
- •2.Қазақ тіл білімі тарихында аналитизм турасында ғалым а.Байтұрсынұлының пікірі қандай?
- •3.Ғалым қ.Жұбановтың қандай еңбектері аналитикалық құрылымдар туралы сөз етеді?
- •7.Көмекші есімдер қалай қолданылады?
- •21. Аналитикалық септіктер туралы пікірлер.
- •25. Бөлшектік сандар және аналитикалық тәсіл
- •26. Көмекші етістіктің түрлері, қолданылуындағы ерекшеліктер.
- •27. Сапа сындардың тіркесімділігі және атауыштық қызметі.
- •29. Аналитизм мәселесінің түркітануда зерттелуі.
- •30. Қазақ тіліндегі аналитизм жайы: қ.Жұбанов еңбектеріндегі пікірлер, көзқарастар, н.Оралбаева зерттеуі.
- •35. Есім сөздер жүйесіндегі күрделі сөздер мәселесі.
- •36. Сөзжасамдағы аналитикалық тәсіл түрлері, қолданылу аясы, синтетикалық тәсілмен салыстыру.
- •38.Көмекші есімдер және олардың тіркесімділігі.
- •42.Зат есімнің жаңа туынды лексикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •43. Зат есімнің туынды грамматикалық мағынасы және аналитикалық тәсіл.
- •46. Сын есімдері грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілдер арқылы берілуі.
- •49. Топтық, бөлшектік, болжалдық грамматикалық мағыналардың берілуі.
- •51,52. Тіркескен, қосарланған етістіктер
- •53. Етістік аналитизмінің зерттелуі (жауабы 57-сұрақта)
- •54. Көмекші етістіктердің жіктелімі.
- •56. Қалып етістіктің көмекшілік қызметі.
- •61.Қимылдыңжасалутәсілін білд/н анал/қ форманттар.
- •66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
- •73. Жалғаулықтар мен демеулік шылаулар қызметі
66. Етістіктің анал/к формант/ң негізгі үлгілері. Осы –и жауапты айта беруге болады: сосын вообще аналитикалық форманттар турады общий.
67. Тұрақты тіркестер, компоненттік құрылымы. 68. Еркін сөз тіркестері, түрлері. ЕКЕУИНЕ БИРДЕЙ ЖАУАП. Фразеологизм/ң еркін сөз тіркестерінен айырма/тары. 1.Еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде сөз/ң мағ/сы жағынан өзара үйлесе отырып, кем дегенде екі сөз/ң грам/қ жолмен еркін тіркесуінен жасалады, бірақ еркін сөз тіркес/ң құрамы тұрақты болмайды. Олар/ң құрамындағы сөз/ді мағ/сы, айтылуы жағынан солармен үйлесетін басқа сөз/мен айырбастауға орын ауыстыруға болады. Мыс: зәулім үй дегендегі зәулім сөзін биік сөзімен, асықпай сөйледі дегенді баппен сөз/мен ауыстыруға болады. Асан мен Үсен дегенді Үсен мен Асан қылып ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді. Ал фраз/р олар да кем дегенде екі сөз/ң тіркесуінен жасалады, бірақ олардың құрамы тұрақты. Мыс: жігері құм болды, бықпырт тигендей сияқты тіркес/ң құрамын өзгертуге, басқа сөз/мен айырбастауға болмайды. Олар өз/ң құрамы/ң тұрақтылығын, біртұтастығын өзгертпеуге тиіс. Фразеологизм/ң негізгі қасиеттері: 1) құрылым тұрақтылығы, 2) мағына тұтастығы, 3) даяр қалпында қолданылу тиянақтылығы, 4) бейнелілігі, мәнерлілігі. 2.Фразеологизм/ң мағына тұтастығында. Құрамындағы сөз/ң жеке мағ/на тәуелсіз. Мыс: ит арқасы қиян (алыс), қой аузынан шөп алмайды ( момын) сияқты фраз/ң беретін тұтас мағ/ы олар/ң құрамындағы сөз/ң лек/қ мағ/нан мүлде бөлек мағ.