант грам\қ категориялары бар сөз таптарына қатысты. Олардың ішінде сапалық сын есімнің шырай катег\ң а\қ формасы бар екенін кейбір ғалымдар көрсетіп жүр. Өте үлкен, ең жақсы, тым әдемі, өте таза т.б. қолданыстағы сөздер асырмалы шырайдың а\қ формаларына жатады. Сондай-ақ сен үшін, ауылдың маңы, үйге қарай деген тіркестерді септіктің а\қ формасы дейтін пікірлер де кездеседі.

А\қ формант туралы айтпас бұрын а\қ форма ұғымына түсінік берген жөн. А\қ сөз формасының өзіне тән бірнеше белгілері бар.

Біріншіден, сөздің а\қ формасы дербес сөз бен көмекші сөздің бірлігінен тұрады. Ғалым Ә.Хасенов а\қ формаға былайша сипаттама береді: «А\қ форма дегеніміз - атауыш сөздер мен көмекші сөздер тіркесінен жасалған құранды форма. Мәселен, ауылдың жаны, саған бола келдім, сен туралы, елу шақты т.б. а\қ формалы сөздер».Дербес(атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесі дегенде міндетті түрде оның грамматикалық мәні ескерілуі қажет. Тек қана грам\қ сипаттағы дербес сөз бен көмекші сөздің тіркесінің а\қ форма бола алатыны есте болуы керек. Мыс, күліп жіберді, өте үлкен, тап-таза т.б.Екіншіден, сөздің а\қ формасы грам\қ категориясы бар сөз таптарына қатысты.Қазақ тілінде грам\қ категориялары бар сөз таптары деп зат есім, сын есім және етістік аталып жүр. Осы үш сөз табының ішінде етіс\ң а\қ формасы дәлелденді. Ал зат есім мен сын есімнің а\қ формасы әлі ғылымда шешімін таппаған мәселелер қатарында қалып отыр. Зат есім мен сын есімнің грам\қ катего\ң мағыналарын білдіретін көмекші сөздер бар. Аталған үш сөз таб\ң ішінде зат есімнің септік катег\ң аралас а\қ формасы және сапалық сын есім шырайының а\қ формасы бар.Үшіншіден, сөздің а\қ формасын жасайтын көрсеткіш а\қ формант.А\қ формант - сөздің а\қ формасын жасаушы көрсеткіш. Мыс, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегендер – а\қ форманттар. А\қ формант деп қосымша мен көмекші сөздің бірлігінен тұратын, не тек көмекші сөзден тұратын категория мағынасын білдіретін морф\қ көрсеткішті атасақ, ол сөздің синтетикалық формасын жасайтын грам\қ қосымшамен бірдей қызметтегі тілдік бірлік болып саналады.Төртіншіден, сөздің а\қ формасын жасаушы а\қ форманттың құрамы тұрақты, оны өзгертуге болмайды. Мәселен, қимылдың өту сипаты катег\ң мағынасын білдіретін =а бер форманты түбір етістікке тіркесіп, қимылдың қайталануын, созылуын білдіреді: айта бер, жаза бер. Осы формант тек осы құрамда ғана осы мағынаны білдіреді, оның құрамын өзгертсек, бұл мағынаны білдірмейді. Мыс, бұл форманттың құрамындағы =а жұрнағының орнына =п жұрнағын қойып =п бер түріне көшірсек, ол қимылдың созылуын, қайталануын білдірмейді: айтып бер, жазып бер. Бұл а\қ формант құрамының тұрақтылығын дәлелдейді.

Бесіншіден, а\қ форманттар грам\қ катег\ң мағынасын білдіретін көрсеткіштерге жататын болғн, олар грам\қ мағына береді.Демек, а\қ формалы сөз лексикалық мағынамен бірге грамматикалық мәнді де білдіреді. Мысалы, өте үлкен дегендегі үлкен сөзінің лек. мағынасы да өте сөзінің асыру мәні де яғни грам\қ мағынасы да қоса қабат көрінеді. Күліп жіберді, келе бастады десек, күлу қимылы да және оның тез, кенет жасалу мағынасы берілсе, келе бастады дегенде келу қимылы да жөне оның басталу мағынасы да қоса беріліп тұр.Етіс\ң а\қ форманты деп қосымша мен көмекші етістіктен тұратын, белгілі бір катег. мағынасын білдіретін біртұтас қүрделі морфологиялық көрсеткішті айтамыз. А\қ форманттар құрамы жағынан жалаң (дара) және күрделенген (күрделі) а\қ форманттар болып екіге бөлінеді. Бір, екі, үш морфемалы а\қ форманттар жалаң а\қ формантгар деп аталады. Мыс,Қатты өзгеріп, жаны толқынға түскен Абай әлі оңалған жоқ.Менің күлкім түрткі болды да, сахнада тұрған артистердің бәрі күліп жіберді. Толып жатқан үйді бір аралап шыққысы келеді. Мұнда 0 жоқ, -іп жібер, -қысы кел а\қ форманттар қолданылған. Олар 0 жоқ форманты бір морфемадан, -іп жібер екі морфемадан, -қысы кел үш морфемадан құралған.Бір морфемалы а\қ форманттарға 0 еді, 0 екен, 0 емес, 0 жоқ форманттары жатады, олардың саны аз, бірақ тілде өте жиі қолданылады. 0 еді а\қ форманты - қатыстық өткен шақтың көрсеткіші. Мыс, Менің бүгінгі шарықтаған табысымды Александров, Жүргенов, Құрманбек көрсе ғой, қуаныштан жүректері жарылып кетер еді.0 екен форманты да өткен шақтық мағына береді. Мөселен, Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған екен. Жоғарыда 0 еді мен 0 екен а\қ форманттары өткен шақтық мағынаны білдіреді. Бірақ 0 еді формантын субъекті өзі қатысқан өткен уақыттағы іс-қимылмен байланысты қолданса, екінші мысалдағы 0 екен формантын субъектінің өзі қатыспаған, көрмеген еткен кездегі іс-қимыл туралы айтқан кезде ғана қолданады.Төрт морфемалы а\қ форманттар күрделенген а\қ форманттар деп аталады. Мыс, Қисса, ертегі, күйлерді бар ықыласын қоя тыңдайды, нота біледі, ұнағандарын дереу нота дәптерлеріне жазып ала қояды.Күрделенген а\қ формант бір ғана мағына береді, оның құрамындағы морфемалардың орны тұрақты, олардың арасына басқа морфема қосылмайды.

10.Дара а.ф.А\қ формантт\ң тілде 3 түрлі жолмен жасалғанын байқауға болады: 1)күрделі етістік арқылы; 2) еді, екен, емес, жоқ көмекші етістіктері арқылы; 3) а\қ форманттардың өзара бірігуі арқылы.А\қ форманттар етістік катег\ң мағынасын білдіреді, солардың морфологиялық формасы болып жұмсалады. А\қ форманттардың категорияларға қатысы тұрғысынан қимылдың өту сипаты категориясы мен модальдылық категориясының, рай категориясының, шақ категориясының, болымсыздық категориясының а\қ форманттары деп көрсетуге болады.

Ақ форманттар түрлі категорияларға қатысты. Бұл туралы профессор Н.О: «... қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категорияларында синтетикалық форма мен қатар аналитикалық форманың кең қолданылатынын көрсетеді. Атап айтқанда, етістіктің аналитикалық форманттары мына категорияларда қолданылады: модальдылық, қимылдың өту сипаты, рай, болымсыздық категориялары». Аналитикалық форманттардың көпшілігі қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясының мағынасын білдіреді. Мәселен, Осы сәтте есік қоңырауы шылдырлап қоя берді(Ә.Нұршайықов). Абай қатты бір күдік ойлап, Қарабастың қасына келіп сұрастыра бастады (М.Әуезов). Ақылбай Абайдың төменгі жағында отыр еді, қатарындағы Әйгерімге салмақпен сыбырлап күліп сөйлеп жатыр (М.Әуезов). Аналитикалық форманттар модальдық мағынаны да білдіреді. Модаль мағыналы аналитикалық форманттар сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіреді. Мысалы, айта алады, жеңе алады, сұрай алады, қорғай алады. -а ал форманты арқылы сөйлеушінің амалға, қимылға қөзқарасы, іс-әрекетке, қимылға деген пікірі беріліп тұр. Бұндай көрсеткіштер мағынасы тұрақты, тілде үнемі осы бір мағынада қолданылады. Жоғарыда аталған аналитикалық форманттан басқа да модальдық мағынаны білдіретін аналитикалық форманттар бар. Олар: -ғы кел, -а біл. Мысалы, сөйлей біледі, шыдай біледі, тыңдай біледі, көре біледі, жаза біледі, айтқысы келеді, жасағысы келеді, білгісі келеді, барғысы келеді т.б. Аналитикалық форманттар бұйрық рай мағынасын білдіреді. Мысалы, Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған!... - деп, әкесі жақты нұсқап, Абайдыңа уызын ашырмай, шалқалатып жыға берді (М.Әуезов). Аналитикалық форманттар қалау рай мағынасын білдіреді. Қалау мағынасы -са игі еді, -са екен, -са еді аналитика лық форманттары арқылы беріледі. Мысалы, Өзінікі болса игі еді (М.Әуезов). Соны текбір қайырып айтсаңыз екен (М.Әуезов). Осылар айта берсе екен, араласа берсе екен (Ғ.Мұстафин).Аналитикалық форманттар нақ осы шақ мағынасын білдіреді. -п отыр, -п жатыр, -п тұр, -п жүр, -п келе жатыр, -п бара жатыр аналитикалық форманттары нақ осы шақ жасайды. Мысалы, Баймағамбет сөйлеп отыр (М.Әуезов).Аналитикапық форманттар етістіктің болымсыздық мағынасын білдіреді. Болымсыздық мағынаны білдіретін екі аналитикалық формант бар. Олар: 0 + емес, 0 + жоқ аналитикалық форманттары. Емес, жоқ көмекшілерінің сөзге ешбір қосымшасыз тіркесетінін көрсету үшін оны мынадай 0 белгімен көрсетеді. Мысалы, Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес (Б.Момышұлы). Оған Бақтығұл қараған жоқ (М.Әуезов). Бірақ Абай жеткізетін емес (М.Әуезов).Дара аналитикалық форманттар үлгілері қандай?

Қазақ тіліндегі ЕАФ-тардың негізгі тобы жалаң форманттардан тұрады. Бұл топқа бір морфемалы, екі морфемалы, үш морфемалы ЕАФ-тар жатады. Басқаша айтқанда, жалаң ЕАФ-дың құрамы бір морфемадан басталып , үш морфемаға дейін жетеді. Бірақ олардың бәріндк көмекші сөз бірден аспайды. МЫс, бұл сөз одан әрі өрбіген жоқ. Мұнда 0 жоқ форманттынан құрылған. Жалаң ЕАФ-дың құрамы тұрақты, морфемалары өзгермейді, тек қосымшалары ғана дыбыстық өзгеріске түседі, ол қосымша тіркескен сөздің соңғы дыбысы мен буынын байланысты. –ып ал, -іп ал, -п ал. Бұл қосымшалы ЕАФ-дың бәрінде бар белгі, өйткені ол бір қосымшаның түрлі дыбыстық варианттары.

11 сұрақ.Етістіктегі а.ф қызметі нені білдіреді. Аналитизм – (гр.analysis – ыдырау) деген мағына береді. Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің а\қ формасының құрамына енетін негізгі сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы: келе жатыр деген тіркесте негізгі лексикалық мағынаға ие болып тұрған сөз - келе етістігі, ал жатыр етістігінің дербес лексикалық мағынасы бұл тіркесте сақталмаған, ол көмекші морфемаларға ұқсас мағынаға ие болып, соларға тән қызмет атқарып тұр. Белгілі бір сөздердің тіркесінің сөз тіркесі емес, аналитикалық форма болу үшін, оның белгілі бір грамматикалық категориялардың мағынасын беруі керек.А\қ ет. я а\қ тұлға болу үшін, дейді А.Ысқақов,- біріншіден, негізгі етістік, екіншіден, оған қосылатын дәнекер форма, үшіншіден, көмекші қызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек. А\қ е\к кемі осындай 3 компоненттің тіркесуі арқылы жасалады.А\қ е\к гр\ң семантикасын білдіріп, оның көрсеткіші есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі – көсемше жұрнағы мен көсемше етістік - мағына жағынан да, қызметі жағынан да дәйім бірлікте жұмсалады да бір ғана форма ретінде қызмет етеді. Бұл грам\қ форма а\қ қос. я а\қ формант деп аталады. Аналитизм тюркологияда актуалды проблемелар қатарында болса, сол пробл\ың күрделі бір тармағы етістік аналитизмі. Етісітікте аналитизм күшті дамыған, бұл ғылымда көрсетіліп те жүр. А\қ тәсіл түрлі гр\қ мағына беруде, сөз бен сөзі, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда, сөйлемге, сөзге экспрессивт, эмоционалды мағына беруде, сөздердңғ, сөйлемдердңғ арасындағы қатысты білідруде кең көлемде қызмет атқарады. А\қ форманттар«А\қ формант»термині есімге де, етістікке де тән. А\қ ф\т грамматикалық категориялары бар сөз таптарына қатысты. Олардың ішінде сапалық сын есімнің шырай категориясының а\қ формасы бар екенін кейбір ғалымдар көрсетіп жүр. Өте үлкен, ең жақсы, тым әдемі, өте таза т.б. қолданыстағы сөздер асырмалы шырайдың а\қ формаларына жатады. Сондай-ақ сен үшін, ауылдың маңы, үйге қарай деген тіркестерді септіктің а\қ формасы дейтін пікірлер де кездеседі.Гр\қ категориясы бар зат есім мен сын есімдегі гр\қ аналитизм мәселесі дәлелденбегендіктен, а\қ формант ұғымы тек етістікпен байл. қаралып жүр. Түркі тілдерінде сөздің а\қ формасы туралы теор\ң негізін салушы, түркі тілдеріндегі ет\ң а\қ формаларын зерттеуші ретінде ғалым А.АЮлдашевті атауға болады.Ал қазақ тіл білімінде профессор Н.О. қазақ тіліндегі ет\ң а\қ форманттарын жалпы зерттеген, оның е\ң барлық категорияларына қатысты екенін дәлелдеген, а\қ формант, форма теориясының негізін қалаған. Әр категорияға қатысты негізгі а\қ форманттарды көрсеткен. А\қ формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. А\қ сөз формасының өзіне тән бірнеше белгілері бар. Біріншіден, сөздің а\қ формасы дербес сөз бен көмекші сөздің бірлігінен тұрады. Ғалым Ә.Хасенов а\қ формаға былайша сипаттама береді: «А\қ форма дегеніміз - атауыш сөздер мен көмекші сөздер тіркесінен жасалған құранды форма. Мәселен, ауылдың жаны, саған бола келдім, сен туралы, елу шақты т.б. а\қ формалы сөздер» . Дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесі дегенде міндетті түрде оның гр\қ мәні ескерілуі қажет. Тек қана гр\қ сипаттағы дербес сөз бен көмекші сөздің тіркесінің а\қ форма бола алатыны есте болуы керек. Мысалы, күліп жіберді, өте үлкен, тап-таза т.б.Екіншіден, сөздің а\қ формасы гр\қ категориясы бар сөз таптарына қатысты.Қазақ тілінде гр\қ категориялары бар сөз таптары деп зат есім, сын есім және етістік аталып жүр. Осы үш сөз табының ішінде етістіктің аналитикалық формасы дәлелденді. Ал зат есім мен сын есімнің а\қ формасы әлі ғылымда шешімін таппаған мәселелер қатарында қалып отыр. Зат есім мен сын есімнің гр\қ категорияларының мағыналарын білдіретін көмекші сөздер бар. Аталған үш сөз табының ішінде зат есімнің септік категориясының аралас а\қ формасы және сапалық сын есім шырайының а\қ формасы бар.Үшіншіден, сөздің а\қ формасын жасайтын көрсеткіш –а\қ формант.А\қ формант - сөздің а\қ формасын жасаушы көрсеткіш. Мысалы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегендер – а\қ форманттар.А\қ формант деп қосымша мен көмекші сөздің бірлігінен тұратын, не тек көмекші сөзден тұратын категория мағынасын білдіретін морф\қ көрсеткішті атасақ, ол сөздің синтетикалық формасын жасайтын гр\қ қосымшамен бірдей қызметтегі тілдік бірлік болып саналады.Төртіншіден, сөздің а\қ формасын жасаушы а\қ форманттың құрамы тұрақты, оны өзгертуге болмайды. Мәселен, қимылдың өту сипаты категориясының мағынасын білдіретін =а бер форманты түбір етістікке тіркесіп, қимылдың қайталануын, созылуын білдіреді: айта бер, жаза бер. Осы формант тек осы құрамда ғана осы мағынаны білдіреді, оның құрамын өзгертсек, бұл мағынаны білдірмейді. Мысалы, бұл форманттың құрамындағы =а жұрнағының орнына =п жұрнағын қойып =п бер түріне көшірсек, ол қимылдың созылуын, қайталануын білдірмейді: айтып бер, жазып бер. Бұл а\қ формант құрамының тұрақтылығын дәлелдейді. Бесіншіден, а\қ форманттар грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіштерге жататын болғандықтан, олар грамматикалық мағына береді. Демек, а\қ формалы сөз лексикалық мағынамен бірге грамматикалық мәнді де білдіреді. Мысалы, өте үлкен дегендегі үлкен сөзінің лексикалық мағынасы да өте сөзінің асыру мәні де яғни грамматикалық мағынасы да қоса қабат көрінеді. Күліп жіберді, келе бастады десек, күлу қимылы да және оның тез, кенет жасалу мағынасы берілсе, келе бастады дегенде келу қимылы да жөне оның басталу мағынасы да қоса беріліп тұр. Ет\ң а\қ форманты деп қосымша мен көмекші етістіктен тұратын, белгілі бір категорияның мағынасын білдіретін біртұтас қүрделі морфологиялық көрсеткішті айтамыз. Ет\ң а\қ форманты көп жағдайда бір қосымша мен бір көмекші етістіктен құралады. 12 сұрақ. Күрделі а.ф.ң қатарын сипаттаңыз. Күрделенген ЕАФ төрт морфемалы а.ф жатады. Олар екі морфемалы ЕАФ бірігуінен жасалған, сонд. Бұлардың құрамында үнемі екі көмекші сөз бар. А.Форм.ң ұзақ уақыт сөзде бірге, қатар қолданылуының нәтижесінде олар бірімен бірі мағынасы жағынан кірігіп кеткен. Мыс: п келе жатыр, п бара жатыр, п қоя бер, п кеп кет, п кеп қал, п кеп жібер, п сала бер, п жүре бер, п болып қал т.б. Қазіргі қазақ тілінде бұл мәселеге бірінші көңіл қойған проф Қ.Ж. Ол күрделенген а.ф бір мағына беретінін таныған. Ол өзінің еңбегінде күшейіп бара жатыр,икөбейіп бара жатыр,көбейіп келе жатыр етістіктеріне тіркескен бара жатыр, келе жатыр етістіктерін күрделі көмекші етістік деп атаған. Сөйтіп бұдан 30 жыл бұрын Қ.Ж көсемше тұлғасындағы негізгі етістікке тіркескен бара жатыр, келе жатыр форманттарының бір мағына беріп, бір грам.қ морфеманың қызметін атқаратынын ашқан. Қазақ тілі күрд. А.ф бай: п қоя бер, п сала бер, п жүре бер, п келе жатыр, п бара жатыр, п бара жат, п кеп жібер, п кеп қал, п кеп кет, п кеп бер, п болып қал, са игі еді. Бұлардың ішінде кейбір форманттардың жасалуына ұйытқы болғаны байқалады: Олар: е бер, е жат, п кел. К.А.Ф барлығына ортақ мынадай белгілері бар: 1)К.А.Ф бір мағына береді, бір форманттың қызм. Атқарады.2) К.А.Ф құрамындағы а\қ форманттар өзінің форфемдік құрамын толық сақтайды. 3) К.а:ф бәрі де белгілі катег\ң көрсеткіштері, атап айтқанда олар қимылдың өту сипаты категориясының форманттары. Тек са игі еді форманты ғана қалау райға қатысты. 4) К.А.Ф тек қана етістікке ғана тіркеседі. Т.б. Кейбір күрделі а.ф сипаттама берейік. П қоя бер. Бұл күрд. Формант екі аналитикалық форманттан жасалған. П қой және а бер. Жеке қолданғанда бұл екі форманттың мағыналары біріне бірі қарам қарсы. П қой қимылдың үшінші сатысын, а бер қимылдың созылуын білдіреді. Осы формантпен қатар тілде п қой, п бер форманттарының сөз ішінде қатар қолданылып сырттай п қоя бер формантыны ұқсап бірақ дербес форманттық қалпын сақтайтын жағдайы тілде жиі кездеседі. М. Жасырып қоя берді, айтып қоя береді, көрсетіп қоя береді дегенде п қой, а бер форм. Әрқайсысы сөзге өз мағынасын қосады. П сала бер, форманты п сал және а бер форманттарымен қалыптасқан. Ол тұтас бір мағына береді. Ол мағына қимылдың баяу, жайлап басталуы. П жүре бер форманты қимылдың кедергісіз жай басталуын білідреді. М. Дәурен аса бір қуанышты хабар естігендей, кенет құлпырып жүре берді. П кеп жібер күрделенген формант. Ол п кел мен пжібер а.ф кіріге біріккен. Бұл формант қимылдың күшпен тез жасалуын білдіреді. Мыс: Жоғал, көзіме көрінбей! Деп үйіріңкіреп лақтырып кеп жіберді. П кеп қал форманты қимылдың өте қысқа және күшпен жасалуын білдіреді. Мыс: тартып кеп қалу, періп кеп қалу. П кеп кет форманты қимылдың кенеттен тез жасалуын білдіреді. М. Біз жабылып кеп кеттік.

13 сұрақ. Етістіктегі аналитикалық форманттар құрылым қандай. Тіліміздегі ЕАФ тардың құрамындағы морфемалардың саны түрлі болғанымен, олардағы қосымша морфема мен көмекші морфеманың қатысы тұрғысынан салыстырғанда оларда үлкен екі топ бары байқалады: 1) құрамында бір ғана көмекші сөз бар ЕАФ тар.2) құрам. Екі көмекші сөз бар ЕАФ тар. Қазақ тіліндегі ЕАФ тардың негізгі тобы жалаң ЕАФ тарға жатады. Басқаша айтқанда жалаң ЕАФ тардың құрамы бір морфемадан құралып, үш морфемаға дейін жетеді, бірақ олардың бәрінде көмекші сөз бірден аспайды. Жалаң ЕАФ тардың құрамындағы сыңарларының біріншісі негізгі етістікке жалғастырушының қызметін атқарады, ал көмекші сөз грамматикалық категориялар көрсеткіштерін қабылдаушының рөлін атқарады. Жалаң ЕАФ тар құрамында көсемшенің үш түрі, рай, шақ жұрнақтары, тіпті тұйық етістік жұрнағымен бірге септік жалғауы да қолданылады. Жалаң ЕАФ: еді , екен, емес, жоқ бастапқы нөлдік формада, п ал, п бер, п бар, п бол, п сал, п жібер, п өт, п жат, а сал, а қал, а жүр, атұр, а жөнел, ғалы жүр, ғалы отырғ ғалы кел, п еді, ған еді, мақ еді т.б Екіншісі Күрделі ЕАФ.

14 сұрақ. А.Ф қызметінің етістіктің грамматикалық категорияларына қатыстылығын сипаттаңыз. Аналитикалық формада тұрған етістіктің өзінің соңынан етістіктің басқа грамматикалық категорияларының көрсеткіштерін қабылдау қабілеті аналитикалық формалы етістіктің грамматикалық категор. Түрлені деп аталады. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ тіліндегі аналитикалық формалы етістіктердің түрленуіндғ мынадай ерекшеліктер байқалады. 1) Толық түрленетін а\қ формалы етістіктер. Қазақ тілінде қимылдың өту сипаты категориясының аналитикалық форманты сөзде өзінен соң модальдылық, рай категориясының аналитикалық форманттарын қабылдап, осы категор. Түрлене береді. М. Оның оқы п ал а қой ғы сы кел іп отыр. Бұл мысалда түбір етістік оқы, қимылдың өту сипаты категориясының а.ф п ал, а қой, модаль категор. Көрсеткіші ғысы кел, шақ көрсеткіші іп отыр. Бұдан қимылдың өту сипаты категориясында тұрған етістік модаль және шақ категориялары арқ. Түрленгені көрінеді. 2) Жетімсіз түрленетін аналитикалық формалы етістіктер. Бұларға модаль категор. Ғы кел, а ал, а алма формасындағф етістіктер жатады. Бұл форманттар тіркескен етістік етістіктің барлық категорияларын қабылдай алмайды. А отыр, а жатыр, а тұр, а жүр форманттары нақ осы шақта қолданылмайды.Бұл форманттарға жіктік жалғауы тікелей жалғанбайды, Біле отырмын емес, біле жүрмыін емес. Ал а жатыр форманты үнемі тек келер шақта қолд\ы. 3) Түрленбейтін а\қ формалы етістіктер. Рай көрсеткіштері тілде сөздің ең соңына жалғанатын болып қалыптасқан, бұл синтетикалық та, аналитикалық формаға да қатысты. Рай форманттары түрленбейтін форм. Жатады. Әр етістік контексте бір райда ғана қолд. Болғандықтан, рай көрсеткіштері де бірінен соң екіншісі бір сөзге жалғанбайды. Мыс: Сендерді ұлық шақыртып отыр. Тұрып бара жатқан түйенің қабыр,асы қаққан екен. Рай, шақ форманттары сөзді аяқтайтын, а\қ формалы етістіктің құрамындағы ең соңғы формантты білідретін, сөздің шегін көрсететін форманттар. А\қ форманттар етістік катег\ң мағынасын білдіреді, солардың морф\қ формасы болып жұмсалады. А\қ форманттардың категорияларға қатысы тұрғысынан қимылдың өту сипаты катег. мен модальдылық катег\ның, рай катег\ң, шақ катег\ң, болымсыздық катег\ң а\қ форманттары деп көрсетуге болады.А\қ форманттар түрлі категорияларға қатысты. Бұл туралы профессор Н.Оралбаева: «... қазақ тіліндегі етістіктің гр\қ категорияларында синт\қ форма мен қатар а\қ форманың кең қолданылатынын көрсетеді. Атап айтқанда, етістіктің а\қ форманттары мына категорияларда қолданылады: модальдылық, қимылдың өту сипаты, рай, болымсыздық категориялары». А\қ форманттардың көпшілігі қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясының мағынасын білдіреді. Мәселен, Осы сәтте есік қоңырауы шылдырлап қоя берді(Ә.Нұршайықов). Абай қатты бір күдік ойлап, Қарабастың қасына келіп сұрастыра бастады (М.Әуезов). Ақылбай Абайдың төменгі жағында отыр еді, қатарындағы Әйгерімге салмақпен сыбырлап күліп сөйлеп жатыр (М.Әуезов).А\қ форманттар модальдық мағынаны да білдіреді. Модаль мағыналы ан\қ форманттар сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіреді. Мысалы, айта алады, жеңе алады, сұрай алады, қорғай алады. -а ал форманты арқылы сөйлеушінің амалға, қимылға қөзқарасы, іс-әрекетке, қимылға деген пікірі беріліп тұр. Бұндай көрсеткіштер мағынасы тұрақты, тілде үнемі осы бір мағынада қолданылады. Жоғарыда аталған а\қ форманттан басқа да модальдық мағынаны білдіретін а\қ форманттар бар. Олар: -ғы кел, -а біл. Мысалы, сөйлей біледі, шыдай біледі, тыңдай біледі, көре біледі, жаза біледі, айтқысы келеді, жасағысы келеді, білгісі келеді, барғысы келеді т.б. А\қ форманттар бұйрық рай мағынасын білдіреді. Мысалы, Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған!... - деп, әкесі жақты нұсқап, Абайдыңа уызын ашырмай, шалқалатып жыға берді (М.Әуезов).А\қ форманттар қалау рай мағынасын білдіреді. Қалау мағынасы -са игі еді, -са екен, -са еді аналитика лық форманттары арқылы беріледі. Мысалы, Өзінікі болса игі еді. Соны текбір қайырып айтсаңыз екен. Осылар айта берсе екен, араласа берсе екен.А\қ форманттар нақ осы шақ мағынасын білдіреді. -п отыр, -п жатыр, -п тұр, -п жүр, -п келе жатыр, -п бара жатыр аналитикалық форманттары нақ осы шақ жасайды. Мыс, Баймағамбет сөйлеп отыр .А\қ форманттар етістіктің болымсыздық мағынасын білдіреді. Болымсыздық мағынаны білдіретін екі а\қ формант бар. Олар: 0 + емес, 0 + жоқ а\қ форманттары. Емес, жоқ көмекшілерінің сөзге ешбір қосымшасыз тіркесетінін көрсету үшін оны мынадай 0 белгімен көрсетеді. Мыс, Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес .А\қ формант құрамында келетін қосымшалар- көсемше,есімше, шартты рай мен қалау рай жұрнақтары. Осы аталған қосымшалармен тіркесетін тілде отызға жуық көмекші етістіктер бар болса, олардың бірлігінен жасалған а\қ форманттар саны жетпістен астам. Мысалы, -а ал, -п ал, -а бер, -п бер, -а баста, -а бар, -п бар, -п біт, -п кел, -п шық, -а шық, -а жазда, -п жібер, -п қал, -а қал, -п кет, -е кет, -п қой, -п сал, -а сал, -п түс, -е түс, -п отыр, -п тұр, -п жүр, -п жат., -п жатыр, -а жатыр, -п таста, -п бақ, -п өт, -п біт, -п көр, -ған бол, -ғы кел, -а көр, -са екен, -са игі еді, -п еді, -ғай еді,-атын еді, -мақ еді, -са еді, -ар еді, -п келе жат, -а көрме, -п жүре бер, -п сала бер, -п кеп кет, -п кеп жібер, 0 еді, 0 емес, 0 жоқ т.б.

15,16сұрақтар. А\қ формажәне атауыштық қызмет сипаты қалай көрінеді ? Жетекші етістік пен белгілі бір грамм\қ катег\ң мағынасын білдіретін көмекші етіст\ң бірлестігі а\қ форма д.а .А.Ф негізгі етістік көмекші етістіктен бұрын тұрады да, а\қ тіркестің негізгі мағынасына жетекшілік етеді. А.Ф негізінде жетекші сөз бен а\қ ф\ың тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. А\қ етістікке әр түрлі а\қ форманттар қосып, ол сөзді әр түрлі грамматикалық категорияның а\қ форм. айналдыруға болады. Мыс: барса екен, көрсе кен, бара сал, көре сал дегенде жетекші дербес сөздердің негізі сол күйінде /бар, көр/ сақталғанда, өзгеріске түсіп әр түрлі а\қ форма жасап тұрған тек а\қ форманттар /са екен, а сал, ғысы кел/. Анал.қ формалы етістіктер сөйлемде бір ғана лексикалық мағынаны білд. Олардың құрамында бір ғана жетекші сөз болады да, оған тіркесіп айтылған көмекші сөз сол жетекші сөзге қосымша грам\қ мағына ғана үстеу қызметіне ауысады. Жалпы алғанда а.ф сөздер етістікке тән белгілі бір грам\қ категориялардың формасында қолданылған сөздер болып танылады.

17,18 Сұрақтар. Зат есім сөздердіңnсемантикасындағы аналитизмнің орны.Тілде жаңа сөздердің жасалу жолдары аз емес. Солардың бірі а\қ тәсіл. Осы тәсілмен жасалған күрделі сөздердің бірі күрделі зат есімдер. Күрд.зат.ес,ң. Мынадай түрлері бар: біріккен, қосарлы, тіркесті, қысқарған зат есімдер. Күр.з.е екі я одан да көп сөздерді\біріктіру,тіркестіру,қосарлау, және қысқарту арқылы сөзжасам үрдісінің нәтижесінде жасап, бір ұғым, түсініктің атауы ретінде қалыптасқан лексикалық бірліктер. К.з.е кемінде екі түбір қатысады.Біріккен зат есімдер толық мағыналы екі сөзден құралған, олар түрлі байланыстағы сөз тіркестерінен біріккен жасалымдар. Сөзж.ң. а\қ тәсілмен жасалған біріккен з.е. Орхон жазба ескерткіштер тілінде де қолданған. Б.з.Есімдер біртұтас лексикалық мағыналы бірліктер болып саналады. Б.з.есімнің жасалуында сыңарлардың уәждік арақатынасының үш типін бөліп көрсетуге болады: тура яғни лексикалық мағына, метафоралық, және ауыс мағынада. Ал осы сөзжасамдағы уәждік типтер өз ішінде бірнеше түрге, тармақтарға бөлінеді: 1)б.з.е.ң екі сыңары да толық лексикалық мағынасын сақтап, екі сыңарының қосындысынан түзілген сөздер: теміржол, әнұран, еңбекақы т.б. 2) бірінші сыңарының мағынасы күңгірттеніп, жартылай жойылып, екінші сыңар өзінің лексикалық мағынасын сақтағандар: қолбала, жарқанат, қылтамақ т.б. 3) бірінші сыңары лек.қ мағынасын сақтағанда, екінші сыңары мағыналық өзгеріске түскен: қолқанат, қазанжаппа, қарынбөрте/ұлттық тағам/; 4) екі сыңары да мағ.қ өзгеріске түскендер, метафоралық жолмен:итарқа, кемпірқосақ, итмұрын; 5)б.з.е.ң мағына бірлігіне идиомалану үрдісі түрткі болған. Б.з.есімдердің құрамындағы сыңарлардың

мағыналарының жиынтығы дәл, сәйкес келмейді. Мыс: ақсарбас/діни/, иткірмес/есік/, қырыққабат/капуста/.Б.З.е құрамында екі сыңар қатысады: тірек, ауыспалы. Мыс: атауыз, атбегі,атқосшы,зейнетақы, еңбекақы, сыйақы.Кіріккен з.е. екі,үш сөздің бірігуі нәтижесінде жаңа мағыналы лексемаға айналған кезде дыбыстық өзгеріске ұшырап, жымдасып, сіңісіп кеткен сөзер. К.з.Есімдердің кірігу үрдісі ұзақ сонар тарихи кезеңдерден өткен. 1 саты: к.з.есімдердің құрамындағы сыңардардың түйіскен жерінде аз ғана дыбыстық өзгеріске ұшырап, жылыса кіріккендер: белбеу\ белбау\, ашудас \ашутас\,жегжат\жекжат\: 2 саты: к.з.есімдердің құрамы өзгеріске түсіп, сыртқы тұрпаты өзгереді, сыңарлары жымдаса, сіңісе кіріккендер: қарлағаш\қара ала құс\, білезік\білек жүзігі\; 3 саты: к.з. есімдердің сыңарларының біреуі ғана өзгеріске ұшырап кіріккендер., олар лингвистиклық талдау кезінде аражігін ажыратуда онша қиындық туғызбайды. Мыс: бәйшешек, абжылан, ителгі, айгөлек т.б. Тіркесті .з.е. Кем дегенде екі мағыналы сөздерден құралып, бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатын күрд. Сөздер. Т.З.Е бірнеше ерекшеліктері бар. Мыс: құрамы мен құрылысы жағынан сыңарларының орны тұрақты, мағыналық тұтастық, номинативті қызмет атқаруы, және бөлек жазылады. Мыс: тоқ ішек, күшік күйеу, кәрі жілік т.б. Қосарлы күрделі з.е. Сөзжасамның а\қ тәсілімен қалыптасқан қосарлы з.есімдер жасалу әдісіне қарай қосарлы және қайталама деп аталады. Қосарлы к.з.есімдер: қыз қырқын, көйлек көншек, өлім жітім, жігіт желең т.б. Қысқарған к.з. есімдер сөзжасамның бір тәсіліне жататын өзіндік грамматикалық құрылымы және семантикалық ерекшеліктері бар тілдік құбылыс. 1) бірнеше сөздердің тіркесімінен тұратын күрд. Атаулардың ықшамдалуынан жасалған басқы дыбыстық я әріптік қысқарымдар; АҚ, ҚР; БАҚ; 2)Бірнеше сөздердің басқы буындары мен басқы дыбыстық немесе әріптік, я болмаса аралас қысқарымдар. АлМУ, ҚазМҰУ 3 Буындық қысқармдар: ұжымшар, кеңшар. 4)буындық қысқармдар мен толық сөздердің бірігуінен жасалған туындылар: медбике, Қазбаспасөз т.б).

19) Есім сөздер сөзжасамындағы аналитизмнің ерекшілігі. Есім сөздер деп сан есім, сын есім, зат есімдерді айтамыз, кейде орынбасар сөздер деп те айтады. Зат есімдер/кіріккен, біріккен, қысқарған, тіркесіті/.Күрделі сындар ең кемі екі я одан да көп сыңарлардан жасалады да, біртұтас сындық мағынаны білдіреді.М:қажағай денелі, қоңыр қышқыл; К.С біртұтас лексикалық мағына береді, заттың бір сындық белгісін білдіреді, мағыналы сөздер қатарына жатады.К.С ара жігі бөлінбей, біртұтас ырғақпен айтылып, бір екпінмен айтылады.Мыс: ұзын бойлы, қара сұр; Күрделі сындар сөздердің а\қ тәсілдің 3түрі арқ. Жасалады.1)Біріккен к.з.е. көнетоз, есерсоқ, балажан, кемтар; 2) Қос сөзді күрд. Сын есімдер: өте көп, жаманды жақсылы, көл көсір, ұсақ түйек; 3) Тіркесті күрделі зат есімдер; ақ сары, күрең қызыл, қасқыр ішікті.Күрделі сындардың құрамы ауыспалы және тірек сыңардан тұрады. Тірек сыңар күрделі сөздердің құрамын ұйыстырушы , күрделі сөз жасаушы қызметін атқарады.Бір тірек сыңар арқ. Бірнеше күрд. Сындар жасалады: қызыл ала, көк ала, сары ала т.б. Бұл ала тірек сыңары арқ жасалады. Қаз. тіліндегі күрд. Сындардың негізін 2құрамды тіркесті сындар құрайды. 1)сапа сыны сапа сыны: қара көк, ақ құба, 2) сапа сыны з.е ақ жүрек, қара бет: 3) з.е сапа сыны: томаға тұйық, қозы күрең; 4) сапа сыны қатыстық сын: ақ күріштей, сұр жыландай, жас балалы, терең сырлы, қу тілді, 5) қатыстық сапа сыны балдай тәтті, айдай сұлу, кіршіксіз таза; т.б. Тілімізде 3құрамды күрд. Сындар да бар. Бірақ бұлар өте аз. Олар екі жолмен жасалады: 1)дара сын күрделі сын: күмістей таза сулы, нәзік қоңыр сәулесі. 2) күрделі сын дара сын: аш қасқырдай қомағай, қызыл күрең жүздіт.б. аналитикалық тәсіл ондық атауларының жасалуынан басталып, тіліміздегі барлық қалған сан атауларының жасалуын қамтамасыз еткен. Күрделі сан атауларының жасалуы тек қана а\қ тәсілге байланысты. Мысалға ондық пен бірлік (он екі), жүздік пен ондық(жүз отыз), жүздік пен ондық, бірлік(жүз жиырма бір), мыңдық, жүздік, ондық, бірлік(бір мың екі жүз он бір) түрінде араласа келген күрделі сандарға тіліміз өте бай.Күрделі сан атаулары дара сан атауларынан бірнеше жүздеген, мыңдаған есе көп деуге болады. Сан есім жасауға қатысатын нақтылы сандардан басқа бір сандық мағынаның жасалуының тілде белгілі бір жолдары, заңдылықтары қалыптасқан. Ол заңдылықтар бойынша сан атауын жасаушы сыңарлар бірімен–бірі белгілі қарым–қатыста тұрады. Ол қарым–қатыстың нәтижесінде ғана басқа сандық атау туады. Олар төмендегідей екі түрлі заңдылықтарға жинақталады:

А\қ тәсіл арқылы жасалған сандық ұғым күрделі сандағы сыңарлардың бір–біріне көбейтілуі арқылы жасалады: екі жүз, үш мың, екі жүз он бес мың, үш жүз алпыс алты мың т.б. Сыңарлардың көбейтілу тәсілі кез келген есептік сандардың тіркесіне қатысты емес. Ол белгілі сыңардан құралған күрделі сандарда ғана кездеседі. Анығырақ айтсақ, алдымен, жүздік сандар жасаушы сыңарлар бір –бірімен көбейтіледі. Мысалы: бір жүз, екі жүз, үш жүз т.б. Мұндай күрделі сандарды жасауға қатысатын сыңарлар белгілі ғана сан атаулары, олар: бірліктер мен жүз саны, яғни бұған 10саны ғана қатыспайды. Ал тоғыз бірлік бірінші сыңар болады, ал жүз деген сөз екінші сыңар болады. Жүздік сан есімдердің жасалуында жүз саны тірек сыңар болып, күрделі санда екінші орында тұрады. Мұнда бірінші сыңар өзгеріп, тірек сыңар өзгермейді: төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз т.б.Екіншіден, көбейтілу тәсілі мыңдық сандар атауының жасауында қолданылады. Мысалы: үш мың, он мың, жиырма жеті мың, бес жүз алпыс екі мың т.б. Мұндай мыңдықтар атын жасауға қатысатын сандар өте көп, бірақ олардың ішінде тірек сыңар бір ғана мың деген сөз, ал оның алдынан келетін сыңар алуан түрлі, сондықтан олар өзгеріп отырады да, тірек сыңар ғана өзгермейді. Мысалға, бірліктер, ондықтар, жүздіктер және осылар аралас сандар өте көп. Мысалы, екі мың, он мың, жүз елу мың т.б.Сандық ұғым күрделі сандардың сыңарларының қосындысынан жасалады. Мысалы: он+бір,жиырма+тоғыз,алпыс+сегіз,жүз+алпыс, жүз+сексен, жүз+он т.б. Күрделі сан есім жасаушы сыңарлардың сандық ұғымының қосындысынан жасалатын күрделі сан есімдер тілде өте көп және ондай күрделі сандарға қатысатын сыңарлар да мол. Сондықтан бұл тәсіл- есептік сан есімнің жасалуындағы өте өнімді тәсіл, өйткені ол сыңар талғамайды, қолдану аясы кең, түрлі күрделі сан атауларының жасалуына қатыса береді.М: қырық+бес, жүз+алпыс жеті, сегіз жүз+тоқсан тоңыз, алпыс екі мың+сегіз жүз сексен жеті т.б.Сөйтіп, есептік сандар түрлі сандардың жай ғана тіркесі емес, олардың бір–біріне не көбейтілуі, не қосындысы арқылы жаңа сандық мағына жасайтыны анықталады. А\қ тәсіл сан есімнің семантикалық топтарын жасауға да қатысады. Мысалы: жүзге тарта, мың шамалы, жеті –сегіз т.б. Бірақ онда а\қ тәсіл онша өнімді емес, кейбір мағыналық топтарда ғана ол қызмет атқарады, бірақ оның мағынаға әсері де дәл есептік сандағыдай емес, өйткені онда нағыз сан атаулары жасалмайды, сандық ұғымға түрлі мағына ғана қосылады.

20. Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ , бірақ сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды , ертегіні термек үшін.Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр.Абай қажымай , жалықпай , ылғи ғана ынтығып тыңдайтын.Бұл мысалдардағы үшін , мен , ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ , бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп , белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп , ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса , екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып , олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік , күшейткіш мән үстеп тұр. Сондай-ақ шылаулар көне түркі ескерткіштерінде көрініс тапқанын байқай аламыз. Орхон – Енисей және Талас ескерткiштерiндегi шылаулардың атқаратын қызметтерi өзiндiк ерекшелiктерiмен әр түрлi дәрежеде көрiнедi.  Сонымен бiрiншiден, «қапығқа тегi» тiркесi – есiм сөз бен етiстiктi байланыстырушы аналитикалық формант. Сөз табы ішінен сан есімді қатыстыра отырып жасалған аналитикалық формант арқылы шылауларды да кездестіре аламыз. Нақты айтқанда,екi сан есiм ортасында тұрған аналитикалық формант немесе күрделi сан есiм жсау жолындағы мөлшер мәнiндегi шылау сөз болады.  Жалпы артуқ (артық ) сөзi қазiргi қазақ тiлiндегiдей шығыс шығыс септiктi меңгеретiн септеулiк шылау қызметiн атқарған.Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]