
- •2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
- •3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
- •7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?
- •21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
- •25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
- •26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
- •27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
- •29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
- •30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
- •35. Есім сөздер жүйесіндегі күрделі сөздер мәселесі.
- •36. Сөзжасамдағы аналитикалық тәсіл түрлері, қолданылу аясы, синтетикалық тәсілмен салыстыру.
- •38.Көмекші есімдер және олардың тіркесімділігі.
- •42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.
- •49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.
- •51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер
- •53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)
- •54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.
- •56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
- •61.Қимылдыңжасалутәсілін білд/н анал/қ форманттар.
- •66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
- •73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
Жалғаулық шылау. Бұл Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, өйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сынарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар. 1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, әрі. 2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: Бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да. 3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде. 4. Себеп-салдарлык, қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті. 5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулыктар: егер, егер де. Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді. Жалғаулық шылаулар мен септеуліктерді салыстыра қарасақ, мынадай ерекшеліктер байқалады. 1. Екеуі де сөз бен сөзді, сейлем мен сөйлемді байланыстырады. Бірақ септеуліктер бір сөзді екінші сөзге бағындыра байланыстырып, сөз тіркесін кұрауға немесе бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемді байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрауға негіз болса, жалғаулықтар екі сөзді тең дәрежеде байланыстырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрауға немесе жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырып, салалас кұрмалас құрауға негіз болады. Тек шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар ғана (егер, егер де) бағыныңқы сөйлсм мен басыныңқы сөйлемді байланыстырады. 2. Септеуліктер де, жалғаулықтар да, өздері байланыстыратын сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнін арасындағы мағыналык катынасты білдіреді. Бірақ септеуліктер өзі шылауындағы сөзге не сөйлемге белгілі бір қосымша мән үстеп, екінші басыңқы сөзге, я сөйлемге сабақтаса байланыстырса, жалғаулықтар тен, дәрежелі (бірыңғай) сөздер мен сөйлемдердің арасындағы мағыналык қатынастарды білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйіне қарай бет алды (Б. М.) Алтынсары қадалған сайын, оның кескіні кұбыла бастады. (С. М.). Жомарт пен Жанат Буданкекті женіл арбаға жегіп, жолмен келеді (Ғ. Мұст). Абай көше ортасында ақырын тосып калып еді, бірақ топ ішінен мұны байкап елеген бір адам да жоқ. (М. Ә.). Бірінші сөйлемдегі қарай септеулігі үйіне деген сөзге бағыттық-мекендік мән үстеп, оны бет алды деген баяндауышқа меңгерте байланыстырып тұрса, екінші сөйлемдегі сайын септеулігі бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш құрамында келіп, оны басыңқы сөйлемге бағындырып, мезгілдік дүркінділік қатынасты білдіріп тұр. Ал үшінші сөйлсмдегі пен жалғаулыгы Жомарт, Жанат деген бірыңғай бастауыштарды ыңғайластық қатынаста, төртінші сөйлемдегі бірақ жалғаулығы екі жай сөйлемді қарсылықты мәнді қатынаста салаласа байланыстырып тұр. Демеулік шылау. Демеулік шылау демеуліктер деп те аталады. Олар өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдык, күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеулік пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды.Мысалы: Алдымда толған мақсат, толған тандау, Алайын мынасын ба, анасын ба? (С. Т.). Ертең емес, бүгін-ақ қазір-ақ жүрсек етті (М. Ә.). Үлкен үйге кірген соң бәрі де кішірейіп кеткендей, отырғанда құмандай ғана болып қалыпты (Ғ. М.).Бірінші сөйлемде ба демеулігі сөйлемге сұрау мағынасын үстеп, мынасын және анасын сөздерімен ғана тіркесіп тұр. Екінші сөйлемде –ақ демеулігі бүгін, қазір сөздерінің шылауында қолданылып, ол сөздерге күшейткіш мән үстеген. Үшінші сөйлемде ғана демеулігі құмандай сөзінің шылауында жұмсалып, оған шектік мән үстеп тұр. Бірақ олардың бірде бірі сөз байланыстыру қызметін атқармайды. Демеуліктер орыс тіліндегі «частицы» деген көмекші сөздерге сәйкес келеді. Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына карай бірнеше түрге бөлінеді. 1. Сұраулық демеуліктер: ма (ме, ба, бе, па, пе), ше. 2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да (де, та, те). Да, (де, та, те) шылауы күшейткіш мәнді білдіріп бірде демеулік болса, енді бірде бірыңғай мүшелереді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырып, жалғаулық шылау болып қызмет атқарады. Мысалы: сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан (А). Бұл сөйлемде де шылауы — демеулік, ол сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, бірақ оны басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ. Ал, та шылауы — жалғаулық, ол тап және бар деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр. 3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана (қана), тек, кейде-ақ. 4. Болжалдық демеуліктер: -мыс (-міс) және кейде-ау. 5. Болымсыздық, немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ. 6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), -ды, (ді, ты, ті Қазақ тiл бiлiмiнде демеулiк шылауларға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстар бiршама бар. Дегенмен олардың мағыналық құрамына және орын тәртiбiне (позиция) қатысты даулы мәселелер жоқ емес.Мәселен,Қ.Жұбанов «Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер» атты еңбегiнде шылауларды қосалқылар және жалғауыштар деп бөлiп, қосалқылардың өзiн iштей дәйек және аяқ қосалқы деп бөлген. Соның iшiнде дәйекке тым, өте, ең т.б. деген қазiргi күшейткiш үстеулердi шылау есебiнде қарастыру керектiгiн сөз еткен.Бүгiнде бұл көзқарас кейбiр тiлшi ғалымдардың еңбектерiнен жалғасын табады.С.Исаев «күшейтпелi асырмалы шырай тұлғасын жаасайтын күшейткiш үстеу деп аталып жүрген өте, тым, аса, тiптi т.б.тәрiздi көмекшi сөздердiң сапалық сынбармен тiркесүi де сөздiң аналитикалық формасына жатады. Өйткенi бұл жерде күшейткiш буындар да (уп-улкен, қып-қызыл т.б.), күшейткiш көмекшi сөздер де (өте үлкен, тым тамаша т.б.) бiрiншiден форма тудыратын қосымшалар сияқты өзi тiркескен сөзге қосымша грамматикалық (күшейткiш) мағына үстейдi, бiрақ лексикалық мағынасына нұқсан келтiрмейдi, не оны өзгертiп жiбермейдi» деп тұжырымдайды [33,б.52]. Сол сияқты А.Қалыбаева, Н.Оралбаева бiрлесiп жазған еңбекте де аталмыш тұлғалар күшейткiш үстеу есебiнде қаралмай, дербес сөздiң формасын талғамайтын көмекшiлер қатарына жатқызады [34,б.162].Қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердi зерттеген Ы.Шақаманова,Қ.Жұбанов, Н.Оралбаева, С.Маралбаева, С.Исаев, М.Серғалиев пiкiрлерiне қосыла отырып, өз ойын былай түйiндейдi: « Қазiргi күшейткiш үстеу деп танылып жүрген сөздердi шылауларға кiргiзiп, оның iшiнде тағы да саралап, грамматикалық мағынасына, тiркесетiн сөзiне орай күшейткiш демеулiк немесе сындық демеулiк деп қарастырған жөн сияқты” [35,б.128]. Шындығында, қазақ тiл бiлiмiнде бұл негiздiң барына бiраз уақыт өтсе де, аталмыш тiлдiк единицалардың сау басы саудаға түсiп әлi жүр.Негiзiнен, ең, тым, өте осы сияқты лексемалар кейбiр туыстас түркi тiлдерiнде шылау сөздер қатарына жатқызылады. Мысалы: қырғыз, ұйғыр, ғағауыз, хакас, түрiк, шор тiлдерiндегi. Көмекшi сөздер атауыш сөздерден кейiн келедi деген тұжырым жалпы тiлдiк сиптттамалық дәрежеде айтылған заңдылық. Десек те, тiлдiң кейбiр iшкi флексиялық заңдылықтарына байланысты өзгешелiктерi болады. Мәселен қазақ тiл бiлiмiнде сөз алдында тек демеулiгi ғана келедi деймiз. Егер де күшейткiш үстеулер деп танылып жүрген единицаларды күшейткiш демеулiктер деп есептейтiн болсақ, онда жалғыз тек сөзi ғана емес өте, аса, тым, ең, тiптi т.б.осы сияқты сөздердi де сөз алдында келетiн демеулiк сөздер қатарына жатқызуға болар еді