р. Құрамындағы сөз/ң лек/қ мағ/ы анық байқалса да, мағ/ы тұтастығынан айырылмайд. Мыс: санын соғып қалды ( өкінді) т.б. 3.Фраз/ң даяр қалпында қолданылу тиянақтылығында. Фраз/р сөйлеу кезінде жасалмайды, біртұтас тіл бірлігі ретінде даяр қалпында жасалады. Мыс: сағы сынды, қырғиқабақ болды, арқаны кеңге салды т.б. Ал еркін тіркестер керісінше,сөйлеу кезінде, қар-қат.үстіндеқұрамындағы сөз/ң өзара үйлесіп, еркін тіркесуі арқ.жасалады.Еркін тіркес/ң мағына/ы құрам.гы сөз/ң мағ.на тәуелді. Мыс: Сулы жер, жалғыз бала, мал бақты т.б. еркін тіркес/ң мағ/ы құрамындағы сыңар/ң лек/қ мағ.нан туып тұр.4.ФРаз/ң көпшілігіне мәнерлілік, айқындық, бейнелілік қасиет тін екендігінде. Бұл қасиет фраз/ң стилистикалық мәнін арттырады. Мыс: Қабағы кірбің тартты (ренжіді, жабырқады) мағ/мен салыс/қ, фраз/тіркесте стилис/қ бояу көрінеді. Мыс, қара шаңырақ деген шаңырақтың түсін емес, бір әулеттің үлкен үйі деген мағ. білд. 5.Еркін тіркестер бір сөзден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көнеді. Мыс: атақты жазушы (знаменитый писатель) т.б. Ал фраз/р тікелей аударуға көнбейд, балаламалары арқ.аудару қажет. Фраз/мен еркін тіркес/ң жақындығы. Құрылымы сөйлемге ұқсас фраз/р құрамы еркін сөз тіркес/нен тұрады. Мұртын балта шаппайды деген ФТ, мұртын шаппайды, балта шаппайды деген екі еркін тіркестен тұр.
69.Сөздің тіркесімділік қабілеті.Тіркесті күрделі сөздер екі не одан да көп мағыналы сыңарлардан жасалып, біртұтас лек/қ мағ.береді, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады, бір ырғақпен арасы бөлінбей айталады. Олардың құрамы тұрақты, сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды. Тіркесті күрделі сөз/ң сыңарлары бөлек жазылады. Тіркесті күрделі сөз.р түркі тіл/ң бәрінде танылған. ТКС тілде әр алуан. МЫс: ауыз әдебиеті, ауыл шаруашылығы т.б. Тіркесті күрделі сөз/ң құрамындағы сыңар/ң бәрі де сөзжасам/қ қызмет атқарады. Дегенмен олар/ң қызметінде өзіндік айырма бар. МЫс: алып кел, беріп кел, көріп кел сияқты күрделі етістік/ң бәрінде бірінші сыңары өзгеріп, екінші сыңар/ы тұрақты б/п тұр. Он бір, он екі, он үш дегендер де бір сыңары тұрақты, бір сыңары ауыспалы болып тұр. Осымен байл.тіркесті күрделі сөз/ң сыңарлары тірек сыңар ж/е ауыспалы сыңар болып бөлінеді. Тірек сыңар деп түрлі сөз/ден күрделі сөз жасаушы қызмет атқаратын сөз танылады. МЫс: алып бер, көріп бер, жинап бер дегенде бер деген сыңар түрлі ет/ке тіркесіп, күрделі сөз жасап тұр. Тірек сыңар/ң орны тұрақты, көбіне соңында тұрады: алып қайт, беріп қайт. Бірақ сан есімдерде он бес, он алты дегенде басқаша. Күрделі сөздің ауыспалы сыңары – олардан тірек сыңар күрделі сөз жасайтын түрлі сөздер. Ауыспалы сыңар/ға тірек сыңар тіркесу арқ.күрделі сөз жасалады. МЫс: екі+жүз, үш+жүз т.б. Ауыспалы сыңар қызметіндегі сөздер тірекке қарағанда көп.
70. Септіктерді топтаудың қалыптасқан принциптері. Септік категориясы – зат есім сөз/ді сөйлемдегі басқа сөз/мен байланыстыру қызметін атқаратын, зат пен заттың, зат пен қимыл-әрекет/ң қарым-қатысын білдіретін, зат есім сөз/ді түрлендіретін категория. Септік категориясы 7 септіктен тұрады: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Сөздің септік катег/ң жалғаулары арқ. түрленуін септіктің синтетикалық категориясы деп атайды. Мыс: өткірдің жүзі, өрнегін сендей т.б. Түбір сөздің септелуән жай септелу деп атайды. Мыс: қызды, қызға т.б. Тәуелденген сөз/ң септелуі тәуелді септелу деп аталады. МЫС: баламмен, балама, т.б. Қазақ тілінде септік категориясының 2 түрі бар: аналитикалық ж/е синтетикалық. Септік катег/ң мағ/ң тек септік жалғау/ы арқ.берілуі синтетикалық септік д.а. МЫС: Әлде қай мінезімен, ілде қай ойлар///, үнімен, көзқарасы ///және пікірмен әйтеуір Ұлпан осы елдің жүрегінен жылы орын алды. Септік катег/сы мағ/ң көмекші сөз/ң қатысуы арқ.күрделенген түрі аналитикалық септік д.а. Мыс: үйдің іші, жұмыстан кейін, үйден гөрі т.б. Анал/қ септікте әр септік/ң нег.мағ/сы сақталып, ол мағ/ң үстіне қос.мағ.үстеледі. Көмекші есімді анал/к септік:ауылда терең сай бар, ауылдың жанында терең сай бар т.б. 72. Қазіргі аналитикалық септіктер жайлы. Септеулік шылаулардың мағынасы мен қызметі
Септеулік шылаулар деп септік жалғауларының мағынасын аша түсетін, толықтыратын түрлендіретін шылаудың түрі аталады Септеулік шылау Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Бұл тұрғыдан келгенде септеулік шылаулар септік жалғауларының білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметіне ұқсайды. Септеулік шылаулар мьшалар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін т. б. Олар септеуліктер деп те аталады. Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі- қызмет атқарады Біріншісі — түбір я белгілі септік (барыс, шығыс, көмектес) тұлғадағы зат есім, есімдік я заттанған сөздермен (сын есім есімше, тұйық етістік т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып, мезгілдік, мекендік амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады. мысалы: Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті (Ғ. М.). Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (А). Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым (Ә. Ә.). Жұмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс — осы. (Ғ. Мұст.). Мысалдагы арқылы септеулік шылауы телефон сөзін әмір етті дегенмен амалдық қатынаста, үшін септеулігі мал сөзін тұрман зарлап дегенмен мақсаттық қатынаста, сайын септеулігі жиналыс сөзін қақсадым етістігімен мезгілдік катынаста, кейін шылауы жұмыстан сөзін жан тыныс дегенмен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр. Екіншісі — септеулік шылаудың біразы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында келеді де, сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сөйлемді мезгілдік, мақсаттық, себептік қатынаста байланыстырып тұрады. Мысалы: Қорғана жүрерлік күнәсі болмаған соң, кеудесін жоғары ұстап келе жатыр. (Ғ. М.). Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын, зымыраған поезд көрдей қараңғы түнге сүңгіген сайын, вагон үстіндегілер бір-біріне жабыса түсті. (С. М.)
Мысалдағы соң, сайын септеуліктері мезгіл бағыныңқы сөйлемді басыңқымен байланыстырып тұр. Септеуліктер орыс тіліндегі «предлогтар» деп аталатын көмекші сөздерге жақын. Сөйтіп, септеуліктер өзі шылауында жұмсалып тұрған сөзге косымша мән үстейді әрі оны екінші бір сөзбен сабақтастыра байланыстырып, сөз тіркесін құрайды немесе екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Септеуліктер мынадай тұлғадағы сөздердін шылауында айтылады. 1. Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер; арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты т. б. 2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта т. б. 3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі т. б. 4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге..